Просмотр содержимого документа
««Үміт өрге тартады, сенім алға жетелейді» Қалалық семинар»
«Тараз - Болашақ» медициналық колледжі ЖШС
«Үміт өрге тартады,
Сенім алға жетелейді»
Қалалық семинар
Жауапты оқытушылар: «Психология негіздері» пәнінің оқытушысы: Г.М.Мақсұт
«География және экология» пәнінің оқытушысы А.К.Оспаналиева
Тараз 2018 ж
«Үміт өрге тартады, сенім алға жетелейді»
Қалалық семинар
«Ақыл деген алтын тау, шың - құзы бар не түрлі,
Ақыл-панаң, сақтаушың, ұлы қорған секілді.
Ауыздықта сезімді, өз нәпсіңді тия біл,
Өзіңді-өзің билеуің -нағыз дәулет, сірә бұл»,-
деп үнді елінің киелі жырында жырланғандай.
Қазіргі таңда қызығы мен қиыншылығы , қуанышы мен реніші қатар жүретін заманда адам жүйкесіне салмақ түсіретін нәрселер көп. Бүгінгі таңда суицид әрекеті жасөспірімдер арасында орын алуда. Қоғам дертіне айналып отырған суицид мәселесі, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар бала психологиясына кері әсер етуде.
Қазіргі жастардың көпшілігі жоқшылыққа, қиыншылыққа төзе алмайды. Бос уақыттарында кітап оқымайды, пайдалы заттармен айналыспайды. «не жеймін», «не киемін» деп қайғырмайды, басына түскен қиындықтарды жеңгісі келмейді, сондықтан да өз өмірлері үшін күрескеннің орнына мәңгілік сапарға аттанғанды жеңіл көреді.Осындай қиын кезеңде адам, ең алдымен депрессия, стреске ұшырайды, ең соңында зиянды заттарды қолданады, «суицидке» жол береді.
Сондықтан да бүгінгі « Біздің мақсат – салауатты өмір салты» (темекі, насыбай, қорқор, алкогольдің адам организміне зиянды әсері), «Өз тағдырың – өз қолыңда» (суицидтің алдын алу) бағыттарында ұйымдастырылып отырған «Үміт өрге тартады, сенім алға жетелейді» тақырыбындағы қалалық семинар қазіргі күннің ащы шындығының, бір өзекті мәселенің шешімдерінің бірі болатынына сенеміз.
Ендеше осы нәтижені мақсат ете отырып, ең бірінші қазіргі кезде мұндай қатігез жағдайдың болуына итеріп отырған басты себептерді анықтауды жөн көріп, және сөз кезегін құрметті қонақтар сіздерге беремін.
Сөз алды: Қонақтар
Қорытынды:
Мінеки, құрметті қонақтар, әріптестер, студенттер біз сіздермен бүгінгі күннің ащы шындығын, яғни жасөспірімдердің зиянды заттарға әуестігі және суицидке не себепті жол беретіндігін талқыладық.
Бүгінгі семинарды Үміті мен сенімі бар адамның Бойында қайнар қуаты, Алдында жанар мұраты.-деп аяқтағым келеді.
«Үміт өрге тартады, сенім алға жетелейді»
Қалалық семинар
Дөңгелек үстелдің ашылуы
«Тараз- Болашақ» медициналық колледжінің әдіскері Джылысбаева Р.Қ марапаттау сәтінде