Жұмыс кезеңі: | Кезеңнің мазмұны | Қатысушылардың іс-әрекеті | Уақыты | Ресурстар |
І. Кіріспе бөлім |
Мақсат: Қатысушылардың оң көзқарастарын қалыптастырып коучингке қатысу белсенділігін арттыру Міндеті: жеке және топтық жұмысқа жұмылдыру Әдісі: ықпалдасу, жұпқа бөлу, топқа бөлу | Ұйымдастыру кезеңі «Шаттық шеңбері» арқылы таныстыру; Өздеріндегі стикерлер бойынша топқа бөліну | «Шаттық шеңберінде» тұрып бір – бірімен танысады, қандай адам екенін айтады; Қолдарындағы стикерлер бойынша топқа бөлінеді | 3 | Алдын – ала тапсырма жазылған стикерлер |
ІІ. Негізгі бөлім |
Мақсат: Мұғалімдерге «сындарыл оқу» және «сабақты талдау» ұғымдарын жайлы білімдерін жаңғыртып, өз беттерімен талдау жұмыстарын жасату Міндеті: Ассоцация жазадыру; «дейін- кейін» стратегиясы бойынша жұмыс жасату; Кәсіби әңгіме жайлы мағлұмат беру. Әдісі: «Бағдаршам» әдісі бойынша түсінген – түсінбегенін білдіру, «Сәйкестендіру» Жұппен жұмыс, Топпен жұмыс, ықпалдастыру | «Миға шабуыл» «ассоциация» жазады «Дейін – кейін» стратегиясы бойынша бірнеше осы бойынша білетіндерін жазып шығады | Қатысушылар стикерлерде «дейін-кейін» стратегиясы бойынша «Сындарлы оқу», «Сабақты талдау» деген сөздерге «ассоциация» жазады. «Сындарлы оқу», «сабақты талдау» дегеніміз не? Сабақты талдауды қалай жүргізесіз? Өзіңіз сабағыңызды қалай талдайсыз? | 3 | «Дейін-кейін» стратегиясына арналған плакат Ассоцация жазуға арналған плакат |
«Бағдаршам» стратегиясы кәсіби әңгіме бойынша әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін «Бағдаршам» тәсілін түсіндіремін. | «Кәсіби әңгіме» барысында алған әсерлерімен «Бағдаршам» тәсілі бойынша бөліседі Қызыл түсі- түсінбедім. Сары түс- әлі сұрақтарым бар. Жасыл түсі- маған бәрі түсінікті. Стикердің біреуін көтереді. | 5 | Қызыл, жасыл, сары түсті стикерлер, |
«Сәйкестендіру» стратегиясы презентация Сабақты талдау және өзін – өзі талдау формалары жазылған қағазды үлестіремін, сол бойынша жұптасып, олардың атына затын сай сәйкестендіреді | Сабақты талдау және өзін – өзі талдау формалары 1) қысқа (бағалау) талдау; 2) құрылымдық (поэтапный) талдау; 3) жүйелік талдау; 4) толық талдау; 5) құрылымдық-уақыттық талдау; 6) аралас талдау; 7) психологиялық талдау; 9) аспектты талдау; 10) құрама (комплексті) талдау. Талдау түрлерімен және оның мақсаттарымен танысады | 5 | Тапсырма жазылған қағаздар, сәйкестендіруге арналған плакат |
«Жеке жұмыс» мұғалімдерге сабаққа қатысар алдында әр түсті қағазға жазылған бір сабақтың арнай бөлігі не тақырыбы бойыша бақылау парақтары таратылған, Әр мүғалім өз жұмыстарын толықтыру тапсырылады. | Әр мұғалім өздеріне берілген сұрақтар бойынша сабақты бақылап оған талдау жасайды, жағымды жақтарын көрсете отырып, ұсыныс айтады. Оны берілген қағаз бетіне түсіреді. | 5 | Сұрақтар жазылған карточкалар, бақылау парақтары, сабақ талдау қағидалары жазылған үлестірмелі материалдар |
| Ықпалдастыру сәті «Толық банка» әдісі Мұғалімдер алдына бос банка, тас, ұсақ тастар, су, құм қоямын да, банканы бұл заттармен толтыру үшін қай ретімен салу керектігін сұраймын. | Ең алдымен, тас-өміріміздің ең маңыздысы отан, отбасы, ата-ана, бала-шаға амандығы; Ұсақ тас-жеке басымызға тілейтін армандар; Құм-бізді бақытты ететін қуанышты сәттер; Су-тіршілік көзі болғандықтан, ұзақ ғұмыр. Толық банка-өміріміз мәнді де сәнді болуын білдіреді. | 5 | Тас, ұсақ тас, құм, су, банка Банка – сабақ Тас – сабақтың негізгі фазалары; Ұсақ тас – мағынаны танытуда атқаратын іс – әрекет Құм – ой толғаныс (бағалау, кеңейту) десек, Су – осылардың барлығын біріктіретін сабақтың мазмұны |
«Топтық жұмыс» стратегиясы Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, бірлесе атқарған жұмыс жемісті, сонымен қатар, бакаға қай ретпен салу керек болғандай сабақты ретімен құрған да ғана , және ретімен талдағанда ғана нәтижеге жетпекшіміз.Ол үшін сындарлы оқуда фазалық бақылау бойынша іске асқан дүниені толтыру. Сондықтан сіздергі алдарыңыздағы тапсырмаларыңызды біріктіріп, үлкен постер жасаңыздар. Сабақтың үш фазасын толықтырып, үлкен постер қорғау | Мұғалімдер жұптық жұмыстарын бірлестіріп, «Ойлы шеңбер» құрастырады, олардың байланысын шығарады. 1.Қызығушылықты ояту 2. Мағынаны тану 3. Ой толғаныс | 10 | Жұптық жұмыста жасаған жұмыстарын топтаса аяқтауға арналған постер |
Қорытынды бөлім |
Мақсаты: Коучинг барысында жасаған жұмысты қорыта білу Міндеті: Алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге жұмылдыру;Кері байланыс орната алу. Әдісі: Өлең шығару Эссе жазу «Кейін» бағанын толтыру | «Өлең жолдары» стратегиясы Ұстаздарға адасқан өлең жолдары беріледі, сол бойынша ұстаздар өлең жолдарын дұрыс құру тапсырылады | Берілген өлең жолдарындағы ұйқасқа өз ойларымен қайта құрастырады. Ұстаздарға сабақтың барысы - жұмбақ, Сабақтың әр кезеңі - бастау бұлақ. Дұрыстап құрылған сабақтың мазмұны, Білім алар оқушыға шам мен шырақ. | 3 | Өлең жолдары |
«Дейін-кейін» стратегиясы Коучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» бағанасын толтыруды сұраймын. | Мұғалімдер «кейін» бағанын толтыра отырып, кері байланыс жасайды. | 3 | «Дейін – кейін» стратегиясы жазылған плакат |
Кері байланыс | «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін беру | Өз пікірлері мен тілектерін смайликтерге жапсырады | 3 | |
Қалалық білім бөлімі мен Педагогикалық шеберлік орталығы мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету барысында №8 орта мектепте семинар өткізді. Семинардың көтерген өзекті мәселесі әр бірлестік көлемінде деңгейлік курстардан өтпеген ұсиаздарға кәсіби қолдау көрсету болды. Бұл семинарға мұғалімдер кәсіби қоғамдастық желісі арқылы қатынасқа түсіп, әр мекетептің деңгейлік курстан өткен ұстаздары тартылды. Ол ұстаздардың бірі ашық сабақ берсе, бірі кәсіби әңгіме жүргізді. Ал ұстаздардың басын біріктіре отырып, жүргізілген сабаққа талдау жасау және сындарлы оқу мен оқытудың әдіс – тәсілдерін жан – жақты талдау мақсатында мастер - класс өткізілді.
Сол семинарда мен, Блеутаева Назгүл Жанабілқызы, 1 деңгей мұғалімі «Сындарлы оқуды іске асыруда бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби қолдау көрсету» тақырыбында мастер - класс өткіздім. Мастер – класс нәтижелі өтті. Мастер – класқа бастауыш сыныптың ашық сабағына қатысқан әр мектептің ұстаздары қатысты. Олар коучинг аясында өзара ықпалдастық құрып, жылы жүрекпен жұмысқа кірісті. Мастер – класс кезеңдері жоғарыда жоспарланған жоспар бойынша жүргізіліп, ұстаздар теориялық білімін тәжірибемен ұштастырды. Кәсіби әңгіменің куәгерлері болды, сабақ барысын талдаудың жолдарымен және сабақты бақылау және бағалау тәсілдерімен таныса отырып, өздері қатысқан сабаққа талдау жасады. Дәстүрлі сабақ пен сындарлы оқу жолдарының айырмашылықтарын өздері тауып, сындарлы оқудың тиімді жақтарын аша білді.
Мастер – класс соңында ұстаздар өздерінің тілектері мен ұсыныстарын айта отырып екі жақты кері байланыс орнады.
Мастер – класс барысында ұстаздарға білгенімді үйрете отырып, әріптестерімнен алған білімдерім менің де көбейді. Семинар барысында алған тәжірибемді өз білімімде де қолданамын дегім келеді. Әрқашан да осындай сауатты түрде ұйымдастырылған семинарлардың берері көп дегім келеді.