Шеберлік сабағының тақырыбы: | «Мұғалімнің дарынды және талантты балалармен жұмыс жүйесі» |
Мақсаты: | Мектеп мұғалімдерінің дарынды және талантты балалармен жұмысында жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолданулары, бала дарындылығы мен талантының ашылуы мен дамуына ықпал жасауы бойынша кәсіби деңгейлерін көтеру және оларды мақсатқа бағытталған ұйымдастыру жұмыстарына баулу. |
Қатысатындар: | Пушкин атындағы негізгі мектебінің мұғалімдері |
Күтілетін нәтиже: | Мұғалімдер: 1.Талантты және дарынды балаларды оқытудағы заманауи оқытудың талаптарын түсінеді; 2.«Дарынды» бала ұғымы туралы қатысушылардың білімдері кеңейеді. 3.Қатысушылар тақырып бойынша бірін-бірі түсіндіруге, өзгеге көмек беруге дайын болады. |
Негізгі (түйінді) идеялар: | Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие: олардың кейбірі, мәселен,ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алуы мүмкін, ал кейбіреулеріөнерде немесе поэзияда, қоғамдық көшбасшылықта көрінер. Қазіргі уақытта дарынды және талантты оқушыларды олардың тек жоғары зиятының болуымен ғана анықтамайды. Дарындылық пен таланттың тұжырымдамасына қатысты қағидаттар жүйесіне кең ауқымды жалпы зияткерлік, академиялық қабілеттерді, шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерді, жеке мүмкіншіліктері мен өнердегі визуалдық және орындаушылық қабілеттерді жатқызуға болады. |
Барысы | Іс- әрекет | Жауапты | Уақыты |
Шаттық шеңбері Топқа бөлу | Жіп лақтыру арқылы бір-біріне тілек айтады Мұғалімдердің бойларына, еңбек өтіліне, бала санына, жас ерекшеліктеріне байланысты топтастыра отырып, «Джик-со» әдісімен 1,2 реттік санау бойынша екі топқа бөлу. 1- слайд | Алпысбаева Галия Клишевна | 4 мин
5 минут |
Ой қозғау | Дарынды балалар туралы фильм қарайды Бейнероликті қарағаннан кейін әріптестер сыни тұрғыдан ойланып, шеберлік сабағының тақырыбын ашады.1-4 слайдтар | 3 мин |
Постер жасау, қорғау,смайликтер арқылы бағалау. | 1 топ:“Дарын”,”Дарындылық” , ”Талантты бала” 2 топ: Дарынды және талантты баланың бейнесі 3 топ: Дарынды және талантты баланы анықтау 4 топ:Дарынды және талантты балалармен жұмыс түрлері. деген ұғымдарға қандай түсінік бере аласыздар? 5 слайд | 12 мин |
Теориямен жұмыс | Әріптестерге бейнеролик арқылы тақырыпқа түсініктеме беру |
| 5 мин |
Аппликациямен жұмыс, яғни топтық жұмыс, Қолмен, дыбыс шығару арқылы бағалау. | Дарынды оқушы және орта 7-8 слайдтар | 5 мин |
Сергіту сәті Қайта топқа бөлу | Мұғалімдердің шаршауын болдырмау, әрі қарай жұмысты жалғастыруға дайындық. «Мотростар ойыны» арқылы 9 слайд | Касымбекова Арайлым Исановна
| 6 мин |
Миға шабуыл Кестелер тарату,слайд арқылы таныстырылым, дарынды тұлғаларды зият қырлары бойынша сәйкестендіру, шапалақ әдісі арқылы бағалау. | Зияттың қырларын анықтау: 1. Логикалық-математикалық 2. Лингвистикалық 3. Кинестетикалық 4. Кеңістіктік 5. Музыкалық 6. Тұлғааралық 7. Тереңдетілген 8. Табиғи 10-11-12 слайдтар | 15 мин |
Таныстырылым, Жеке -дара жұмыс | Дарындылықтың түрлерін ажырата білу, сауалнамаға жауап беру 13-14-15 слайдтар | 5 мин |
Бекіту | Дарынды және талантты балалардың ерекшеліктері, дарынды және талантты балаға педагогикалық қызмет көрсетудегі моделі, дарындылық пен таланттылықтың параметрлері, дарынды және талантты балаларды айқындау мен дамытудың тиімді жолдары туралы слайдтар көрсету 16-19 слайдтар | 15 мин |
Релаксация | Өмір жайлы шындық 20 слайд | 7 мин |
Рефлексия: | 1. Шығыс сауалнамасы 2. Тілек ағашына өз тілектерін стикер арқылы жапсыру | | 8 мин |
Ресурстар: | Маркер, түсті қағаз, желім,стикер, тақта Мұғалімге арналған нұсқаулық үлестірмелі материалдар бейнесюжеттер |
Келесі тапсырмалар: | Алынған ақпаратты қажеттілігіне қарай пайдалану |
Келесі (қосымша) оқу: | Ақпарат көздерінен қосымша материалдарды жинақтау. |
Дереккөздер | МАН 1 деңгей |