Ш. А. Амонашвилидің «Улыбка моя, где ты?» еңбегіне пікір
Ш. А. Амонашвилидің «Улыбка моя, где ты?» еңбегіне пікір
ШҚО, Глубокое ауданы, Верх – Березовка кенті
«Верх – Березовка орта мектебі» КММ
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі: Мырзаханова Сая Торехановна
Ш. А. Амонашвилидің «Улыбка моя, где ты?» еңбегіне пікір
Мен өзін – өзі тану пәнінен сабақ бергеніме бірер жылдың көлемі болды. Осы пән арқылы мен айнала, айналадағы адамдардың қарым - қатынасы, рухани адамгершілік, шынайы қуана білу, біреудің қуанышы мен қайғысын бөлісу сияқты адамзат бойындағы қасиеттерге терең бойлап, сусындағандаймын. Ш. А. Амонашвили еңбектерінен осы айтылған рухани адамгершілікті, шынайылықты көруге болады. Мәселен, Амонашвилидің «Улыбка моя, где ты?», «Как любить детей», «Школа жизни», «Об оценках» атты еңбектері педагог мамандарды заманауи бала тәрбиесіне көңіл бөлуге шақырады. Яғни, бұл еңбектерден бұрынғы авторитарлық тәрбиеден гуманды тәрбиеге ауысатын кез келгендігін анық ұғынуға, түйсінуге болады.
«Улыбка моя, где ты» атты еңбегін оқу барысында алдымен кітаптың тақырыбына көңіл аудардым. «Қалай аударсам? «Улыбка» сөзіне қандай балама берсем? Қай сөз жақынырақ осы кітаптың мазмұнына?» - деп ойландым. «Күлкі», «Күлімсіреу», «Езу тарту», «Күлу» немесе тағы қандай балама бар? Әлде шынайы күлу ме, әлде шынайы қуану ма? Білмедім. «Қайдасың менің, шынайы күлкім?» деген тоқтамға келдім. Автордың шығармасы Марианна Озолиняның «Кто улыбкою жизнь встречает» атты өлеңімен бастаған. Өлеңнің өн бойынан қандай іс – әрекет жасасаң да тек қуанышпен, күлумен, күле жүріп өмірді қарсы алуға, балаңды мейіріммен күле жүріп құндақтауға, қандай қиындық болса да мойымай күле қарсы тұра білуге шақыра келе, күннің шапағы да күлімдеп жылуын, сәулесін, нұрын мейіріммен жер бетіне шашатынын, адам баласы бәрін жеңе алатынын, адамзат деген ұлы атқа лайықты болатынын осы өлең жолдарынан дөп басып көрсете білген.
Амонашвили оқушылардың жан дүниесін, олардың ішкі ойлары мен істерін зерттей келе, мұғалім мен оқушы арасындағы «қатып қалған» авторитарлық стильді өзгерту керек екендігіне баса назар аударып, өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білген. Мысалы: «В этих учебниках — и в прежних, и в современных — я вычитываю «научные» сведения о неких высушенных традиционным авторитаризмом понятиях, приемах, принципах, методах, законах и тому подобных вещах, которые тянут меня в болото формализма и равнодушия, внешнего благополучия и показухи.» - деген сөздерінен-ақ мен расында да мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың шектеулі - авторитарлық түсінік, әдістер, принциптердің қазіргі заман талабына, ондағы өскелең ұрпақтың дамуына сай еместігін аңғардым. Заман даму үстінде, «Заманына қарай адамы» демекші әлемдегі болып жатқан өзгерістерге төтеп бере алатындай ұрпақ тәрбиелеу әрине ұстаздардың құзіретінде екенін Амонашвили дөп басып айтты. Балаларды тәрбиелеу, рухани адамгершілік қасиетке ие азамат қалыптастырудың жолдарын көрсете білді: «Улыбка» сөзін ешбір педагогикалық оқулықтардан, сөздіктер мен энциклопедиялардан көре алмаған автор оқырмандарына «Сіз кездестіре алдыңыз ба?» - деп сауал түрінде қоюының өзі мені ойландырды. Шындығында да біз ұрпақты тәрбиелеуде, және өзіміз білім алған кезде де осы сөзді педагогикада кездестірмегенбіз бе? «Учебники по педагогике были безжизненными и
сто лет тому назад. И как ни раздвинула наука свои границы, они и сегодня такие же: хмурые, сухие, строгие, грубые, требовательные и приказные, самодовольные и авторитарные» - ия шынымен де солай екен ғой. «Жақсы сөз – жарым ырыс» - деп ата – бабамыз тегін айтпаған, сондықтан қамшының сабындай қысқа өмірде тек қуанышпен, шаттықпен өмір сүрген абзал. Автордың да айтпағы осы - ұрпақты мейірімге бөлеп тәрбиелеу.
Амонашвилидің бұл еңбегінде жансызға жан бітіру «кейіптеуді» нәзік жолмен оқырманға жеткізе білді. Мысалы: ғарыш – мәңгілігімен; аспан – жұлдызарымен және жаңбырдан кейін әртүрлі түспен күлімдеп шығатын кемпірқосағымен; күн – жарығымен, сәулесімен; жер – ұлы өмірімен; өмір – асқақтығымен – дей келе, кім күле біледі сол – өмір сүреді деген тұжырымға келеді. Мұғалім жүрекпен күле білсе ғана мұғалім. Бала өзіне емес өзгелерге күлімсірейді, гүл де басқаларға шаттық сыйлау үшін өседі, күн де шапағын өзі үшін емес өзгелер үшін шашады, жаңбырдың жауғаны да жер үшін т. с. с. Автор еңбегінде нені меңзегісі келді? Әрине, айналамызға шаттық сыйлау, жақындарымымызға, достарымызға, әріптеске, ұстаз оқушыға, оқушылар ұстазға, өздеріне, тіпті табиғаттың өзі де бір - біріне күлімдеп қарап, жылуын, шуағын шашашатындығын дәлелді оймен, тұжырыммен, мысалдармен шебер жеткізе білген. Біз көбінесе осы уақытқа дейін «Ана» сөзінен (әйел, қыз бала, бір сөзбен айтқанда нәзік жандардан) ғана мейірімді іздедік, бүкіл әлемдегі жақсылықты бойына жинадық. Әрине «Ана» ұғымына тең келер еш нәрсе жоқ екені шындық, бірақ мейірімді барлық бізді қоршаған дүниеден, адамзат баласынан, тіпті жас сәбиден алу керектігін міне Амонашвили өз еңбегінде толық дәлелдеп берді деп ойлаймын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ш. А. Амонашвилидің «Улыбка моя, где ты?» еңбегіне пікір»
ШҚО, Глубокое ауданы, Верх – Березовка кенті
«Верх – Березовка орта мектебі» КММ
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі: Мырзаханова Сая Торехановна
Ш. А. Амонашвилидің «Улыбка моя, где ты?» еңбегіне пікір
Мен өзін – өзі тану пәнінен сабақ бергеніме бірер жылдың көлемі болды. Осы пән арқылы мен айнала, айналадағы адамдардың қарым - қатынасы, рухани адамгершілік, шынайы қуана білу, біреудің қуанышы мен қайғысын бөлісу сияқты адамзат бойындағы қасиеттерге терең бойлап, сусындағандаймын. Ш. А. Амонашвили еңбектерінен осы айтылған рухани адамгершілікті, шынайылықты көруге болады. Мәселен, Амонашвилидің «Улыбка моя, где ты?», «Как любить детей», «Школа жизни», «Об оценках» атты еңбектері педагог мамандарды заманауи бала тәрбиесіне көңіл бөлуге шақырады. Яғни, бұл еңбектерден бұрынғы авторитарлық тәрбиеден гуманды тәрбиеге ауысатын кез келгендігін анық ұғынуға, түйсінуге болады.
«Улыбка моя, где ты» атты еңбегін оқу барысында алдымен кітаптың тақырыбына көңіл аудардым. «Қалай аударсам? «Улыбка» сөзіне қандай балама берсем? Қай сөз жақынырақ осы кітаптың мазмұнына?» - деп ойландым. «Күлкі», «Күлімсіреу», «Езу тарту», «Күлу» немесе тағы қандай балама бар? Әлде шынайы күлу ме, әлде шынайы қуану ма? Білмедім... «Қайдасың менің, шынайы күлкім?» деген тоқтамға келдім. Автордың шығармасы Марианна Озолиняның «Кто улыбкою жизнь встречает» атты өлеңімен бастаған. Өлеңнің өн бойынан қандай іс – әрекет жасасаң да тек қуанышпен, күлумен, күле жүріп өмірді қарсы алуға, балаңды мейіріммен күле жүріп құндақтауға, қандай қиындық болса да мойымай күле қарсы тұра білуге шақыра келе, күннің шапағы да күлімдеп жылуын, сәулесін, нұрын мейіріммен жер бетіне шашатынын, адам баласы бәрін жеңе алатынын, адамзат деген ұлы атқа лайықты болатынын осы өлең жолдарынан дөп басып көрсете білген.
Амонашвили оқушылардың жан дүниесін, олардың ішкі ойлары мен істерін зерттей келе, мұғалім мен оқушы арасындағы «қатып қалған» авторитарлық стильді өзгерту керек екендігіне баса назар аударып, өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білген. Мысалы: «В этих учебниках — и в прежних, и в современных — я вычитываю «научные» сведения о неких высушенных традиционным авторитаризмом понятиях, приемах, принципах, методах, законах и тому подобных вещах, которые тянут меня в болото формализма и равнодушия, внешнего благополучия и показухи..» - деген сөздерінен-ақ мен расында да мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың шектеулі - авторитарлық түсінік, әдістер, принциптердің қазіргі заман талабына, ондағы өскелең ұрпақтың дамуына сай еместігін аңғардым. Заман даму үстінде, «Заманына қарай адамы» демекші әлемдегі болып жатқан өзгерістерге төтеп бере алатындай ұрпақ тәрбиелеу әрине ұстаздардың құзіретінде екенін Амонашвили дөп басып айтты. Балаларды тәрбиелеу, рухани адамгершілік қасиетке ие азамат қалыптастырудың жолдарын көрсете білді: «Улыбка» сөзін ешбір педагогикалық оқулықтардан, сөздіктер мен энциклопедиялардан көре алмаған автор оқырмандарына «Сіз кездестіре алдыңыз ба?» - деп сауал түрінде қоюының өзі мені ойландырды. Шындығында да біз ұрпақты тәрбиелеуде, және өзіміз білім алған кезде де осы сөзді педагогикада кездестірмегенбіз бе? «Учебники по педагогике были безжизненными и
сто лет тому назад. И как ни раздвинула наука свои границы, они и сегодня такие же: хмурые, сухие, строгие, грубые, требовательные и приказные, самодовольные и авторитарные» - ия шынымен де солай екен ғой... «Жақсы сөз – жарым ырыс» - деп ата – бабамыз тегін айтпаған, сондықтан қамшының сабындай қысқа өмірде тек қуанышпен, шаттықпен өмір сүрген абзал. Автордың да айтпағы осы - ұрпақты мейірімге бөлеп тәрбиелеу.