Тепловоз дизель блогінің қызметі, негізгі элементтері, құрылымы және техникалық сипаттамасы
Тепловоз дизель блогінің қызметі, негізгі элементтері, құрылымы және техникалық сипаттамасы
Локомотив шаруашылығының нәтижелі жұмысы барлық темір жол көлігінің тиімді жұмысына байланысты. Белгілі болғандай, жүк тасымалының өсімді көлемін меңгеру үшін жүк пойыздарының орта салмағын жоспарлы түрде өсіріп және олардың қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз ету керек. Дегенмен ауыр салмақты пойыздарды жүргізу техникалық жағынан түзу локомотивтер мен тәжірибелі локомотив бригадаларының сапалы жұмыстары арқылы іске асады. Локомотив шаруашылығының материалдық-техникалық базасы тасымалдау процесін іске асыратын еңбек құралдарының жиынтығынан тұрады. Оның құрамына жылжымалы тасымалдау құрамасы, негізгі депо ғимараты және шеберхана, қызметтік-техникалық бөлмелер құралдары мен пайдалануға және локомотивтерді техникалық жөндеуден өткізетін құрылғылар комплексі, сондай-ақ локомотив бригадалардың ауысымдар бөлімшелері мен демалыс үйлері жатады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Құм кептіргіштегі қысым багінің қызметі, негізгі элементтері, құрылымы және техникалық сипаттамасы .......................................
Құм кептіргіштегі қысым багінің техникалық ақауын бақылау және жөндеу жұмыстарының орындалу мерзімі ...............................
Құм кептіргіштегі қысым багінің жұмыс істеу шарты, олардың ақаулары және пайда болу себептері..................................................
Құм кептіргіштегі қысым багінің тазалау және дефектілеу картасын құру.......................................................................................
Құм кептіргіштегі қысым багінің ақауларын жөнге келтіру тәсілдерін таңдау және негіздеу..........................................................
Құм кептіргіштегі қысым багін жөндеуге арналған технологиялық нұсқауын құру............................................................
Жұмыс орынын ұйымдастыру және техника қауіпсіздігі. .............. Қолданылған әдебиеттер....................................................................
КІРІСПЕ
Локомотив шаруашылығының ең басты мақсаты - локомотив бригадалары мен жылжымалы тасымалдау құрамасының жүкті тасымалдау жұмысының уақытылы, тұрақты және сапалы болуын, сондай-ақ жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету, пойыздар қозғалысының графигін қадағалау және қауіпсіздігін сақтау болып табылады.
Локомотив шаруашылығының нәтижелі жұмысы барлық темір жол көлігінің тиімді жұмысына байланысты. Белгілі болғандай, жүк тасымалының өсімді көлемін меңгеру үшін жүк пойыздарының орта салмағын жоспарлы түрде өсіріп және олардың қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз ету керек. Дегенмен ауыр салмақты пойыздарды жүргізу техникалық жағынан түзу локомотивтер мен тәжірибелі локомотив бригадаларының сапалы жұмыстары арқылы іске асады. Локомотив шаруашылығының материалдық-техникалық базасы тасымалдау процесін іске асыратын еңбек құралдарының жиынтығынан тұрады. Оның құрамына жылжымалы тасымалдау құрамасы, негізгі депо ғимараты және шеберхана, қызметтік-техникалық бөлмелер құралдары мен пайдалануға және локомотивтерді техникалық жөндеуден өткізетін құрылғылар комплексі, сондай-ақ локомотив бригадалардың ауысымдар бөлімшелері мен демалыс үйлері жатады.
Материалдық өндірістің басқа салаларына қарағанда көлік жаңа өнімді шығармайды, олардың санын көбейтпейді, тек өнімді бір өндіріс орнынан екінші тұтыну орнына тасымалдайды. Нәтижесінде тасымалданатын өнімнің құны оның тасымалдау көлеміне қарай өседі.
Теміржол көлігі өндірістің тауарлар иелігінде орталық жұмысын жалғастыра отырып, қоғамдық өндірістің тиімділігіне әсер етеді. Ол өткізу және тасымалдау қабілетіне қажетті қорларға ие болып, халық шаруашылығының басқа салаларымен қатар даиуы тиіс. Теміржол көлігі шаруашылықты ұйымдастырудың жаңа әдістеріне көшуде. Республикада халық шаруашылығының барлық саласы қазіргі кезеңде жаңа сауда қатынастары жағдайына көшуге дайындық үстінде.
Халық шаруашылығын дамытуда көлік маңызды рөл атқарады. Ол республикадағы өндіріс орындары мен ұйымдары арасында өндірістік байланыстарды, өнімді тасымалдау, материалдарды жеткізу, сол сияқты дайын өнімді тұтыну бөлімшелеріне апару жұмыстары арқылы жүзеге асырады. Көлік өндірістік орталықтар мен халық шаруашылығы аудандарын, қала мен ауылды байланыстырады.
Қазақстан Республикасының темір жолдарына мынадай өзгерістер енді. Теміржолды «Қазақстан теміржолдары» ұлттық компаниясы басқарады. Локомотив шаруашылығы департаменті ұлттық компанияның бір саласы болып, оның құрамына мынадай бөлімшелер кіреді:
жөндеу және пайдалану депосы;
локомотив сервис орталықтары.
Локомотив сервис орталықтары локомотивтерге техникалық қызмет көрсетумен, олардың уақытылы пайдалануымен, отын қоймасын қамтамасыз етумен, майлаумен, құрғақ және ылғалды құммен, локомотивті қызмет көрсетуге дайындаумен және локомотив бригадаларының демалыс үйлерін дайындаумен айналысады.
Локомотив шаруашылығының техникалық құрылымы ірі теміржол станцияларында теміржолдар және тарту құрылғылары, сондай-ақ айналым бөлімдері мен техникалық қызмет көрсету бөлімшелерімен біріге отырып, негізгі локомотив депосын құрайды.
Негізгі депоға локомотив депосының жылжымалы құрамы, локомотивтердің жұмыс қабілетін ұстау және қалпына келтіру үшін жылжымалы құрамды жөндеу базасын ұйымдастыру жатады.
Қазіргі кезеңде депода техникалық диагностика жасайтын тұрақ ұйымдастырылуда. Оған тепловоздарды техникалық қызметтен өткізу бөлімі де кіреді.
Техникалық диагностика барлық пайдаланылатын тепловоздарға, екі аралық ТҚ-3 үшін жүргізіледі: сондай-ақ дизель қуаты жетімсіз болғанда, тепловозға үздіксіз отынды көп жұмсағанда, түтін шығарғанда, дизельдегі тарсылда, бір цилиндрдегі поршеньнің сақинаны алмастыруда т. б.
Техникалық диагностика жасалғаннан кейін тепловозды пайдалануға береді немесе қажетті жөндеу жұмыстарын орындауға қойылады.
Локомотивтер үшін диагностикалаудың техникалық құрылымын жүзеге асырудың жаңа бағыты борттық жүйе пайдаланылады. Олар қозғалыс кезіндегі байқалатын ақаулар параметрлерін бақылайды. Оларды лентаға жазу кезінде, локомотив депоға кірмес бұрын, алдын-ала жүргізілетін жөндеу жұмыс көлемін анықтап, қажетті бөлшектер мен материалдарды жұмсау, шығындалатын жұмыс күшін белгілейді.
Бұл жобада локомотив сервис орталық жұмысын ұйымдастыру, негізгі пайдалану депосы жолындағы локомотив айналымы бөліміндегі, пайдалану бөлімшелері, сондай-ақ отын қоймасындағы жұмысты ұйымдастыру, сүртетін материалдар мен құм, майлау жұмыстары қарастырылады. Сонымен қатар тепловозға отын, құм және май берудің жеткілікті әдістері қарастырылады. Ылғалды құмды кептірудің автоматты жүйесіне, оны қысымды ауамен тасымалдау және тепловозға берудің тиімді әдісіне ерекше мән беріледі.
ҚҰМ КЕПТІРГІШТЕГІ ҚЫСЫМ БАГІНІҢ ҚЫЗМЕТІ, НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Локомотивтерге құмды беру, құрғақ құм пневматикалық әдісті қолданып тарату құрылымымен көліктенеді.
Бұл жағдайда қысу типі құрылымын қолданады, энекция принципінің жұмысымен вентиляторда және компрессорда сығылған ауамен жұмыс істейді.
Қысу құрылымында кептіргіштен жүйе арқылы тордан қысылу багіне өзі ағып түседі, оны диплом жобадағы 4 беттен көруге болады, онда қысым багі бейнеленген,онда ауа тарылып 0,6-0,7 мПа қысыммен, компрессорға және құрды тарататын бункермен немесе құрғақ құм қоймасына трубалармен беріледі.
Қысылу багінің шыдамдылығы 0,35, 0,6 және 1,5м3 болады; бак сиымдылығы тип бойынша 0,6 м3 болады. Қысылған бакке құм құмберіп тұратын потрубок арқылы беріліп 4, клапан арқылы 5 отросток арқылы сығылған ауа құмды қысқан кезде ол автоматты түрде жабылады 7-6 құм проводымен тарату бункеріне берілді.
Вентиляторлы құмбергіш кезінде құм құмкептіргіштен зогружатель 2 арқылы түседі, трубопровод 3 ауаға толады, ол ауаны вентилятор береді 4, ауа 3,5-4 кПа напорымен жоғарғы қысыммен беріледі және әрі қарай қысылған жүйе кезіндегідей көліктенеді.
Көбіне құм беру құрылымында қысу типі кеңінен таралып, қолданылады.
Оның басты қасиеттерінің бірі және артықшылығы (5-76мм) кішігірім диаметрмен салыстырғанда трубалармен 200м дейін- ара қашықтыққа құмдарды көліктеп тасуға болады.
Құм проводының ұзындығы ұзарғанда напорды жоғалтар кезде, құрылым жақсы жұмыс істеуді қамтамасыз етеді (бұл байланыста құм тұрып қалу кедергілері көбейеді), сонымен қатар құм беру өнімділігін -2000кг/с ұстауға және 100-150м құм провод ұзындығы кезінде одан жоғарыға жне магистральдағы ауа подводы осымша жоғарысын қолданады.
Құм бергіш құрылымның өнімділігі сағатына, м3/сағ, қысыммен
С= пвVц·60/tц;
мұнда: пв- қысым багінің саны
Vц- циклмен қысымы, құм көлемі бактің қажетті сиымдылығы м3
tц- циклмен жалғасу уақыты, мин;
вентилятормен:
с1=µ·Пα2/4 ·3600
µ- тиеу коэффициенті, 1,4-1,6 тең;
α- құм беру диаметрі, м;
- ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с.
Вентилятор жүйесі құрылымы қарапайымдылығымен ерекшеленеді және оған электр энергиясы көп кетпейді, 1300-1500кг/сағ максималды өнімділігінен, 125-150мм ұзындықтағы құм проводы 50-70м ара қашықтықта құмды беруді қамтамасыз етеді.
ҚҰМ КЕПТІРГІШТЕГІ ҚЫСЫМ БАГІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ АҚАУЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ МЕРЗІМІ
Құм қоймасы, құмкептіргіш және құмтөгілгіш құрылым, рельсті жұп доңғалақты тіркеу коэффициентін ұлғайту үшін профильдің күрделі элементі қозғалыс және ығысу кезінде қалыпты және жоғары сапалы құм қолданылады.
Құмның сапасы гранулометриялық астық өлшемі және минерологиялық құраммен анықталады.
Локомотивтерге құм құмкептіргіштерде дайындалып, арнайы құралдармен жабдықталған қоймаларда сақталады.
Қоймаларға дымқыл құм жаз кезінде арнайы жерлерден тасылады. Дымқыл құм қоймасы құмкептіргіш ғимараттың қапталында ашық алаңда орналастырылады. Ылғалды кептіру үшін дренажды құбыр салынып, ол ағынды канализациямен немесе сушығарғыштармен жалғастырылады.
Құм штателінің ені 9-дан 18м, құм санына сәйкес ұзындығы 100 м болады.
Қойманың бір жағында екі теміржол төселеді, грейферлі кран үшін, екіншісі платформаны түсіру немесе құммен жарты вагондар үшін. Қалған қабырға бойына скреперлі лебедкіні (ЛУ-15 типті, қуаты 16 кВт) тросты ұстау үшін дөңгелек роликтері бар темір бетонды бағандар орналастырылады. Дымқыл құм темір бетонды еңкіш жазық бойымен барабанды кептіргіш бункерге беріледі, бұл құмкептіргіш ғимаратта орналастырылады.
Скреперлі лебедканың жұмысы автоматты. Бұл үшін тарельчатты қоректендіргіштің қабылдағыш бункеріне бункердегі құмның деңгейіне қарай ашып немесе жабатын лебедкінің электрлік қозғалтқышы орналастырылады.
Құм СОБУ түрі арнайы барабанды кептіргіште кептіріледі.
Барабанды кептіргіштің құрғақ құммен бастапқы ылғалдылығы бойынша 6% , ақырғысы 5% құрайды; СОБУ-1 – 1500; СОБУ-1М – 2200 және СОБУ-2 – 3000 кг, бір сағатта. Қабылдағыш бункердің сыйымдылығы сәйкес 10; 10 және 12м3.
Ашық қоймалардағы құмды жылдың қалыпты температурасында кептіреді.
Экипировкі пункітінің жұмыс көлемі, жұмысшылар контингенті
Локомотив бригадаларының қызмет көрсетуі ауысым өтуінің әдісіне қарай алынады. Ауысым әдісі бойынша локомотивтерді дұрыс ұстау және оларға қызмет көрсету кезінде ТҚ-2 техникалық қызмет көрсету маңызды рөл атқарады. Екі секциялы жүк локомотивтері үшін технологиялық жұмысы мен міндетті көлемі 1.2 сағ артпауы, ал жолаушы локомотивтері үшін 2 сағаттан аспауы тиіс.
1.1.Локомотивтерге қарау бөлімшесінің сызбасы
Локомотив пойыздарына қызмет көрсету сақиналы әдіспен көрсетіледі, техникалық қызмет көрсетудің мұндай әдісінде (ТҚ-2) айналым пунктінде бір мақсатты орындау керек.
Экипаж бригадалары отын және құм, майлау қоймасының тынымсыз жұмысын қамтамасыз ететін, білімі бар жұмысшылардан құрылады.
ҚҰМ КЕПТІРГІШТЕГІ ҚЫСЫМ БАГІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ШАРТЫ, ОЛАРДЫҢ АҚАУЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ
Құмкептіргіш жүйесі құрғақ және дымқыл құм қоймасының арасында орналасады, локомотивтердің экипировкілеу позициясына жақын. Қыс кезінде құрғақ құмның сақталуы үшін тікбұрішті қоймалар, темір бетонды, мұнаралы немесе бетонблокты түрлері болады. Кең таралған түрі құрғақ құмның мұнаралы қоймасы, бұл құмкептіргішпен қатар орналасқан.
Құмды кептіру үшін барабанды құмкептіргіште дымқыл құм скреперлі лебедкіден қабылдау бункеріне әкеледі.
Бункерден құм тәрелкелі қоректендіргіш арқылы айналмалы металл барабанға түседі, ішінде ыстық газ кептіргіш камерасы бар өтеді. Кептіру процесінде дөңес барабанның көлденең ұяшықтарынан үнемі түсіп, түсірілетін камераға барады да, қалташаларға жиналады.
Желдеткішті немесе сығымдалған түрлі пневмокөлікті құрылғы қысылған ауа көмегімен қоймаға беріледі немесе локомотивтерді жабдықтайтын тарату бункеріне барады. Қысылған пневматикалық құрылғы құрғақ құмды 80-500м және желдеткішті 80м-ге дейінгі қашықтыққа беретін қызмет атқарады. Қысылған ауа қысымды құрылғыда депо сығымдағышынан немесе құмкептіргіштен түседі.
Экипировка бөлімінің жұмыс графигі
№
Операциялар
Операция
ұзақтығы, мин.
Уақыт мин.
5
10
15
20
25
30
35
1.
Бригадалардың тепловозды қарау, қабылдау және беруі
35
2.
Майлау және сүрту материалдарының жиынтығы
5
3.
Дизельдің отын жиынтығы
15
4.
Су мөлшері
10
5.
Тепловозды майлау
15
6.
Құм жиынтығы
10
7.
Локомотив белгісі және автоматты тоқтату тетігін тексеру
5
8.
Тепловоздың тоқтау уақыты
35
ҚҰМ КЕПТІРГІШТЕГІ ҚЫСЫМ БАГІН ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ДЕФЕКТІЛЕУ КАРТАСЫН ҚҰРУ
Барлық ТҚ-дан немесе ағынды жөндеуден өткен барлық локомотивтер, қабылдау-жіберу станциясындағы экипировка құрылғыларға қарамай, экипировкіленеді.
Осы ғимаратта төгу сорабынан бөлек экипировка және вакуумды сораптар болады, отын, су қыздырғыш және дизельді отынды ызадан және механикалық қалдықтан тазартатын сепараторлар бар. Ғимараттың қабырғасында вакуум-камера, лас және тазартылған отынды төгетін резервуарлар болады.
Май сақтау резервуарлары жағар майды тарату резервуарымен құбыр арқылы майдың сорты мен маркасы бойынша бөлінетін сорап арқылы байланысқан. Сорапты басқару тарату бөлмесінде орналасқан пульт арқылы басқарылады. Дизель отыны дизель-пойыздың картеріндегі майды толықтыру немесе жаңарту үшін экипировка позициясында май тарату колонкасын орнатады. Тарату колонкасында арнайы кран бар. Бұл кран ыдысқа май береді.
Суытылған дизель суы сілтілермен қосылып өңделеді: каустикалық сода (NaOH) 0.5-0.7кг, үш натрий фосфат (Na3PO4 12H2O) 0.16-0.2кг, сол сияқты натрий нитраты (Na2NO2) 2-2.5кг 1м3 суға.
Суытылған дизель суды дайындау үшін суды дайындау бөлімі ұйымдастырады, ол канализациямен, су өткізгіштермен, жылыту құрылғысымен, буды жібергішпен және электр жарықтандырғышпен жабдықталған. Суды дайындау бөлмесі қыс уақытында температурасы 160С кем болмауы керек.
Суға тотықтануға қарсы қоспа қосылып, суға ерітіледі. Құрғақ реагенттер бөлек ыдыста ерітіліп, суы бар бакқа ерітіледі. Химиялық реагенттерді жібергеннен кейін су 400-600С дейін қыздырылып, қажетті біртекті ерітінді алынады.
Су дайындау депоның химиялық-техникалық зертханасының бақылауында болады. Егер хлорид ерітіндісі суытылған суда 50мг/л болса, су қатаңдығы 0.3 мг – 766 л болса, онда дизельдегі суды ауыстыру қажет.
Тепловозды жөндегеннен кейін немесе оған толық су құйылғаннан кейін суық жүйеден су толық төгілгеннен кейін, соңынан таза сумен толтырылады.
Тепловозды экипировкілегенде су қорын толтыру тарату колонкасы көмегімен төменгі төгетін құбыр арқылы болады.
Құмкептіргіш ғимараты дымқыл құм және құрғақ құм қоймаларының арасында орналасқан, ал барлық құм шаруашылығы комплексі локомотивтің экипировка позициясына жақын болады. Ғимарат жоспары екінші сызбада көрсетілген. Құрғақ құмды қыс уақытында сақтау үшін тікбұрышты, арықты, мұнаралы немесе бетонблокты түрде болады. Кең тараған түрі құрғақ құмның мұнаралы түрдегі қоймасы. Барабанды кептіргіштегі құм ВД түріндегі желдеткіші бар мұнаралы қоймаға немесе қысымды бак арқылы сығымдағыштарға беріледі. Экипировка позициясына құмды беру үшін әрбір мұнара астына екі қысымды бак орналастырады, бұған құм өзінен-өзі түседі. Ағынды су болмағанда, қысымды бактар мұнаралы түрдегі қойманың жерасты бөлігінде орналасады.
Мотор вагонды жылжымалы құрам мен локомотивке құм беру арнайы құбыры бар тарату бункерлері арқылы өздігінен беріледі, жылжымалы құрамда құм жәшіктерге толғанда қақпағы жабылады.
5. ҚҰМ КЕПТІРГІШТЕГІ ҚЫСЫМ БАГІНІҢ АҚАУЛАРЫН ЖӨНДЕУГЕ КЕЛТІРУ ТӘСІЛДЕРІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ
Құмды кептіруге арналған құрылымның кеңінен тараған барабан тәріздес кептіргіш типтері СОБУ-1, СОБУ-1М және СОБУ-2 ( кептіргіш отты, барабанды, бұрышты). Олардың бір-бірінен айырмашылығы барабанының ұзындығы және диаметрі, өнімділігінің сәйкестігі және барабан айналымының жиілігінде.
Қарапайым кептіргіш барабанының диаметрі 1000мм және ұзындығы 5000мм оның құрғақ құм өнімділігі 3225 кг/сағ.
Ылғал құмды қоймадан көліктеп құрғату пешіне жеткізу және тиеу үшін скрепер құрылымын қолданылады, құрғату құрылым бункерінде беріледі. Скипті көтергіш өздерін жақсы жағынан көрсете білді, металы тасымалдағышы бар, ал электрлі тельферлер өнімділігі аздап құмкептіруге арналған.
Құрғалған құм қайтатиеу камерасында сейіліп тор арқылы өтеді оның саңылау өлшемі 2мм және бакпен қоймаға берілуге арналған құрылым пневмотранспртталынып түседі, содан кейін қысу багінің қосымша көмегімен тарату бункеріне беріледі.
Барабан кептіргіш типіндегі құрылысы тікелей нақты принциппен жұмыс істейді, құм қозғалысын бағыттау кезінде және ыстық газ теңесерде, жану өндірісіндегі жылуды қолдану өте тиімді әсер береді.
Аздаған жұмысы бар бекеттерде құм кептіру үшін ыстық трубасы бар құрылымды пайдаланады, оның өндіріс 0,5м3/сағ жоғары өндіреді.
6. ҚҰМ КЕПТІРГІШТЕГІ ҚЫСЫМ БАГІНІҢ ЖӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НҰСҚАУЫН ҚҰРУ
Дымқыл құм қоры ашық алаңда жинақталады, оның күз бен қысқы кезеңге жететіндей, себебі бұл кезеңдерде каръерлерде құм алу тоқтатылады.
Дымқыл және құрғақ құм қорынан сақталу мөлшері көрсетілген, суық айлардағы сыртқы ауаның орта температурасына байланысты, бұл құрылыс ережелері мен мөлшеріне байланысты алынады.
Ашық алаңның сыйымдылығы дымқыл құм немесе құрғақ құм қоймасына байланысты былай анықталады:
м3
мұнда, - барлық пойыздық тепловоздың айлық жұмысы, ткм брутто;
- құм шығындау мөлшері, 1м3-қа 1 ткм брутто сәйкес сериялы
тепловоздар үшін, құрам салмағы және жол профиліне сай;
- құрғақ немесе дымқыл құммен толтырмағандағы қойма
жұмысының айлық саны.
Дымқыл құм қоймасының ауданы былай анықталады:
м3
мұнда, - қоймадағы құм көлемі, м3;
- құм қабатының биіктігі, рельс басынан ереже бойынша,
3м-ден кем емес. Желдеткіш каналдарын орнатқанда құм
қабатында, . Ағысты су болмағанда 0.7-1.5 м.
Жаңа жоба бойынша құмкептіргіш құрылғы үшін құрғақ құм қорын сақтау үшін, қоймалар мұнаралы немесе шатырлы етіп алынады.
Каръерде дайындалған құм жылжымалы құрамға тиеліп жіберіледі. Құрғақ құмды жылжымалы құрамнан қоймаға крандар көмегімен жүргізеді, ол үшін қоймада қатар екі параллель жол болуы керек, кран үшін екінші платформа грейферлі кранды пайдалану қол еңбегін жеңілдетеді.
Қоймадан құмды кептіргіш пешке скреперлі қондырғы арқылы жүзеге асады.
7.ЖҰМЫС ОРНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету және экипировкілеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережесі және өндіріс санитариясын орындауға жауапты адамдар локомотив сервис орталығының бастығы, экипировкілеу меңгерушісі, депо кезекшісі болады.
Локомотив сервис орталығы әкімшілігі жұмысшыларды істелетін жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқытып ұйымдастырады. Жұмысшылар қауіпсіздік ережесінің әдіс-тәсілдерін үйрене отырып, емтихан тапсырғаннан кейін ғана жұмысты орындауға жіберіледі, тексеру комиссиясының актіге қолы қойылғаннан кейін ғана.
Гидровликалық берілісі бар тепловоздар мен дизель пойыздар депо тұрағына өзінің жүрісімен апарылып, жеройыққа қойылғаннан кейін дизель тоқтатылады. Мұндай дизель пойыздар мен тепловоздар кернеуі 400В кем емес арнайы тұрақты ток беретін ток көздері арқылы деподан шығарылады.
Ашық экипировка және тексеру жеройығында сол сияқты жуу алаңдарында контакт сымдарындағы кернеуі бар дабылдар құрылады. Алаңға кірер жерде басқышта депо ішіндегі дабылмен жалғасқан бағдаршамдар орнатылады.
Экипировкілеу депосына тепловозды апару және оны шығару дизель жұмыс істемей тұрғанда кернеуі 400В жоғары емес тұрақты ток көздері жүйесі арқылы іске асады немесе маневрлік тепловоздарда кезекші немесе оның көмекшісінің дабылы арқылы жүзеге асады.
Тепловозды жеройыққа қойғаннан кейін депо кезекшісі ток көзі кабелінің кернеуін алып тастайды.
Отын, май және суды алу үшін алдымен жабдықтау шлангасын тарату колонкасы қосып, аузын отын багіне кигіземіз, осыдан кейін тарату колонкасының электр сораптары бар дистанциялық басқару тетігін басамыз. Май және су шлангаларын алмай тұрып, май және суды алғаннан кейін, май және су жүйелерінің толтыру құбырының бұрандалары жабылады. Жабдықтау шлангалары алынып тасталып, отын бактарының қақпағы тығындалып жабылады.
Тепловоздың бункеріндегі құм толғаннан кейін арнайы көпіршелер жабылады.
Атмосфералық ауаны қорғау.
Әлемдегі тірі жандарға негізгі керек элементтің бірі, ол – ауа. Адам тағамсыз – бес апта, сусыз – бес күн, ауасыз – бес минут өмір сүре алады. Адамнын өмір сүруіне ол ауаның таза болуы үлкен әсерін тигізеді. Лас ауа суды, құрлықты, теңіздерді ластайды.
Атмосфералық ауаның ластануының негізгі көзі – ол транспорт пен өндіріс мекемелері. Транспорт түтінінің ауамен араласу салдарынан ауа құрамында азот пен оттегіден басқа диоксид көміртегі, оксид көміртегі, көмір сутегілері, азот диоксиді және қатты заттар көбейеді. ООН эксперттерінің бағалауы бойынша Европа, АҚШ және Канада елдерінде атмосфераға жылына тек қана күкірт құрамасы 100 млн.т. тасталынады. Осы құрамалардың көбі атмосфера су буымен араласып, жерге «қышқылды жаңбыр» ретінде түседі. Осы «қышқылды жаңбырлар» адам денсаулығына кері әсерін тигізеді: адам организмі суыққа, ауруларға төзімсіз болады, темірден жасалған конструкциялар коррозияға ұшырайды, ғимараттарға зиянын тигізеді. Осы «қышқылды жаңбырдың» келтірген зияны АҚШ-та жылына 2.5 млрд. долларды құрайды. Теңіздер мен өзендердегі балық саны да «қышқылды жаңбырдың» әсерінен азайып кетеді.
Локомотив шаруашылығында атмосфералық ауаны ластайтын көзі – ол тепловоз түтіні. Дизель түтінінде оксид көміртегі өте аз болады, өйткені дизель жанармайы толығымен жанып кетеді. Тағы да айта кететін жағдай, ол дизель жанармайының құрамында қорғасын тетраэтилі жоқ. Егер тепловоз дизелі жақсы реттелген болса, онда атмосфераға зиянды қоспаларды тастау 3-5 есе азаяды. Сондықтан локомотив шаруашылығында атмосфералық ауаның ластауына қарсы жүргізілетін шаралардың негізгісі ол тепловоз дизелінің жанармай аппараттарын реттеу, дизель майының толық жануын қамтамасыз ету. Ол үшін тепловоз жөндеу депосында дизельге бірнеше сатылы қызмет көрсету қарастырылған.
Қазіргі уақытта улы заттарды жағып жіберу мақсатында катализатор қолданылуда. Газдың дизельден шығатын жеріне орналастырылған мұндай катализаторлар 60-90% дейін улы заттарды жағып жібереді.
Жылжымалы құрамалардан шығатын қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар: локомотивтің әр түрлі агрегаттарынан тамшылаған және төгілген мұнай өнімдері және дизельден шығатын жұмыс істеген газ.
Мұнай өнімдері қалдықтарын жинап алу үшін тепловоздың май ағатын орындарына әр түрлі жинау ыдыстарын қою және канализацияға қосылып кеткен май қалдықтарын жинау үшін мұнай ұстағыш қондырғыларын орнату.