?ш т??ырлы тілді ме?геру – еркіндікті?, б?кіл ?лемде ж?ріп-т?руды? кепілі
?ш т??ырлы тілді ме?геру – еркіндікті?, б?кіл ?лемде ж?ріп-т?руды? кепілі
Т?уелсіздік ал?аннан кейінгі жылдар ішінде егемен еліміз дамуды?, жа?аруды? да??ыл жолына т?сті. Болаша??а ны? сеніммен ?арайтын болды?. ?арап т?рса?, ?згеріп жат?ан д?ние шаш етектен.Тек ?ана сол ?згеріске тез бейімделіп, артта «ша? ?ауып ?алмауды?» амалын істеп ба?са?. Сондай ?згеріс білім беру саласын да бей-жай ?алдырма?ан.
«Елімімізді? ерте?і б?гінгі жас ?рпа?ты? ?олында, ол жас ?рпа?ты? та?дыры ?стаздарды? ?олында» - деп елбасымыз Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев айтпа?шы ?стаз ?мірді? шуа?ы мен н?рін себуші, ?амалдарды? алыбы. Со??ы кезде елімізді? білім беру ісінде т?бегейлі ?згерістер еніп жат?аны белгілі. Е? бастысы ?лемдік білім ке?істігіне ену ма?сатында ал?аш?ы ?адамдар болып отыр. Білімні? н?тижеге жетуі - ?азіргі та?да б?кіл ?ркениетті елдер ?мтылып жат?ан м?ре. ?ла?атты ?рпа?ты? ?суі ?стаз шеберлігіне байланысты деп айтар едім.
?азіргі та?да еліміздегі жас ?рпа?ты білімді де сапалы етіп т?рбиелеу заман талабы екенін ескерсек, білім беру ж?йесіні? негізгі ма?саты – болаша? ?рпа?тан б?секеге ?абілетті ш?кірт т?рбиелеу. Елбасымыз Н.?.Назарбаевты? ?з жолдауында айт?андай болаша?та ?ркениетті дамы?ан елдерді? ?атарына ену ?шін заман талабына сай білім ?ажет.
Б?кіл д?ниеж?зілік білім беру ке?істігіне кіру ма?сатында ?азіргі та?да ?аза?станда білімні? жа?а ж?йесі ??рылуда. Б?л ?рдіс педагогика теориясы мен о?у-т?рбие ?рдісіне на?ты ?згерістер енгізумен ?атар елімізде болып жат?ан т?рлі ба?ытта?ы білім беру ?ызметіне жа?ашылды? енгізуді, ?ол жеткен табыстарды сын к?збен ба?алай отырып саралауды, сындарлы о?ытуды, жастарды? шы?армашылы? ?леуетін дамытуды, м??алім іс-?рекетін жа?аша т?р?ыда ?йымдастыруды талап етеді. «Мектеп бітіріп шы??ан бала б?кіл ?лемге, ?згені? ж?не ?зіні? ?міріне білім ж?зімен ашыл?ан саналы а?ыл к?зімен ?арай білсе, міне, білімдендіруді? к?здейтін т?пкі ма?саты осы»,- дейді бес арысымызды? бірі – Ж?сіпбек Аймауытов.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар ішінде егемен еліміз дамудың, жаңарудың даңғыл жолына түсті. Болашаққа нық сеніммен қарайтын болдық. Қарап тұрсаң, өзгеріп жатқан дүние шаш етектен.Тек қана сол өзгеріске тез бейімделіп, артта «шаң қауып қалмаудың» амалын істеп бақсақ. Сондай өзгеріс білім беру саласын да бей-жай қалдырмаған.
«Еліміміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтпақшы ұстаз өмірдің шуағы мен нәрін себуші, қамалдардың алыбы. Соңғы кезде еліміздің білім беру ісінде түбегейлі өзгерістер еніп жатқаны белгілі. Ең бастысы әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында алғашқы қадамдар болып отыр. Білімнің нәтижеге жетуі - қазіргі таңда бүкіл өркениетті елдер ұмтылып жатқан мәре. Ұлағатты ұрпақтың өсуі ұстаз шеберлігіне байланысты деп айтар едім.
Қазіргі таңда еліміздегі жас ұрпақты білімді де сапалы етіп тәрбиелеу заман талабы екенін ескерсек, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – болашақ ұрпақтан бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өз жолдауында айтқандай болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі таңда Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңашылдық енгізуді, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, сындарлы оқытуды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. «Мектеп бітіріп шыққан бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы»,- дейді бес арысымыздың бірі – Жүсіпбек Аймауытов.
Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз.
Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет.
Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз.
Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек.
Орыс тіліне және кириллицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тілін білу - біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз.
Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады.
Үш тұғырлы тіл - бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы. Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үш тұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни, мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Үш тұғырлы тіл - өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Мысалға, ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған. Сондай-ақ, бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. “Үш тұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында шет тілінің болашақ оқытушыларын оқыту жүйесі мен процесіне қойылатын талаптарды күшейту керек. Іс жүзінде тілдердің үш тұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып табылады. Яғни, мемлекет әрбір қазақстандық үшін үш тілді білу әркімнің жеке дамуының міндетті шарты екендігін әрдайым есте ұстауды қалап отыр.Тілдердің үш тұғырлылығы мәдени жобасын іске асыру - уақыт талабы. Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес. Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Мемлекет басшысы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Жолдауында Үкіметтің алдына “Тілдердің үш тұғырлылығы” мәдени жобасын іске асыруды жеделдету міндетін қоя отырып, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды. Қазақ халқының "Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл" деген мақалы "Үш тұғырлы тіл" саясатын жүргізудің негізі бола алады. Келер күннің талабы адамзаттың араласуына алып келетінін әріден ұғынған Абай «Әр елдің тілін, өнерін білген кісі өзгемен бірдейлік деңгейде сұхбаттаса алады» деп пайымдаған. Енді, міне, үш тұғырлы тілмен қаруланып, заманауи жетістіктер жетегінде жұмыс жасайтын, нақты бір нәтиже қол жеткізетін кез келді.