kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Статья Дауыссыз дыбыстар

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушы белсенділігін арттыру ?шін ?олданылатын Блум таксаномиясыны? жеті модуліні? ?аза? тілі саба?ында ?тымды ?йлесуі жайлы ке? то?талдым.М??алімдерге к?рсету ?шін 6-сыныпта ?ткен "?осарлама ?ос с?здер" та?ырыбын та?дап алдым.Жа?аша саба? беру барысында о?ушыларды? жа?а білімді ?здігінен ме?геріп,т?сінуі ?лкен жетістік.Ал м??алім болса,о?ушы ?ызы?ушылы?ын оятып, жа?а білім алу?а о?ушыны жетелей білу керектігі ке?інен тал?ыланды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«статья Дауыссыз дыбыстар »

Қазақ тілі: озық тәжірибе,ортақ әдіс

Ералина Сәуле Нұрғалиқызы

Лекер жалпы негізгі білім беру мектебі

КММ-ң қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі. Павлодар облысы, Баянауыл

ауданы, Лекер ауылы


«Дауыссыз дыбыстардың түрлері»

(5-сынып)



Сабақтың мақсаты.

Білімділік: -бұрынғы өтілген материалдармен сабақты

байланыстыру;

-дауыссыз дыбыстардың жасалу ерекшелігін білу;

-олардың салдыр мен үннің қатысына қарай бөлінуін меңгеру.

Дамытушылық: -логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

-дұрыс,анық сөйлеуге жаттықтыру;

-тапқырлық, ізденімпаздық сынды қасиеттерге жетелеу.

Тәрбиелік: - мәтін(261-жаттығу) арқылы жақсылыққа,ізгілікке

тәрбиелеу,тіл құдыретін сезіне білуге ,сөз мағынасын

келістіре отырып,оларды дұрыс қолданып,,дәл түсінуге

тәрбиелеу;

  • жеті атсын білуге жетелеу.



Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту сабағы,жеті ата ауылына саяхат сабағы

Сабақтың әдісі: «Біліміңді байқап көр»стратегиясы, сұрақ-жауап ,

оқу материалын өзі түсіну , семантикалық картамен жұмыс,адасқан әріпті орнына қойдыру,талдау, «жеті ата» арқылысабақ кезеңдерін нақтылап отыру, «венн диаграммасы» арқылы сабақты қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі:дауыссыз дыбыстарға тірек-сызба,семантикалық карта, «адасқан әріпті орнына қой» атты парақшалар



Сабақтың барысы:


I Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу,сабақтың басында «Шаттық шеңбері» арқылы жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Біз қазір «Ата ауылындамыз»

II. Үй тапсырмасы тексеріледі. 249-жаттығудан керекті сөздер алынып,олардың дауысты дыбыстарына мінездеме беру (дәрігер,болып,үстіне....»

«Ата ауылында» жүргенімізде өзіміздің білімімізді «Біліміңді байқап көр»

айдарымен берілген сұрақтарға жауап беріп көрелік

III .Қайталау

Бағалау парақшасын тарату,бағалау критерийлерін түсіндіру

-Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала /фонетика/

-Әріп деген не? /дыбыстың жазбаша таңбасы/

- Әріптердің белгілі бір тәртіппен орналасуын не деп атаймыз? /әліпби/

-Әліпби атауы қалай пайда болған?

-Қазақ халқының алғашқы әліпбиі қай тілде болды?

-Онан соң қай тілде әліпби қабылданды?

-Одан кейінгі әліпби туралы не білесің?

-Орыстарда неше әріп ?

-Қазақ әліпбиінде неше әріп ?

-Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?

-Қазақ тілінің дауысты дыбыстары қалай бөлінеді ? /тіл,жақ,еріннің қатысына қарай/

IV .Жаңа сабақты түсінубөлімі

-Ал енді, балалар, сөздер тек қана дауысты дыбыстардан тұрады ма ?

-Жоқ, тілде дауыссыз дыбыстар да керек.

-Ендеше,бүгінгі сабақтың тақырыбы:


«Дауыссыз дыбыстардың түрлері»


Сабақтың мақсаты: қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың жасалу ерекшелігін білу

Енді біз « Әке ауылындамыз»

Мұғалім сұрағы:

-Жалпы, дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың адамның дыбысталу мүшелерінен шыққан кезде өзіндік ерекшеліктері бар.Ол қандай ерекшелік ?

Оқушылар жауабы:

-Дауыстыларды жасаған кезде өкпеден шыққан ауа еш кедергісіз ауыз қуысынан сыртқа шығады. Ал дауыссыз дыбыстарды жасаған кезде өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,сөйлеу мүшелеріне соқтығысып,соның нәтижесінде түрлі салдырлар пайда болады,сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды,немесе өте аз болады

- міне, сол салдыр мен үннің қатысына қарай дауыссыз дыбыстар:

Қатаң (к,қ,т,с,ш,щ,п,ф,х,ц,ч) тек салдырдан

Ұяң (б,в,г,ғ,д,з,ж,һ) үн+салдыр бар,бірақ салдыры басым

Үнді (р,л,м,н,ң,й,у-тау) үн+ салдыр бар, бірақ

үн басым

Болып үшке бөлінеді.

V Бекіту

Сонымен ,біз жылжып отырып «Бала ауылына да» келдік

Жаттығулармен жұмыс 261-жаттығу 112 бет

1.Түсініп оқу /мұғалім оқиды/

2.Ақыл мен ғылымның не дегенін түсінуге тырысайық

3.Әр оқушыға бөліп беру,көшіріп жазу

Қатаңды бір сызық

Ұяңды екі сызық

Үндіні ирек сызықпен сызыу /осы кезде бағалау парағына баға қою/


Тексеру,қорытындылау



VI «Немере ауылының» тапсырмасын түсініп ал

Семантикалық картамен жұмыс:

(1-ші топқа берілген сөздер- ақыл,дүние,ахиретке)

(2-ші топқа берілетін сөздер-ғылым,сонда)

/Тексеру,қорытындылау бағалау парағына баға қою/


VII . «Шөбере ауылына» ат басын тірейік.Бұл ауыл бізге топпен жасайтын тапсырма беріп тұр.Ол «Кім жылдам?» ойыны

1-ші топқа тапсырма мынадай:маған қазір қатаң дауыссыздан басталатын сөздер ойлау керек

1-ші топ қатаң дыбыстан басталатын қазақтың музыка аспаптарын ата (қобыз,сыбызғы,сазсырнай,тастауық)

2-ші топ қатаңнан басталатын қазақтың ұлттық киімдерін атаңдар (камзол,кимешек,тон,тақия)

Енді «Шөпшек ауылы» «Талдай білген, ұтады»

Қобыз камзол сөздеріне дыбыстық талдау жасау

Қобыз Камзол

Қ-д/сыз,қатаң К-д/сыз,қатаң

О-д/ты,жуан,ашық,еріндік А-д/ты,жуан,ашық,езулік

Б-д/сыз,ұяң М-д/сыз,үнді

Ы-д/ты,жуан,қысаң,езулік З-д/сыз,ұяң

З-д/сыз,ұяң О-д/ты,жуан,ашық,еріндік

Л-д/сыз,үнді

/тексеру, бағалау парағын толтыру/

VIII «Немене ауылы» Венн диаграммасы арқылы жаңа сабақты қорытындылаймыз


Дауысты дыбыстар:


Тіл,жақ,ерін қатысы арқылы жасалады


Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай жасалады


Ал ортақ жері: екеуі де дыбыс,дыбысталу мүшелері арқылы жасалады


IX.Үйге тапсырма :262-жаттығу-жұмбақтарды шешуі болған дыбыстарға сипаттама беружәне өз шамаларыңа қарай осы сынды жұмбақтар шығаруға тырыс


X Тест


1.Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстар түрін көрсет

А/ қысаң

В/ үнді

Д/ қатаң

С/ ұяң

Е/ жуан


2.Жіңішке дауысты дыбыстар

А/ а,о,ы,е

В/ ә,ө,е,

Д/ д,з,б,в,

С/ ж,з,к,л

Е/ б,в,ш,щ


3.Үнді дауыссыз дыбыстарын көрсет

А/р,л,м,н

В/б,ж,з,к

Д/в,п,ж,ш

С/ц,щ,с,т

Е/п,д,ф,к



4.Дыбыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы

А/лексика

В/сөз мағынасы

Д/синонимдер

С/фонетика

Е/антонимдер





Ұяң дауыссыз дыбыстарын көрсет

А/л,м,н,ң

В/а,у,е,и

Д/с,т,к,п

С/ф,ш,щ,ч

Е/б,в,г,ғ

10. Бағалау парағының қорытындысын шығару, оқушылардың сабаққа қатынасу ерекшеліктеріне тоқталу, талдау.

11.Сабақты «Өрмекшінің өрмегі» әдісі арқылы қорытындылау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
статья Дауыссыз дыбыстар

Автор: Ералина С?уле Нургалиевна

Дата: 18.04.2015

Номер свидетельства: 202800

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Творческий отчёт - самоанализ"
    ["seo_title"] => string(29) "tvorchieskiiotchiotsamoanaliz"
    ["file_id"] => string(6) "306095"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458052754"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства