kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Топты? ж?мыс барысында дамитын да?дылар" коучинг-семинарыны? рефлексивті есебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Топты? ж?мысты? тиімділігі» атты коучинг-сессиясыны? рефлексивті есебі

?атысушылар саны: ?р т?рлі п?н м??алімдерінен 8 адам ?атысты.

Саба?ты? барысы: “Жал?ыз ж?ріп жол тап?анша, к?ппен ж?ріп адас” деген халы? на?ылын басшылы??а алып, с?зімді елбасымыз Н.Н.Назарбаев  «?азіргі заманда жастар?а жа?а технологиялар негізінде ?лемдік стандарт?а сай  м?дделі жа?а білім беру ?те ?ажет» деп айтып ?ткеніндей жас ?рпа??а білім беру жолында, жа?ашыл ?діс-т?сілдерді о?у мен тиімділігін арттыруды? ма?ызы зор. Кембрижд университетінде бекітіліп берілген 7 модулді? бірі “Топты? ж?мысты? тиімділігі” деп алдым. Коучинг сессия?а: б?гінгі заман талабына сай, жа?а а?ым?а ?абілетті, ?зі шешім ?абылдай алатын, ?здігінен білім алу?а ынталы  т?л?аны ?алыптастыру негізінде, м??алімдер коучинг сессиясыны?  со?ына дейін, топты? ж?мыс туралы білгендерін  орта?а   сала  отырып, топты? ж?мысты? тиімділігі туралы толы?  ма?л?мат алып: ББ? стратегиясымен, стоп-кадр, он с?ра?, А?ылды? 6 ?алпа?ымен толы? таныс  болады деп ма?сат ?ойдым. Коучинг сессиясынан со?, м??алімдер коучингті  ?ткізуді ?йренеді, саба?та топпен ж?мысты ?йымдастыруды пайдаланады деген н?тиже к?те отырып, коучингті  “Комплимент” тренингімен бастап, бір-біріне жа?сы комплимент  айт?ызып, м??алімдер арасында жа?ымды ахуал ?алыптастырдым,?йткені, б?л тренинг ?атысушылар арасында жылы ?арым-?атынас орнату барысында ?те жа?сы ы?палы бар екенін білемін. Осы тренинг ?ріптестерді?  арасында?ы ?атынасты жа?сартып ?ана ?оймай, сессияны? с?тті ?туіне ы?пал жасайды. М??алімдерді топ?а б?лу ?шін геометриялы? фигураларды пайдаланып, ?атысушы ?андай фигураны та?даса, сол адам?а т?мендегідей психологиялы? мінездеме бердім. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Топты? ж?мыс барысында дамитын да?дылар" коучинг-семинарыны? рефлексивті есебі »

«Топтық жұмыстың тиімділігі» атты коучинг-сессиясының рефлексивті есебі

Қатысушылар саны: Әр түрлі пән мұғалімдерінен 8 адам қатысты.

Сабақтың барысы: “Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас” деген халық нақылын басшылыққа алып, сөзімді елбасымыз Н.Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға жаңа технологиялар негізінде әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп айтып өткеніндей жас ұрпаққа білім беру жолында, жаңашыл әдіс-тәсілдерді оқу мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Кембрижд университетінде бекітіліп берілген 7 модулдің бірі “Топтық жұмыстың тиімділігі” деп алдым. Коучинг сессияға: бүгінгі заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті, өзі шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны қалыптастыру негізінде, мұғалімдер коучинг сессиясының соңына дейін, топтық жұмыс туралы білгендерін ортаға сала отырып, топтық жұмыстың тиімділігі туралы толық мағлұмат алып: ББҮ стратегиясымен, стоп-кадр, он сұрақ, Ақылдың 6 қалпағымен толық таныс болады деп мақсат қойдым. Коучинг сессиясынан соң, мұғалімдер коучингті өткізуді үйренеді, сабақта топпен жұмысты ұйымдастыруды пайдаланады деген нәтиже күте отырып, коучингті “Комплимент” тренингімен бастап, бір-біріне жақсы комплимент айтқызып, мұғалімдер арасында жағымды ахуал қалыптастырдым,өйткені, бұл тренинг қатысушылар арасында жылы қарым-қатынас орнату барысында өте жақсы ықпалы бар екенін білемін. Осы тренинг әріптестердің арасындағы қатынасты жақсартып қана қоймай, сессияның сәтті өтуіне ықпал жасайды. Мұғалімдерді топқа бөлу үшін геометриялық фигураларды пайдаланып, қатысушы қандай фигураны таңдаса, сол адамға төмендегідей психологиялық мінездеме бердім.

Егер сіз шаршыны таңдасаңыз: Ұйымдастырушылық қабілетіңіз жоғары. Өмірде ұстанатын қағидаларды қатаң ұстап, аналитакалық жағынан ойлай білесіз. Қандай жағдай болмасын, фактілерге сүйенесіз. Сіз салқын қанды, үнемшіл, тұрақты шешім қабылдыйтын жансыз. Оған тән қасиеттеріңіз: ұқыптылық, тазалық, нақтылық. Кәсіби білімі жоғары, еңбекқор және әлсіз саясаткерсіз.Достарыңыз, таныстарыңыз көп.

Үшбұрышты таңдасаңыз: Жетекші болуға бейімсіз. Билікке ұмтылушылығыңыз және атаққұмарлық қасиетіңіз де жоқ емес. Әрбір әрекетін жеңіске ғана бағытталуы тиіс деп ойлайсыз. Мәселенің түпкі себебін анықтауды әдетке айналдырғансыз. Өзіңізге сенімді, шешім қабылдай білетін, қызба, мықты, тәуекелшіл, жұмысқа қабілеттілігіңіз жоғары. Бірақ, шыдамсыздықтың арқасында өз ісіңізге кедергі келтіріп жатасыз.Дегенмен де ,керемет саясаткерсіз. Өте алғыр адамсыз. Араласатын адамдарыңыз өте көп болғанымен, достарыңыз аз.

Дөңгелекті таңдасаңыз: Адамдармен қарам-қатынас қажеттілігіңіз жоғары. Өзгелерге қамқорлық жасауға, жанашырлық танытуға, жомарттық көрсетуге дайынсыз. Байсалдылықпен ойға берілгіштік қасиет сізге тән. Бірақ өзіңізді-өзіңіз кінәлауға дайын тұратындығыңыз бар. Интуицияңыз жақса дамыған.

Төртбұрышты таңдасаңыз: Өзіңізге сенбейсіз, өзіңізді-өзңізі төмен бағалайсыз. Өзгелерге сенгішсіз.Сіздің көңіл-күйі тез, әрі бірден өзгереді. Бірақ ешқашан ұрысқа жеткізбейсіз. Барлығын тізбектей келе басқаларға көмектесетін батырлығыңыз бен құмарлық қасиеттеріңізді атап өтуге болады-дей келе өз бойларынан осы қасиеттер табыла ма деген сұрақ қоя отырып, өз-өзіне баға беруге жетеледім.Коучинг – сессияға қатысушылар шынымен осындай қасиеттер менің басымнан табыла ма деп ойланып қалды.Кейбіреулері шынымен осылай деп, таңданыстарын жасырмай дауыстап айтып жатты.

Коучинг-сессияға қатысушылардың түрлі әдіс-тәсілдерді, модульдерді қандай деңгейде, қаншалықты білетіндіктерін тексеру мақсатында « Білемін Білдім Үйрендім» кестесін беріп, топтық жұмыс туралы осыған дейін не білгендерін алғашқы екі бағанға жазуларын сұрадым. Ал, үшінші бағанды коучингсессияның соңында толтыратындықтарын ескерттім.Қатысушылар «Инсерт», «бес жолды өлең» немесе «синквейн» тағы басқа әдіс-тәсілдерді жазыпты. Мен бүгінгі өзім үйреткелі отырған тәсілдерді жазбағандарына қарап, тағы басқа тәсілдерді үйрететініме қуандым. Сол жақсы көңілмен келесі кезекте мұғалімдерге түрлі-түсті бор мен тұзды, парақшаларды тараттым да, не жасаймыз деп ойлайсыздар? деген сұрақ беріп, ойларын тыңдадым. Біреулері сурет саламыз десе, екіншілері өзіңіз айтыңыз деген тілек білдірді. Бұл өзімнің тренерім Кенжегүл Зарлыханқызынан үйренген «Біріккен тілектер» атты тренинг екенін айтып, қызықтырып, қалай жасалатынынан хабардар етіп, бәріміздің тілегіміз бен мақсатымыздың бір екенін айттым. Коучинг-сессия қатысушылары қызығушылық таныта отырып, борларды үгіту арқылы тұзды түрлі-түстерге бояп, әр қатысушы өз тілектерін айтып, тұзды шыны ішіне салып, өз істеріне ризашылықпен қарап, біріге жұмыс істеді. Осылайша топтық жұмыстың біріге жасалуының қандай нәтиже беретінінің алғашқы жемісін өздері көрді. Алған әсерлерін әрі қарай жеті модуль және олардың ішіндегі топтық жұмыстың тиімділігі туралы айтып, тереңдете түсіп, топтық жұмыс барысында дамитын дағдыларға тоқталдым. 1.Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану.

2.Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу. 3. Басқаларды қолдау: топтың қызметіне үстемдік жүргізбей белсенді қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу.

4. Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу. Топтың басқа мүшелеріне қарым-қатынас барысында ықылас таныту. Топты ұйымдастыру ережелерімен таныстырдым,яғни, топты жоспарлау, топты құру, жоспарды жүзеге асыру, топ жұмысын бағалау түрлері болатынын айтып, слайд арқылы көрсетіп өттім. Топтардың көлемі жұмыс көлеміне байланысты: жұптар, шағын топтар, үлкен топтар болуы мүмкін. Топтық жұмыстың қандай нәтижелері болатынын мұғалімдердің ойларын тыңдай отырып, ой елегінен өткізе отырып шығардық. Слайд көрсетіп, топтық жұмыстың сабақ барысындағы тиімділігі жайлы және оны сабақта қолдану жолдары туралы мағлұмат бердім. Ал «стоп-кадр» ойынында мәтін бөлігін беріп,ары қарай не болуы мүмкін екенін сұрадым. Қатысушы топтар ақылдасып түрлі варианттарын ұсынып, ойларымен бөлісіп, топпен жұмыс істеді. Әр топтың ұсынған мәтін жалғасы туралы ойларын ортаға салып, оқушылар арасынан да қызықты ұсыныстар шығатынын айтқанда, коучинг – сессияға қатысушылардың барлығы мақұлдады. «Мен қандаймын» деген сурет тараттым да, өзінің коучинг-сессия басында қандай деңгейде екенін суреттегі адамды қызыл бояу арқылы көрсетулерін сұрадым. Бұл әркімнің білімінің қай деңгейде екендігі туралы ойлануына, ой қорытуына жақсы тапсырма болды. Коучинг-сессияға қатысушылардың «Топтық жұмыс» туралы ойларын қалай қорытындылап, бағалайтынын білу мақсатында әр топқа постер бердім. Постерге топтық жұмысты шаңырақ пен уық түрінде, сызба түрінде салып, топпен шығып қорғады. Осы ойлары «6 қалпақ» стратегиясы арқылы «топтық жұмыстың тиімділігі» деген тақырыпты берген кезде жалғасын тапты. Өйткені әр топ әр позицияны ұстанған кезде топтық жұмыс туралы ойларын естіп, талқыға салды. «Құмырсқалар» бейнежазбасын көре отырып та топтық жұмыстың тиімділігіне тағы да көздерін жеткізе түсті. Айнагүл Каиртаевна деген орыс тілі мұғалімі: - құмырсқалардың достығын кейбір адамдардың достығынан артық па деп қалдым? деген де ой айтты. Оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты ширата түсетін, диалогқа жетелейтін «Он сұрақ» стратегиясын пайдаланған кезде әр топтан бір адамнан шығып, сұрақ қою арқылы маңдайындағы қандай зат екенін сұрақтар қою арқылы тапты. Бұл стратегияны пайдалану да қызықты өтті, мұғалімдер жұмыс барысында оқушы мен оқушы арасында диалог болу үшін, қарым-қатынас болуы үшін жақсы стратегия екен деп өздерінің қоржындарына салып алды. Коучинг – сессия барысында шаршағанды басатын, көңілдерін ашатын «Макарена» әуеніне билеп, көңіл күйлері көтеріліп, келесі тапсырмаларды құлшына, қызыға орындады. Коучинг сессия соңына таман « Білемін Білдім Үйрендім» кестесінің үшінші бағанын,яғни, бүгіні коучингтен не үйренгендерін толтырды. Одан кейін «Мен қандаймын» ағашындағы түрлі биіктіктегі адамдардың ішінен коучинг – сессия соңында қай жерге көтерілгендіктерін көкпен белгілеуді өтіндім.Ал,сессия соңында кері байланыс ұсындым. Кері байланыс парағынан бүгінгі коучинг – сессиядан қатысушы ұстаздардың көп нәрсеге үйренгендерін де, өз еңбегімнің бағасын да көрдім. «Күн шуағын шашады» рефлексиясы арқылы сессияда алған өз білімдерін, менің еңбегімді жақсы деп бағалап, күннің шуақтарынажазып, ризашылықтарын ауызша да айтты.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Топты? ж?мыс барысында дамитын да?дылар" коучинг-семинарыны? рефлексивті есебі

Автор: Еслямова Макпал Солтангазиевна

Дата: 05.10.2015

Номер свидетельства: 236457


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства