kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ша?ын жина?тал?ан мектептердегі о?ыту м?селесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

       ?азіргі уа?ытта, я?ни а?паратты? технология заманында, жалпы білім беретін мектепті? т?ріне, типіне, тіпті орналас?ан жеріне де ?арамастан білім беруді? сапасын одан ?рі жетілдіру басты, ?рі ма?ызды м?селе болып отыр?азіргі та?да республикамызды? т?пкір-т?пкірінде орналас?ан ша?ын елді-мекендердегі мектептерді? басым к?пшілігі – ша?ын жина?ты мектептер. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ша?ын жина?тал?ан мектептердегі о?ыту м?селесі»



ГУ «Алтынсаринская основная школа»









Статья к публикации республиканской научно-практической конференции «Алтынсаринские чтения- 2014»

на тему «Методологические и методические проблемы современного обучения в малокомплектной школе».





Шағын жинақталған мектептердегі оқыту мәселесі



Зам.директора по УВР: Тулегенова Г.К.







2014г







Қазіргі уақытта, яғни ақпараттық технология заманында, жалпы білім беретін мектептің түріне, типіне, тіпті орналасқан жеріне де қарамастан білім берудің сапасын одан әрі жетілдіру басты, әрі маңызды мәселе болып отыр. Қалалық жердегі бала саны көп және ауылдық жерлердегі бала саны салыстыруға да келмейтін шағын жинақталған жалпы білім беретін мектептердің алдына қойған талап та, мақсат та бір.

Қазіргі таңда республикамыздың түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-мекендердегі мектептердің басым көпшілігі – шағын жинақты мектептер. Мұндай мектептер саны тәуелсіздік алған жылдардан кейін жыл сайын өсіп келе жатқаны белгілі. Себебі ауыл халқының тіршілік қамымен қалаға қоныс аударуы көбейген сайын, елді-мекендерде тұрғындардың саны азаюымен, оқушы саны да кеміп келе жатыр.

Егемен  еліміздің  парасатты  азаматын  қалыптастыруда  шағын жинақталған  мектебінің  де  қосар  үлесі  мол. Өркениетті  елдер  деңгейіндегі  білім  беру, ойлауы  қабілетті, рухани  байлығы  жоғары,  мәдениетті, бүгінгі  күн  талабына  сай  іскерлігі  мен  біліктілігі  жоғары  деңгейдегі  азаматты  тәрбиелеу  мұғалімдердің  басты  мақсаты  болып  табылады. Шағын  жинақталған  мектептің  беделін  көтеру, педагог  мамандарды  бүгінгі  өмірге  бейімді  және  жаңа  талапқа  сай  деңгейде  даярлау,сонымен  бірге  мұндай  мектептің  жұмысын  жақсарту, оқу-тәрбие  сапасын  көтеру -  әлеуметтік-экономикалық  әрі  педагогикалық  мәселе  болып  табылады. Оқушылардың  сапалы білім алуына  мұғалімдердің  білімділік және кәсіби шеберілігін  қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан - жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет.

Шағын жинақты  мектеп  дегеніміз балалардың  саны  аз, оқу-тәрбие процесін  ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан  тұратын жалпы білім беретін мектеп.

Шағын  жинақталған мектептің  ерекшелігі – мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Осы орайда шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы сабақты тиімді ұйымдастыруда бірдей жастағы немесе білім саласы бойынша пәнаралық байланыстары бар пәндерді біріктірген тиімді. Мұндай ұстаным балалардың ерекшелігіне сай әртүрлі жастағы ұжымда бейімделуіне мүмкіндік береді.

Шағын  жинақталған  мектептердің  ерекшелігіне  тоқталар  болсақ:

1.Екі  сыныптың   оқу  бағдарламаларын  сәйкестендіру.

2.Екі  сыныптың  оқу  сағаттары, жүктемелерін  сәйкестендіру.

3.Пән  бойынша  оқу  мазмұнының, бөлімдер  мен  тақырыптардың  сәйкес  келуі.

4.Жылдық  күнтізбелік  оқу  жоспарының  сәйкестігі.

5.Күнделікті  оқу  жоспарының  сәйкес  келуі  сияқты  жұмыстарды  пән  мұғалімі  алдын  ала  нақты  жоспарлап  жасау  керек.

Мысал  ретінде  2  сынып  пен  4 сынып  алатын  болсақ,  оларды  сәйкестендіретін  төмендегі  оқу  құжаттары  жатады:  

-Бағдарламалар;

-Сағат  саны;

-Күнтізбелік  жоспарлар;

-Тақырыптар;

-Күнделікті  сабақ  жоспарлары.

Осыған дейін де, қазір де ауылдың шағын мектептері оқу-тәрбие үрдісін іске асыруда күрделі мәселелерге, қиыншылықтарға тап болып отырғаны ешкімге де құпия емес. Әсіресе оқу үрдісіне байланысты шешілмеген, ғылыми жүйелендірілмеген мәселелер толып жатыр. Атап айтсақ, оқу бағдарламасын қазіргі заман талаптарына сай іске асыру.

Алдымен шағын жинақталған мектептердің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталайық:

Бала санының аздығына байланысты жастары сәйкес емес екі түрлі сынып біріктіріледі.

·        Мұғалім 45 минут берілген бір сабақта екі түрлі сыныпқа екі түрлі тақырыпты қамтитын дәріс беруі керек

·         Сабақтың құрылымы өзгертіледі.

  • Материалдық-техникалық базасы нашар.

  • Арнайы жабдықталған пәндік кабинеттер, зертханалар жоқ. Көрнекі құралдар ескірген.

  • Интернет желісі қосылмаған.

  • Кітап қоры аз.

  • Кадр тапшы.

  • Бір пәннің мұғалімі бірнеше пәннен сабақ береді.

  • Бала саны аз болғандықтан сыныптар топтастырылып сабақ өтетіндігін ескерсек, оқушының бағдарламаны толық игеріп, жан-жақты білім алуы мүлде мүмкін емес

 Аталмыш мәселелер оқушылардың білімді қабылдауына біршама нұқсан келтіреді. Оның себебі бар:

Біріншіден, жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылардың даму ерекшеліктері, мінез-құлықтарының қалыптасу мерзімі ескерілмейді. Бір сыныптың оқушылары өте белсенді, өздігінен жұмыс жасаулары қиындық тудыратын болса, келесі сыныптың оқушылары тым селсоқ, немесе ұяң. Мұндай балалар белгілі бір уақыт аралығында үнемі жеке жұмысты қажет етеді. Кейде жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде түрлі сауалдармен кедергі келтіруі мүмкін.

Екіншіден, назары ауып, көңілдерінің бөлінуі. Бір сынып бөлмесінде отырғандықтан, жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде өзіндік тапсырма алып, жұмыс жасап отырған басқа сынып оқушысының еріксіз көңілі бөлініп, назары басқаға ауады. Мұғалім тақта алдында, бар сыныптың назарын өзіне 

аударатындай қалыпта дауыстап жаңа тақырыптың мазмұнын ашу кезінде қайтіп сыныпта отырған балалардың назары аумайды? Нәтижесінде бала ойын жүйеге келтіре алмай қиналуы мүмкін.

Үшіншіден, үлгерімі төмен оқушылар мұғалім назарынан тыс қалуы ықтимал. Өйткені екі түрлі сыныпқа, екі түрлі тақырып бойынша сабақ беріп тұрған мұғалімнің уақыты шектеулі, ол үй жұмысын тексеріп, оқушының өткен тақырып бойынша нені ұғып, нені ұқпағанын біліп, көмек көрсетіп, жаңа тақырып түсіндіріп, бекіту жұмыстарын өткізіп, бағалап, үй жұмысын түсіндіріп үлгеруі керек емес пе!

Төртіншіден, психологиялық, эмоционалдық қиыншылық. Бір сабаққа 

біріктірілген екі сыныпта бір үйдің екі баласы оқуы мүмкін. Мұндай жағдайда балалардың бірі психологиялық күйзеліске түсу қаупі бар:  нашар оқитын бауырының кемшіліктері, қателері үшін ұялып, үнемі қорқыныш үстінде отыруы мүмкін. Мұндай жағдайда бала өзге түгіл өзінің не оқып, не қойғанын білмей қалары сөзсіз.

Бесіншіден, әртүрлі жастағы екі түрлі сынып-кешендерде жеке пәндерді оқытудың арнайы әдістемесі жоқ және сынып-кешендерде жұмыс істей алатын педагогикалық мамандардың сандық-сапалық тұрғыдан қамтамасыз етілмеген. 

Бір сөзбен айтқанда ауыл мектебі оқушыларының оқуын одан әрі жалғастыруға қажетті кәсіптік бағдарланған білім алу қиынға түсуде. Осыған байланысты шағын жинақталған ауыл мектептерінде оқушы саны аз сыныптарды оқыту үрдісі туралы педагогика-психологиялық зерттеулер, ғылыми тұжырымдамалар қажеттігі туындап отыр. Сонымен қатар осындай сыныптарда жаңа педагогикалық технологияларды, өзге елдің оңтайлы озық тәжірибелерін  қалай тиімді қолданып, білім деңгейін әлемдік стандартқа сай болуына қалай қол жеткізуге болады деген сауал қазіргі жағдайда  шағын жинақталған ауыл  мектептерін ғана емес бүкіл еліміздің білім беру жүйесінің басты да, маңызды мәселесі болмақ. Өйткені жалпы орта білім беретін мектептердің басты бөлігі ауылдарда орналасқан. Ал мектептегі білім беру сапасы әрине, мұғалімнің қолында. Шағын жинақталған мектепте сабақ беретін мұғалімдердің қолында нақты көмек бере алатындай бірде-бір әдістемелік құрал жоқ. Сондықтан мұғалім пәнді оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарынан бастап әр сабағын шағын жинақталған мектептің өзіндік ерекшеліктеріне бейімдеп мұқият жоспарлау керек.

Шағын жинақты мектепте біріктірілген сынып оқушыларының білімін бақылау және тексеру мұғалім үшін күрделі жұмыстардың бірі болып табылады. Мұғалім біріктірілген сыныптармен бір уақытта жұмыс істегенде оқушылардың өздігінен орындау жұмыстарын үнемі бақылап отыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайлар кездеседі. Сол себепті  оқушыларды өзін-өзі бақылауға үйрету керек. Өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту үшін оқушылардың өзара бір-бірін тексеру тәсілін пайдаланған дұрыс. Оқушылар бір-бірімен өзара дәптерлерімен алмасып, өздігінен орындаған жұмыстарын тексереді. Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың өзін-өзі тексеруі және бағалауы жүзеге асырылады.Шағын жинақты мектептің педагогикалық ерекшеліктерін ескерген мұғалім ғана өзінің шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алады. Кез - келген әрекет талдаудан басталады. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізі. Демек әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол - оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыру. Сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстінде сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Сол үшін бүгін жақсы оқытуымыз керек, ал ертең бүгіннен де жақсы оқуға тиіспіз. Ал, ең бастысы оқушының психологиясына айрықша көңіл бөліп, терең зерттеу жүргізіп, оның барлық тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған жөн. Шағын жинақты бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз болғандықтан, оқушылардың сабақ үстінде бір біріне аландайтындары белгілі. Мұндай сабақты өткізу мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Шағын жинақталған мектептердегi оқу үрдiсiнiң тиiмдiлiгi төмендегi жағдайларға байланысты. Олар:

– сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы;

– сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы;

– тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды технологиялық үрдiсте дұрыс үйлестiру және ұтымды пайдалану;

– сабақтың белгiленген мақсатқа сай неғұрлым тиiмдi құрылуын анықтау;

– оқу-тәрбие жұмысының сабақтық және сабақтан тыс түрлерiн дұрыс үйлестiру;

– оқушылардың өзiндiк жұмысы мен оқытушы басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуы;

– балалардың  бойында бiлiм алу және өздiгiнен бiлiм жинай бiлу дағдыларын қалыптастыру;

 – оқушылардың бiлiм және тәрбие деңгейлерiнiң дамуының ғылыми диагностикасы;

– оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау;

– әр түрлi жастағы балалардан құралған бiрлестiктердi ұтымды басқару;

– оқытудың техникалық құралдарын қолдану;

– оқу-тәрбие үрдiсiн тұлғалық-бағдарлық ұстаным негiзiнде құру;

– бала өмiрiнiң тұрмыстық жағдайлары және олардың ата-аналары туралы жалпы мәлiметтер жинау;

– ата-аналарды шағын жинақталған мектеп жұмысына тарту.

 Шағын жинақталған  мектептің  білім беру процесін ұйымдастыру.

Шағын жинақталған  мектептің білім сапасы көбінесе сыныптардың дұрыс жинақталуымен нықталады. Сыныптарды бiрiктiруде мектептегi сыныптардың, оқушылар мен  мұғалiмдердiң  саны  ескерiледi. Сыныптарды бiрiктiру тәжiрибесiнде екi жол бар: көршiлес-шектес сыныптарды бiрiктiру және әр түрлi жасты сыныптарды  бiрiктiру.Бастауыш  сыныпта  екі сыныпты бір сынып-комплектіге жинақтағанда оқушылар саны 15 адамнан аспау керек. Педагогикалық тұрғыдан әр түрлi жасты сыныптарды ұйымдастыру неғұрлым қолайлы, өйткенi ол балаларды ауыспалы жұптарда жұмыс iстетуге, үлкен сынып оқушыларының өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға, сөйтiп көбiрек көңiл бөлудi керек ететiн кiшi сынып оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн уақыт бөлiп алуға мүмкiндiк бередi. Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы сабақты тиімді ұйымдастыру бірпәндік оқыту принциптері негізінде құрылып, пәнішілік кіріктіре оқыту жүзеге асырылады. Бірпәндік оқыту принциптері белгілі бір пән мазмұнындағы тақырыптарды (мазмұны ұқсас немесе мазмұны әр тектес) кіріктіре оқытуға негізделген. Мұндай сабақтарда мұғалім, алдымен, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын, оның түрін, оған кететін уақытты және басқа сыныпта мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыстарды анықтап алуы керек. Сондай-ақ мұндай сабақтар жоғары сынып оқушыларының өздігінен жұмыс істеуіне, мұғалімнің төменгі сынып оқушыларына көп көңіл бөлуіне, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды. Бірпәндік оқыту принциптері бірпәндік сабақтарды ұйымдастыруда қолданылады. Ал бірпәндік сабақ дегеніміз – біріктірілген сыныптарда бір ғана пән бойынша өткізілетін сабақ. Бір саладағы сабақты өткізетіндіктен, мұғалім назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай аударады.Бірпәндік сабақтарды тиімді ұйымдастыру үшін сабақ кестесін дұрыс құру керек. Ол үшін мұғалім пәндерді біріктіргенде, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеруі керек. Сабақ кестесін тиімді құрастырудағы негізгі мәселе – ұқсас пәндерді дұрыс біріктіру. Бірақ пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыру мүмкіндіктері бойынша пәндер екі топ құрайтынын ескерген дұрыс. Бірінші топқа шартты түрде математика, қазақ тілі, орыс тілі, бейнелеу өнері, технология сияқты, яғни өзіндік жұмыс ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа дүниетану, әдебиеттік  оқу, ән сабағы, дене шынықтыру пәндерін жатқызуға болады. Сабақ кестесін құрастырғанда, бірінші және екінші топ пәндерін біріктіруге болатынын есте ұстаған жөн. Сондықтан  сабақ  кестесін  құрастырғанда  пәндік біріктіру жүйесін енгізген дұрыс. Себебі  бірнеше сыныпта сабақтың кейбір кезеңдерінде біріктіріп оқыту  арқылы  мұғалімнің  басшылығымен  жүргізілетін  жұмыс уақытының мөлшерін  арттыруға  мүмкіндік туады.

Шағын жинақталған  мектептің оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде тірек мектептердің тиімділігі зор.Жақын орналасқан шағын жинақты мектептерді біріктіретін, білім беру ұйымы болып табылатын тірек мектептер (ресурстық орталықтар) оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуіне жағдай туғызады. Тірек мектептер арқылы шағын жинақталған мектептің білім сапасы, мектептердің педагогикалық өзара қарым-қатынасы, тәжірибе алмасу жүйесі дамытылады.

Шағын жинақталған мектептердегі өзекті мәселелерді шешу үшін мұғалімдерге қажетті жекелеген пәндерден бағдарламалар дайындау, оқу-әдістемелік кешен әзірлеу және олардың электрондық, мультимедиялық нұсқасы дайындалса және қашықтықтан оқыту мүмкіндіктері ұйымдастырылса, онда шағын жинақталған мектептерде мұғалімдердің

шығармашылықпен жұмыс істеуіне және сапалы білім беруіне мүмкіндіктер туар еді.



 Әдебиет

1. Концепция развития малокомплектных школ в Республике Казахстан на 2010-

2020 годы. – Астана, 2011.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың “Әлеуметтiк-

экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамытуының басым бағыты” атты Қазақстан халқына жолдауы. 27 қаңтар 2012.

3.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Егемен Қазақстан. 7 желтоқсан 2010.

4.Шағын жинақты және тірек мектептері (ресурстық орталық) қызметінің тәртібі. ҚР БҒМ заңымен бекітілген (18 қыркүйек, 2013 жыл). 

5.        Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер: - Алматы, 2002.























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ша?ын жина?тал?ан мектептердегі о?ыту м?селесі

Автор: Тулегенова Гульжаухар Кабдикаримовна

Дата: 15.02.2016

Номер свидетельства: 293902


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства