kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіруде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мәселелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

тұлға дамудағы көшбасшылық қасиетті дамыту жолдары. Тәрбие үрдісіндегі тұлға мәселесі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіруде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мәселелері»


ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Тұлғa – әлеуметтік-демогрaфиялық топ, өйткені олaр әлеуметтік қaлыптacу кезеңімен жетілуді бacтaрынaн өткізеді, болaшaқтa қиын және күрделі өзгеріcтер aрқылы үлкендер әлеміне бейімделеді.

“Әлеуметтендіру” cөзі “әлеуметттік” cөзімен төркіндеc яғни (лaтыншa “socіalіs”) әлеуметтік, қоғaмдық деген ұғымдaрды білдіреді.

Әлеуметтену дегеніміз – жеке тұлғaның қaлыптacу үрдіcі: aдaм өмірден, ең aлдымен, әлеуметтік және пcихологиялық білім мен тәжірибе aлaды, әдептілік ережелерін, үлгілерін меңгереді, морaльдік нормaлaр мен құндылықтaрды қaбылдaйды. Тұлғa ерекше қacиеттерімен өз aлдынa әлеуметтік-демогрaфиялық топ ретінде тaнылaды. Aлекcей Николaевич Леоньтев aйтқaндaй «Тұлғa болып туылмaйды, тұлғa болып қaлыптacaды».

Әлеуметтендіру – тұлғaның белгілі бір бейнеcін дәріптейді, оның негізгі белгілері: aдaмның әлеуметтік қaрым-қaтынacы, доcтық, cүйіcпеншілік, отбacы, өндіріcтік, caяcи т.б. көрінеді. «Aдaмның aдaм болып қaлыптacуы жaлғыздықтa өмір cүрмейді, бірліктердің aрқacындa aдaм болып қaлыптacaды, өзін қоршaғaн бacқa cубъектілерімен бірдей жaғдaйдa тұрмaйды, бірaқ әркім-әрқaйcыcының жaн-жaқты ықпaлынaн оcы жерлерге үздікcіз жaуaп қaйтaруынaн.


Жаңартылған білім беру мазмұнындағы көшбасшылықтың мәні

Жаңартылған білім беру бағдарламасының алға қойған мақсаты – оқу бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін, мазмұны және мақсаттарымен танысып, педагогикалық тәсілдерді түсіне отырып қолдану, оқу мақсаттарына қол жеткізуде критериалды бағалау жүйесін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру. Бүгінгі күні Қазақстандық білім беру жүйесіндегі жаңғырту мен инновациялық үдерістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі – мұғалімнің кәсіби шеберлігі. «Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес [1].

Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады». Демек, білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», – деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Бұл жолда өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Білімнің бастауы, қайнар көзі – мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш білім беру саласы екені баршамызға аян. Осы тұста Мұхтар Шаханов ағамыздың мына бір сөзі ойға оралады. «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол кілт жүруі керек» дегендей, педагогтар үнемі ізденісте болуы керек. Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне ұмтылуда. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі экономикасының дамуына қатысты болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының білімділігі мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан білім беру жүйесін болашақтың талабына сәйкес дамыту тиіс [2.15].

Көшбасшылар адамзат тарихының барысында барлық мәдениетте орын алған. Египет иероглифінің арқасында «көшбасшыны» білдіретін символдың бес мың жыл бұрын болғанын біле аламыз.

«Көшбасшы» (leader) сөзі ағылшын тілінен аударғанда «жетекші, бірінші, алда жүруші» деген мағынаны білдіреді.

Көшбасшылық туралы түсініктердің дамуы, осы бағыттағы эксперименттік еңбектер көшбасшылық түсінігінің төрт негізгі тәсілінің туындауына, қалыптасуына ықпалын тигізеді. Алдыңғы тұжырымға сүйеніп жасалған еңбектер, алғашқысына қарағанда жетілдіре түсті. Олар келесі тәсілдер:

1) тұлғалық қасиеттері тарапынан;

2) мінез-құлықтық;

3) жағдаяттық;

4) эмоциялық зият негізіндегі көшбасшылық

Тұлғалық қасиеттері позициясының тәсілі (1930 жж.) барлық көшбасшының жеке тұлғалық қасиеттері арналған белгілі бір жинағы бар көшбасшылықты түсіндіреді: атаққұмар, энергиялы, адал және тік, өзіне сенімді, бейімделгіш, қабілеттілік және білім. Әсіресе, бұл қасиеттер атақты көшбасшыларда байқалады (атақты адамдар теориясы). Дегенмен, жеке қасиеттер жетістікке кепілдік бермейді, олардың маңыздылығы көбінесе басқа факторларға байланысты. Осы тәсілдің аясында алғашқы қадам жасалды және қызметкерлерді жеке қасиеті бойынша іріктеудің ғылыми базасы жасалды. Жеке мінездемелердің 9 концепциясы қызметкерлердің іскерлік қасиеттерін бағалау мен дамытудың түрлі бағдарламасында көрініс табады.

Мінез-құлықтық тәсілі (1940-1950 жж.) көшбасшылықты басшының қарамағындағыларға деген қатынасы бойынша мінез-құлық үлгілерінің жинағы ретінде, яғни басшының басқару процесінде қолданатын тәсіл мен әдістерінің жинағы ретінде қарастырады. Көшбасшылықтың стилі өз қарамағындағыларға деген басшының бөлінген көшбасшылық деңгейін, қолданатын билік типін, сыртқы ортамен жұмыс әдісін, қызметкерге ықпал тәсілін, қарамағындағыларға деген басшының әдеттегі әрекетін көрсетеді.

Көшбасшылықтың ең танымал теорияларының бірі К. Левиннің (1938 ж.) көшбасшылық теориясы болып табылады. Ол көшбасшылықтың үш стилін бөлді:

көшбасшылықтың авторитарлық стилі – қатаңдығымен, талапшылдығымен, бір өзі басқаруымен, қатаң бақылауы және тәртібімен, нәтижеге бағытталғанды-ғымен, әлеуметтік-психологиялық факторларды ескермейтіндігімен сипатта-лады;

көшбасшылықтың демократиялық стилі – алқалық сенімге, бағынушылардың хабардарлығына, бастамашылдығына, шығармашылығына, өзіндік тәртіпке, саналылыққа, жауапкершілікке, мадақтауға, жариялылыққа, нәтижеге ғана емес, оған жетудің тәсілдеріне бағдарлануына сүйенеді;

көшбасшылықтың либералдық стилі – төмен талапшылдығымен, салғырттығымен, тәртіп пен талаптың жоқтығымен, басшының қарамағындағыларға еркіндік беруімен айрықшаланады.

• К. Левиннің зерттеуі еңбектің жоғары өнімділігі жеткізетін басқару стилін іздеуге негіз болды.

• Р. Лайкерттің еңбектерінде 1961 ж. басқару стилінің континумын ұсынған басқарудың стилін зерттеуге көп назар аударды. Оның позициялары басқару, жұмысқа жұмылу, адамға бағытталу, басқа көшбасшылық мінез-құлық типтері болып табылады.

Эмоциялық зият негізіндегі көшбасшылық (1990-шы жж.). Бүгінде бұл ең жас, танымал теория болып саналады, оны ХХ ғасырдың 1980-1990 жж. Чикаго университетінің профессоры Д.Гоулман жасақтады. Аталған теорияға сәйкес тиімді көшбасшылық басқа адамдардың эмоциясын басқаруды білдіреді. Д.Гоулман тиімді көшбасшылар эмоциялық зиятқа ие екенін анықтады. Оның зерттеулері мен еңбектері «Эмоциялық зият – көшбасшылықтың міндетті атрибуты» екенін көрсетті [3.82-91].

Көшбасшылардың еңбек ұжымындағы эмоцияның рөлін түсінуі оларды басқалардан айрықшалайды. Айналадағылардың сезімдеріне ықпал ету іскерлігі қызметкерлердің жұмыс нәтижесі мен адалдығының артуына, жақсы еңбек тәртібіне, жоғары ынталануға және шын ықыласпен жұмыс жасауына әсер етеді. Жоғары эмоциялық зитқа ие көшбасшы өзінің және басқалардың сезімдерін сезінуге, оны басқара алуға қабілетті.

Д.Гоулман, Р.Бояцис және Э.Макки бойынша көшбасшының көңіл-күйі және айналадағылардың сезіміне ықпал етуі әрқашанда маңызды рөл атқарады [4.19-21].

Олар көшбасшылық қабілеттің төрт түрін және осыған байланысты 19 дағдыны бөледі [4.53]:

Тұлғалық дағдылар: бұл қабілеттер өзімізді қалай басқаратынымызды анықтайды.

Өзіндік сана (өз сезімін сезіну):

• Эмоциялық өзіндік сана: өз эмоциясын талдауы және оның өзімізге деген әсерін сезіну; шешім қабылдауда интуицияны қолдану;

• Нақты өзіндік баға: өзінің мықты жақтарын және өзінің мүмкіндігінің шегін түсіну;

• Өзіне деген сенімділік: өзінің қадір қасиетін сезіну және өзінің дарындылығын адекватты бағалау. Өзін бағалау (өз сезімдерін басқару):

• Эмоцияны жүгендеу: жағымсыз эмоциялар мен ішкі түрткіні бақылай алу іскерлігі;

• Ашықтық: адалдық, тура айтушылық, сенімділік көрсету;

• Бейімділік: өзгерген жағдаятқа бейімделе алу және кедергіні жеңе білу;

• Жеңіске деген еріктілік: сапаның ішкі стандартына сәйкес өнімділікті жақсартуға табанды түрде ұмтылу;

• Бастамашылдық: белсенді әрекетке дайын болу және мүмкіндікті жіберіп алмау іскерлігі;

• Оптимизм: жағдайға позитивті қарау – бүлдіретін ішкі түрткіні жеңу және жағымсыз эмоцияны бақылай алу іскерлігі; жағдаятқа бейімделу, өзін қажетті арнаға, яғни жеңіске бағыттау және т.б.; Әлеуметтік дағдылар: бұл қабілеттер өзіміздің адамдармен қарымқатынасымызды қалай басқаратынымызды анықтайды. Әлеуметтік қайырымдылық (басқа адамның сезімін сезіну):

• Жанашырлық: өзге адамдардың сезіміне назар аудара білу іскерлігі, олардың позициясын түсіну және олардың мәселесін шешуде белсенділік таныту;

• Іскерлік хабардарлық: жағдаяттарды, ұйымдастыру деңгейіндегі жауапкершілік иерархиясын және саясатты түсіну;

• Сыпайылық: қарамағындағылардың қажеттіліктерін мойындау және оны қанағаттандыру қабілеті. Қарым-қатынасты басқару (басқа адамдардың сезімдерін басқару):

• Жігерлендіру: болашақты жүректі жаулап алатын етіп суреттеп, өзімен еліктіріп әкету;

• Ықпал ету: көзін жеткізудің, сендірудің бірнеше тактикаларын меңгеру;

• Өзін жетілдіруге көмектесу: пікірдің көмегімен басқа адамдарды көтермелеу қабілетін дамыту;

• Өзгерістерге әсер ету: қайта құрылым жасай алу қабілеті, басқару әдістерін жетілдіру және қызметкерлерді жаңа бағытқа апара алу;

• Кикілжіңді реттеу: келіспеушілікті шешу

• Жеке өзара қатынасты жетілдіру: культивация және әлеуметтік желіде тұрақты болу;

• Топтық жұмыс және бірлесу: басқа қызметкерлермен өзара байланыс жасау және топ құру.

Көшбасшы болуға оқушыларды ұмтылдыру үшін мұғалімдерге көшбасшылықтың теориясын білу қажет. Бұл оларға көшбасшылықтың не екенін толық және терең түсінуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде көшбасшы қандай болуы және не істей алуы қажеттігі туралы дұрыс пікір қалыптастырады.

Көшбасшылыққа тәрбиелеудің ерекшеліктері

Қазіргі уақытта көшбасшылық саласы бойынша жасалған негізгі әлемдік жасақтамалардың көп бөлігі шетелдік әдебиеттерде ұсынылған. Қазіргі таңдағы ғаламдану үрдісі білім беруге ықпалын тигізуде.

«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек»[5]. Бәсекеге қабілетті маман даярлау – оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді.

Джон Максвелл: «Жетістікке жету үшін, артыңыздан қолдаушыларды ертіңіз, жетістікті еселеп көбейткіңіз келсе - Көшбасшыларды ертіңіз!» деген.Олай болса, артымыздан елім дейтін,елінің болашағы үшін елеңдейтін, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен еркін тіл табысатын, сандық технологияларда құзыреттілігін көрсететін,топты артынан ерте білетін көшбасшы оқушылар ерте білейік дегім келеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Аталған мақалада көшбасшы ұғымын нақтылау бағытында оның

педагогика және психологиядағы орнын белгілеу мақсаты көзделген. Теория-

лық тұрғыда зерттелген мәселе туралы айқын анықтасма берілген. Соның

ішінде көшбасшылық теорияларды талдау барысында оның феномені анық-

талды, авторлық теорияларға сипаттама берілді. Көшбасшы ұғымы ғылы-

ми түрде ашылды. Көшбасшылық ету стильдері, қызметінің ерекшеліктері,

ұйымдастыру жолдары теориялық тұрғыда ашылған.

Аталған мақалада көшбасшы ұғымын нақтылау бағытында оның

педагогика және психологиядағы орнын белгілеу мақсаты көзделген. Теория-

лық тұрғыда зерттелген мәселе туралы айқын анықтасма берілген. Соның

ішінде көшбасшылық теорияларды талдау барысында оның феномені анық-

талды, авторлық теорияларға сипаттама берілді. Көшбасшы ұғымы ғылы-

ми түрде ашылды. Көшбасшылық ету стильдері, қызметінің ерекшеліктері,

ұйымдастыру жолдары теориялық тұрғыда ашылған.

Оқушылардың көшбасшылық қабілеттілігі дегеніміз – ол басқару іс-әрекетіне деген жағымды мотивациясы негізінде басқару туралы білімдерін, тәжірибесін өз өмірі мен іс-әрекеті және қоршаған ортадағы құбылыстарды басқаруда қолдана алу қабілеттілігін сипаттайтын студент тұлғасының кіріктірілген қасиеті.

1) Оқушылардың көшбасшылық қабілетін, тұлғаны дамыту процесінің нәтижесі ретінде, өзін-өзі жетілдіруде, өз өмірі мен іс-әрекетінің субъектісі ретінде өзін-өзі қалыптастыруда, туындап отыратын мәселелер бойынша дербес шешімдерді қабылдауда, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына дербес, белсенді қатысуда басқару тәжірибесін табысты және тиімді жүзеге асыруға мүмкіншілігін сипаттайды.

2) Оқушылардың көшбасшылық қабілетінің қалыптасуында, өзін-өзі басқару ұйымының маңыздылығы жоғары. Себебі, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы – ол студенттердің дербес, шынайы өзіндік бастамаларына, шығармашылық және өнімді іс-әрекетіне негізделген бірлестіктің жоғары ұйымдасқан түрі. Ал, студенттердің шығармашылық және өнімді іс-әрекеті, дербес, шынайы өзіндік бастамалары негізінде басқару іс-әрекетін жүзеге асыруы, студенттің көшбасшылық қабілеттілігі қалыптасуының маңызды және тиімді шарты болып табылады.

            Ел Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтпақшы – барлығы жастардың қолында. Тек солар ғана болашақты құрады. Бұл өзін патриотпын деп санайтын әрбір адамға байланысты. Ал, патриот болу деген нені білдіреді? Оқушылар үшін, бұл — өз жерінің тарихын білу, оған құрметпен қарау және білімге ұмтылыс, жетістікке қол жеткізу.

            Біздің басты міндетіміз – оқушылардың белсенділіктерін арттыру, олардан белсенді, көшбасшы тұлғаны қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық механизмдерін анықтау. Оқушылар  бойында көшбасшылықты қалыптастыру тек қана шара, үйірме, клуб жұмыстарымен шектеліп қалмауы тиіс.

Өзімнің педагогикалық іс – тәжірибемде оқушыларымның көшбасшылық, топтық, ұжымдық жұмыстарына, іс – әрекеттеріне ұдайы көңіл бөліп, бағыт беріп, жетелеп отыруыма тура келді. Алғашқы сабақтарымда оқушыларымның көшбасшылық қабілеттерін толық танып біле алмасам да, уақыт өте келе, көшбасшыға лайықты балалардың саны арта түсті.

Барлық жұмыстарды талдап болғаннан кейін абзацтар бойынша келесі қорытынды жасауға болады:

Біздің жұмысымыздағы негізгі анықтама ретінде біз «көшбасшылық» терминінің А.С. Чернышов: «Көшбасшылық дегеніміз - бұл жалпы топтық мәселені шешуді оңтайландыру бағытында топ мүшесінің жеке басының топқа жетекші әсер ету дәрежесі» [6], өйткені ол тұтастығын толық және дәл ашады көшбасшылық сияқты құбылыстың мәні мен айрықша белгілері.

Жеке тұлғаны көшбасшы ретінде дамытудың негізгі мүмкіндігі мен жолдары туралы мәселені мұғалімдер мен психологтар әртүрлі ғылыми еңбектерінде өткір талқылайды.

Мектеп оқушысының позитивті көшбасшы ретінде дамуы көптеген факторларға, соның ішінде биологиялық және әлеуметтік жағдайларға байланысты.

Зерттеу барысында басында қойылған міндеттер шешіліп, келесі нәтижелер алынды:

1. Әлеуметтік-белcенді тұлғa қaлыптacтыруғa ықпaл ететін көшбacшылық қacиеттерді білім беру мaзмұнын жaңaрту жaғдaйындa және тәрбиелеу ортacын құрудa өзіндік тәжірибеcінде қолдaнудың теориялық негіздері aнықтaлды.

2. Орта мектеп жасындағы балалар бойындағы көшбасшылық қасиеттерді анықтауға бағытталған диагностика жүргізілді, сонымен қатар сыныпта кімнің нақты көшбасшылық позицияны алатындығы туралы қорытынды жасалды.

3. Сабақ шеңберінде де, сыныптан тыс жұмыстар шеңберінде де бастауыш мектеп жасындағы балаларда көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға және дамытуға көмектесетін бірнеше түрлі әдістер мен формалар анықталды.

4. Мұғалімдерге арналған оқушылардың көшбасшылық қасиеттерінің деңгейлерін көтеру үшін сынып сағаттары, жаттығулар мен тақырыптық жоспарлау жиынтығы әзірленді.

5. Білім беру мaзмұнын жaңaрту жaғдaйындa көшбacшылық қacиеттерді оқушылaрдың бойынa cіңірудің әдіcтемелік жүйеcі даярланды.

Сонымен, қазіргі жағдайда мұғалім оқушылардың әрқайсысына жеке тәсіл іздеуі керек. Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес мұғалім сыныпта оқитын балалардың әрқайсысының жеке тұлғалық дамуына ықпал етуі керек. Оқушылардың әрқайсысында белгілі бір әлеует пен қасиеттер бар, оларды дұрыс дамыту керек және ешбір жағдайда жойып жібермей, барлық балаларда бірдей дүниетанымды қалыптастырады. Ал көшбасшылық қасиеттер - баланың жеке басының ажырамас бөлігі.

Мұғалімнің алдында сыныптағы балалардың әрқайсысын өзін көшбасшы рөлінде сынап көруі үшін жағдай жасау, тіпті мұғалімнің өзі кіші оқушылардың қайсысы туа біткен көшбасшы екенін, ал кім жақсы болатынын анықтай алатындай етіп, бүкіл команданы басқарудан гөрі күшті тұлғаға ерту міндеті тұр.


ПAЙДAЛAНҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Бaғдaрлaмa: үшінші (негізгі) деңгей. Programme: Third (basic) level / Қaзaқcтaн Реcпубликacының педaгог қызметкерлерінің біліктілігін aрттыру курcтaрының бaғдaрлaмacы. - үшінші бacылым. - Acтaнa, 2012. - 120 б.

2. Ворсина, Н.Н. Системно-деятельностный подход в обучении и воспитании младших школьников [Текст] / Н.Н. Ворсина // Начальная школа. – 2014. -№6.

3.Гоулмaн Д. Что делaет человекa лидером? Harvard Business Review; Jan 2004, Vol. 82 Issue 1, p. 82-91.

4. Мектептегі іc-әрекетті зерттеу. Құдaйбергеновa К.C

5. Маркова, М.Ю. Развитие лидерских качеств и организаторских способностей в детском общественном объединении [Текст] / М.Ю. Маркова – М.: Просвещение, 2014 – 142 с

6. Рожков, М.И. Использование игровых ситуаций для выявления лидеров в коллективе [Текст] / М.И. Рожков, И. Доценко // Воспитание школьников. – 1990. – № 1.

7. C.Мерcеитовa "Оқыту ізденіc ретінде және ізденіc оқыту үшін" 2011ж.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Кабимолдина Айгуль Кайрбековна

Дата: 29.03.2022

Номер свидетельства: 603682


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства