kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

СТО ТЕХНОЛОГИЯСЫ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? ШЫ?АРМАШЫЛЫ?ЫН ДАМЫТУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сын т?р?ысынан ойлау технологиясыны? жалпы міндеттері:

1. СТО идеялар тексеріліп,ба?алан?анда ж?не дамып ?олданыл?анда іске асады;

2.Есте са?тау,идеяларды т?сіну-ал?ы шарт;

3. Шы?армашылы? пен к?кейкесті ойлау;

4. ?зіндік жеке ойлау,т?уелсіз ойлау,шикізатты ??деу;

5. С?ра?тар шешімін табу,жа?а бір н?рсе тудыру;

6. ?йрету-т?сінуіне к?мектесу;

7. К??ілге ?онымды д?лелге ?мтылу;

8. М?селені шешуді? жолын ?зі іздеп табу;

9. Шешімді негізі бар саналы д?лелдеу;

10. Д?лелдер негізгі болуы шарт;

11. ?леуметті ойлау,таласып о?у,тал?ылап ?арсы шы?у;

12. Еріксіз ойландыратын ?орытынды жауаптар,шы?армашылы??а итермелейді;

Сын т?р?ысынан ойлау технологиясын саба?тарда ?олдану мына кезе?дерден т?рады: 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«СТО ТЕХНОЛОГИЯСЫ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? ШЫ?АРМАШЫЛЫ?ЫН ДАМЫТУ»

Тіркеу түрі:

1.Аты-жөні Мадигулова Перуза Мылтыковна

2.Ғылыми атағы, дәрежесі,лауазымы Бастауыш сынып мұғалімі

3.Мекеме атауы, бөлімшесі «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №3 жалпы білім беру орта мектебі» ММ

4.Мекен-жайы, телефон, E-mail Ақтау қаласы 22 шағынаудан 6 үй 79 пәтер Ұ/т: 87016525229 madigulova@2013mail.ru

5.Мақала атауы « Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту»













СТО ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Мадигулова П.М.

«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №3 жалпы білім беру орта мектебі» ММ

XXI ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Сонымен қатар білім беру жүйесінің алдында да жаңа міндеттер жүктелуде.

« 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар,патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс» - деген, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.[1,3-бет]

Оқытудың жаңа технологиясы -оқыту үдерісін ұйымдастыру,басқару және бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы үлкен ізденімпаздықты, ұйымдастыру-

шылықты,бірізділікті талап етеді. Осыған орай қазіргі кезде оқушының ойлау қабілетін дамытуғаигі ықпал ететін,жаңаша оқытудың бірқатар технологиялары белгілі. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиындықтарды жеңуге,өзмәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін сондай жаңа технологияның бірі- «Ойлау мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту».

Сын тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі.

СТО дегеніміз-не нәрсенің анығына барып,оның себеп салдарына барып анықтау, бағалау одан шығатын салдарына көз жеткізе білу, қорытынды жасау.

Осы орайда америкалық педагог-пихолог Джон Дьюидің айтуы бойынша мәселе- лерге ерекше көңіл аудару оқушының табиғи әуесқойлығын оятып,сын тұрғысынан ой-

лауға итермелейді деген. Демек,СТО технологиясы арқылы оқушының шығармашылық қабілеттерін оқыта отырып дамыта аламыз.

Жазу оқушының оқыған мәтіні туралы өз ойын сыртқа шығару дағдысын дамыту мүмкіндігі ретінде,сондай-ақ оқушылардың қалыптасу үрдісі және дамуының бағалау және мониторинг куәсі ретінде қарастырылады. Топтық жұмыс және ұжымдық қызмет әдістері көбінесе,мәселені іздеу мен зерттеуде дербес дағдыларының ашылуына мүм-кіндік туғызады. [2,8-бет]

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының жалпы міндеттері:

1. СТО идеялар тексеріліп,бағаланғанда және дамып қолданылғанда іске асады;

2 .Есте сақтау,идеяларды түсіну-алғы шарт;

3. Шығармашылық пен көкейкесті ойлау;

4. Өзіндік жеке ойлау,тәуелсіз ойлау,шикізатты өңдеу;

5. Сұрақтар шешімін табу,жаңа бір нәрсе тудыру;

6. Үйрету-түсінуіне көмектесу;

7. Көңілге қонымды дәлелге ұмтылу;

8. Мәселені шешудің жолын өзі іздеп табу;

9. Шешімді негізі бар саналы дәлелдеу;

10. Дәлелдер негізгі болуы шарт;

11. Әлеуметті ойлау,таласып оқу,талқылап қарсы шығу;

12. Еріксіз ойландыратын қорытынды жауаптар,шығармашылыққа итермелейді;

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарда қолдану мына кезеңдерден тұрады: 

  • қызығушылықты ояту;

  • мағынаны ашу;

  • ой толғаныс;

Қызығушылықты ояту

Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату,ояту,ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша шығармашылықпен жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі - INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.

Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.

Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.

Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.

Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.

RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінентұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы стратегияларын қолдану арқылы сабақта жеткен нәтижелерім:

1.  Дәстүрлі сабаққа қарағанда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.

Сабақтың жоспары:

а) Психологиялық дайындық.

ә) Ой ашар.

б) Үй тапсырмасын тексеру.

в) Жаңа сабақ.

І. Қызығушылықты ояту кезеңі:

а) Ой қозғау.

ә) Өзіндік жұмыс.

б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)

ІІ. Мағынаны ашу кезеңі:

а) Топпен жұмыс.

ә)  Бес жолды өлең.

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі:

а) Венн диаграммасы.

ә) Бағалау.

б) Үйге тапсырма.

2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:

-белсенді шығармашылықты дамытуға негіз қаланды:

- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

- бір-біріне құрметпен қарауға;

- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі  қаланды;

- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;    

- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

-өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

-достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;

СТО технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік  лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім. Бастауыш сынып оқушыларының  жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сын тұрғысынан шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:

РАФТ  бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат,хабарландыру,жеделхат,өтініш,бұйрық, жарнама.Оқу- шы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады,қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе  жазуға жетелейді, ресмиісқағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

Жуан-жіңішке сұрақтароқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып,мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар қүрастырады. Бұл дегенңмңз,оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені,оқушы алдымен қатесіз,түсініп оқуға тырысады, қойған сұрақтарына өзі жауап беруге дайын тұрады,басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап,сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп,ең үздік сұрақтарға жоғары баға береді.

Қолжазба күнделігі мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікірін жазады, ендеше оқушының сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.

Семантикалық картаоқушының есте сақтауын дамытады.Сөз таптарына ажырата біледі. Берілген сөздерден сөйлем құрау дағдылары дамиды. Ұлы адамдардың туған жылдарын ұмытпауға көп пайдасы бар. Қысқаша айтқанда сабақты қорытуға тиімді әдіс болып табылады.

Сәйкестендіру - сабақтың өн бойында қолдануға болатын тиімді әдістің бірі.

Көрнекілік арқылы баяндау стратегиясын қолданудаоқушылар берілген сөздер бойынша өлең шығарып,өлең бойынша сурет салып қорғау сынды шығармашылықтары дамиды.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларының қайсысын сабақтарда қолдансаң да оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамиды деген тұжырымға келдім.

Оқушылар шығармашылығынан:

Самғаңдар қанатты достарым,

Табиғаттың бөлшегі құстарым.

Ұя жасап,жем шашып та тосқаным,

Сендерсің қол басындай қонақтарым.

Тірек сөздер арқылы қазақ тілі пәнінен оқушыларымның құраған мына бір мәтінін де айта кетейін.

Жолда келе жатырған Сейіт деген баланы арба соғып, құлатып кетті. Шешесі баласын сынықшы кісіге апарды. Сейіттің шыдамдылығына сынықшы таңғалды. Сонда Сейіт «Анамды аяған соң шыдап жатырмын» - депті.

Қазіргі кездегі білім беру ұйымдарында өткізілетін сабақтың мазмұнына және оқыту процесіне қойылатын талаптар төмендегідей:

  • Сабақ тәрбиеге негізделген болуы керек.

  • Негізгі дидактикалық принциптерден туындайтынталаптарды міндетті орындауға тиіс (ғылым негіздерін меңгеруді,білімнің жүйелілігі мен тұрақтылығын,жеке мүмкіндіктерді есепке алуды,алған білімнің өмірмн байланысын және т.б. қамтамасыз ету)

  • Сабақ жүйесі үнемі оқушылардың білімге оң көзқарасын қалыптастыруға және дағдыландыруға,оларды мамандық таңдауға бағыт беруі тиіс.

  • Сабақ табиғатты аялауға,сүюге тәрбиелеуі тиіс.

  • Шындықты іздеу процесі қатаң негізделген,оқушылар ақыл-ойына сәйкес және мұғалім дәлелдейтіндей болуы қажет.

  • Сарамандық және практикалық жұмыстарға шығармашылық ізденіс элементтері кіруі тиіс.

  • Оқыту процесінде ұқыптылыққа,шыдамдылыққа, мақсатқа жетуге ұмтылуға,өзін ұжымда ұстай білуге және т.б. тәрбиелеу керек. [3,51-бет]

Қорыта айтқанда оқыту мен оқу үрдісіндегі басты мақсат аталған талаптарды орындай отырып,жаңа технологияларды сабақтарда қолданып, жан-жақты,білімді,өмір сүруге бейім,қиындыққа мойымайтын, өзіндік ой-пікірі бар,бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастырып,дамыту. Демек білімдендірудің ошағы – мектепте екенін мұғалімдер қауымы жақсы түсінеді.

«Жай мұғалім – хабарлайды,

Жақсы мұғалім – түсіндіреді.

Керемет мұғалім – көрсетеді,

Ұлы мұғалім-шабыттандырады»-деген Уильям Уордтыңсөзіменаяқтаймын.                    















Пайдаланған әдебиеттер:


1. Жаңаша оқытудың жаңа мазмұны 2012ж.

2. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде 2011ж. С.Мирсейтова.

3. Қазіргі білім берудегі техникалар мен технологиялар Қ.А.Қараев.




























 



8



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
СТО ТЕХНОЛОГИЯСЫ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? ШЫ?АРМАШЫЛЫ?ЫН ДАМЫТУ

Автор: Мадигулова Перуза

Дата: 09.02.2016

Номер свидетельства: 290807


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства