kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Талантты ж?не дарынды балаларды аны?тау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л коучинг талантты ж?не дарынды балаларды аны?тау деген коучинг саба? жоспарыны? есебі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Талантты ж?не дарынды балаларды аны?тау»

Семей қаласының

27 жалпы орта білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі Б.Н.Ахметкалиеваның «Талантты және дарынды балаларды анықтау» тақырыбына арналған коучниг жұмысының есебі.


Соңғы отыз жылда «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар басқаша түсініліп жүр. Бұл өзгерістерге бір мың тоғыз жүз жетпіс екінші жылы Құрама Штаттардың Білім басқармаларына ұсынылған Marland есебі түрткі болды. Аталған есеп АҚШ- тағы дарынды және талантты балалармен жұмыс істеу жеткілікті қамтамасыз етілмегендігін көрсетті.

Дарынды және талантты оқушылар ерекше қажеттіліктері бар балалар ретінде зерттелуі тиіс екендігін мойындаумен қатар, «дарынды» және «талантты» деген санаттарды анықтауда жалғыз аспектіліктен көп аспектілікке қарай ойысу орын алды. МАН, 50-бет.

Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен топ жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде олардыңбірқатар ортақ сипаттамаларын көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар салада ерекше қасиеттерінің бар екендігін көрсете білсе, ал дәл осы кезде басқалары – өзін тек бір ғана салада көрсете алады. Дарынды оқушылардың көпшілігінде осындай мінез неғұрлым көрініп тұрады әрі қарқынды болуы мүмкін. Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез- құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттілігі айқын болмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы объективті себептердің әсерінен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік болмаған шығар. Ал қалғандары әртүрлі себептерден үлгере алмайтындардың санатына жатқызылып, немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. Енді кейбір дарынды және талантты оқушылар оқуда қиындық көруі мүмкін, бұл олардың шынай қабілеттерінің көрінуіне кедергі болады.

Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие: олардың кейбірі, мәселен, ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алса, кейбіреулері өнерде немесе поэзияда, қоғамдық көшбасшылықта көрінер. Қазіргі уақытты дарынды және талантты оқушыларды олардың тек жоғары зиятының болуымен ғана анықтамайды. Дарындылық пен таланттың тұжырымдамасына қатысты қағидаттар жүйесіне кең ауқымды жалпы зияткерлік, академиялық қабілеттерді, шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерді, жеке мүмкіншіліктері мен өнердегі визуалдық және орындаушылық қабілеттерді жатқызуға болады. (МАН, 51-бет).

Осындай нұсқаулықтан алған білімдерімді түсініп, талдай отырып, өзімнің коучинг жұмысымда дарындылық пен таланттылықты анықтау үшін қолдандым.

Осы нұсқаулықтағы белгілі авторлардың жұмыстарын қолдана отырып, мұғалімдерге өздерінің оқушыларының ішінен талантты және дарынды балаларды анықтауға көмектесемін деген ойдамын.

Абай Құнанбаев «адамдарды қоршаған ортадағы объективті шынайылылықтың табиғи бөлігі дей отырып, балаға туғаннан білімге ұмтылу дарыны беріледі, бірақ өсе келе, ол біртіндеп бұл дарынды жоғалтады». Ақынның тұжырымы бойынша, сана мен ақыл-еңбек іс-әрекеті, еңбек процесінде қалыптасады. Осылай, қазақ ағртушылары қабілеттің туа біткенімен келісе отырып, жеке – тұлғаның қалыптасуында тәрбие күші, еңбек іс-әрекеті және қоршаған ортаның әсері бар деген.

Талант – қабілеттіліктің жоғары деңгейі. Ол шығармашылық есеп шешуді талап ететін суретші, ойлап тапқыш ғалым, кез- келген маман төрағасы, еңбегі продуктісінің оригиналдығымен мінезделеді. Талант кез- келген аумақта қабілеттіліктің бірнеше қатарымен орындалады.

Дарындылық – бұл бірдей өмір шартында қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқуға аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылық ерекше көрініс берулері. Бұл – «тек ақыл – ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір талап - мақсаттар», бұл – «мақсатты ұмтылушылық ақыл – ой күшіне ерте дайындық», бұл – «адам іс-әрекетінің кез – келген әлеуметтік – маңызды сферасында белгілі жетістіктерге жете алу қабілеті». (интернеттен)

Коучинг жоспары Блум таксономиясы тәсіліне сүйене отырып жасалады. Коучингке он бес мұғалім қатысты. Коучингте психологиялық ахуалды жақсарту үшін күз мезгілі болғандықтан «Жемістер салаты» ойынын ойнатып және сол арқылы 3 топқа бөлдім. Топтар барлығы бірігіп, топ ережесін құрды. Барлық мұғалімдерді ортаға шығарып, бір – бірлеріне жақсы көңіл – күй сыйласын деген мақсатта және коучинг барысында топ ережесін ұстанып, бір- бірімен дұрыс ынтымақтастық орнату үшін топ ережесін де құрып алдық. Осыған орай коучинг барысында дөрекілі, бірін –бірі сыйламаушылыққа жол берілмеді деп ойлаймын.

Білу бөлімінде коучтер алдына «Дарынды бала» видеосын ұсындым. Ой қозғау ретінде әр мұғалімге сұрақтар беріп, толтырылды. Бұл бейнежазбаны ұсыну мақсатым, алдымен мұғалімдер санасына талантты және дарынды балалар туралы бейнені қалыптастыру тұрды. Сабағымның басында осы бейнежазбаны ұсынып барып, ой қозғау әдісі арқылы алған білімдерін түйіндеттім. Мұғалімер дарындылық туралы өз ойларын айтып ортаға салды.


Мұғалімдер жұмыс үстінде


Түсіну үшін «Дарынды балалар» видеосын ұсынып, содан кейін дарынды балалар бойында болатын сыртқы белгілерді көрсету үшін кластер сызуға ұсындым. Мұғалімдер топпен жұмыс істеп, топ алдында спикерлері қорғады. Бұл жердегі мақсатым, Мұғалімдер алған білімдерін бірін-бірі оқыта отырып, бірлесе отырып түсінсе дедім. Жұмыс барысында топта қызу жұмыс жүрді, әр мұғалім бірлесе отырып өз тәжірибелерін қолдана отырып сызған кластерлері түсінікті болды.


Мұғалімдер топтарда жұмыс жасай отырып, сол жұмыстарын дәйектеуде


Осы ойларын дәлелдеу мақсатында «Дарындылық матрицасын» көрсеттім. Мұғалімдер жақсы түсініп, өз ойларын ашық жеткізді.

Алған білімдерін қолдану мақсатында балалардың талантты және дарынды болуына әсер етуші факторларды постерге түсіруді ұсындым. Ұстаздар топта жақсы жұмыс істеді. Спикерлер жұмыстарын әр басқа топтарға таныстырып өтті.

Мұғалімдер кластер салу үстінде және оны дәйектеуде


Білімдерін дәлеледеу үшін «Дарынды балалар» видеосынан үзінді көрсеттім.

Оқушылардың бойынан дарындылық анықтау мақсатында, мұғалімдер Макэлпайн мен Ридтің дарынды балалардың мінез-құлықтарына берген сипаттамаларын талдап, өз оқушыларының бойларыннан іздеп, сол балалардың аттарын әр сипаттама тұсына жазып шықты. Мұғалімдер өз балаларының бойынан берілген сипаттамаларды іздеуге тырысты.


Мұғалімдер жұмыс үстінде Мұғалімдердің жұмыстары


Енді, осыдан шығып, мұғалімдер ортада дарынды балаларды анықтау мақсатында , дарынды балаларға арналған критерийлерді ортада құрды. Мен әр мұғалім Фриманның ғылыми негізделген критерийлерін ұсынып, өз оқушыларын анықтауды ұсындым.

Мұғалімдер жұмыс үстінде Мұғалімдердің жұмыстары


Мұғалімдер берілген сипаттамаларға сүйене отырып, өздерінің дарынды, талантты оқушыларын анықтады және атап шықты. Осыдан мен коучинг тақырыбының ашылғанын байқадым.

Алайда талантты және дарынды балалардың мінез – құлықтарыныңда ерекше сәттері болатынын айтып өттім. Өйткені көптеген дәстүрлі сабақ беретін мұғалімдер оқушылардың жұмыс үстінде айғайын, ерекше дауыс көтеріп сөйлеуін, өзін – өзі дәріптеуін басып тастап отырады. Бұл тұста ескерте кетер бұл мәліметті пайдалы деп ойладым. Талантты және дарынды балалардың жағымды және жағымсыз қылықтарын алдымен мұғалімдер өздері ашып жазды. Оны көршісімен, одан соң топпен, соңында ортада талқылады, қызу әңгіме өтті. Тәжірибелі мұғалімдер өздерінің іс- тәжірибелеріне сүйеніп жұмысты талқылады.

Әрине, барлық бала бірдей дарынды, талантты болуы мүмкін еместігін ұғындыру мақсатында «Трещина в кувшине» видеосын көрсеттім. Бұл бейнежазбадан мұғалімдер барлық бала бірдей дарынды болмайды, бірақ олардың да қоғамға тигізер пайдасының зор екенін түсінді. Өте жақсы әсер алды.

Коучингке қатысқан барлық ұстаздар алған әсерлерін стикерлерге жазып, тақтаға ілді. Коучинг өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Мұғалімдер балалардың бойларындағы дарындылықты анықтап, олармен жұмыс жасау жолын анықтауды үйренді.

Мұғалімдертің қорытынды кезінде




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Талантты ж?не дарынды балаларды аны?тау

Автор: Ахметкалиева Бакытгуль Нихыметоллаевна

Дата: 25.04.2016

Номер свидетельства: 322464


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства