Б?гінгі к?нні? ?зекті м?селелеріні? бірі- жастарды? білімі, дамуы ж?не ?о?амда?ы ?ажеттілігі. ?ай елді? болсын ?сіп- ?ркендеуі, ?ркениетті д?ниеде ?зіндік орын алуы, оны? ?лтты? білім ж?йесіні? де?гейіне, даму ба?ытына тікелей байланысты. Осы ма?сатта жас м??аілмдерге арнал?ан тренинг жоспарын ?сынамын. Тренинг барысында м??аілмдер жа?а ?діс-т?сілдермен танысады.
?аза?станны? д?ние ж?зілік білім беру ке?істігіне ену ?рдісінде м??алімдерді? к?сіби дайынды?ына деген талап арта т?суде. ?азіргі заман?ы ?стаздар білімді, білікті, ?зіндік мінез- ??л?ы, а?ыл- ойы мен адамгершілік ?асиеттерге бай, ?р т?рлі темпераментті о?ушыны о?ытып, т?рбиелеуге байланысты м?селелерді ?здігімен ж?не шы?армашылы? ынтасымен шешуге ?абілетті, жа?ашыл болуы керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тренинг на тему: "Білімге бастар баспалда?тар" »
Тақырыбы: « Білімге бастар баспалдақтар»
жас ұстаздармен өткізілетін тренинг.
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Қызыл кесік ауылы
«Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ
ІІ- санатты математика пәні мұғалімі
Тургалиева Меруерт Уалибековна
Мақсаты: Жас ұрпаққа білім берудегі кездесетін мәселелердің мәнін талқылау, оларды бірлесіп шешу жолдарын айқындау.
Өткізу формасы: дөңгелек стол.
Құралдар:
Фламастер, флипчарт, стикер, тірек сөздер жазылған карточкалар;
Барысы:
Ұйымдастыру сәті. Жұмысты бастау үшін қатысушыларды 5- топқа бөлеміз.
Топқа бөлу.
Әрбір қатысушы топтан бір- бір адам шығып, топтың атын таңдайды да, шаттық шеңберін құрып әріптестеріне жылы лебіздерін білдіреді.
топ: «Арулар» .
Топ: «Темір тұлпарлар» тобы.
Топ: « Көңілділер» тобы.
Топ: « Раушандар» тобы.
Топ: «Дәрумендер» тобы.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі- жастардың білімі, дамуы және қоғамдағы қажеттілігі. Қай елдің болсын өсіп- өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.
Қазақстанның дүние жүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісінде мұғалімдердің кәсіби дайындығына деген талап арта түсуде. Қазіргі заманғы ұстаздар білімді, білікті, өзіндік мінез- құлқы, ақыл- ойы мен адамгершілік қасиеттерге бай, әр түрлі темпераментті оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтасымен шешуге қабілетті, жаңашыл болуы керек.
Кроссенс арқылы дөңгелек столдың мақсатын айқындау.
( Кроссенс-суреттердің бір- бірімен байланыстылығы, сабақта қолданылатын әдіс- тәсіл. Байланыс арқылы сабақтың мақсатын айқындау).
« Алтын ереже» :
Бір- бірімізді тыңдаймыз.
Бір- бірімізді сыйлаймыз.
Өз тәжірибелерімізді ортаға саламыз.
Белсенділік таныту.
Уақытты үнемді пайдаланамыз.
Қоғамның тегеуірінді, қозғаушы күші- мұғалімдер. Ал, ұстазсыз білімді шәкірт жоқ. Еліміздің ертеңгі тірегі- бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген жас жеткіншектер. Оларды нағыз ұлтжанды, Отан сүйгіш, иман жүзді етіп тәрбиелеу де, жан- жақты терең білімді етіп шығару да ұстаз еншісінде. Жоғарғы нәтижеге жету үшін « Ұстаз бен оқушы», « Ата- ана мен мектеп», « Қоғам» болып бірлесе күш жұмылдырғанда ғана математикадан білім сапасын көтеріп, ҰБТ- дан жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізе аламыз.
І. Рөлдік ойын.
Әр топқа үш тірек сөйлемдер беріледі. Осы сөйлемдерді сурет арқылы өз ойларын байланыстырып флипчардқа бейнелеу сұралады. Уақыт 5 минут.
І. «Арулар» тобына: «Ұстаз бен оқушы»:
Адамның адамшылығы- жақсы ұстаздан;
Ұстаз пейілді болса, шәкірті зейінді келеді;
Ұстаз- оқушы жанының бағбаны.
ІІ. « Темір тұлпарлар» тобына: «Ата- ана мен мектеп»:
Алтын бесік- отбасы,
Алтын ұя-мектеп!
Баланың бас ұстазы- ата-ана.
«Мектептің жаны- мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы».
ІІІ. «Көңілділер» тобына: «Математика»:
Математика- білім жемісі,
Спорт – денсаулық жемісі.
2. Математиканы білмейінше, қазіргі техника негіздерін де, ғалымдардың табиғат пен әлеуметтік құбылыстарды қалай зерттейтінін де түсіну мүмкін емес.
3."Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек" .
ІV. «Раушандар» тобына: « Білімге қоғамның әсері»:
Білімді ұрпақ- ертеңгі ел тірегі.
2. Білім - дүниенің кілті,
Оқу- білімнің кілті.
3. Халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі- Білім!
V. «Дәрумендер» тобына: « ҰБТ»:
1. Білімдіге - биіктен орын;
2. Ұлы Бір күндік Төңкеріс,
3. Ұстаз мейірі мен ана мейірі- егіз.
ІІ. Практикалық бөлім.
Әр топқа рөлдер беріледі. Рет- ретімен 5 топ кезек- кезек берілген сөйлемдер бойынша постер қорғайды. «Өкіл тобы» қорғайды. « Сыншы»- өкіл тобының тақырыбының мағынасын ашуда ескерілмей қалған жағдаяттарды айтып,толықтыру арқылы сын айтады. « Қорғаушы»- « өкіл тобын» қорғайды. « Сарапшы»- «өкіл» тобын бағалайды. «Бақылаушы» жалпы топтардың рөлдерді сомдауын бақылап ерекшеліктерін айқындайды, әр топқа баға береді.
ІІІ. Өзара бағалап қортынды шығару. Әр топтан ақылдасып, бір адам стикерді өздеріне ұнаған топтың постеріне жапсырады. Жеңімпаз топ анықталады.
Қатысқандарыңызға рахмет.
ІV. Тренингтен алған әсерлеріңіз бен ұсыныстарыңызды « Күн мен Айға» бөліссеңіздер.
Қатысып, ой бөліскендеріңізге көп рахмет. Сау болыңыздар!