Просмотр содержимого документа
«Т.Мусин мен Ф.Халитованың ғибратты ғұмыры»
"Ғибратты ғұмыр"
Мұсаұлы Төлеужан Мусин және Халитова Фарида Ғабсадыққызы
Қазіргі уақытта 114 жыл тарихы бар ШҚО., Семей қаласындағы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің № 206 оқу кабинетін Мұсаұлы Төлеужан Мусин пен Халитова Фарида Ғабсадыққызының атындағы атаулы кабиенеттердің бірі. Колледжде білім алып жатқан болашақ педагогикалық маман иелеріне осы қара шаңырақта білім алған, еңбегі орасан зор ұлы адамдарды нәсихаттау мақсатында әр түрлі шаралар өтіліп тұрады. Соның бірі формасы атаулы кабиенеттер арқылы насихатталуда. Осы мақсатты негізге ала отырып, 2017-2018 оқу жылындағы «Музыкалық білім беру» мамандығы, «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұжымдарындағы музыка пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша 42 топ білім алушыларына «Ғибратты ғұмыр» тақырыбында Мұсаұлы Төлеужан Мусин және Халитова Фарида Ғабсадыққызының өмір жолдары мен еңбегі жайлы тәрбие сағаты өткізілді. Сол тәрбие сағатына топ ішінен құрылған шығармашылық топ мүшелері Ерболат Архат, Келербекова Назым, Қуатқазина Маралдар белсене қатысып, топ білім алушыларына кабинеттің атауы берілген Мұсаұлы Төлеужан Мусин пен Халитова Фарида Ғабсадыққызының өмір жолы мен еңбегі жайлы ақпарати беріп өтті.
Архат: Семей қазақ педагогикалық техникумының түлегі. 1921-1928 жж Семейдің педагогикалық техникумында оқиды. Педагогикалық техникумында оқып жүргенде қоғамдық жұмыстарда белсенділік көрсетіп, алғашқылардың бірі болып комсомол қатарына қабылданды. Батыс-Сібір геология басқармасында технолог, экономист, аудандық тұтынушылар одағының есепшісі, білім бөлімінің инстекторы, Қайнар орта мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі, Шар ауданындағы Октябрь және Абай орта мектептерінің директоры, Қазақстан коммунистік партиясының Шар және Жарма аудандық комисиясының Семей облыстық партия комитетінің инструкторы, Семей қаржы-экономика техникумының директоры, Семей қаласының ардагерлер кеңесінің аудандық және қалалық кеңестерінің төрағасы болып қызмет атқарды. 1937-1941 жж аралығында Семейдің Абай атындағы қазақ педагогикалық училищесінде оқу ісінің меңгерушісі, директорлық қызмет атқарған. Төлеужан Мусиннің еңбектері Отан алдында жоғары бағаланды. Т.М. Мусин көптеген медаьдармен, төсбелгілермен және Құрмет грамоталарымен марапатталып, Отан алдындағы ерен еңбегі үшін “Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген зоотехнигі” атағы берілген. Воронеж, Станлинград майдандарында рота командирі дәрежесінде соғысқа қатысқан. Ауыр жаралы болған. Шығыс Қазақстан облысы мен Семей қаласының ақсақалдар алқасының мүшесі. Шығыс Қазақстан облысының Кіші Ассамблясына мүше болып сайланған. Семей облысы мүгедектер қоғамының сайланылған төрағасы. «Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген мұғалім»,«КСРО қаржы қызметінің Үздігі». Семей қаласының құрметті азаматы. “Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген зоотехнигі”, еңбек және соғыс ардагері. «I дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен екі мәрте «Құрмет белгісі», «Құрмет», «Әскери қызметі үшін» КСРО 18 медальдарымен марапатталған.
Назым: Белгілі қоғам қайраткері - Халитова Фарида Ғабсадыққызы.Семей, Целиноград облыстарының әлеумттік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан басшы. Қазақстан әйелдері арасынан Мәскеудегі жоғары партия мектебін тұңғыш бітірген, әйелдер арасынан бірінші шыққан облыстық партия комитетінің хатшысы. 1938 ж Семей педагогикалық институтына оқуға түсті. Фарида Ғабсадыққызы Семей өңірінің рухани дамуына зор үлес қосты. Семей Абайдың 100 жылдығын өткізуге және мұражайын ашуға белсене ат салысты. Ф.Ғ. Халитованың басшылығымен 50-ші жылдарыАбай ауданына ҚР ХА ғылыми экседициясы ұйымдастырылып, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы бай экспозиция материалдары жиналды. Фарида Ғабсадыққызының ұйымдастырылуымен М.О.Әуезовтың 60-жылдық мерейтойы Семей қаласында және жазушының туған жерінде аталып өтті. Семей педагогикалық училищесінде оқып жүргенде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, спорт және ән-күй үйірмелеріне қатысты. 1939 ж Қазақстан жастары құрамынан педучилище оқушылары атынан Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық физкультура парадына қатысты.Отан алдындағы зор еңбегі үшін Ф.Халитова үш рет “Еңбек Қызыл Туы”, төрт рет “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталды.
Марал: Мусин Қайноллан Ролланұлы - 1950 жылы Семей облысы, Абралы ауданы, Қайнар ауылында туған. Көп балалы отбасынан шыққан.1968 жылы орта мектепті бітірген соң Целиноград Мемлекеттік Медицина институтына оқуға түседі. Институтты бітіргеннен кейін облыстық емдеу мекемелерінде еңбек етіп, қатардағы дәрігерден бас дәрігерге дейінгі еңбек жолынан өтеді. 1975 жылдың қараша айынан 1979 жылғы наурызға дейін Семей қаласының Орталық ауруханасында ЛОР дәрігері болып жұмыс істеді. 1996 жылы халық денсаулығын қорғау ісіне сіңірген еңбегі үшін Мусин Қ.Р. Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкері» белгісімен марапатталды, 2011 жылдың желтоқсан айында «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына «Қазақстан Республикасы. «Қызыл Ай Қоғамының» медалімен марапатталды. Қ.Р.Мусин 1999 жылдан бастап «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының белсенді мүшесі болып табылады. Қ.Р. Мусин -жоғарғы моральдық ұстанымдағы парасатты азамат, өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін, шыншыл, адамгершілігі мол, дарынды үйымдастырушы. Үйленген, зайыбы, Наталья Николаевна Мусина, 30 жылдар аралық еңбек өтілі бар отбасылық дәрігер, қызы - Дариға менеджер болып қызмет етеді. Отбасының қамқоршысы. Қазіргі таңда Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы Педагогикалық колледжінің Төлеужан Мусин мен Фарида Халитова атындағы атаулы кабинет Мусин Қайноллан Ролланұлы демеушілігімен ашылды!