kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ШТІЛДІЛІК БА?ДАРЛАМАСЫН Ж?ЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ».

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мемлекеттік тілді ?йрету балаба?шадан басталуы тиіс. Б?л заман талабы». Н.?. Назарбаев «?аза?станда барлы? этникалы? топтарды? тілдерін дамыту?а жа?дай жасалып отыр. Біз ?ш тілділікті дамыту ?ар?ынын ?детіп отырмыз. Б?л ойдан шы?ар?ан д?ние емес, ?ажеттілік. ?азірді? ?зінде ?аза?станды?тарды? 20 пайызы а?ылшын тілін ме?герді. Я?ни, ?ш тілді ме?геру, білу - б?л жа?анды? ?лемге жолдама деген с?з. Б?л адамны? ?мірдегі табыстылы?, жетістік принципі. ?аза?станды?тарды? а?ылшын тілін білуі елімізді? отыз дамы?ан елді? ?атарына енуіні? шарты болып табылатынын айтып ?тті. Со??ы жылдары «?аза? тіліні? дамуы тарихта осындай ау?ымды ?ар?ынмен ж?ргізілген емес» - деп айтып ?тті Н.?.Назарбаев.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ШТІЛДІЛІК БА?ДАРЛАМАСЫН Ж?ЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ».»


Кокеева Роза Турсыновна

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.

«ERFOLG» оқу орталығы.

Қарағанды қаласы


«ҮШТІЛДІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ».



«Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан

басталуы тиіс. Бұл заман талабы».

Н.Ә. Назарбаев

«Қазақстанда барлық этникалық топтардың тілдерін дамытуға жағдай жасалып отыр. Біз үш тілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз. Бұл ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерді. Яғни, үш тілді меңгеру, білу - бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принципі. Қазақстандықтардың ағылшын тілін білуі еліміздің отыз дамыған елдің қатарына енуінің шарты болып табылатынын айтып өтті. Соңғы жылдары «қазақ тілінің дамуы тарихта осындай ауқымды қарқынмен жүргізілген емес» - деп айтып өтті Н.Ә.Назарбаев.

Тілдердің үш тұғырлылығы идеясына Елбасы нақты анықтамасын да береді: қазақ тілі мемлекеттік дәрежесінде мемлекет өмірінің бар саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін атқарса, орыс тілі ұлттар арасындағы қарым-қатынастарға қызмет етеді, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кіруімізге қызмет етеді. Бұл жерде мына мәселені де ескеруіміз қажет. Дүниежүзілік қауымдастықта Қазақстан өзінің лайықты орнын алу жолында басқа мемлекеттермен экономикалық және мәдени тығыз қарым-қатынасқа түсу барысында соған сәйкестелген тілдік саясатында да оңтайлы даму қажеттігі туындайды.

Елбасы қазақ тілі мемлекеттік тіл тұрғысынан басымдыққа ие екенін ашып көрсетіп, мемлекеттік жұмыс қазақ тілінде жүретінін баса айтты. Бұл – осынау маңызды мәселеге жалпы қоғамның дамуы үрдісінен, өз еліміздің одан әрі байыпты дамуы тұрғысынан да тіл мәселесіне, түптеп келгенде, дұрыс баға беріліп отырғанының дәлелі. 

Үштілділік - нақты  тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы.

Біз үштілділікті тәуелсіз еліміз үшін стратегиялық мәні ерекше құбылыс.Еліміз бен жерімізге ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс. Бірақ бұл үш тілдің тұғыры бірдей деген сөз емес. Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол  мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

  Саясаттанушы Т.Әбдуәлидің: «Мемлекет басшысы жаһандану жөнінде мәселе көтергенде де өре түрегелдік. Жаһандану дегеніміз қарапайым сөзбен айтқанда жоғары деңгейге жеткен елдермен қарым-қатынасымызды нығайту. Соның бірі - тілдік коммуникация. Бұл үшін халықаралық қатынас тілі болып жүрген ағылшын тілін үйренуге жастарымызды жатпай-тұрмай баулуымыз керек. Оның қажеттілігін уақыт өткен сайын өткір сезініп келеміз» деген ойын оқытушы Т.Тәңірбергенқызы ары қарай жалғастырады: «Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білуіміз керек. Себебі, ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес». Иә, расында да, ағылшын тілі қазақ жерінде өз үстемдігін жүргізе алмайды. Қазақстанда тек қазақ тілі ғана билік құра алады.

Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу - әрбір Қазақстан азаматының борышы. Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу - ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін аса маңызды.

Тіл мәселесі адам, қоғам өміріндегі ерекше орны бар аса күрделі де маңызды құбылыс.

Қазақ тілінің осы дәрежеге жетуі жолында қандай шараларды жүзеге асыру қажеттігін де Елбасы өзінің соңғы халыққа Жолдауында былай деп атап көрсетті: «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио, бейнематериалдарды әзірлеу керек».

Мемлекеттік тілді, шетел тілін білмей, дүниежүзілік экономика кеңестігін, білім, ақпарат көздерін жете меңгеруге қол жеткізе алмаймыз. Сондай-ақ жаңа технологияны жете меңгермей, тілдерді де игеру жедел әрі тиімді бола қоймайды. Қазіргі жалпы білім беретін мектептердің көпшілігінде сабақ жаңа технологияны іске асыру арқылы, оның механизмдерін тілді менгеруде дұрыс қолдану арқылы өтеді. Бұл- тіл мамандарының ізденісі, дегенмен әлі де болса, бұл бағытты жетілдіру қажет екендігі сөзсіз.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өзге тіл ретінде оқытудың нәтижесі мұғалімдердің кәсіби біліктілігімен осы саланың әдістемесін терең менгеруге байланысты. Дүниежүзінде өз ана тілінен басқа тілдерді меңгеру үшін қолданылатын универсалды әдістеменің модулі бар. Бұл әдістемелік модуль барлық елдерде тілді басқа адаммен сөйлесу, пікірлесу, түсіну үшін үйретуді көздейді.

Бүгінде қазақстандық оқыту мен тәрбиелеу әлемдік оқыту мен тәрбиелеудің талаптарына сай болуы аса қажет.

Қорыта айтқанда, қазақ, орыс, ағылшын тілін меңгеру оларға қызметте жақсы табыстарға қол жеткізу үшін ықпалды және іскер адамдармен қарым-қатынас орната алу, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет. Сондықтан,өмір тәжірибесі өзі көрсетіп отырғандай, басқа тілді меңгеру кез келген тұлғаның биіктен көрінуіне шексіз мүмкіндіктер берері сөзсіз деп ойлаймын.

 

                   





  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2007

2.Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері, 

3.Әбдуәли Т.Үштұғырлы тілден түңілмейік // Жетісу, №31. 2008

4.Тәңірбердіқызы Т. Ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес // Қазақ әдебиеті, №48. 2008

 








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«?ШТІЛДІЛІК БА?ДАРЛАМАСЫН Ж?ЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ».

Автор: Кокеева Роза Турсыновна

Дата: 13.02.2016

Номер свидетельства: 292995


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства