kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие» қазақ әдебиетінің студенттер арасындағы патриоттықты тәрбиелеудегі орны мен маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіздік бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған қажырлы күресінің өтеуі. Тәуелсіздік, бұл, ең алдымен, 1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері мен барша Қазақстан жұртшылығының арман- мұратының салтанат құруы. Жалпы сан түрлі кедергілер мен ауыр сындарға қарамастан, ел тәуелсіздігінің әрбір қадамы қай кезде де біздің жүрегімізді айрықша толқынысқа бөлейді, кеудемізді мақтаныш кернейді. Айтары жоқ, осынау шынайы сезімді өзінің туған Отанының патриоты мен оның еркін де азат азаматы ғана сезіне алады. Қазақстан үшін «Жиырма бірінші» ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Ең бастысы мемлекет басшысы нақтылаған «Қазақстан-2030» стратегиясының мақсаттары мен міндеттері ойдағыдай жүзеге асып жатыр. Ата заңымыздың арқасында еліміз либералды демократиялық даму жолына түсті. Сонымен қатар, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа негізделген сенімнің биік деңгейі бүкіл әлемде жоқ үлгіде сақталып отыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие» қазақ әдебиетінің студенттер арасындағы патриоттықты тәрбиелеудегі орны мен маңызы»



«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТӘУ ЕТЕР ЖАЛҒЫЗ КИЕ» ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ

Айтжанова Марал Умбеткалиевна

Қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушысы

Маңғыстау энергетикалық колледжі
Қазақстан, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы



Артық ғылым кітапта, 
Ерінбе оқып көруге. 
Хакім Абай

Тәуелсіздік бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған қажырлы күресінің өтеуі. Тәуелсіздік, бұл, ең алдымен, 1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері мен барша Қазақстан жұртшылығының арман- мұратының салтанат құруы. Жалпы сан түрлі кедергілер мен ауыр сындарға қарамастан, ел тәуелсіздігінің әрбір қадамы қай кезде де біздің жүрегімізді айрықша толқынысқа бөлейді, кеудемізді мақтаныш кернейді. Айтары жоқ, осынау шынайы сезімді өзінің туған Отанының патриоты мен оның еркін де азат азаматы ғана сезіне алады. Қазақстан үшін «Жиырма бірінші» ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Ең бастысы мемлекет басшысы нақтылаған «Қазақстан-2030» стратегиясының мақсаттары мен міндеттері ойдағыдай жүзеге асып жатыр. Ата заңымыздың арқасында еліміз либералды демократиялық даму жолына түсті. Сонымен қатар, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа негізделген сенімнің биік деңгейі бүкіл әлемде жоқ үлгіде сақталып отыр.

Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттілік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халықтары жаңа әлемнің жаңалықтарына, жақсылықтарына ұмтыла бермек.

Сондықтан өзінің тарихын білетін, ұлттың мәдениетін, әдебиетін, өнерін сүйетін, халық дәстүрін бойына сіңіретін, ата салтын қадір тұтатын, әлемдік рухани байлықтан нәр алуға барынша ұмтылатын, сан өнерді игере алатын, ғылым мен техникадан барынша хабардар болатын азамат тәрбиелеу кітапхана қызметкерлерінің ең үлкен мақсатттарының бірі болуы керек.

Патриотизм   дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке  адамның аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын  айтқанда, патриотизм мемлекет  деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен  және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді. Осыған байланысты патриотық тәрбиені нығайтудың үш үлкен мақсаты бар. Бірінші – танымдық,  екінші — тәрбиелік, үшінші — дамытушылық.

Студенттерге ел сүйгіштік,  ата-ананы сүю, Отанды сүю, мәселесінде қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде  әңгімелер өткізуіміз керек. Бұл әңгіменің барысында шәкірттер өздерінің оқыған шығармаларын атайды. Ауыз әдебиетінен мысал: «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» т.б.шығармаларын атайтыны анық. Ал Махамбеттің шығармалары, әсіресе, «Баймағанбет Сұлтанға айтқаны»,        «Ереулі атқа ер салмай», «Ұл туса», «Әй, Махамбет жолдасым» сынды туындыларды студенттер мектеп бағдарламасынан біледі. Ал мұндай туған елді, ұлтын сүю тақырыбында ХІХ ғасырдың жазушыларының шығармаларынан Абайдың «Қайран елім, қазағым қандай жұртым» т.б. М.Жұмабаевтың елді сүю, оған қызмет ету тақырыбында көптеген шығармалар жазғанын айта отыруымыз тиіс. Мысалы, «Мен сүйемін» өлеңіндегі Отанға деген сүйіспеншілік поэтикалық тұрғыда өте жақсы көрсетілген. Осындай тақырыптарда С.Торайғыровтың «Туған еліме»,  «Шәкірттерге» т.б. атты шығармалары оқығандығы жөнінде сөз етуге болады. Патриоттық тақырыпқа оқыған шығармаларынан І.Есенберлиннің «Көшпенділер», Т.Ахтановтың  «Күткен күн», М.Мақатаевтың өлеңдерін атап, оқуға кеңес берсек нұр үстіне нұр болады.

Студенттерді патриотизмге тәрбиелеу рухында оқырмандар конференциясын өткізудің де мәні зор. Ғ.Мүсіреповтың « Қазақ солдаты» романы, Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Қ.Қайсеновтың «Ажал аузынан», «Жау тылында», « Партизан соқпақтары» кітаптарын көрнекті жерге шығарып, оқугыларға қолжетімді етуге жұмыс жасаймыз. Оқушыларды патриоттық, ел сүйгішітк туралы шығармаларды жай ғана емес, мәнерлеп оқумен қатар жатқа айту тәсілін қолданамыз. Мысалы, Б. Бұлқышевтың « Шығыс ұлына хат», І.Жансүгіровтың «Ағынды менің Аксуым», «Жетісу суреттері» атты өлендерін жаттап, мәнерлеп айту сайыстарын өткізуге болады.

Патриоттық тәрбие беруде Бауыржан Момышұлының кітаптарының орны зор. Оларды оқушылар арасында барынша насихаттап, арнайы апталықтар ұйымдастырудың маңызы зор. «Жеңіс кілті Отан сүюшілікте .Ол солдатқа жөргекте жатқаннан бастап үйретілуі, қанына кіріп, сіңісуі тиіс. Дәстүр-тәрбиенің басты қайнары. Ал дәстүр ұлттық тәрбиеден өзекті орын алады. Отан сүюшілік, ұлтын сүюшілікті ұлттық дәстүрмен жалғастырып, солдатқа саналы түрде сіңіру керек» — деген Бауыржан Момышұлы артына өшпес өнеге, ерлікке, патриоттық, сезімге толы бірнеше кітаптарын: «Офицер жазбалары» (1962), «Артымызда Москва» (1963), «Генерал Панфилов» (1965), «Куба әсерлері»(1969) «Жоңарқа» екі томдық шығармалар жинағы (1969), «Соғыс психологиясы», « Қанмен жазылған кітап» (1990,1991), «Ұшқан ұя» кітабын қалдырды. Ал, «Ұшқан ұя» кітабы үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағына ие болған. Бауыржан Момышұлы халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеудегі, жан жарасын жазудағы өнер мен әдебиеттің, музыка мен көркемөнердің құдіретті күштерін, олардың өмір үшін күресте рухани күшті құралы болғанын соғыс эпизодтарынан нақты мысалдар келтіре отырып, рухы мықты халықтың ешқашан да жаудан жеңілмейтіне басты назар аударған.

Сондай-ақ, Бауыржан ағамыз  артына жетпіске жуық мақал-мәтелдер қалдырған.Ол мақал-мәтелдеріне «Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр», «Ерлік білекте емес, жүректе», «Отанда опасызға орын жоқ»,  «Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық» деп халық атынан ащы да әділ үкімін пайымдайды. Біз жазушы, тәлімгер Бауыржан Момышұлының еңбектерін оқи отырып, оның шығармашылығы патриоттық тәлім- тәрбиенің қайнар көзі екенін байқаймыз.

Кітапхана стратегиясы мен тактикасын дамытудың басты құралы жаңа ақпараттық технологиялар болып табылады. Бүгінгі таңда ел дамуының барлық саласы бойынша 2010-2020 жылдарға арналған қарқынды дамудың индустриалды- инновацияық бағдарламасын қабылдап, жүзеге асыру қолға алынуда. Сондықтан кітапхананың электронды базасында патриоттық кітаптардың мүмкіндігінше электронды нұсқаларын да жүктеп, жинақтасақ, қазіргі заман оқушыларының кітап оқуға деген мүмкіндіктерін арттыра түсеміз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « XXI ғасырда білімін дамыта алмаған ел алға баспайды» деген болатын.Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу өзара тығыз байланыста, тіпті оларды өзара тең деп те атайды. Ендеше патриоттық тәрбие бізге ауадай қажет.

Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі  ұлт азаттық көтерілісін   алып қарасақ , ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Нысанбаев Ә., Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, - Алматы: Жазушы, 1909-720 б.

  2. Бегалин С., Шығармалар жинағы, - Алматы: Жазушы,1966

  3. Жастар өміріндегі патриоттық тәрбиенің орны //Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. - 2003. - №4 (32) - Б.212-215.

  4. Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мәселелері //Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2004. - №4(36).

  5. 14 Студенттерге ұлттық ерлік негізінде патриоттық тәрбие беру формалары мен әдістері //Жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың республикалық ғылыми-конференция материалдары. Т.15. Жас ғалымдар. - Павлодар, 2005. - Б.144-147.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Айтжанова Марал Умбеткалиевна

Дата: 13.03.2017

Номер свидетельства: 399763

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(223) "«Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие» қазақ әдебиетінің студенттер арасындағы патриоттықты тәрбиелеудегі орны мен маңызы"
    ["seo_title"] => string(80) "t_uielsizdik_t_u_ietier_zhalg_yz_kiie_k_azak_diebiietinin_studienttier_arasynd_1"
    ["file_id"] => string(6) "399764"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1489402852"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства