kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлы ұстаз ыбырай алтынсарин шығармаларындағы тәрбие мәселесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы тәрбие мәселесі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлы ұстаз ыбырай алтынсарин шығармаларындағы тәрбие мәселесі»

УДК 37.01

А.К. Кабимолдина

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі,

п.ғ.м., Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Қазақстан Республикасы


ҰЛЫ ҰСТАЗ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ


Аннотация

Мақалада Ыбырай Алтынсарин шығармалары - тәрбиенің қайнар бұлағы ретінде таныстырылды. Ыбырай әнгімелері өсіп келе жатқан жастарды еңбек қор болуға, талапты, жігерлі, маңдай термен тапқан нанның дәмі тәтті екендігін үйретеді.

Аннотация

В статье представлены произведения Ибрая Алтынсарина как источник образования. Истории Ибрая учат молодых людей быть, энергичными, трудолюбивыми и почувствовать сладкий вкус хлеба, заработанным трудом.

Annotation

The article presents the works of Ibrai Altynsarin as a source of education. Ibrai's stories teach young people to be energetic, hardworking and to feel the sweet taste of hard-earned bread.


Түйінді сөздер: тәрбие, оқу, өнер, талап, еңбекқорлық, мейірімділік, қанағатшылдық.


«Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде ғана», -деген ұлы сөздің авторын білмейтін педагогтар кемде - кем.

Халқымызда «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген дана сөз бар. Тарихта аты мен хаты өлмей келе жатқандардың бірі, қазақтың халық ағартушысы - Ыбырай Алтынсарин. Өз халқына шексіз қызмететкені үшін Қазақстантың тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев Ыбырай Алтынсаринді Қазақстанның халық ағарту саласының тұңғыш ағартушысы деп атаған.

Ұлы ағартушыға ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуге айрықша мән береді. «Қазақ хрестаматиясы» атты оқулық, «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке - тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән мағынасын жоймайды Ыбырай ағарту ісімен бірге сол уақыттағы қоғамдық - саяси өмірге сергек араласып, ғылым білімге, еңбек пен өнерге қатысты еңбектер жазды.

Алтынсариннің көзқарастарына тән нәрсе - оның халықты шын сүйгендігі. «Қазақ деген – жасанды мінезі жоқ, қарапайым халық, бірақ сол қарапайымдығының өзінде оның, көп жақсылығы жатыр», «өз елімізге қолдан келгенше кызмет ету - біздің әрқайсымыздың борышымыз» - деп, айтты. Ыбырай - халықтың сүйген ұлы - «Барлық қазақ жастары менің соңымда, олар мені жақсы көреді мен қайтып жалғыз болайын?» деген болатын. Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім беру» конференциясы ұлы ағартушының педагогтік мұрасын зерделеу бойынша тәжірибе алмасуды және оның идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде іске асыруды көздейді.

Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің «желкілдеп өскен көк шөптей» жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған. Ыбырай атамыз өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» деген атпен алған. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындаларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті. Ыбырай - халықтың сүйген ұлы - «Барлық қазақ жастары менің соңымда, олар мені жақсы көреді мен қайтып жалғыз болайын?» деген болатын. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбек сүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.

Ыбырай - жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады. Ыбырай Алтынсариннің қазақ əдебиеті тарихында ағартушылық саласында елеулі орын алуы. Ыбырай ағарту ісімен бірге сол уақыттағы қоғамдық - саяси өмірге сергек араласып, ғылым білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты еңбектер жазды. Ыбырай қажырлы еңбектерінің нәтижесінде көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселелерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды. Ыбырай шығармаларын оқыту - оқушыларға жақсылық, әділдік, азаматтық сезім, ар-ұят, қамқорлық, қарапайымдылық сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі.

Мектеп табалдырығын аттап, қолына кітап ұстаған кез - келген оқушыға «Ыбырай Алтынсарин кім?» деген сұрақ қойса: «Ыбырай Алтынсарин  — қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері», -деп жауап береді. Әрине, бұл өте дұрыс жауап. Бірақ, балалар осы жазушының өздеріне қалдырған тәрбиелік мұраларын біледі ме? Олардың ой - санасына «Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы, тәрбиелік маңызы зор шығармалардың авторы, Ұлы даланың дара ұстазы» деген ақпаратты еңгізу үшін автордың қандай шығармаларымен таныстыру қажет? Бүгінгі мақаламда сіздерге өзімнің оқыған, болашақ педагог ретінде шәкірттеріме таныстырғым келетін, тәрбиелік маңызы зор шығармалармен бөлісемін.

Соның біріншісі: «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңі. Балалар өнерге, білімге жақын болуы қажет. Сонда, ел болашағы - жарқын болады. «Өнер - білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды», - деген ұғымға балалар сын көзбен қарайды. Оларға бұл мүмкін емес сияқты көрінеді. Бірақ, өлеңнің мазмұны олардың бұл пікірінен қайтуына мүмкіндік береді. «Ат өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай» - осы өлең жолдарын оқыған сәтте, Ыбырай Алтынсариннің қазіргі білім беру саласындағы «Бәсеге қабілеттілік» ұғымын қозғағанын байқауға болады. Міне, осы өлеңді оқушыларға таныстыру арқылы, олардың бойындағы қасиеттерді ашуға, тануға, дамытуға болады. [1]

«Ананың сүюі» өлеңі. Ыбырай Алтынсарин бұл өлеңімен әлемдегі ең риясыз махаббатты, Ана махаббатын сипаттаған.

«Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін» -, деген өлең жолдары балалардың жүрегіне еріксіз әсер қалдырады. Яғни, балаларға «Жаман болма, жалқау болма, жаман әдеттерден аулақ бол» дегенді жеткізеді. Өлеңде «Адам болып» деген керемет сөз бар. Осы сөздің мағынасын балалар терең түсінуі қажет. Түсіндіру үшін, Абай Құнанбаевтың «Толық адамға» берген тұжырымдамасын ұсынар едім. Көріп тұрғандарыңыздай, бір өлең арқылы Ыбырай Алтынсарин адам болу керек екенін, жаман әдеттерден аулақ болу керек екенін, Ананы сыйлап, құрметтеу қажет екенін түсіндірген. [1]

«Кел балалар, оқылық!» өлеңі. Бұл өлеңді оқымаған қазақ кемде - кем шығар. Кітаптардың алғашқы бетінен орын алған бұл шығарма: мектептердің рухты сөзі.

«...Сиса көйлек үстіңде, Тоқуменен табылған ...

Сауысқанның тамағы, Шоқуменен табылған... Өнер білім бәрі де

Оқуменен табылған... деп, ақын қазақ жастарына өнер-білімнің қайнар бұлағы оқуда екенін айтып, оқыңдар,ғылыммен сусындап, жетіліңдер деп, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.

«Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар», - өлең жолдары керемет емес пе?! Яғни, шырақты баланың болашақ өміріне теңеу арқылы, «Оқысаңдар, жарық болашақта өмір сүресіңдер!» дегенді жеткізген. Бұл өлең бүлдіршіндерге «надандық» сөзінің мағынасын жеткізеді. Надандықтың жаман қасиет екенін ұққан балалар, «Оқу» деген шыңға ұмтылады. Ата-анасының үмітін ақтау үшін жақсы оқу керек екенін түсінеді.

«Әке мен бала» әңгімесі. «Ер дәулеті – еңбек», «Еңбексіз өмір жок, ауырсыз жеңіл жоқ», «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті», «Еңбек қылмай – ер оңбас,бірлік қылмай – ел оңбас», «Ерінбеген етікші болады» тағыда басқа сан - түрлі еңбек туралы мақалдардың барлығының мағынасын осы бір әңгіме жан - жақты ашатындай көрінеді. «Азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаларсың», - деген әңгіме соңындағы түйінді сөзден тәрбиенің қайнар көзі көрінеді. Ыбырай Алтынсарин осы бір әңгіме арқылы, балалардың бойына еңбекқорлық, әдептілік, қанағатшылдық сияқты қасиеттерді сіңіруге тырысады. Менің ойымша, бұл мақсат орындалды. Себебі, өз көзіммен көргенмін. Іс - тәжірибе барысында осы әңгімеден кейін, балалар бір - біріне көмек көрсетіп, қолдарынан келгенше ұстаздарына көмектесіп, еңбектене білді.

«Бақша ағаштары» әңгімесі. Осы бір әңгімеде тәрбиенің қайнар көзі жатқанына ешкімнің таласы жоқ. Бір әңгіме арқылы, Ыбырай Алтынсарин балаларға ата - ананың ақылын тыңдау керек екенін, олардың ақылының нәтижесінде өсіп - өніп, бұғаналары қатаятынын жеткізген.

«Сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзу кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің», - деген сөздермен балаларға олардың әлі кішкентай екенін, оң мен солын айыра алмайтын жас екенін ағаштарға теңеу арқылы керемет әсерлі етіп жеткізген.

«Мейірімді бала» әңгімесі. «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» ,- деген мақалдың дәлелі дәл осы әңгіме. Осы әңгіме арқылы Ыбырай Алтынсарин жер бетіндегі адамгершілік қасиетті, «Мейірім» атты ұлы қасиеттің бағалылығын терең жеткізген. «Мейірімді бола біліңдер» деген өсиет қалдырған. [2]

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесі. Бұл әңгіме балаларға кішкентай жәндіктердің өзіне сыйластықпен қарау керек екенін, сол кішкентай жәндіктер сияқты тыңбай еңбек ету керек екенін түсіндіреді. «Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдай тағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек», - деген өсиет сөз кішкентай балалардың алдағы өмірлеріне азық болып табылады. [3]

«Талаптың пайдасы» әңгімесі. «Әуелі бойыңда талант болсын,Талантыңа талабың қанат болсын», - деген мақал осы әңгіменің түп - тамыры секілді. Балаларға: «талаптарың күшті болсын» дегенді жеткізеді. Талап бар жерде, нәтиже болатынын дәріптейді.

«Аурудан аяған күштірек» әңгімесі. «Ауырмақ түгiл, жаным көзiме көрiнiп тұр, бiрақ менiң жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесiн деп, шыдап жатырмын» , - деген сөздер «Анаға деген махаббатты» толық ашып тұр. Балаларға «Ананың уайымын» жеткізген. Бұл әңгіме арқылы, кішкентай бүлдіршендер аналарын сүю керек екенін, оларды сыйлау керек екенін түсінеді.

«Бай баласы мен кедей баласы» әңгімесі. Бұл әңгімеде Ыбырай Алтынсарин әлеуметтік теңсіздікті ашып көрсету арқылы, балаларға қандай ортадан болсын, әрбір адамға сыйластықпен қарау керек екенін жеткізеді. Бай мен кедейдің бірдей адамдар екенін көрсетеді.

Міне, мен сіздерге «Балалар әдебиетінің атасы» Ыбырай Алтынсариннің балаларды тәрбиелеуге арналған үздік шығармаларын ұсынып, Ыбырай Алтынсариннің «Үздік ұстаз, Дара ұстаз, Дана ұстаз» екенін дәлелдедім. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Себебі, Ыбырай - жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан ұлы тұлға. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырады. Ыбырай Алтынсарин оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде, яғни «Қазақ тілінде» берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазғаны барлығымызға мәлім. Бұл кітаптары шәкірттерді өз елінің нағыз патриоты, еңбекқор, адамгершілік қасиеттерге ие азамат ретіп қалыптастырады. Оған дәлел:  «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс — қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...»,- деген тұжырымдама.[4] Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана - сезіміне лайықталынып, педагогика ғылымының міндетті түрде тәрбиешілерден талап ететін әдіс мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар жоғарғы аталып өткен оқу, еңбек, талап, мейірімділік, тағы басқа тақырыптарға арнаулы, қолға таяқ ұстатқандай әңгімелерді әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын да көрмей кетуге болмайды . Ыбырай Алтынсариннің білім жолындағы еңбектері, қазіргі педагогика ғылымына негізгі тіреу болып отыр.

«Ал енді құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш уақытта да қайтпаймын», - Ыбырай Алтынсариннің Н.И.Ильминскийге жазған осы бір хаты менің сөздеріме дәлел. Ыбырай Алтынсариннің өмірі қарама-қайшылықтарға, қарсылықтарға, небір күрестерге толы болғаны айдан - анық. Бірақ, барлық қиындықтарды жеңіп 1864 жылы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш рет біздің елімізде рухты әуен бастады. Ол әуен қазақ жастарының көзін ашуға, олардың намысын оятуға, оқу-білімге ынталандыруда үлкен рөл атқарды.

Міне, осындай еңбектерден кейін Ыбырай Алтынсаринді «Балалар әдебиетінің атасы», «Дара ұстаз» деудің өзі аздық етеді. «Оқу ісін өзі қандай жанын сала жақсы көрсе, өз инспекциясына қарасты мұғалімдерден де тап соны талап етті. Ол өзінің шын жүректен шыққан тартымды әңгімелері арқылы мұғалімдерді оқу ісіне шын ниеттерімен құлшынып, адал еңбек етуге жұмылдыра білетін. Жұрттың көз алдында бізді соншалықты жоғары бағалайтын, өзгелерді мұғалімдерге ең адал ниетті азаматтар ретінде зор құрметпен әрі мақтанышпен қарауға мәжбүр етті. Ол әрдайым қасынан мұғалімдерді қалдырмай, өзімен бірге ертіп ала кететін, оларсыз сапарға сирек шығатын. Ол әсіресе жас қазақ мұғалімдеріне ерекше қамқорлықпен сүйсіне қарайтын... Оны мұғалімдер де жанындай жақсы көретін...», бұл естеліктер мұғалім Ф.Д. Соколовтың естеліктері. Естелікті оқи отырып, Ыбырай Алтынсариннің өзінің небәрі 48 жыл өмірінде үлгілі ұстаз болғанын, артына үлкен мұра қалдырғанын көре аламыз.

Біздің міндет – дара ұстаздың даналыққа толы мұраларын көздің қарашығындай сақтап, келесі ұрпақтың қанжығасына мықтап байлау. Ал мен осы міндетті қалай орындаймын? Алдыма келген әрбір шәкіртіме Ыбырайды барынша танытатын боламын. Дана ұстаздың тәрбиеге толы шығармаларын әрбір оқушының құлағына құйып, үлгілі азамат болуына өз септігімді тигіземін. Ыбырай Алтынсариннің «Ұстаз» ретіндегі мақсаты мен міндетін мен де өз алдыма үлкен мақсат етемін. Ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезім мен өз еліне  деген сүйіспеншілігін, адамгершілік сезімдерін дамытуға тиіспіз», -деген. Осы міндетті орындау жолында аянбай еңбек етемін!

Қазіргі кезде мектеп бағдарламасында Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының оқушыға жеңіл, түсінікті оқушының жас ерекшелігін ескере  отырып кейбір әңгіме, өлеңдері берілген. Ы.Алтынсариннің 1-4 сынып ана тілі оқулығын енген шығармалары:

1. «Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш» әңгімесі.

2 . «Сараңдылық пен жинақылық».

3. «Талаптың пайдасы».

4. «Таза бұлақ».

5. «Қарабатыр» [5]

Оның қай шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, дамытуға әсері мол. Оны балалар сүйіп, ынтыға оқиды. «Жақсының аты өлмейді,ғалымның хаты өлмейді», - дегендей «Дара ұстаздың» есімі ешқашан қазақ тарихында да, қазақ педагогикасында да өшпейді, керісінше мұралары жаңа ғасырда ескінің көзі ретінде жарқырап, жайнап тұрады.


Әдебиеттер тізімі

  1. «Алтынсарин әңгімелері». Алматы, Мектеп 1980 ж.

  2. Алтынсарин Ы. «Өнер – білім бар жұрттар». Алматы, Жалын 1991ж.

  3. Алтынсарин Ы. «Таза бұлақ» жин. Алматы, Жазушы, 1988ж.

  4. Ы. Алтынсарин . «Қазақ хрестоматиясы». Алматы, 2003 ж.

  5. Қоңыратбаев Ә. «4 – 7 класқа арналған әдебиетті оқыту әдістемесі». Алматы, 1964ж.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ұлы ұстаз ыбырай алтынсарин шығармаларындағы тәрбие мәселесі

Автор: Кабимолдина Айгуль Кайрбековна

Дата: 30.10.2021

Номер свидетельства: 590062


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства