Су – тіршілік к?зі. Барлы? тірі а?заларды? 75 пайызы судан т?ратыны б?рі?ізге м?лім. Таза сусыз адам ?мір с?ре алмайды. Су ?немі те?із, ауа мен ??рылы? арасында?ы айналымды ж?зеге асырады.
Жер шарында жыл сайын 400 мы? км3 шамасында су бу?а айналып, жо?ары к?теріледі екен. ?аза?станда?ы су ресурстарыны? негізі - ?зен сулары болып есептеледі, орташа жылды? м?лшері - 100км3, 43 пайызы ?ытай, ?збекстан, ?ыр?ызстан, Ресеймемлекеттеріне келеді. Республикамызда таза ауыз сумен ?амтамасыз ету мардымсыз. Жоспарлан?ан ж?ндеу, ?алпына келтіру ж?мыстары ж?ргізілмейді. К?птеген ауылды? су ?ткізгіштерінде су залалсыздандырылмайды.
?азіргі кезде Республикамызда?ы барлы? ірі ?зендер – Іле, Сырдария, Жайы?, Ертіс, Шу, Талас ластан?ан. Те?із бен м?хиттар м?наймен ластануда. Б?л ?орша?ан орта?а ?те ?ауіпті. Суда?ы балы?тар ?ырылып, ?алу ?аупі жылдан жыл?а ?сіп келеді.Дана хал?ымыз тіршілікті? к?зіне суды балап, ?алт айтпа?ан. Сусыз бір к?н де ?мір с?ре алмасымыз аны?.?йтсе де, сырт?ы ортаны, суды, ауаны ?ор?ау?а за?ды т?рде шара ?олданбайтын бірде-бір мемлекет жо?. Тіпті те?із суын ?ор?ау зиянды заттарды шы?аруды? технологиясын реттеу ж?не ?алды?тарды барынша азайту ж?нінде халы?аралы? келісімде жасал?ан.
Б?л шаралар б?лжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаны?, суды? топыра?ты? ластануы е? а?ыр?ы шегіне жетті. ?сіресе б?л проблема халы? ?те жиі орналас?ан ?ндірістік аудандарда тым ?лкен орын алып отыр. Улы заттар б?л орындардан ?зен суларымен, те?із а?ыстары ж?не жел ар?ылы мында?ан километр алша? орналас?ан айма?гар?а тарап, жер шарыны? алыс т?пкірлерінс ?ауіп тудырады. Кейінгі жылдарда ластайтын ?алды?тарды? к?дімгі т?рлеріне жерді радиоактивтік заттарды? улау ?аупі ?осылды. Ал оны? зиянды ?серлері жерді? тек белгілі айма?ымен ?ана шектелмейді.
Суды? ластануына ?сіресе ?нерк?сіп ?алды?тарыны? ?осылуы аса ?ауіпті. ?алды?тарды? химиялы? ??рамыны? ?р т?рлі болуына с?йкес, оларды? тигізер ?серіде ?р т?рлі. Мысалы, м?най ??деуден шы??ан ?алды?тар су бетін ?лкен ?абы?пен жауып, оттекті? алмасуын ?иындатады. ?й т?рмысында ж?не ?нерк?сіпте ?те к?п м?лшерде ?олданылатын синтетикалы? детергенттер деп аталатын жуу?а ?олданылатын заттарды? ?сері де м?най ?алды?тарымен бір ба?ыттас.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«СУ – ТІРШІЛІК К?ЗІ»
СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ.
Су – тіршілік көзі. Барлық тірі ағзалардың 75 пайызы судан тұратыны бәріңізге мәлім. Таза сусыз адам өмір сүре алмайды. Су үнемі теңіз, ауа мен құрылық арасындағы айналымды жүзеге асырады. Жер шарында жыл сайын 400 мың км3 шамасында су буға айналып, жоғары көтеріледі екен. Қазақстандағы су ресурстарының негізі - өзен сулары болып есептеледі, орташа жылдық мөлшері - 100км3, 43 пайызы Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресеймемлекеттеріне келеді. Республикамызда таза ауыз сумен қамтамасыз ету мардымсыз. Жоспарланған жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді. Көптеген ауылдық су өткізгіштерінде су залалсыздандырылмайды. Қазіргі кезде Республикамыздағы барлық ірі өзендер – Іле, Сырдария, Жайық, Ертіс, Шу, Талас ластанған. Теңіз бен мұхиттар мұнаймен ластануда. Бұл қоршаған ортаға өте қауіпті. Судағы балықтар қырылып, қалу қаупі жылдан жылға өсіп келеді.Дана халқымыз тіршіліктің көзіне суды балап, қалт айтпаған. Сусыз бір күн де өмір сүре алмасымыз анық.Әйтсе де, сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде-бір мемлекет жоқ. Тіпті теңіз суын қорғау зиянды заттарды шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісімде жасалған. Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл проблема халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр. Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мындаған километр алшақ орналасқан аймақгарға тарап, жер шарының алыс түпкірлерінс қауіп тудырады. Кейінгі жылдарда ластайтын қалдықтардың кәдімгі түрлеріне жерді радиоактивтік заттардың улау қаупі қосылды. Ал оның зиянды әсерлері жердің тек белгілі аймағымен ғана шектелмейді. Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті. Қалдықтардың химиялық құрамының әр түрлі болуына сәйкес, олардың тигізер әсеріде әр түрлі. Мысалы, мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуын қиындатады. Үй тұрмысында және өнеркөсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас. Сондай-ақ ол судың оттек бойына сіңіру қабілетін төмендетеді және органикалық заттары ыдырататын бактерияларды құртып, балықтарды улайды. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш, мыс, қорғасынның әр түрлі тұздары мен көмірді кокестеу кезінде пайда болатын фенол, цианидтер негіз ретінде әсер етеді. Енді біреулері (қышқылдар мен негіздер) судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизмдердің ара қатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болса да суда бұрын болмаған (немесе аз мөлшерде ғана кездесетін) бейтаныс қосындылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмдерге қауіпті. Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуға өте көп мөлшерде оттек жұмсалады. Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады және сондай-ақ, ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық микроорганизмдердің санының артуына жағдай жасайды. Бұл жағдайда түзілетін заттардың сапасы бөлек. Онда метан, аминдер, күкірт және фосфор улы қосындылары пайда болып, су саси бастайды. Оттектің азаюы мен улы қосындылардың көбеюі бірінші кезекте балықтардың қырылуына, онан кейін су өсімдіктердің сиреуіне әкеп соғады. Сөйтіп, бұл тіршілік ортасы су біртіндеп кедейленеді. Ең ақырында судың ластануының зардаптарын адамның өзі және оның шаруашылық қажеттері тартады. Әзірде тұщы су қорының басты көзі өзен болып есептеледі. Ал оларды органикалық және минералдық қоспалардан тазарту өте қиын және қымбатқа түсетін іс. Осы ретте адамның денсаулығына келетін қауіп мөлшері үлкен. Себебі ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту системалары да суда кездесетін кейбір зат-тардан толықтай тазартады деп айту қиын. Судың ластануы өнеркәсіп салаларына да үлкен зиян келтіреді. Онда кейбір химиялық заттардың көп болуы суды сүзу қондырмаларына, химия, қағаз жасау және тамақ өнеркәсіптеріне пайдалануға жарамсыз етеді. Сондықтан да мұндай сулар алдымен қосымша өндеуден өтіп, өнеркәсіпке пайдаланылады да, артынан оған тағы да бірнеше улы заттар (жаңа технология негізінде) қосылып, өзенге жіберіледі. Тұщы судың ластануы қоғам алдында тұрған үлкен проблема. Оның зардаптарының тіршілік үшін және адамның өз денсаулығы үшін қаншама ауыр жүк екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Сондықтан да қазірде барлық елдерде суды тазарту мәсслесі бірінші басты проблема ретінде саналады. Ал қазақ жеріндегі суларды тазарту проблемасы зор роль атқарады. Өнеркәсіп қалдықтарымен теңіз сулары да қатты ластануда: негізінен алғанда ол әр түрлі қалдықтарды көметін орынға айналған. Әрине, теңізге түсетін заттардың көлемінен теңіздердің көлемі әлде неше есе артық, онда жүретін физикалық және биохимиялық процестердің нәтижесінде бұл заттар тез арада зиянсыз қалыпқа өзгереді деп айта алмаймыз. Бірақ кейбір теңіз аймақтарының, әсіресе, құрлық жағалауларының қайта ластануы үлкеи зиян келтіретіні белгілі. Теңіз суларын мұнай қалдықтарымен ластауда негізгі рөлді танкерлер атқарады. Қалдықтар суға кеме резервуарларын жуғанда немесе олар апатқа ұшырағанда қүйылады, әсіресе, ірі танкерлердан күйреуі аса қауіпті. Бұл уақытта суға 200—300 мың тоннадай мұнай өнімдері теңіз суларына ақтарылып, орасан зор алқапқа жайылады. Оның әсері барлық тірі организмдерге бірден қауіпті. Мұнай қалдықтарынан әсіресе құстар ауыр зардап шегеді. Мұнаймен ластанған суға қонғанда, олардың қауырсындары майланып, жылу ұстайтын және су жұқтырмайтын қасиетін жоғалтады.
Осының нәтижесінде тері астына қан үийды да өліп қалады, Судың мұнай мен ластануынан жылына қаншама құстар қырьшатынын есептеп шығу мүмкін емес. Себебі, олардын көбі ашық теңіздердің үстінде қырылып қалады. Мұның қаншалықты қауіпті екенін мынадан көруге болады. Мысалы, 1996 жылы Ньюфаулендте әрбір миль жағалауда 464 каир өліктері табылған. Егер бұл санға осы себептен өлген тағы басқа он бір түрлі құстардың өліктерін қоса есептесе, бұл шама тағы да бірнеше есе өскен болар еді. Осындай жағдай Атлантика мұхтының екі жағалауында жиі кездеседі, себебі оны көптеген құстар қыста қоныс етеді. Теңіз суының мұнай қалдықтарьшен ластануы суда өмір сүретін сүтқоректілерге де үлкен әсср еді. әсіресе, бұл теңіз қамшатының өміріне тікелей қатынасты. Бұл аңның терісі дүние жүзінде жоғары бағаланады. Біздің қазақ жеріңде бұл аң көп мөлшерде кездеседі. Бірақ оны қалай болса, солай аулауға тиым салынған. Су бетін үлпек жұқа көбікшемен жабатын мұнай қалдықтары микроорганизмдер мен кішірек жәндіктердің де тіршілік негізін, күрт өзгертіп жібереді. Олар түгелдей қырылып қалады. Теңіз суының мұнай қалдықтары мен былғануы адамға да тікелей қауіпті. Мысалы, осы уақытта асқа пайдаланылатын устрица және моллюскалар денелеріндс рак ауруын туғызатын бензприн сияқты улы заттар жиналатыны белгілі болып отыр. Бұл заттың моллюскалар денесіне қалай жиналатыны туралы биология ғылымдарында белгілі ғылыми деректер осы күнге дейін жоқ. Бірақ, жорамал ретінде оның моллюскалардың денесіне бензиннің жиналу себебі қоректік заттар арқылы келуі мүмкін. Мысалы, су түбіндегі тұнбада мұнай қалдықтарынан пайда болған көптеген қосылыстар бар екені анықталып отыр. Олармен моллюскалар қоректенуі мүмкін. Мұнай қалдықтарының зиянды әрекеттерін болдырмайтын қандай шаралар бар? 1954 жылы Лондонда кемелерді жуған суды шектелген жерден тыс төгуге тиым салған халықаралық келісім шарт жасалынады. Теңіздегі тіршілік иелерінің байырғы қатынасын сақтаудың басты шарты теңізге ешқандай мұнай жуындыларын төкпеу ғана болуы мүмкін.
Су тіршіліктің қайнар көзі, тіршілік иелері үшін ауа қалай керек болса, су да сол сияқты үлкен маңызға ие. Жердің көп бөлігін су алып жатқандықтан жерді ғаламшардан қарағанда көк болып тұрады.Бұл жерде ғана тіршілік бар деген сөз. Сусыз тіршілік жоқ, егер де адам бір аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады, адам күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді.Су адам бойында қан айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді, әрі өмірге қажетті заттарды жинақтайды.Егер де сен гүлге апталап су құймайтын болсаң, гүл солып өліп қалады, егер де күн сайын бақылап су құятын болсаң, гүл құлпырып өседі.Солай сияқты адам да су ішкен сайын өсіп жетіледі, дамып тіршілік етеді.
Су барлық жерде, адам бойында да жерде де , аспанда да, жер астында да, тіпті жерден тыс күн мен жұлдыздарда болады.Су өзінің қайталанбастығымен, үш күйде болатындығымен, орналасқан жағдайына байланысты формасын өзгертетінмен ерекшеленеді.Су үлкен күшке ие, ол адам баласына орасан зор септігін тигізеді.
Жер бетіндегі кез-келген заттармен су оп-оңай араласып кете алады, бұл оның тез әрекетке түсетінін көрсетеді.Әзірге жер бетінде судан артық ғажап зат табыла қойған жоқ, бұл судың қайталанбастығын көрсетеді. Мыңдаған жылдар өтсе де су әрқашанда өз маңызын жоғалтпайды.Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері суды қажетті мөлшерде ғана керек етеді.Жер бетіндегі әр жерлерде орналасқан сулар көзі бір-бірімен байланыста болады.Олар жаңбыр, қар, сел тасқындары, бұршақ, қырау, өзен, көл, теңіз, мұхит сулары. Жаңбыр аспаннан жауса ол жерге сіңіп жер астындағы сулармен араласып кетуі де мүмкін.Күн ыстық кездерде көл айдындағы сулар буланып көкке көтеріледі, ол да аспанда қалықтап, ауа-райына байланысты су қалпына түсіп, жерге қар, бұршақ, жаңбыр болып оралуы да мүмкін.Осылайша жердегі су саяхаттап жүреді екен.Жер бетіндегі әр затта сәл болсада су мөлшері болады.Кейбір ғалымдар жердің өзі бір кездері судан пайда болған дейді, бірақ бұндай болжамдарға нақты дәлелдемелер табылған жоқ. Бірақ та су расымен бұрында пайда болған.Адам өркениеті үшін су үлкен маңызға ие. Күнделікті өмірде біз суды ауыз суы ретнде пайдалансақ, оны шаруашылықта мысалы құрылыста, химия өнеркісібінде, азық-түлік жасауда, ауыл шаруашылығында кенінен қолданылады.Су балықтар үшін тіршілік мекені, олар суда еріген оттегімен тыныс алады, демек су құрамында ауа еріген күйде бола алады. Ауа мен су бір-бірімен тығыз байланысты, бұл екі зат бірігіп, тіршіліктің басты элементін құрайды.