kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Учимся по-новому

Нажмите, чтобы узнать подробности

Статья по казахскому языку учимся по-новому для учителей казахского языка и литературы. Написала Учитель казахского языка и литературы Айтбаева Айнагуль Катрановна.  Учитель с первой категорией высшего уровня квалификации. 

Немного об учителе

Дополнительные сведения: владение ПК, MS. Word,Excel, PowerPoint электронные презентации к докладам, выступлениям, флипчарты.

Личные качества: трудолюбие, коммуникабельность, исполнительность, любовь к детям, стремление к самосовершенствованию, самостоятельность, добросовестность.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Учимся по-новому »


Жаңаша оқыту - өмір талабы

Бәріміз де жоғары білімді , жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге қадам басқан , қиындығы мен қызығы қатар жүретін мұғалім мамандығын таңдап алған екенбіз , демек , үнемі ізденісте болуымыз керек екендігі айтпаса да түсінікті . Ғылым мен техника қарыштап дамыған ақпараттық технология заманында оқушыларға білім беруде жаңа әдіс -тәсілдерді тиімді қолдана білу баршамыздың басты назарымызда болуы керек деп білемін . Себебі , қазіргі оқушыларды дәстүрлі әдіс - тәсілдермен қызықтыру оңайға соқпайды .

« Неғұрлым көп білген сайын білмейтін нәрсең одан да көбейе береді » дегендей , мұғалімнің ізденісі артқан сайын , өзіне қоятын талабы да күшейіп , жасаған жұмысы да нәтижелі болады . Бұған дейінгі іс - тәжірибемде де көптеген кедергілер , қиындықтар кездескен болатын . Бірақ , қазір ой елегінен өткізіп қарасам , көптеген оқушылар қабілеттері ашылмаған күйі мектепті бітіріп кете барған екен . Жасыратыны жоқ , қазір сыныптағы белсенді оқушы мектепті бітіргенше белсенді болып саналса , пассивті оқушылардың бойындағы көрінбей жатқан қабілеттерін ашуда атқарылатын жұмыстар мардымсыз . Яғни , баланың бойындағы қабілеттерді ашу үшін алдымен мұғалімнің өзі қабілетті болуы керек екен .

Ал , өзім оқыған курстың 7 модулінің мазмұнына келсек , әрине , Кеңестік педагогиканың жетістіктерін жоққа шығара алмаймыз . Бірақ , қазіргі жаһандану процесі кезінде , білім беруде бірнеше ғасырлық тәжірибесі бар Кэмбридж университетінің технологиясын пайдаланып , оны өзіміздің дәстүрлі педагогикамен дұрыс ұштастыра білсек , білім саласында бұрынғыдан да жоғары жетістіктерге жететініміз анық .

Жалпы , бұл курстан алған әсерім өте жақсы . 1 - ші « бетпе-бет » кезеңінен кейінгі іс - тәжірибемде бұл курстың қаншалықты маңызды екендігіне көзім жетті . Себебі , әріптестерге және оқушыларға деген көзқарасым көп өзгерген . Өзіме де сыни көзбен қарауға үйрене бастадым . Кемшіліктерімді жиі байқайтын болдым . Әрине , бұл мені қуантады .

Ал , оқушылардың көзқарастарына келсек , бір айлық іс - тәжірибе кезеңінде өзім зерттеген сыныптағы оқушыларда көптеген өзгерістер болды деп есептеймін . Мұны сабақ барысында оқушылардың өздері де дәлелдегендей болды . Топтар арасындағы диалогтің және бірін - бірі бағалаудың нәтижесінде сыныптағы өзара бөлінушілік жойылып , оқушылар бір - бірімен ашық - жарқын сөйлесіп , бір - біріне айтқан сынды дұрыс қабылдай бастады . Оқушылардың дарындылық қабілеттерін толық аша алмасам да, ынталандыра білдім . Ал , сыныптағы белсенді , үздік оқушылар қолданған әдіс - тәсілдерді қуана қабылдап , маған да қолдау көрсетіп отырды .

Оқушылармен қатар әріптестерімнің де маған деген көзқарастары өзгере бастағанын байқадым . Алдағы уақытта осы курстан өткен әріптестер бірігіп жұмыс жасаса , мектепке мүлдем жаңа идея , тың жаңалықтар әкелу арқылы үлкен жетістіктерге жетеді . Оқушылардың алдында мұғалімнің беделі бұрынғыдан да арта түседі .

Білім берудегі Кэмбридждік әдіс – тәсілдер білім сапасын арттыруға да көп көмектеседі . Себебі , мұғалімнің сабақ өту тәсілі өзгерген сайын , оқушының да сабаққа деген ынтасы арта түседі . Мұғалім әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы біліммен ұштастыра білсе , онда онда кез келген оқушының мұғалімге деген , сабаққа деген көзқарасы өзгереді . Бұл әрине , білім сапасына оң әсер етеді .

Жалпы , қорыта айтқанда , 7 модульді сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімге де оқушыға да өте тиімді екендігін байқатты . Яғни , жаңа әдіс-тәсілдер қолданған сайын мұғалімнің де , оқушының да жаңа қабілеттері ашыла түсетіндігі анық .

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: "Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады," - дейді. Білім беру жүйесі ұстаздардан өзін-өзі реттеуді, кәсіби шеберлікті, ұтқырлықты, шығармашылықты, өзін-өзі басқаруды, ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Пажарестің " Мұғалімнің ұстанымы" деген тақырыпты оқып, өзіме де пайдаланып отырмын. Өзімнің алға қойған ұстанымнан көзқарасым пайда болды, соған байланысты шешім қабылдап, енді іс-әрекет жасуға кірістім. Сонымен қатар, Шульманың "үш көмекшесі" деген тақырыпқа сүйеніп, әр адамның көмекшесі бас, қол және жүрек дегенде мен де келістім. Оқу барысында заман талабына сай ұстаз атану үшін, еліміздің елеулі азаматтарының бірі болу үшін, халқымызға қажетті азамат тәрбиелеп шығару біздің міндетіміз, борышымыз. Мұғалім оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін. Заман өзгеріп мен де өзгердім деп есептеймін. Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты - осы".



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Учимся по-новому

Автор: Айтбаева Айнагуль Катрановна

Дата: 23.12.2014

Номер свидетельства: 147074


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства