kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақта мультимедиялық тұсаукесерлерді қолданудың артықшылығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақта  мультимедиялық тұсаукесерлерді қолданудың артықшылығы

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды сабақта қолдану оқытудың тиімді жолдарының бірі. Осындай жаңа жолдардың біріне заман талабына сай сабақта компьютермен тіл үйретуді жақсартуға болады. Әрине, ақпараттық құралдармен оқыту мұғалімнен көп дайындықты және оны жете білуді талап  етеді. Компьютерді қолдану барысында мұғалім біріншіден, оқушының жаңа сабақты игеруге деген қызығушылығын арттырады, екіншіден, ізденіс және шығармашылық тұрғысынан жұмыс істеуге жетелейді. Бірақ сабақ алдында мұғалім оқушыларға нақты нұсқаулар беруі керек. Сабақтың әр кезеңі оқушылардың көз алдында, жұмыс үстелінде болу керек. Сонда оқушы жұмысты бірінен соң бірін жасайды. Мұғалім сабақта бақылаушы қызметін атқарады. Қазақ тілі сабақтарында мультимедиалық тұсаукесерлерді қолдану оқушыларға әр түрлі ақпараттармен жұмыс істеуге, оларға сыни көзбен қарауға, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға, оқу материалын өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Сабақта ақпараттық жүйелерді қолдану келесі дидактикалық міндеттерді шешуге көмектеседі:

  • Пән бойынша базалық білімдері меңгеруге;
  • Алынған білімді жүйелеуге;
  • Өзін-өзі қадағалау дағдысын қалыптастыруға;
  • Оқуға деген ынтасын арттыруға;
  • Оқу материалын игеруде, өзіндік жұмысты орындау кезінде оқу- -әдістемелік көмек көрсетуге;

Берілген технологияны көрнекті түсіндірме әдіс ретінде қарастыруға болады, себебі оқушының ақпаратты игеруі, түсіндіруі және көруі арқылы жүзеге асады. Адамдардың 5 % естігенін, ал 20 % көргенін есте сақтайтыны белгілі. Ал бір мезгілде аудио және видео құралдардың көмегімен ақпаратты қабылдау 40-50% есте сақтауға мүмкіндік береді екен. Нақты материалда игеруге кеткен уақытты 30% пайызға үнемдейді, алынған білімді есте ұзақ сақтайды.   

 Жаңа өткізілетін мультимедиялық сабақтарға оқушылар қызығушылықпен қарайды. Мұндай сабақ уақытында оқушылардың ара қатынасы жақсара түседі. Берілген тапсырманы оқушылар өз сөздерімен түсіндіріп,  жоғары ынтамен орындайды. Аса күрделі тапсырмаларды өздігімен орындауға тырысады. Практикалық тапсырмаларды орындағанда өзін – өзі бақылауы қалыптасады. Осы оқыту құралын сабақта қолданғанда кейбір ерекшеліктерді атап өтуге болады:

  1. Тақтадағы бормен сызылған тапсырмаларды айқын, ерекше сызбалармен салыстыруға мүлдем болмайды.
  2. Тақта, бордың көмегімен әр түрлі ұсыныстарды түзету қиын және ыңғайсыз.
  3. Слайдтың қателерін оны ашу кезінде жойып, дұрыстауға болады.
  4. Қатысушылардың дайындығына қарай тұсаукесерлерде гиперсілтеме қолдану арқылы бір мәліметті толығырақ қарауға және базалық сұрақтарды қарастыруға мүмкіндік береді.
  5. Оқушылардың сабаққа қатысу, жаңа тақырыпты игеру деңгейінің көтерілуі сабақ барысында болады.

Сонымен, сабақта ақпараттық құралдарды қолданудың тиімді жақтары айтарлықтай көп. Атап айтсақ, ақпараттық құралдарды қолдану жаңа сабақты түсіндіру барысында, сабақты қорыту кезінде тиімді. Осылайша оқу процесінің тиімділігі артады. Қазіргі кездері мектептерде, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында интерактивті тақталарды сабақта қолдануға ерекше көңіл бөлуде. Осыған байланысты әр оқытушы мультимедиялық тұсаукесерлерді құруда келесі кезеңдерді ескерген жөн:

  • Сыныптың психологиялық ерекшелігін;
  • Оқытудың мақсаты мен нәтижесін;
  • Оқушылардың кіммен отырғанын;
  • Оқу материалының безендірілуін;

Мультимедиялық тұсаукесермен жұмыс кезінде ИТ мен ұзақ жұмыс кезінде шаршайтындығын, көзге күш түсіретінін, әсіресе, мәтінмен жұмыс кезінде ерекшеліктерді ескеру керек. Слайдтармен жұмыс барысында мына жайттарды есте ұстаған абзал:

  • Слайд жасағанда сөздер саны неғұрлым аз болу керек;
  • Тақырыбы нақты және үлкен шрифпен жазылуы керек;
  • Слайдқа анықтамалар, термин сөздер жазылуы керек;
  • Фон сызықтары көзге теріс әсер етпеуі керек;
  • Бір слайтты көруге 2-3 минуттан кем уақыт болмау керек, өйткені оқушылар назарын тақтаға аударып, түсіну керек;
  • Слайтпен қатар жүріп отыратын дыбыс қатты, оқушыны шаршататындай болмау керек:

Сабақта мультимедияық презентацияны қолдану танымдық іс әрекетін жандандырады, оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мультимедиялық тұсаукесерлерді қолдану мүмкіншіліктері оқушыларды ситуацияларды  шешудің әр түрлі тәсілдерін шығармашылық ізденіспен қарастыруға ынталандырады. Тілді үйренуде ақпараттық технологияларды қолдану әрі теледидар, әрі магнитафон қызметін атқарады. Бұл мұғалімнің жұмысына, балалардың қабылдануына оң әсерін тигізеді. Сондықтанда жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы білім беретін оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері ақпараттық технологияны кеңінен қолдануын ұсынамын.

Қолданылғын әдебиеттер тізімі:

  1. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журнал №2, 2010ж.
  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы   №8, 2006ж
  3. Компьютерлерді қолданудың тиімділігі. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №6, 2013ж 
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақта мультимедиялық тұсаукесерлерді қолданудың артықшылығы»

Сабақта мультимедиялық тұсаукесерлерді қолданудың артықшылығы

М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжі,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Омарова Б.С.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды сабақта қолдану оқытудың тиімді жолдарының бірі. Осындай жаңа жолдардың біріне заман талабына сай сабақта компьютермен тіл үйретуді жақсартуға болады. Әрине, ақпараттық құралдармен оқыту мұғалімнен көп дайындықты және оны жете білуді талап етеді. Компьютерді қолдану барысында мұғалім біріншіден, оқушының жаңа сабақты игеруге деген қызығушылығын арттырады, екіншіден , ізденіс және шығармашылық тұрғысынан жұмыс істеуге жетелейді. Бірақ сабақ алдында мұғалім оқушыларға нақты нұсқаулар беруі керек. Сабақтың әр кезеңі оқушылардың көз алдында, жұмыс үстелінде болу керек. Сонда оқушы жұмысты бірінен соң бірін жасайды. Мұғалім сабақта бақылаушы қызметін атқарады. Қазақ тілі сабақтарында мультимедиалық тұсаукесерлерді қолдану оқушыларға әр түрлі ақпараттармен жұмыс істеуге, оларға сыни көзбен қарауға, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға, оқу материалын өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Сабақта ақпараттық жүйелерді қолдану келесі дидактикалық міндеттерді шешуге көмектеседі:

  • Пән бойынша базалық білімдері меңгеруге;

  • Алынған білімді жүйелеуге;

  • Өзін-өзі қадағалау дағдысын қалыптастыруға;

  • Оқуға деген ынтасын арттыруға;

  • Оқу материалын игеруде, өзіндік жұмысты орындау кезінде оқу- -әдістемелік көмек көрсетуге;

Берілген технологияны көрнекті түсіндірме әдіс ретінде қарастыруға болады, себебі оқушының ақпаратты игеруі, түсіндіруі және көруі арқылы жүзеге асады. Адамдардың 5 % естігенін, ал 20 % көргенін есте сақтайтыны белгілі. Ал бір мезгілде аудио және видео құралдардың көмегімен ақпаратты қабылдау 40-50% есте сақтауға мүмкіндік береді екен. Нақты материалда игеруге кеткен уақытты 30% пайызға үнемдейді, алынған білімді есте ұзақ сақтайды.

Жаңа өткізілетін мультимедиялық сабақтарға оқушылар қызығушылықпен қарайды. Мұндай сабақ уақытында оқушылардың ара қатынасы жақсара түседі. Берілген тапсырманы оқушылар өз сөздерімен түсіндіріп, жоғары ынтамен орындайды. Аса күрделі тапсырмаларды өздігімен орындауға тырысады. Практикалық тапсырмаларды орындағанда өзін – өзі бақылауы қалыптасады. Осы оқыту құралын сабақта қолданғанда кейбір ерекшеліктерді атап өтуге болады:

  1. Тақтадағы бормен сызылған тапсырмаларды айқын, ерекше сызбалармен салыстыруға мүлдем болмайды.

  2. Тақта, бордың көмегімен әр түрлі ұсыныстарды түзету қиын және ыңғайсыз.

  3. Слайдтың қателерін оны ашу кезінде жойып, дұрыстауға болады.

  4. Қатысушылардың дайындығына қарай тұсаукесерлерде гиперсілтеме қолдану арқылы бір мәліметті толығырақ қарауға және базалық сұрақтарды қарастыруға мүмкіндік береді.

  5. Оқушылардың сабаққа қатысу, жаңа тақырыпты игеру деңгейінің көтерілуі сабақ барысында болады.

Сонымен, сабақта ақпараттық құралдарды қолданудың тиімді жақтары айтарлықтай көп. Атап айтсақ, ақпараттық құралдарды қолдану жаңа сабақты түсіндіру барысында, сабақты қорыту кезінде тиімді. Осылайша оқу процесінің тиімділігі артады. Қазіргі кездері мектептерде, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында интерактивті тақталарды сабақта қолдануға ерекше көңіл бөлуде. Осыған байланысты әр оқытушы мультимедиялық тұсаукесерлерді құруда келесі кезеңдерді ескерген жөн:

  • Сыныптың психологиялық ерекшелігін;

  • Оқытудың мақсаты мен нәтижесін;

  • Оқушылардың кіммен отырғанын;

  • Оқу материалының безендірілуін;

Мультимедиялық тұсаукесермен жұмыс кезінде ИТ мен ұзақ жұмыс кезінде шаршайтындығын, көзге күш түсіретінін, әсіресе, мәтінмен жұмыс кезінде ерекшеліктерді ескеру керек. Слайдтармен жұмыс барысында мына жайттарды есте ұстаған абзал:

  • Слайд жасағанда сөздер саны неғұрлым аз болу керек;

  • Тақырыбы нақты және үлкен шрифпен жазылуы керек;

  • Слайдқа анықтамалар, термин сөздер жазылуы керек;

  • Фон сызықтары көзге теріс әсер етпеуі керек;

  • Бір слайтты көруге 2-3 минуттан кем уақыт болмау керек, өйткені оқушылар назарын тақтаға аударып, түсіну керек;

  • Слайтпен қатар жүріп отыратын дыбыс қатты, оқушыны шаршататындай болмау керек:

Сабақта мультимедияық презентацияны қолдану танымдық іс әрекетін жандандырады, оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мультимедиялық тұсаукесерлерді қолдану мүмкіншіліктері оқушыларды ситуацияларды шешудің әр түрлі тәсілдерін шығармашылық ізденіспен қарастыруға ынталандырады. Тілді үйренуде ақпараттық технологияларды қолдану әрі теледидар, әрі магнитафон қызметін атқарады. Бұл мұғалімнің жұмысына, балалардың қабылдануына оң әсерін тигізеді. Сондықтанда жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы білім беретін оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері ақпараттық технологияны кеңінен қолдануын ұсынамын.

Қолданылғын әдебиеттер тізімі:

  1. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журнал №2, 2010ж.

  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №8, 2006ж

  3. Компьютерлерді қолданудың тиімділігі. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №6, 2013ж


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сабақта мультимедиялық тұсаукесерлерді қолданудың артықшылығы

Автор: Омарова Баглан Советовна

Дата: 04.01.2017

Номер свидетельства: 375406


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства