Просмотр содержимого документа
«Сыни т?р?ысынан ойлау аны?тамасы ж?не саба? ??рылымыны? ерекшелігі»
А.Қалниязова
Бастауыш сынып мұғалімі
Баяндама «Сыни тұрғысынан ойлау анықтамасы және сабақ құрылымының ерекшелігі»
Қазақ халқының рухы таза ұлт болып қалыптасуы және тәуелсіздігіміздің беріктігі ,еліміздің сақталуы тікелей жас ұрпаққа байланысты.Ақпараттық қоғамдағы өмір сүру аса үлкен жылдамдықпен өзгереді,алайда өзгермейтіні-адам құндылығы. ҚР-ның «Білім туралы»Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алуүшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологиялардын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының,әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру,өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге ,жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңара отырып,оқушылардың қызығушылығын арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру,қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру. Жиырма бірінші ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашақта лайықты өмір сүруге жақсылап дайындау білім беру саласында қызмет атқарып жүрген кез-келген маман үшін кезек күтірмейтін мәселе. Яғни,гуманизм мен демократия идеялары басты бағыт болып тұрған жаңа ғасырда білім беру жүйесіне де жаңа тәжірибелер енгізу керек.Сонда ғана болашақта нәтижелі жұмыс атқарамыз.Осыған байланысты «сыни тұрғыдан ойлауды дамыту»жобасы арқылы оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру жолдары деген тақырыпта мақала жазылған еді.Дегенмен,мұғалім осы жобамен жұмыс істеу үшін оның теориялық,әдіснамалық ерекшеліктерін білулері керек. Сын тұрғысынан ойлаудың дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген АҚШ ғалымдары Джинни Стилл,Крутис Мередит,Чарльз Темпл.Бұл жоба атақты ғалым зерттеушілер Ж.Пиаже мен Л.С Выготскийдің даму теорияларын басшылыққа алады.Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдап саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрену. Сыни тұрғыдан ойлаудың дамыту жобасымен жұмыс істеу үшін осы ұғымның сырын түсініп алуымыз керек. Сыни тұрғыдан ойлау деген сөз тіркесінде қолданылатын «сын тұрғысынан» деген термин ойдың мәселені немесе проблеманы шешу үдерісіне шоғырлануын білдіреді.Бұл тұрғыдан алғанда сын сөзі «мақылдамау» немесе «теріске шығару»дегенді білдірмейді. Сын тұрғысынан ойлау –ашық қоғам негізі.Ол –өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу ,әр мәселеге байланысты өз пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге»деп аталады. Сын тұрғысынан ойлау –Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни ойлауға ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді. Солардың ішінде психолог ғалым В.Г Крутецкийдің берген анықтамасы «ойдың сыншылдығы-бұл адамның өзінің және басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдысы,барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды нақты және жан-жақты тексеру»дейді. Сыни тұрғыдан ойлау-шындалған ойлау.Бірақ бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға ,жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып,белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сыни ойлау және оқыту мұғалімдер идея мен тәжірибенің әртүрлілігін түсінгенде және қолданғанда пайда болады.Сыни ойлауға оқыту-жеңіл міндет емес.Оны белгілі кезеңде орындап ,кейін ұмытып кетуге болмайды.Сыни ойлауға апаратын қатаң реттеген қадамдар тізімі жоқ. Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттары бар екенін есте шығармау керек. Олар төмендегідей: 1.Оқушыларға ойланып-толғануға , ойын ашық айтуға рұқсат беру. 2.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау. 3.Оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау. 4.Оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктерін кепілдік беру. 5.Сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету. 6.Кез келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімдік білдіру. 7. Сыни ойлауды бағалау. 8.Тиімді сыни ойлауға қатысу үшін оқушылар өздеріне деген сенімді және өз пікірлсу мен идеяларының құндылықтарын түсінуін арттыруға,оқыту үрдісіне белсенді қатысуға басқалардың пікірлерін сыйлауға ,пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болулары керек. «Сыни ойлауды дамыту» жобасы жүзеге асыру бағдарламасының құрылымы үш фазадан тұрады. Олар өздерінің қызметтеріне байланысты аталады: қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс. Бұл сатыларды басқаша сабақтың құрылымдылық кезеңдері деп те атауға болады. Өйткені СТО жобасында 80-ге жуық «стратегиялар»бар. Олардың мақсаты,тиімді қолдана білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Енді осы кезеңдердің мақсат- міндеттеріне тоқталып өтейік. Бірінші кезең – қызығушылықты ояту; Үйрену процесі-бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды,түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,кеңейте түседі.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жнақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты-үйренушінің белсенділігін арттыру.Өйткені үйрену-енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені дауыссыз.Яғни айту,бөлісу,ортаға салу арқылы оның ойы аршылады,тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауғаа бірте-бірте қадам жасала бастайды.Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы білімімен ұштастырады.Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады,белсенділігі арттырады,оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып,,қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа тарту. Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т.б деген сұрақтарды алмастырып,керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады. Бұл қызығушылық-ты ояту кезеңі «жаңа білімге көпір салу».Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз»деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады.Орнына,білетін білімді еске түсіре отырып , жаңа білімге көпір салу болып табылады.
Екінші кезең - мағынаны ашу; бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпартпен танысады,тақырып бойынша жұмыс ісьейді,тапсырмалар орындайд.оның өз бетімен жұмыс жасап,белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында «V» - «білемін», «-» - «білмеймін», «+» -« мен үшін жаңа ақпарат», «?» - «мен таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқыған түсінуге ,өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету,оқығанды еске сақтау,мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі.Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемші-ліктерді болдырмаудың бірден бір кепілі. Үйренушілер білетіндерін анықтап ,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға ,яғни байланыстар құрауға дағдыландырады.
Үшінші кезең – ой толғаныс; Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне ,басқаға сын көзбен қарау,баға беру назардан тысқалып жатады. Одан гөрі ,үйге тапсырма беру,оны түсіндіру,баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді,маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап , салмақтап,оны қандай жағдайда,қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап,өзгерістер енгізеді,яғни нағыз білім шыңына көтеріледі,үлкен әлемге енеді.Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді,өзгеше сенім,тәрбиелік,даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр – жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын,ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалім үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап,оларға сеніммен қарап өз ойын ,қылын көрсетуге сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады.Яғни, мұғалім бүкіл қайнаған істің ортасындда білім алу (үйрену) ісін ұйымдастырушы деуге юолдаы. Көптеген СТО жобасымен жұмыс істейтін мұғалімдер «Еркін жазу», «ЖИГСО», «Көп деңгейлі сұрақ» т.б . Түсініктірек болу үшін солардың біразына сипаттама берсек.
Еркін жазу стратегиясы. Бұл әдіс сынтұрғысынан ойлау жообасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалануға тиімді. Мұғалім сабақ бойын қарастырылған жаңа ақпарат жайлы,одан алған әсерін,не үйренгенін,нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады.Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады.ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымды оқуға болады.Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сынкөзбен қарап , ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
ЖИГСО–ұжымдық оқыту әдісі.Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта,сосын ұжымда талқылау.Бұл жағдайды әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді,оқуға деген жауапкершілігі артады.Әдісіті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді.Бұл «Жанұя» топтар деп аталады.Содан кейін 1,2,3,4-ке санау арқылы 1-лер бөлек,2,3,4 –өз алдына «жұмыс»тобын»құрайды.Оқуға ұсынылған материалдың тақырыбы талқыланған соң,осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннң 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2санын алғандар, 3,4 – нөмерллі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігі ,өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін , мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып,өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады.Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға ,ойлауға үйренеді.
«Қос жазба күнделігі» стратегиясы. Қандай да бір мәтін ,әңгіме оқыған кезд оқушылар дәптерлерінің ортасынан вертикаль сызық жүргізеді.мәтінді оқу барысында олар сызықтың бір жағына әсер еткен тұстар мен үзінділерін жазса,екінші жағына пікірін,яғни нені еске түсіретінін ,себеп салдарын жазады.Барлық оқушы тапсырманы орындап болған соң жұпта ,топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып ,жауаптар алады.
Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт: 1.сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек. 2.Оқушыларға ойланып толғануға ,ойын ашық айтуға рұқсат беру. 3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау. 4.Үйрену барысндағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау. 5.Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау. 6.Оқушылардың бір –бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді,дәйекті болуын талап ету.
Ал оқушылар осыған байланысты: -сенімділікпен жұмыс жасау; -бар ынтасымен оқуға берілу; -пікірлерді тыңдау,құрметтеу; -өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет;
Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары: 1.Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады. 2.Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды. 3.Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады. 4.Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарым – қатынастар орнайды.
Сыни тұрғысынан ойлаудың дамыту сабақтарының негізінде оқушылар арасында: -бір-бірінің пікірін тыңдау; -сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланады; -өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға; -бір-біріне құрметпен қарауға; -өз ойын ашық,еркін пйтуға пікір алмастыруға; -өзін- өзі,бірін-бірі бағалауға, -мұғаліммен еркін сөйлесіп,пікір алмастыруға; -достарының ойын тыңдай отырып ,проблеманы шешу жолдарын іздей отрып қиындықты шешуге көмектесге, -белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады;
Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып,шаршамай еңбектенеді.Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап,басқа елге елді танытады.Елді өсіретін де елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде,құрметті әріптестер. Өз ісіне берілген,жаңалықты жатсынбай қабылдайтын,шәкіртінің жанына нұр құйып,өмірге өзі де бақытты болып,өзгелерді де бағытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық.