kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шебер-класс "Кейс технологиясы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кейс-стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі (метод конкретных учебных ситуаций)XXғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған.Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғылым Коплендтің еңбектерінде пайдалынылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шебер-класс "Кейс технологиясы"»

Кейс технологиясы

Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.

Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т. Б. Салаларда жемісті қолданылуда. Қазір кейс-стади амал-тәсілін педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін: Л. Барис, В.А. Ясвин, К. Кристенсен, Э.хансен, М.В. Коротков, М.В. Кларин, А.И.Наумова, А.М.Зобина, М.С.Керимбаева, В.А.Канн-калик, Н.Д.Никандров, Б.Н.Киселева, И.В. Липсина, Г.А.Полонский, Д.Экинсон, И.Уилсондар қарастыруда.

Кейс амал-тәсілінде басты назар оқушылардың ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т. б. Шәкірттің жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.

Демек, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.

Кейс амал-тәсілдерін пайдалануда мына мәселелер:

  1. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын жетілдіруге алдын-ала дайындалған мәтіндер не тапсырмалар беру;

  2. Микротоптардың басшыларымен өздерінің ойларын бөлісу,бірге талдау, басшының оқушылар түсінбегенде микросабақтар өту;

  3. Сыныптың бірнеше микротоптарға бөлінуі;

  4. Әрбір топтың өзінің басшысы болуы;

  5. Мұғалім бағыт-бағдар беруші, бақылаушы рөлінде ойнауы ескеріледі. Сонымен қатар кейстік амал-тәсілде жағдаяттарға байланысты мынадай бес түрлі пікірсайыс ұйымдастырылды:

  1. Мұғалім оқушыға қарсы сұрақ береді.

  2. Мұғалім-оқушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды.

  3. Оқушы-оқушы рольдік ойындар да қолданылады.

  4. Мұғалім оқушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды.

  5. Оқушы-оқушы пікірталасады.

Кейс бірыңғай ақпараттық кешен болғандықтан, ол үш түрлі бөлімнен тұрады:

  1. кейс дайындау бөлімі

  2. нақты жағдаяттар бөлімі

  3. кейске кіретін қосымша тапсырмалар.

Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс мынадай кезеңдер бойынша дайындалды.

1-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың мақсатын айқындау.

2-кезең. Кейсті түзуге материалдар жинау. Сыныптағы оқушылар саны және олардың қазақ тілі пәнінен білім деңгейлері мен сөздік қорының көрсеткіші;

3-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды жинақтау;

4-кезең. Сабақтың қай кезеңінде кіргізуге болатынын болжау;

5-кезең. Оқушылардың күтілетін нәтижені болжау;

6-кезең. Нәтижеге қол жеткізу үшін кейсте кемшіліктерді жою.

7-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды қазақ тілі сабағына енгізу.

Кейс амал-тәсілдері қолданылған сабақтарда сыныпты төрт адамнан тұратын микротоптарға бөлдік. Олар:

1.Сарапшы – әрбір топтың өзінің сарапшысы болады. Сарапшының міндет микротоптарға қатысып отырған оқушылардың жауаптарын қорытындылау. Керек болса, микросабақтар өту. Оқушылар жауаптарының дұрыстығы не бұрыстығы сарапшыға тексертеді.

2.Жол сілтеуші – бұл-тапсырманы басқалардан ерте шығаратын, әдетте жақсы оқитын оқушы. Ол оқушылар жауап таба алмай жатқанда, дұрыс жолды айтады.

3.Баяндаушы – бұл тапсырмада берілген мәтін не басқа жағдаяттарға еніп, басқа оқушыларға түсіндіреді. Өзі ойнап тұрған образдың жүрісін, қимылын, ым-ишрасын айнытпай салу арқылы дұрыс жолды сілтейді. Мысалы, доп жайлы жұмбақ жасырылғанда, доптың келбетін салу керек.

4.Қарсы сұрақ қоюшы – бір оқушы басқа оқушылардың айтқан пікірлеріне келіспей әдейі сұрақ қояды. Бұл сұрақтарға басқа оқушылар жауап берулері қажет.Бұл оларды өз пікірлерін басқа біреуге дәлелдеуге үйретеді. Кейс сабақтарында берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыруға, олардың диалогттік және монологтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Оқушыларға тәрбиелік мағынасы жоғары ұлттық педагогика элементтері бар шешендік сөздер, мақал-мәтелдер үйретілді. Кейс технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы мұнда оқушы – өздігінен ізденетін, алдарында тұрған проблеманы шешетін субъект. Мұғалім сабақта тек бағыт-бағдар беруші қызметін атқарады. Кейс технологиясында оқушылар санына қарай бірнеше микротоптарға бөлінеді. Әрбір топ проблеманы шешуде өзінің пікірін дәлелдейді

1 – үлгі-сабақ.

1)презентация – мұғалім оқушылардың барлығына бірдей сабақтың мақсатына қарай белгілі бір проблема қояды. Осы проблеманы түсіндіреді.

2) Ұстанымы – оқушылар мұғалім түсіндірген проблема бойынша өз пікрлерін дәптерлеріне жазады. Әрбір оқушы өз идеяларын жеке жазып, басқа оқушылардан көшірмейді. Оқушылардың жазған ұстанымдары кейінірек проблеманы топ болып талқылағанда қажет болады.

3) Проблеманы талқылау – оқушылар проблеманы топ ішінде талқылап, дұрыс шешім шығарады. Топ ішінде оқушылар бір-біріне үйретеді, үйренеді.

4) шешім шығару – топ ішінде қабылданған шешімді басқа топтарға айтып, өзінің пікірін дәлелдеу. Басқа топтарда айтылған пікірге өз көзқарастарын білдіреді. Мысалы, мұғалім оқушыларға мынадай мазмұнда мәтінді тақтаға жазады:

«Бұлақ»

Біздің ауылдың маңында бұлақ ағып жатыр. Бұлақтың суы лас,лай. Бұлақ бірнеше жылдан бері қараусыз қалған. Жан-жағына шөптер өсіп кеткен. Бұлақтың суын ауыл тұрғындары пайдаланбайды.

Мұғалім мәтінді оқып, оқушыларға мынадай проблеманы шешуді ұсынды.

Шешілетін проблема: Бұлақтың суы қандай болуы керек.

Оқушылар проблеманы шешуге топ болып кірісті. Әрбір топ өздерінің көзқарастырын ортаға салды.

Бірінші топтың оқушылары мынадай мазмұнда мәтін құрастырды:

Біздің ауылдың маңында бұлақ бар. Бұлақтың суы мөлдір, таза болуы керек. Ауыл адамдары бұлақты үнемі күтіп, таза ұстайды.

Екінші топтың оқушылары: Бұлақты үнемі тазалау қажет. Сонда оның суы таза болады. Бұлақтың суымен адамдар шөлін қандырады.

Үшінші топтың оқушылары: Бұлақ көрсең – көзін аш деген бар. Балалар, үлкендер үнемі бұлақты тазалап ұстауы керек. Бұлақтың суы қыста жылы, жазда салқын болады.

Кейс технологиясының ұтымдылығы төмендегідей:

  • Балалар өзара пікірталастыруға, өзінің пікірін дәлелді құруға дағдыланды;

  • Топ ішінде белсенді тілдік қатынас орнады;

  • Проблеманы өздігінен шешуге ұмтылды, шығармашылық жұмыстарды орындауға үйренді;

  • Тапсырмада берілген сұрақтарға жауап іздеп, өзіндік пікір айтуға дағдыланды;

  • Ауызша сөйлеу дағдылары жетіліп, мәтін құрастыру біліктері дамыды.

2-үлгі-сабақ,

Сабақ тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ауызша сөйлеуге дағдыландыру.

Ертегі кейіпкерлерінің жағымды және жағымсыз әрекеттерін талдауға үйрету.

Көрнекілігі: жануарлардың суреттері, алмалар, шарлар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушыларға мәтінді оқып беру

«Үндемес ит»

Ерте заманда үй жануарлары түйе, қой, сиыр, жылқы, ит – бәрі бас қосыпты. Түйе тұрып мақтаныпты.

Менің адам баласына пайдам шаш етектен! Көшсе көлікпін. Сүтімнен шұбат жасап ішеді. Жүнімнен неше түрлі киім киеді.

Қой, сиыр, жылқылар да өз қасиеттерін айтып асып-тасады. Бәрі де өстіп шалқып отырғанда, ит тырс етіп үндемей, қалғып-мүлгіп отыра береді. Сонда түйе:

  • Әй, салпақ құлақ! Неғып аузыңа құм құйылып қалды Ауыз толтырып айтар ештемең жоқ-ау, сірә,- дейді. Сол кезде бұл әңгімені қожайындары тыңдап тұрып:

  • Бұл ит сендерді күзетпесе, қасқыр бәріңнің түбіңе жетер еді, - депті.

(«Балдырғаннан»)

Бұл мәтінді оқып берген соң, оқушыларды рольге бөліп, бірін сиыр, бірін түйе, бірін жылқы, бірін қой, бірін ит етіп сөйлетеміз.

Баяндаушы. Өздеріңнің жақсы пайдалы жақтарыңды айтыңдар.

Сиырдың сүт беретінін, одан айран, құрт, ірімшік жасайтынын, түйенің шұбатын, жүнін т. б. пайдалы жақтарын айтады

Қарсы сұрақ қоюшы: Енді кемшіліктеріңді айтыңдар.

Балалар суда жүзе алмайтынын, аспанда ұша алмайтындарын т. б. кемшіліктерін айтады.

Дәлелдеуші: Оларға аспанда ұшудың, суда жүзудің керегі жоқ екендігін түсіндіреді.

Сарапшы: үй жануарларының барлығының да пайдалы екендігін айтады.

1-тапсырма. Жануарлардың төлдерін ата, қандай жануар өзіңе көбірек ұнайды деген сұраулар мен тапсырмалар беру арқылы сабақты қорытындылау.

Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Кейс сабақтарында алдын-ала дайындалып қойылған тапсырма бойынша

Жұмыс істелді. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне қарай және игерген білімдеріне қарай проблемалық сипатта тапсырма берілді. Сыныпта қанша топ болса да, барлығына бірдей тапсырма беріліп, әрбір топ проблеманы өздерінің білімдері мен ерекшеліктеріне қарай жан-жақты, әр қырынан немесе барлығы бір ғана қырынан зерттейді.Әрбір топтың өзінің сарапшысы болады. Ол сарапшы микротоптың жауаптарына талдау жасайды, бағалайды, қажет кезінде өзінің тобындағы үлгерімі нашар оқушыларға сабақ үйретеді.Кейс амал-тәсілін қолданғанда, бағыт-бағдар беруші сонымен қатар талап қорытынды сөз сөйлеуші қызметін атқарады.Кейстік амал-тәсілде, әрбір топ өзінің шығарған шешімдерін басқа топтардың алдында дәлелдейді. Дәлелдеуге барлық оқушы қатысуға рұқсат беріледі.

Мысалы, оқушыларға мына тектес мәтін берілді.

Тапсырмалар

  1. Мәтінді оқып шығыңдар, мәтін туралы түсініктеріңді жазыңдар.

  2. Мәтіннен дауысты және дауыссыз дыбыстарды тауып астын сызыңдар,

Дауысты дыбыстардың астын ірі сызықпен, дауыссыздардың астын екі сызықпен сызыңдар.

  1. Әдеп туралы өзің не айтар едің

Әдеп.

Бір жұрттың үлкен әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем береді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре одан да төменірек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай:

  • Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп сұрады дейді.

Сонда әкім:

  • Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып қалайын ба? – дейді.

Тапсырмалар.

  1. Мәтіндегі диалогті монологқа ауыстырыңдар.

  2. Мәтіннен әдептілік туралы өздеріңе ұнаған үзіндіні жазылған жерін тауып белгілеңдер.

  3. Мәтіннің мағынасын қандай мақал-мәтелдермен бересіңдер.

Мейірімді қыз

Көше бойында бір қуыршақ жатыр. Басына, тақия, үстіне ақ көйлек кигізіп үлбіретіп қойған. «Дәуде болса, бір бала ұмытып кеткен-ау» деп жан-жағыма қарай бергенім сол еді, оң қапталымдағы қызыл қақпадан төрт- бес жасар қыз бала шыға келді. Мен қуыршақты алып, соған қарай жүрдім. Жақындай бергенімде қыз бала:

  • Жөндеп көтермейсіз бе, бір жерін сындырасыз ғой, - деді кейіп.

Қарасам, қуыршақтың қолынан, салбырата ұстап келеді екен. «Жаны ашып кетті ғой, қандай мейірімді қыз»,- деп ойладым ішімнен.:

Әрбір топ сабақ соңында өз ойларын ортаға салды, сабақтың соңында тапсырманы қорытындылап, балалар бағаланды.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін, бастауыш мектеп оқушыларында қалыптасқан дағдылар мен біліктер төмендегідей:

  1. Оқушылар сабақта тілдік материалды меңгерді.

  2. Оқушылар бірін-бірі үйретті.

  3. Оқушыларда топтық оқу дағдылары қалыптасты.

  4. Оқушылар басқа адамның айтқан пікірін құрметтеуге дағдыланды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Шебер-класс "Кейс технологиясы"

Автор: Бузаева Бактла Жолдагалиевна

Дата: 22.02.2017

Номер свидетельства: 394731


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства