kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ ?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ»

ҮШТІЛДІЛІК– ЖАҢА ЗАМАН СҰРАНЫСЫ


2016 жылы 1 наурызда Астана қаласы, «Нұр Орда» халықаралық мектеп-кешенінде «Білім беру мазмұнын жаңартудың маңызды шарты ретіндегі үш тілді білім берудің жол картасын жүзеге асыру» халықаралық конференциясы өтті.

Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: « Біз ағылшын тілін игеруге серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Және мектептерге ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет” - деп ерекше атап көрсеткен.

1 наурыз күні Елордада Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ,Cambridge University Press және «Study INN» Білім беру компаниясымен бірлескен «Білім беру мазмұнын жаңартудың маңызды шарты ретіндегі үш тілді білім берудің жол картасын жүзеге асыру» VII халықаралық ғылыми –практикалық конференциясы өтті. Аталмыш жиынға еліміздің барлық аймағынан 200-дей білім беру саласының өкілдері қатысты.

Мәжіліс ҚР Білім және ғылым вице-министрі Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлының кіріспе сөзімен басталып, Ы. Алтынсарин атындағы БҰА үштілділікке оқыту орталығының директоры Сырымбетова Ләйла Сарқытқызының «Үштілді білім беру Жол картасын жүзеге асыру туралы: оның бүгінгісі мен келешегі » атты баяндамасымен жалғасты.

Конференцияда Cambridge University Press білім беру реформалар департаментінің директоры Джейн Манн, Cambridge University Press өңірлік директоры Пол Збихли, Cambridge International Examinations білім беру департаментінің аға кеңесшісі Кристина Римини сынды ұлыбританиялық ғалымдар және ММПУ профессоры, филолог Хамраева Елизавета Александровна баяндама оқып,көптілділікке байланысты бағдарламаларды енгізу мен құру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Әлемдік білім негізінде орныққан «шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесіне» сүйеніп, қазақ тілін европалық стандарт негізінде оқытудың бағдарламасын енгізіп,осыған қатысты оқулықтар жасаған Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы. Ғалым «Қазақ тілін деңгейлік оқытудың коммуникативтік және когнитивтік аспектілері» тақырыбында баяндама оқыды.

Конференцияның мәжілісі мен секция жұмыстары барысында CEFR сәйкес қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін деңгейлік оқытудың өзекті аспектілері талқыланып, сонымен қатар республика мектептерінде үштілді білім беруді жүзеге асыру аясында жаратылыстану – математика бағытындағы пәндерін ағылшын тілінде оқыту жөнінде сұрақтар қарастырылды.

Бүгінгі таңда мемлекетімізде үштілділік мәселесін нақты іс түрінде жүзеге асыру керек пе? Әрине, керек. Еліміз бен жерімізге ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс. Бірақ бұл үш тілдің тұғыры бірдей деген сөз емес. Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады. Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі жөнінде басқаша көзқарас танытып жатамыз. Мұның себебі осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады. Бірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен қарап, құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде. Атап айтсақ, саясаттанушы Т.Әбдуәлидің: «Мемлекет басшысы жаһандану жөнінде мәселе көтергенде де өре түрегелдік. Жаһандану дегеніміз қарапайым сөзбен айтқанда жоғары деңгейге жеткен елдермен қарым-қатынасымызды нығайту. Соның бірі - тілдік коммуникация. Бұл үшін халықаралық қатынас тілі болып жүрген ағылшын тілін үйренуге жастарымызды жатпай-тұрмай баулуымыз керек. Оның қажеттілігін уақыт өткен сайын өткір сезініп келеміз» деген болатын.

Әрине, әр көтерілген мәселенің оң және теріс жағы болады, әр тұлғаның өзіндік жеке пікірі болады, бірақ анау айтты, мынау айтты деген негізсіз, дәлелсіз күдіктен арылып, бой көтеріп отырған мәселенің маңыздылығының қаншалықты қажет дәрежеде екенін айқындап, нақты зерттеп алғанымыз жөн сияқты.

Осы конференцияға қатысу барысында шығармашылығымды қанаттандырып, Ана тіліме деген шексіз махаббатымды шыңдай түскен дүние-қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде қазақ тілін үйрету басты назарға алынып, соған орай оқулықтардың жарық көруі. Осы кезге дейін « аты бар да заты жоқ »дүниенің қолға алынуы. Яғни, қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында бірқатар жұмыстардың еңсеріліп,жүзеге асырылып жатқандығы Ана тіліміздің зор болашағына сенімді нығайтады.

Егер біз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазақ тілін дұрыс жұмсай білсек, ол қоғамдағы тілге жүктелетін қажеттілігімізді өтеуге жарайтын бай тіл. Мәселе тілдің міндетін дұрыс түсініп, өз міндетімізді атқаруда болып отыр. Ұлт өркендеп, тіліміз өз еліміздегі және халықаралық дәрежедегі позициясын нығайтқан кезде біздің сөздеріміз де өзге тілдерге енетіндігіне, тіліміздің әлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнын иеленетіндігіне күмән келтірмеуге болады. Дәл бүгін де қазақ тілінің әлем тілдерінің ешқайсысынан да кем түспейтін, бірнеше ғасырлық даму тарихы бар, ұлттық әдеби тіл деңгейіне дейін дамып жетілген ұлы тіл екендігіне еш күмән жоқ.


























Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы №1 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исбергенова Ақкүміс








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?ШТІЛДІЛІК - ЖА?А ЗАМАН С?РАНЫСЫ

Автор: Исбергенова Аккумис Метжановна

Дата: 04.04.2016

Номер свидетельства: 314937


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства