kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лтты? т?р?ыда?ы т?рбие (баяндама)

Нажмите, чтобы узнать подробности

         Хал?ымызды? шынайы тарихын, шежіресін, ?нерін ж?не ?дет – ??рпын толы? білетін ?аза? азаматы б?гінгі е?бек етіп ж?ргендер ішінде кемде – кем. Со??ы жылдары ?ана осы салада?ы ?дбиеттер шы?арылып, газет – журналдар мен радио, теледидарда ке?інен ??гіме бола бастады. Соны? ?серінен ?алы? т?манды жарып ?ткен ж?ргіншідей к?зіміз ашылып, ?ткен – кеткенге зер сала бастады?.

         Ал алдымызда?ы балауса к?к ш?птей желкілдеп ?сіп келе жатан жас ?рпа?ты  осы кезден хал?ыны? асыл д?ст?рінен, салтынан сусындатып ?сірсе, бойына ана с?тіндей сі?іп, б?л т?р?ыда саналы да патриот азамат болып ?сері с?зсіз

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лтты? т?р?ыда?ы т?рбие (баяндама) »

Ұлттық тұрғыдағы тәрбие

(баяндама)


Халқымыздың шынайы тарихын, шежіресін, өнерін және әдет – ғұрпын толық білетін қазақ азаматы бүгінгі еңбек етіп жүргендер ішінде кемде – кем. Соңғы жылдары ғана осы саладағы әдбиеттер шығарылып, газет – журналдар мен радио, теледидарда кеңінен әңгіме бола бастады. Соның әсерінен қалың тұманды жарып өткен жүргіншідей көзіміз ашылып, өткен – кеткенге зер сала бастадық.

Ал алдымыздағы балауса көк шөптей желкілдеп өсіп келе жатан жас ұрпақты осы кезден халқының асыл дәстүрінен, салтынан сусындатып өсірсе, бойына ана сүтіндей сіңіп, бұл тұрғыда саналы да патриот азамат болып өсері сөзсіз. Халқының ерлігі, төзімділігі, момындығы, қонақжайлылығы, аршыл - мәрттігі, ақынжандылығы бойларына дарыса, кім – кімнен де сорлы болмас еді. Ұл балаларға жігітердің батырлығы, үлкенді сыйлауы, әйелдер мен өзінен кішілерге қамқор болуы үлгі болар еді.

Қыз балаларға аналары мен апаларының ибалылығы, ізеттігі, іскерлігі, табиғи сұлулығы, еңбекке төзімділігі ұлағат боп қалар еді.

Халқымыздың жас ұрпақты тәрбиелеуде атамұрасы болып қалған асыл педагогикасы бар. Осы дәстүрлі дәріс тек соңғы ондаған жылдарда ғана шет қақпай күй кешіп, орнын бірыңғай европалық үлгідегі тәсілдер алмастырды. Соның салдарынан ұлттық өрнек, ұлттық мінез – құлықтан айрылып, дүбәрә күй кештік.

Әкесін тыңдамайтын ұл, шешесін тыңдамайтын қыз өсті. Келе сала қариялардан құтылудың жолын қарастыратын, ерінен үстем билікке талпынған келін көбейді. Сол келіндер ерлеріне билік жүргізуін жүргізіп алады да сыңарына айрылып, қатар – құрбысы сиреген жарым көңіл, жарты кеш қариялардан, әлгі жігерсіз ұлдары арқылы «Қариялар үйіне» жөнелтті.

Дүр сілкінген жариялық дүбірі жас ұрпақ тәрбиешісі мұғалімдерді де оң – солына қарап, ондаған жылдар өз ісіне көңілі толмай, өкініп жүрген жайларының қыр – сырына көзі жетіп, ашық айтуға мүмкіндік берді. Республикамыздағы өзге басылымдар секілді, оқу – ағарту саласының газет – журналдары да ұлттық тәрбиені қалпына келтіру жайларын қозғай бастады.






І. Ұстаздар, тәрбиешілер және класс жеткшілер арасында

жүргізілетін жұмыстар



Әйелдер кеңесі

Ер – азамат алқасы

Семинар кеңес




ІІ. Ата - аналар арасында жүргізілетін жұмыстар




Класс, мектеп, ата –аналар жиналысы

Аталар алқасы

Әжелер алқасы

Ата – аналар университеті





Оқушылар арасында жүргізілетін жұмыстар




Сабақ процесіндегі тәрбие

Ата – дәстүр пәні

Тәрбие сағаттары

Оқушылардың өзін – өзі басқаруы

Тәлім сәті





Қыздар кеңесі

Ұлдар жігері




Үйірмелер, клубтар т.б.



Табиғат достары

Өсімдік бағы

зообақ

Жас физик кабинеті

Жас математик кабинеті






«Көкпар»спорттық жастар жасағы

«Кітап құмарлар бірлестігі»








Мектептердің қай - қайсысында да бүгіндері ұстаз әйелдер саны басымырақ.. Олар – ана, үйелмен тауқыметін көтерушісі әрі қызметкер. Сондықтан қоғамдық жұмыстарға, көпшілік істерге және мектептегі ірілі – ұсақты тәрбиелік шараларға көбірек қатысуға жағдайлары келе бермейді. Көп қатысып, жақсы жұмыс атқарып жүр дейтіндеріміздің үйелмен жайын ойлап, тезірек жұмысты аяқтағысы келіп отыратынын жасыра алмаймыз. Соңғы жылдардағы бір жақты тәрбие алған жас қыздарымыздың да, институт бітіріп педагог атанғанымен, тәрбие беру жағына келгенде, өзі үйренген жеңіл де желөкпе жолға сыңарезулеп кететіні де белгілі. Міне, осылар мектептегі оқу тәрбие жұмысына қазіргі кезеңде елеулі әсер тигізері сөзсіз.

Үлкендердің арасында да өзімшілдік, күншілдік мінез – құлықтан аулақ емес, баласын да осы жолмен жүргізетіндер бар екені белгілі. Олар көбіне мектепке дау айта келеді. Олар көбіне мектепке көршісінің, ауылдастарының бала тәрбиесіне мін айта, солармен дауласа, арыз-шағым айта келеді. Міне, сондықтан «Аталар алқасы», «Әжелер әлемі» деген екі кеңес тобы құрылды. Бұлардың алға қойған мақсаты – ауыл адамдарына ата – дәстүр үйрету, кейінгі жастарға ұлағат айту, өз өмір тәжірибелерін тарату, кеткен кемшіліктер болса қалпына келтіруге қол ұшын беру. Ауылдағы аталар мен әжелердің бұл кеңес топтары жас ұрпақты инабатты, иманжүзді етіп тәрбиелеу үшін әуелі ата – аналардың өздерінің осыған сай өнегелі болуын қадағалайды, бас - көз болады. Үйелмендегі кикілжің үй іші шеңберінен шығып бара жатқанда, осыақсақалдар алқасының көмегіне жүгінеді. Ақсақалдар алқасы ақыл – кеңеспен өзгелерге бағыт – бағдар беріп отырады. «Әжелер әлемі» деп аталатын кеңесте – қыздардың, келіншектердің, жас аналардың ақыл – кеңес беретін негізгі тірегі. Бұлардың қай – қайсысы да өздерінен кейінгілерге бұрынғы өткен шежірені, халықтың тәрбие саласын, тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерді, өмір мен дәстүр салаларына білгендірді үйретеді.Әсіресе жастарға ұлттық ойындар (Асық ойындарының түрлері, «Ақсүйек», «Алтыбақан», «Орамал тастамақ», «Тоғызқұмалақ», «Қашпа доп», т.б.), ұлттық кәсіптер (ағаш шеберлігі, зергерлік, етікшілік, атбегілік, құсбегілік, аңшылық, т.б.), қыздар үйренетін өнерлер (жүннен істелетін бұйымдар: жүн түту, ұршық иіру, өрмек тоқу, киім тігу, ас пісіру, т.б.), өнерпаздқ (жыршылық, жыраулық, әншілік, шешендік, билік айту, аттық спорт, т.б.) секілді алуан саланы қамтитын дәстүр дәрістерін беріп отырады.

Алдымен «Тәлім сәтін» өткізу қажет. Оқушыларға білім негіздерін үйрететін, алуан саладағы, мәдени, ғылыми, тарихи т.б. салаларға қызықтар жетелейтін «Үйрімлере, клубтар т.б.» деп аталатын тармақтың жұмысы мектептегі ең негізгі істердің басын біріктіреді.

«Мұра – мұрат» эстетикалық клубы ұлттық – этнографиялық тәрбие бағытындағы кластан тыс тәрбие жұмыстарды шоғырландырады. Орталығы – мектептің акт залы. Бұдан осы атаумен аталған мектептің «Мұра - мұрат» музейі бөлінеді. Музейді өз күшімізбен ұйымдастырылады. Оның өзі «Халқымыздың әсемдік, зергерлік өнерлері», «Халық тұтынған бұйымдар», «Қолөнер шеберлерінің туындылары» деген сияқты бөлімдерден тұрады. Сол секілді мектептің бір кабинетін шежіре отауы етіп, яғни музейдің тарих бөлімін қамтитын жағы ретінде жабдықтап жүрсе. Мұнда қазақтың шығу тарихы, адамның адам болып қалыптасуы, рулардың тармақтары секілді, осы өлкемізде өткен батырлар туралы мәліметтер жиналған альбом-папкалар да баршылық. Мұндай папкалар тек батырлар туралы емес, қазақ жері мен туған өлкеміздің тарихы, әдебиеті, мәдениеті туралы да жинақталған топтамалармен байытыла түссе. Мектеп кітапханасы жанынан ұйымдастырылған «Кітапқұмарлар бірлестігі» оқушылар арасында жақсы – жақсы кітаптарды уағыздап, оқырмандар конференциясын өткізіп, оқулықтардың таза сақталуын қадағалап жүрсе. Бұлардың бұл жұмысы да сан алуан қызықты істерге ұштасып, ақын – жазушылармен кездесу ұйымдасытырылып отырса.

«Көкпар» спорттық жасағы мектеп оқушылары арасында жзүргізілетін барлық спорттық ойындарды ұйымдастырса. Мұнда футбол, волейбол, баскетбол, бокс секілді кәдімгі спорт түрлерімен қатар, ұлттық спорттарымыз көкпар тарту, қазақша күрес, теңге алу секілді түрлері де қамтылса. Ал өнерпаз отауы негізінен көркемөенр жағынан қарастырылған. Бұған жыршы – термешілер класы, бишілер үйірмесі бірігеді. Міне «Мұра - мұра» эстетикалық клубы ұйымдастырған біршама жұмыстарымыз мектебіміз көлемінде емес аудан көлемінде де танымал болар еді.

Сөйтіп, адамгершілігі мол, адамды адамша сүйе білетін, әр нәрсеге ойлы көзбен қарайтын ұрпақ өсіруді мақсат етудеміз.

Орыстың демократ – ағартушысы В.Г.Белинский «Әдет-ғұрып өзінің көнелігімен бекиді, бірақ оған әр кез уақыт сәулесі түсіп отырады. Ол ата – бабаларымыздан қалған мұра есебінде буыннан – буынға, ұрпақтан – ұрпаққа асып келеді. Әдет – ғұрып халықтың бітім – тұлғасын, болмыс – санасын жасайды, топтастырады. Онсыз халық бет – пішінсіз соғылған тас мүсін тәрізді» - деп салт – дәстүрден халық психологиясының көрініс беретінін орйнды айтқан болатын. Осы орайда, әр класта өткізілетін тәрбие сағаттарының тақырыптары да осы мақсатты көбірек көздеуі керек.

Мектеп оқушыларға берілетін негізгі тәрбие жүйелерінің арнай үлгі схемасын жіберіп отыр. Әр мектеп өздерінің тұрған жеріне шаруашылығы мен өнеркәсібінің ыңғайына, экологиялық жағдайларына және мүмкіндіктеріне қарап, тақырыптарын өзгертіп алуына болады.

  1. Оқу – білім, сапалы оқу тарауына халықтық тәрбие негізінде Шоқан, Абай, Ыбырайдың, т.б. азаматтардың ғылым – білім туралы пікірлерін айтатын тәрбие сағаттарды, оқушыларын слетін өткізген абзал. Қаныш, Мұхтар, Жүсіпбек, Мағжан секілді данышпандардың оқуы, білім алуы туралы да тәрбиелік шаралар белгілеу керек. Қазақстанның әр аймағында туған топырақтан түлеп ұшқан қайраткерлерін қатыстырып отырса, құба – құп.

  2. Адамгершілік пен әдептілік. Халықтың тәрбиелік қағидалары, сыйластық пен құрмет, қарындас абыройы, жеңге сыйластығы, жыныстық түсіністік, тентек пен теліні тезге салу, арлылық пен адалдық жайындағы мәселелер қамтылады.

  3. Саяси - әлеуметтік тәрбие. Қазақстан төңкеріс жылдарында, жаңа талап және біз, егемендік пен тәуелсіздік, бейбітшілік, Қазақстанның саяси картасы, халық қазынасы, тарихи орындар жөнінде кең мәлімет беретін шаралар белгіленеді.

  4. Ерлік, денсаулық, Отан қорғау және туған жер. Ерте кездегі көп ерлер, Қажымұқан қайраты, Отан үшін от кешкендер, шаруалар көтерілісінің көсемі, туған жердің табиғатын да қорғау парыз, жергілікті батыр атындағы жүлде үшін спорттық ойындар т.б. осы секілді мәселелерді қамту керек.

  5. Тарих тағылымдары. Жеті атаңды білесің бе? Қазақ қайдан шыққан? (Шежіре мен тарихи деректер) Ақтабан шұбырынды, ақтаңдақ жылдар, көнекөз қартпен сұхбат, тарихи орынға саяхат секілді жәйттер белгіленеді.

  6. Әсемдік және өнер. Ғажайып ғимараттар, әсем әуендер, шынайы шеберлер, зерделі зергерлер, жыраулар, күй құдіреті, өнерпаздармен кездесулер, музейлер мен ойын – сауықтарға апару секілді тәрбиелік шаралар.

  7. Достық және интернационализм, елдік пен бірлік, әлем балаларының достығы, өнер бірлігі, өзара көмек, шетелдегі қазақтар туралы келелі пікір қозғайтын шаралар мен кездесулер өткізу.

  8. Байлық, үнемшілдік және болашақ. Жер байлығы өлшеулі, өз меншігін және қоғамдық байлық, табыстың көзін таба білу, қайта пайдалануға болатын шикізаттар, экономиспен, қорықшымен кездесулер кен орнына, құрылыс алаңына, т.б. өнеркәсіп цехтарына экскурсия жасау.

  9. Халқының тілі мен әдебиеті және мәдениеті. Тілің – арың, намысың, шешендік өнер, билік айту, тіл тазалығы туралы, мектепішілік айтыс өткізу, жыр – терме кеші, сөзсайыс, шығарма жазғызу, әдеби музейлерге саяхат жасау.

  10. .Еңбек және кәсіптік бағдар. Еңбеккер мен жалқау, еңбек

басталуы, еңбек жемісі, алуан мамандық, жоғары немес арнаулы

орта оқу орындарының өкілдерімен, бесаспап мамандармен

сұхбаттасу, шеберханаға саяхат жасау.

Оқушылар қабілетін ұштау, Оқушының бос уақыты, қай пән

ұнайды? Нені ұнатасың? Үйірме мүшелерінің шығармашылық

есебі, дарындыдан бата алу секілді келелі де киелі шаралар.

  1. Халықты (ұлттық) ойындар. Ұлттық ойындар үйрену, жарыстар өткізу. Наурыз мерекесінде, «Алтыбақан» кезінде, тақырыптық кештерде, ұлттық ойындарды ұтымды ұйымдастыру, үлкендерден ұлттық ойындар үйрететін қоғамдық негіздегі үйірмелер ашуды жоспарлау.

  2. Ұлағатты сөздер. Ақсақалдар алқасының, әжелер әлемінің кеңестерін өткізіп тұру, «Қара кемпір», «Қара шал», «Қара баланың зары», «Шежіре қария» деген сұхбат кездесулер өткізген орынды.

  3. Мектеп, үйелмен және жұртшылық. Бақытты үйелмен туралы мектеп кеңесі және тәрбиелік тағылым, ұстаз ұлағаты, кәсіпорындағы қамқоршы ағалар, т.б. мәселелер қамтылған шараларды да оқушылардың қатыосуы арқылы өткізуді жоспарлаған жөн.

Біз бұл тақырыптарды тек үлгі, бағыт ретінде ғана ұсынып отырмыз. Тақырыптарға ұлттық өрнек, айшықты атаулар тауып, атының өзі халқының сөз өрнегіне айрықша, мән беретіндігін көрсетіп тұрғаны құба – құп. Мәселен, халықтың би өнері туралы сөз етер тәрбиені «Айгөлек», мәдени ескерткіштер тылсымынан сөз қозғар сабақты «Күмбез күмбірі» деген атаулар айқұлақтандырып, оқушы назарын селт еткізері даусыз. Немесе, мектептерде бұрыннан өткізіліп жүрген «Қашан?», «Қайда?», «Не?» деген сұрақ – жауап ойыны, «Ал, қане, жігіттер!», «Ал, қане, қыздар!» секілді сайыс кештері де ұлтық салт – дәстүр, әдет – ғұрып, іскерлік пен шеберлік, ептілік пен күштілік, білімділік пен тапқырлық сыналатын, соған тәрбиелейтін тұрғыда өтізілгені дұрыс.Сұрақтарға құсбегілік, аңшылық, мал өнімдері және сүт өнімдері, зергерлік пен іскерлік, сз баламасын табу, астарлап сөйлету мен шешендік өнері секілді сайыстар ұйымдастырылады. Әсіресе Наурыз мерекесі кездерінде балаларды шеттетпей, үлкендерге қолғабыс тигізуге (наурыз көже дайындауға, киіз үй тігісуге, алтыбақан құруға, ыдыс – аяқ тазалауға т.б.) ұлттық ойындарға белсене қатыосуға баулып отыру керек. Балалар үлкендерге ізетпен сәлем беріп, көрісіп, оларға өз өнерін іркілмей көрсетіп отырсын. Ат ұстау, атты жайғастыру және атпен шабу секілді жұмыстарды 14 жасқа дейінгі ер балалар атқарса, одан ересектері көкпарға қатысу, табақ тарту, күрес және зіл көтеруге, т.б. сайыстарға еркін қатыссын. Балғын қыздар қамыр илеу, бауырсақ пісіру, кесте тігу секілді жеңіл жұмыстарға араласса, жоғары класс қыздары киіз үй тігу, шай құю секілді жұмыстарға қолғабыс тигізіп, ойын – сауыққа еркін араласқаны абзал. Мұндай Наурыз, мерекелерінде үлкендердің өнерін тамашалаумен қабат, оқушылар айтыосын, әртүрлі өнерлерін де көрсеткені орынды. Аты әйгілі өнерпаздар осы ұлыстың ұлы күні жас талап шәкірт өнерпаздарға бата берсе, оның үлкен әсері болатыны даусыз. Әр өлкенде бұрын өткен халық батырлары мен ақындары турыла балалардың білгені орынды.

Ұлт мектептеріндегі оқушы формасына ұлттық ерекшелік енгізген де дұрыс. Мәселен, өзге киімді өзгертуге, әр мектептің күші келмегенімен, қондырмалы жаға мен жең аузын және белбеуді сары матадан сырып тігіп, оның бетіне сары матадан сырып тігіп, оның бетіне нәзік өрнек кестелеуге әбден болады. Мектептің іші – тысын безендіру жұмысында да ұлттық өрнек, халықтық өрнек, халықтық нақыштың үлкен мәні бар.

Б.Е.Жумабаев



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?лтты? т?р?ыда?ы т?рбие (баяндама)

Автор: Жумабаев Бахтияр Есенауович

Дата: 09.05.2015

Номер свидетельства: 209493


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства