kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Зайырлы мемлекет ж?не дін"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Зайырлы ?о?ам мен Дін арасын ашып т?сіндіру ар?ылы мемлекетті тану.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Зайырлы мемлекет ж?не дін"»

«ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН»


Жаңаөзен қаласы

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар

колледжінің тарих пәнінің оқытушысы -

Венера Жолмухамбетова Жумашевна


Қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтардың үшіншісі – зайырлы қоғам мен жоғары руханият.

(Н.Ә.Назарбаев)

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» – делінген. Мемлекетіміздің басты қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары болғандықтан азаматтарымыздың өзі қалаған дінге сенуі конституциялық құқықтарының қатарынан табылады. Ата заңымызға сәйкес азаматтарымызды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты, сондай-ақ басқа да жағдаяттар бойынша кемсiтуге тыйым салынған. Ата Заңымыздағы осы айтылған қағидалар мемлекетіміздің зайырлы сипатта екендігінің басты нышандары.

Зайырлы мемлекет ұғымының түп-тамыры діни құқық тұрғысынан адамсүйгіштік құқығын басшылыққа алуда жатыр. Адам және адамның өмірінің құндылығы ғасырлар тереңінен зайырлы және құқықтық мемлекет құруға деген талпынысты туындатты. Зайырлы мемлекет – діни наным-сенімді адам болмысына тән қажеттіліктердің бірі ретінде қарастырып, құқықтық нормаларды басшылыққа алады. Зайырлы мемлекетте діни құқық емес, адамның дінге деген құқығы әлеуметтік заңдылықтар шеңберінде қарастырылады. Мемлекеттің зайырлы немесе теократиялық үлгілерінің қайсысы дұрыс екендігі жайлы пікірталас туындағанда кейбір азаматтар зайырлы мемлекетте адам құқықтары басты орынға қойылатындығына көңіл аудармай жатады. Құқықтық мемлекет құрудың маңыздылығы еліміздің барлық азаматтарының діни сеніміне қарамастан заң алдындағы теңдігінен көрінеді. Оған азаматтарымыздың өз діни нанымдары себебінен Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығының жоқтығы дәлел. Зайырлы мемлекетте азаматтық құқық пен заң алдындағы теңдік маңызға ие. Өйткені, бүгінгі таңда елімізде теріс пиғылды діни топтардың (әсіресе ислами теріс пиғылды топтар) теократиялық немесе клерикалды мемлекет құруға деген талпынысы зайырлылықпен тығыз байланыстағы құқықтық мәселелеріне, адамсүйгіштікке нұқсан келтіруі мүмкін.

Дін мемлекеттен бейтарап саналғанымен, дін мемлекеттің тіректерінің бірі – рухани тірегі болып қала бермек. Бүгінгі таңда еліміздің ішінде оңды-солды тіркеліп, діни үгіт-насихат жұмыстарын екпіндете жүргізіп жатқан әртүрлі діни бағыттағы бірлестіктер мен көптеген жат миссионерлердің істері – халқымыздың, ұлтымыздың келешек болмысына, ата дініміздің бекіп өркендеуіне деген алаңдатушылығын туғызып отыр. Еліміздегі бүгінгі діни ахуал жағдайында бұрынғы өлшеммен жұмыс істеуге болмайтыны белгілі ақиқат.

Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішіндегі ең ірі жеңісіміз бен үлкен жетістіктеріміздің бірі, біздің шыққан биігіміз – ол елімізде діни наным-сенім бостандығының, діни еркіндіктің толық бекуі, оның ішінде ислам ата дініміздің өркендеуі, халықтың атеистік өмірден кейін өз дінімен қайта еркін қауышуы десем, артық айтқандық болмас.

Біздің Республикамыздың діндераралық келісім мен үнқатысудағы құнды тәжірибесі әлем назарына ілігіп отырғаны белгілі. Бүгінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде діннің игілікті рөлі артып, оның имандылық, рухани және әлеуметтік функциялары күшейе түсуде, дінге сенушілердің, діни нанымдағылар мен діни бірлестіктердің сандары тұрақты өсуде. Олардың қоғамдағы ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық, дінаралық келісімді нығайтуға, қоғам мен мемлекеттің дамуына өз үлестерін қал-қадерінше қосып отырғандары бәрімізді қуантады. Біз конфессиялық сан алуандығымен ерекшеленетін әлемдегі азын-аулақ елдердің қатарына кіреміз.

Кең-байтақ Қазақ елі қазіргі таңда күллі әлемге өзінің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың алтын ордасы екендігін паш етіп отыр. Дініміздің үлкен жанашыры, әрі қамқоры Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен елордасы Астанада 2003 жылдан бастап  өтетін «Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің» төрт Съездері соның жарқын көрінісі. Съездерге қатынасқан әлемдік және ұлттық діндердің басшылары рухани келісім мен діни төзімділікті орнатуда Қазақстаннан алар тәжірибе мен үлгінің мол екендігін атап өткен болатын.

Президент Н.Назарбаевтің екінші Съезде жариялаған бастамаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, Үкіметтің 2008 жылғы 28-ші тамыздағы қаулысымен құрылған Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Бейбітшілік пен келісім сарайында өз жұмысын бастады.

Орталықтың негізгі мақсаты – Қазақстанның мәдениетаралық, конфессияаралық үнқатысудың - диалогтың және экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатерлерінің алдын алу халықаралық орталықтарының бірі ретіндегі рөлінің жаңа деңгейге алға басуына атсалысу болып табылады. Бүгінде біздің Орталық Съезд хатшылығымен бірлесе отырып алдағы бесінші Съездің күн тәртібіне әлемдік конфессиялар басшылары Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру, рухани дағдарысты жеңіп шығу, келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу мақсатында әлемдік діңдердің күштерін біріктірудің маңызды мәселелерін дайындау үстінде.

Президентіміз Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы жолдауында айтылған.Сонымен қатар, Қазақстан халқы ассамблеясының XX сессиясында президентіміз зайырлы қоғам мен жоғары руханиятты ел құру мемлекетіміздің басты бағыты екенін айтқан болатын.

Зайырлы мемлекет – мемлекетті шіркеуден бөлу нәтижесінде пайда болған, қоғамдық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізде реттелетін, мемлекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шығарылмайтын мемлекеттің сипаты. Зайырлы мемлекеттің заңнамасы толықтай немесе ішінара діни нормаларға сәйкес келуі мүмкін, оның зайырлылығы діни түсініктерге қарама-қайшылықпен емес, одан азат болуымен анықталады. Зайырлы елде әрбір адам ешқандай діни институттарға қатыссыз өмір сүруге құқылы. Мысалы, некені тіркеу және әділ сот жүйесі мемлекеттің айрықша құқығы болып табылады. Сол сияқты зайырлы елде барлық конфессия өкілдері заң алдында бірдей. Діни мерекелер халықтың дінге сенуші бөлігіне қолайлы жағдай жасау мақсатында демалыс күні ретінде бекітілген. «Зайлырлы» сөзі араб тілінде «захири» (зайырлы) яғни «ашық, сыртқы» деген мағыналарда қолданылады.

Жалпы, адамзат дамуының тарихи тәжірибесінен туындаған мемлекеттің зайырлылық принципі мемлекет пен діннің бір-бірінен бөлінуін жариялағанымен, ол ұғым бұл екеуiнiң арасына қорған салуды білдірмейді. Өйткені, дiнсiз – мемлекет, ал мемлекетсiз – дiн жоқ. Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi – елдiң тұтастығы және қоғамның ауызбіршілігі мен тұрақтылығы. Сондықтан, ел дамуының бүгінгі кезеңінде екi тараптың өзара бiрiгiп әрекет ететін кеңiстiгiн, оның құқықтық тетіктерін уақыт талабына сай айқындаудың және жетілдіріп отырудың маңызы зор. Бұл жерде мемлекет мынадай қағиданы басшылыққа алуы тиіс: ол қоғамдағы діни бірлестіктерді реттейтін өз шекарасының аумағын тарылтпауы керек және еліміздің негізін құрап отырған халықтың дәстүрлі дініне басымдық беруі қажет. Өйткені, қоғам мен дінді бір-бірінен бөлудің мүмкін емес екендігін ескерер болсақ, мемлекеттің діни салада белсенді түрде реттеуші болуы тиіс екендігі талас тудырмасы анық.

Қазіргі қолданыстағы заң бойынша, еліміздегі барлық діни бірлестіктердің құқығы бірдей және тең. Қазақстанда ел тұрғындарының діни сенімдерінің басым бөлігін құрайтын ислам және православие діндерінің үлесі 95%, католик, иудайзм діндерін ұстанатындардың үлесі 1-2%-ды құраса, еліміздегі дәстүрлі емес діни ағымдар мен ілімдерді ұстанушылардың үлесі небәрі 2-3%-ды ғана құрайды екен. Демек, заң бойынша еліміздегі дәстүрлі дін болып саналатын іргелі діндер мен жаңа діни ағымдардың мәртебесі мен олардың қоғам өмірінде алатын орны теңдей қарастырылды. Зайырлы елде мемлекет дінге араласпайды деген сөз, діннің иман, құлшылық, діни оқу және оқыту істеріне кедергі болмайды, сонымен қатар белгілі бір діннің жетегінде де кетпейді дегенге саяды. Олай болмаса, Қазақстан сияқты халқының 70 пайызы мұсылман елде халқының діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеспейді деген сөз емес. Демократиялық үкіметтің ең басты міндеті халық үшін қызмет ету болса, сол халықтың діни қажеттіліктерін ескеріп, оларды қамтамасыз ету де үкіметтің басты міндеті болып саналады.

Әлемде 113 мемлекет өзін зайырлы ел деп жариялаған болса, соның бірі - Қазақстан. Конституцияның 1-бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнықтыратыны көрініс тапқан. Сонымен бірге Ата заңымыз әрбір адамның діни сенім бостандығына кепілдік береді және конфессиялық, этникалық және басқа да белгілері бойынша кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салады. Ал жер бетіндегі 75 мемлекетте дін республиканың ресми бөлігі болып табылады.

«Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы деген атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз». Бұл - Елбасының зайырлылық пен дінсіздік ұғымын шатыстырып, адасқан қандастарымызға қарата айтқан кесімді сөзі.

Этнограф Дж.Фрезер  заманауи Құдай сөзін түсіндіретінде осы негізге сүйеніп: «Барлық мәдениет – шіркеуден, культтан басталады» деп тұжырымдайды. Алайда мұндай біржақтылықты ескере отырып, дінтанудың негізін қалаушылардың бірі К. Ницше  жүз жыл бұрын жазған: «Дінді адамзаттың бүкіл құндылығы, даналық негізді мәдениеттің шығармашылық алғышарты ретінде қарастыруды дұрыс деуге болмас. Алайда  ол барлығына ең биік қасиеттер бере алады». Және шын мәнінде «культ» ұғымы (лат. Kultus – құрметтеу, күтім) мен “культура» – мәдениет (жасау, тәрбиелеу, білім беру) этимологияның өзінде ерекшеліктерді айқындайды: құрметтеу жасап шығару емес.

Дін пайымдылық қисындылықты аса бейнелей бермейді. Тіпті ол дүниені игерудің өзгеше сезімдік-сезіну, бейнелік-нақты құралы. Дін – адамның қоршаған орта мен өз ішінде үнемі соқтығысатын, сонымен қатар тікелей сезіне, өлшей, бейнелей де, тани да алмайтын, ұғындырып жеткізілуі (сөзге, түсінікке айналдыруға) қиын, құпия, ғажайып, танымаған бағдардың қисынсыз ерекше тәсілі. Дін құпиямен, мәңгілікпен, бастапқымен, шектен  тысқары «айнаның арғы жағымен» тікелей жанасуға ұмтылысты бейнелейді және осы мағынада – сенім мен мәдениет – пайымсыз, қалыпсыз тұрмыстық сананың өзгеше, тікелей пәлсапасын құрайды.

Мәдениеттің алға дамуы көпшілікке қалыптасып қалған парадигманы өзгертпеу мүмкін емес: күйзеліс мен қарама-қайшылық – прогрестің қозғаушысы. Келісім, ынтымақтастық, әлемді танудың түрлі ұстанымдарына түсіністікпен қарау – адамзат мәдениетін сақтап қалудың, оның болашағын қамтамасыз ететін амалдар. Дінге сенетіндер мен сенбейтіндерді біріктіретін ортақ нәрсе олардың дүниетанымын бөлетіндерден анағұрлым маңыздырақ. Ұлт тағдыры, тарихтың ортақтығы, мемлекетіміздің күйзелістен шығу жөнінде қамқорлығы, жаһандық қауіптерді жеңу – барлық адам үшін маңызды. Бұл ортақтық сабырлы диалогпен, келіссөзбен айқындалады. Тек келіссөздер ғана өзара түсіністікке,  ескірген парадигмалардың ауысуына әкеледі, адамзат болашағы мен мәдениетті құтқару үшін бірлікке шақырады.

Зайырлылық тек қана құлшылық пен сенім бостандығы немесе мемлекет пен діннің өзара ажыратылуы ғана емес. Зайырлылықтың негізгі мақсаты жеке тұлғаны діндердің және иделогиялардың қысымынан құтқару екендігін білуіміз керек. Бұл тұрғыдан келгенде Қазақстандағы діни экстремистік бағыттар, «салафилер» мен христиан миссионерлерге өз азаматтарын беріп қою, бақылаусыз қалдыру мемлекеттің қаіпсіздігіне қаншалықты зиян екендігін біреу білсе, біреу білмейді. Қазіргі қоғамдағы «салафилердің» барлық іс әрекеттері қоғам қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп отыр. Ал миссионерлік ошақтары жік шығарғалы қашан. Зайырлылық мемлекеттің демократиялық, рационалды ұстанымдарға негізделуін білдіреді. Зайырлылық әсіресе Батыстағыдай католик әлеміндегідей дін мен мемлекеттің емес, дін  мен шіркеудің өзара ажырауын білдіреді. Ал исламда жоғарыда айтқандай «дін адамы» немесе «дін адамы емес» деген бөлектену немесе  статус, «каста» болмаған. Олай болса, республикалық жүйедегі мемлекеттердегі «зайырлылық» ұстанымын әсіресе, ислам өркениеті мен мәдениетіне етене жақын немесе сол мәдениет негізінде құрылған мемлекеттер өзіндік комментарии жасау арқылы билік пен қоғам арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етуге ұмтылуы керек деп ойлаймын.

Десе де келер күндерде кемшіліктер түзеліп, әлемдік деңгейдегі танымдық өлшемдердің барлығы жүзеге асады деп сенеді. Біз  де үміттенейік!



Қолданылған әдебиеттер:


  • «Жас Алаш» газеті

  • «Иман» журналдары

  • Интернет материалдары

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы

  • Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы, 11 қазан 2011 жыл.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Зайырлы мемлекет ж?не дін"

Автор: Жолмухамбетова Венера Жумашевна

Дата: 22.05.2016

Номер свидетельства: 329501


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства