kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлт тағдырын ойлаған Алаш ұлдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Алаштың» басты мақсаты –  қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің қазіргі жедел жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді. Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады. Бұл ұлттық демократиялық қозғалыс тарихындағы елеулі кезең. Алаш қозғалысының ұстанымдары қазақ мемлекеттігін мақсат етті. Бірақ, азаттықтың жаршысы болған Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлеріне көздеген мақсаттарына жетуге мүмкіндік болмады. Алаш арыстарының ең басты еңбегі заманның қиыншылықтарына қарамастан ел еркіндігіне ат салысып, қолдан келгеннің бәрін жасады. Сол жолда қанын да, жанын да аяған жоқ. Дегенмен, бостандық жолында құрбан болған Алаш арыстарының еңбегі мен ерлігі зая кеткен жоқ. Олардың арман-мақсаттары бүгінгі таңда орындалды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан оған дәлел» - деп, Елбасы айқындап берген «Мəңгілік ел» патриоттық актісімен үндесіп жатқандығын тілге тиек етіп, Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлының «Тарих толқынында» атты еңбегінің «Алаш мұрасы жəне осы заман» тарауында 20 ғасырдың басында қазақ қоғамында зиялы қоғам қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал, деп атап өтті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлт тағдырын ойлаған Алаш ұлдары»

Павлодар қаласы

К. Макпалеев атындағы №4 ЖОМ

қазақ тілі пәнінің мұғалімдері

Сеитканова М.Т., Жакупова Р.Т.


«Ұлт тағдырын ойлаған Алаш ұлдары»


«Алаштың» басты мақсаты – қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің қазіргі жедел жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді... Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті... Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады. Бұл ұлттық демократиялық қозғалыс тарихындағы елеулі кезең. Алаш қозғалысының ұстанымдары қазақ мемлекеттігін мақсат етті. Бірақ, азаттықтың жаршысы болған Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлеріне көздеген мақсаттарына жетуге мүмкіндік болмады. Алаш арыстарының ең басты еңбегі заманның қиыншылықтарына қарамастан ел еркіндігіне ат салысып, қолдан келгеннің бәрін жасады. Сол жолда қанын да, жанын да аяған жоқ. Дегенмен, бостандық жолында құрбан болған Алаш арыстарының еңбегі мен ерлігі зая кеткен жоқ. Олардың арман-мақсаттары бүгінгі таңда орындалды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан оған дәлел» - деп, Елбасы айқындап берген «Мəңгілік ел» патриоттық актісімен үндесіп жатқандығын тілге тиек етіп, Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлының «Тарих толқынында» атты еңбегінің «Алаш мұрасы жəне осы заман» тарауында 20 ғасырдың басында қазақ қоғамында зиялы қоғам қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал, деп атап өтті.

Биылғы 2017 жыл – Алаш партиясы құрылғанына 100 жыл. Республика көлемінде бірқатар мерейтойлық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Аталған мерейтойға байланысты Павлодар қаласының К.Макпалеев атындағы № 4 жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздары Сейтканова М.Т және Жакупова Р.Т ұйымдастырған «Ұлт тағдырын ойлаған Алаш ұлдары» атты ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияның негізгі мақсаты – оқушыларды Алаш партиясы өкілдерінің өмірі, еңбектерімен таныстыру. Конференцияға қатысушы оқушылар «Павлодар уезінің зиялылары Алаш қозғалысында», «Алаш партиясының қызметі Павлодар облысында» тақырыптарында, сонымен қатар Алаш партиясы өкілдері С.Торайғыров, Ә.Бөкейханов, М.Дулатовтың өмірі мен Алаш партиясында қызметі туралы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баяндамалар оқыды.

Сонымен қатар, «Егемендік жолында жанын қиғандар» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп оқущылары көрмеге үлкен қызығушылық танытты.

Конференция соңында оқылған баяндамалар бойынша көрермендерге сұрақтар қойылып, конференция дискуссияға ұласты. Барлық қатысушылар мадақтамалармен марапатталды.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ұлт тағдырын ойлаған Алаш ұлдары

Автор: Сеитканова М.Т., Жакупова Р.Т.

Дата: 19.05.2017

Номер свидетельства: 416849


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства