РISA халы?аралы? зерттеулері аясында о?ушыларды ?ылыми-жаратылыстану п?ндері бойынша функцианалды? сауаттылы?ын дамыту
РISA халы?аралы? зерттеулері аясында о?ушыларды ?ылыми-жаратылыстану п?ндері бойынша функцианалды? сауаттылы?ын дамыту
"Халы? аралы? зерттеулері аясында о?ушыларды ?ылыми жаратылыстану п?ндері бойынша функцианалды? сауаттылы?ын дамыту " та?ырыбы бойынша б?л ж?мыс облысты? м??алімдеріні? біліктілігін арттыру институтында ?ткен курста физика м??алімдеріні? шы?армашылы? тобы ??растырды.Б?л ж?мыс о?у процессі барысында ал?ан білімдерін тияна?тау,жина?тау,тексеру кезе?дерінде ?олданылады.Сонымен ?атар б?л ж?мыс барысы о?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту?а себебін тигзеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«РISA халы?аралы? зерттеулері аясында о?ушыларды ?ылыми-жаратылыстану п?ндері бойынша функцианалды? сауаттылы?ын дамыту »
Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Еңбекші орта мектебі
«PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша функционалдық сауаттылығын дамыту»-бағдарламасы бойынша өткізілген біліктілікті арттыру курсы
PISA халықаралық зерттеулері аясында ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған физика 8 сынып бойынша тест тапсырмалары
Физика пән мұғалімі: Хабас Жанаргуль
Павлодар-2014ж
Критерий деген не?
Критерийалды бағалау жүйесі іс-әрекетті әртүрлі қөзқарас- критерийлермен бағалауға мүмкіндік береді.
Пән бойынша бағалау критерийі пәндік білімдік мақсаттар болып табылады.
Бағалау критерийі – бұл жұмыстың маңызды бөлімдерін өлшеуге арналған шкаласы бар бағалау инструменті;
Жасалған жұмысты оқушылар мен мұғалімдерге бағалауға мүмкіндік береді.
Бағыт-бағдар береді.
Бағалау критерні өлшеу шкаласы әр компонентті ұпаймен сипаттайтын критерииге тізімі.
Бағалау критерийлері не үшін керек ?
Мұғалімдер үшін:
Оқу үдерісі үшін айқын бағдар береді;
Оқушылардың оқу материалын меңгеру үрдісін бағалаудың нақты критерийлері;
Бағалауды шың, бізділікпен жүргізеді;
Оқушыларды бағалау үрдісін жеңілдетеді.
Оқушылар үшін:
Өз жұмысын жақсарту тәсілдерін, оқу мақсатын, бағалау критерийлерін түсінуін қамтамасыз етеді.
Мұғалім сауалына оқушылардың нақты ұсыныстары;
Оқушылар бағалаудың критерийлерімен үнемі қолданатын болса, соңғы нәтиже үшін үлкен жауапкершілік сезінеді;
Оқушылардың өздік жұмысы үшін жағдайлар туғызады.
Критерийлерді қалай құрастыру керек ?
Әр түрлі білім саласында қолданылатын критерийлер әр түрлі болғанымен, олар бір принциппен құрылады.
Негізгі оқу біліктерімен дағдылары бөліп алынады;
Ұқсастығына қарай критерийлер топталады.
Әр критерий ұқсас біліктер тобын бағалайды.
Критерийлер жиыны оқу үдерісіндегі міндеттер жиыны болып табылады.
Баға қоюда жетістіктердің әр деңгейі түсінік-дескрипторлармен қоса беріледі:
Бұл бағалау цифрі арқылы жеткен деңгейге түсініктеме беруге мүмкіндік береді.
Бұл баға қою үрдісін жеңілдетіп, эмоционалдық фактордың рөлін төмендетеді.
PISA типті тест бойынша тапсырмаларды құруға арналған критерилер (PISA халықаралық зерттеу шеңберінде өтетін оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына қатысты функциональдық сауатылығын дамыту).
Критерилер дегеніміз не?
Көп қырлы критери-көзқарасын бағалайтын әрекет – критерилік бағалау жүйесі болып табылады.
Пәндік деңгейді бағалау критерилерін түсіндіреді.
Жетістік деңгейі.
Пәндік білім беру мақсаты бойынша оқушыға нақты (идельный) оқыған адам портретіне (бейнесіне) мінездеме беру – бағалау критерилері болып табылады.
Бағалау критерилері – бұл жұмыстың маңызды бөліктерін анықтайтын өлшемдік шкалалардан тұратын бағалау құралы.
Оқытушы мен оқушының атқарған жұмыстарын бағалауға мүміндік береді. Оқытушы мен оқушылардың қозғалыс бағыттарын айқындайды.
Бағалау критерилері:
өлшемдік шкаланы белгілеу;
әрбір компоненттер ұпаймен (балл) сипатталған нақты критерилер тізімінен тұрады.
Бағалау критерилері неге қажет?
Мұғалім үшін:
оқу үдерісін түсінікті етіп мазмұндауға бағыттауға;
оқушылардың оқитын матриалдарын меңгерту үдерісін бағалайтын нақты критерилерді құруға;
үдерісті рет пен тиянақты бағалауға мүмкіндік жасайды;
оқытушы үшін оқушы жетістігін бағалау үдерісі жеңілдейді.
Оқушы үшін:
өз жұмысын жеңілдету тәсілдер және күтілетін нәтижелерді бағалау критерилері – оқу үдерісін толық түсінуді қамтамасыз етеді;
оқытушы қатынас барысында оқушылардан күтетін нақты нәтижелерді нақтылайды;
егер оқушы бағалау критерилерін үнемі қолданса, онда әрекет барысына үлкен жауапкершілікпен қарайды. «Мен әлі барлығын істеген жоқпын?»; деген сұрақтан құтылады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстардың тиімділігі артады.
Критерилерді қалай құру керек?
Әртүрлі білім беру облысында, өзіндік айырмашылығы бар пәндерді оқытуда қолданылатын, бір ғана принциптерге бағынатын критерилер:
оқытудың негізгі дағдысы мен біліктілігі көрсету;
ұқсатығына қарай топтастыру (4-тен 6-ға дейін);
ұқсас дағдыларды топтастыруға «жауапты»;
білім беру облысында, оқыту үдерісінде белгілі бір пәнді меңгертуде бірдей уақытта және тиісті тапсырмаларды игеруге мүмкіндік беретін критерилер жинтығы.
Субъективтік минимуге әкелетін белгілердің ұқсастығын нақтылап, әрбір жетістік деңгейін анықтап, берілетін ұпайды (балл) айқындап, қамтамтылып, толық сипатталған аз немесе көп дескриптер:
бұл сөзбен жазылған дескриптерді және белгіленген деңгейді жеңіл түрде санды-белгілерге айналдыру;
бұл эмоционалдық фактордың рөлін төмендетіп, көрсеткішті белгілеу үдерісін жеңілдету.
Жаратылыстану-математикалық сауаттылық бойынша бағалау критерийлер жүйесі: (PISA тестік тапсырмалары)
Жетістік деңгейі
Деңгейдің төменгі шекаралары
Дескриптор
6
1 ұпай
Әртүрлі күрделі өмірлік жағдайларда ғылыми жаратылыстану білімдерін анықтау, түсіндіру, қолдану.
Ақпаратпен түсіндірулерді (әр ақпарат кезінде алынған) әртүрлі көлемдерге түсініктеме беру үшін байланыстыру.
Өз білімдерін кездейсоқ шешімдерге түсініктеме беру үшін қолдануға дайындықтары.
Әлуметтік –экономикалық жағдайларды (жаһанды) ұсыныстарды аргументтеу, өз білімдерін қолдану
5
633 ұпай
-өмірлік қиын көп жағдайлардың ғылыми-
жаратылыстану аспектілерінің басын ашу керек,
соған орай ғылым және ғылыми жаратылыстану
білімін осы жағдайларда қолдана білуі;
-лайықты ғылыми қисын және айғақтарды
салыстыра саралап, бағалап өмірлік жағдайларды
шешуге қолдануы;
-жекеленген білімдермен байланыс орнатып,
жағдайларды қысылшаң түрде талдауы;
-дәлелденген түсініктемелерді тізіп қойып,
қысылшаң талдауға дәлелдеме беру. Оларда
зерттеушілігі жақсы қалыптасқан.
4
559 ұпай
-жекеленген құбылыстарда байқалатын әртүрлі
жағдайлар мен проблемаларды талдауы тиімді
болады, соған орай ғылым мен технологияның
рөлімен қорыту керек;
-таңдап немесе түсіндірмені жалпылап,
жаратылыстану және технологияның әртүрлі білім
тарауларына негізделген түсіндірмені таңдап
немесе жалпылап және оларды тура жекеленген
өмірлік аспекті жағдайлармен байланыстыру керек;
-Өзінің іс-әрекеттерін бағалай және шешулерді айта
отыра, ғылыми-жаратылыстану білімі мен
қисындарды қолдануы;
3
484 ұпай
-кейбір жағдайдағы ғылыми құрылған проблеманы
анықтауы;
-құбылысты түсіндіру үшін білім мен айғақты
таңдап алу қажеті;
-жай модельдер немесе зерттейтің стратегияны
қолдануы;
-әртүрлі жаратылыстану тарауларынан ғылыми-
жаратылыстану түсінігін интерпритациялап және
тура қолдануы;
-айғақтарды қолдана қысқаша айтуларды құрауы;
-ғылыми-жаратылыстану біліміне негізделе шешім
қабылдауы;
2
409 ұпай
-ғылыми адекватті білімге негізделе отыра, таныс
жағдайлардан ықтимал түсіндірме беруі;
-жай зерттеулерге негізделе қорытынды жасай білуі;
-зерттеу нәтижелерінің немесе технологиялық
шешіміне сол кезде тура байланысты орнатуы;
1
335 ұпай
-шектеулі білімнің тек таныс жағдайларда
қолдануы;
-айқындалған құбылыстарды түсіндіруі;
Критерий арқылы бағалау не үшін керек?
Критерий арқылы оқушының өзі немесе оның қабілеттерінің деңгейі емес, оқушының орындаған нақты жұмыс тексеріледі;
Жаңа материалды оқу кезіндегі ағымдағы «сабақ үстендегі » бағалары есептелмейді;
Әр алынған баға нақты дағдының немесе факт, түсінік материалының меңгеру деңгейінің көрсеткіші ретінде қарастырылады. Бұл баға арқылы оқытуды коррекциялау, «осал жерлерді» анықтау және оны жою мүмкін;
Критериалді бағалау - бұл мәнмәтінде жазалау немесе әсер ету құралы емес, ол тек ақпарат құралы ғана болып есептеледі.
PISA типіндегі тест тапсырмаларын құрастыру критерийлері
№
Критериилер
Көрстекіштері
1.
Тапсырма мазмұнының
МЖМБС сай келуі
Ғылыми білімінің негізін құрайтын фактілерді, тұжырымдамаларды және түсініктеме теорияны түсіну. Бұндай білімге табиғи әлемді білу сияқты, технологиялық артефакттар (мазмұнды білу), қандай идеялар шығарылатыны туралы білім (оәсімдік білім) және осы рәсімдерді негізгі негіздемесін және оларды пайдалану үшін негіздемелерді түсіну (эпистемологиялық білім) енеді.
2.
Тест тапсырмаларының PISA мақсаттарына сай келуі
15-жастағы жасөспірімдердің математика, оқу, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын, мәселені коллаборативті шешу және қаржы сауаттылығын зерттеу.
Мектепте қалыптастырған актемиялық білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдаяттарда және табысты әлеуметтендіруде қолдану.
3.
Ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылығының дамуына сай келуі
Қорытындылай білетін азамат ретінде ғылыммен және ғылыми тұжырымдамалармен байланысты сұрақтарды шешу қабілеті. Ғылыми сауатты тұлға құзыреттіліктердің бар болуын талап ететін (құбылысты ғылыми тұрғыдан түсіндіру, ғылыми зерттеулерді талдау және жобалау, мәліметтеді ғылым негізінде талқылау) ғылым және техника тақырыптарына әңгіме құрай алады. Қазіргі қоғамда табысты адаптацияға сай келеді.
4.
сауаттылықты оқытудың функционалды даму сәйкестігі
Мәтіндік текстерді талдай отырып, оның мазмұнын білімі мен біліктілігін арттыру үшін қолдану.
5.
Математикалық функционалдық сауаттылығының даму сәйкестігі
Көлемді ақпаратты оқып, талдап және интерпритациялай білу
-табиғи және технологиялық құбылыстарды талқылау маңыздылығы
2. Ғылыми зерттеулерді жобалау және талдау:
Ғылыми зерттеулерді бағалау және сұрақтарды шешудің ғылыми тәсілдерін ұсыну
Мәліметтерді ғылыми негізде талдау:
Мәліметтерді жан жақты талдап ғылыми қорытынды шығару
Ғылыми сұрақтарды қою, түсініп тану
8.
Ғылыми жаратылыстану құзіреттілігінің сәйкестігі.
1.Сұрақты ғылыми тұрғыда қою және түсініп тану;
2.құбылысты ғылыми тұрғыда түсіндіру;
3.Ғылыми дәлелдемелерді қолдану.
9.
Мәнмәтін.
Жаратылыстану бағытымен байланысты жағдайлар (денсаулық және сырқат, табиғат ресурстары, қоршаған орта сапасы, техника мен ғылым шегі): жеке, жергілікті, ұлттық және жаһандық сұрақтар, техника мен ғылымдағы күнделікті және тарихи сұрақтар.
10.
Қатынас.
Ғылым мен техника саласын қызықтыратын қатынас; зерттеулерді ғылыми жағынан бағалау, экологиялық жағынан керек жағдайда шешім қабылдау.
11.
Пәнаралық байланыс.
Ғылыми жаратылыстану бағытындағы пәндерді кіріктіру: физика және астрономия, география, биология, химия
12.
Жеке тұлғаға бағытталған тапсырмалар
Негізгі фактілерді, тұжырымдамаларды түсіну және білу.
13.
Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар
өмірдегі және тәжірибедегі жағдайды ғылыми тұрғыда түсіндіру.
15 жастағы оқушылардың білім деңгейінің жетістіктерін есепке алу
5-6 деңгей – өзінің ойлау біліктілігі;
4-3 деңгей – жаңа ақпаратты қабылдау үшін, өзінің біліктілігі мен білімін қолдана білу;
2 деңгей – оқыту емес қарапайым жағдайда бар білім, біліктіліктерін қолдану;
1 деңгей – төменгі деңгей қарапайым тапсырмаларды орындаудағы білім көрсеткіштері.
16.
Ашық және жабық форматтағы тест тапсырмалары.
Қарапайым көпжақты таңдау:
Тапсырмалар талап етеді
төрт нұсқаның бірін таңдау;
«ыстық нүктені» таңдау , демек, суретте немесе мәтінде элементі болатын жауап.
Күрделі көпжақты таңдау:
Тапсырмалар талап етеді
«Иә/Жоқ» түрдегі сұрақтарға жауап;
Жеке тапсырмаларды ұсынатын (типтік формат 2006 жылғы);
Ұсынылған нұсқалардан бірден көп жауабын таңдау;
Ұсынылған нұсқалармен бос орынды толтырып, сөйлемді аяқтау;
Экранда элементтерді ауыстыру
Компьютерлер категория бойынша бөлуде немесе жинақтауда, сәйкестендіруге берілген тапсырмаларда.
Толық жауап: Жазбаша жауапты немесе сызбаны талап ететін тапсырмалар .
Мұндай тапсырмалар ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын анықтау үшін әдетте жазбаша жауапты талап етеді, қысқа түйіндерден бастап абзацтарға дейін(мысалы, 2-4 сөйлем.
Мұндай тапсырмалардың аз мөлшері сызбаны салуды талап етеді(мысалы, графика және диаграмма). Компьютерді қолдануда мұндай тапсырмаларды орындау қажет болған жауапқа спицификалы қарапайым сурет редакторы.
1.Мәтіннің мазмұның және оның мағынасын толық түсіну бағдары:
-мәтіндегі негізгі тақырып және тақырыпша бойынша мәтіндегі идеяны тұжырымдау;
- мәтіннің мағынасын білдіретін тезисті тұжырымдау;
- суреттің, картаның мағынасын түсіндіру;
- график немесе кестеден жасалғанын түсіндіру.
2.Ақпаратты айқындау:
- оның негізгі элементтерін анықтау;
-ақпараттың қажетті бірліктерін табу .
3.Мәтінді түсіну:
- мәтінде берілген ақпараттарды өзара салыстыру;
- ұсын тезистердің дәлелдемелерін растау;
- мәтіндегі тұжырымдалған сауқаттардан қорытынды жасау.
4.Мәтіннің мазмұнын ашу:
- мәтінде табылған ақпараттарды басқа жерлерден алынған ақпараттармен байланыстыру;
-мәтіндегі алынған өзінің әлем туралы көзқарасын тұжырымдап, бағалау;
- өзінің көзқарасы бойынша дәлелдер іздеу.
5. Мәтіннің формасын ашу:
- сын тұрғысынан ойлау және өздігінен эстетикалық тұжырым жасау;
- автордың бейнеленген ниетін адекватты бағалау;
- автордың бейнелегенің бағалап, салыстыру.
Тест тапсырмаларын орындауға арнадған нұсқаулық.
Тесті орындау кезінде үш түрлі тапсырмалар кездеседі:
1.Ббірнеше қарапайым жауапты тапсырма:
төрт нұсқадан бір дұрыс жауапты таңдау;
«ыстық нүкте» және т.б. сурет элементтерінен немесе мәтінен дұрыс жауапты таңдау.
2. Бірнеше күрделі жауапты тапсырма:
Мынадай тапсырмалар беріледі:
жеке тапсырма сұрақтарына «иә/жоқ» жауаптардың бірін таңдау;
сөйлемнен бір жауапты таңдау;
толтырылған мәселелерге ұсынылған нұсқаулардың дұрыс жауабын таңдау;
категориялар тәртіппен немесе бөлініп берілген.
3. Жауапты толық,еркін түрде құрастыру.
Мынадай тапсырмалар ұсынылған:
Жазбаша жауап;
Сызба құру.
Тапсырманы орындау кезінде мәтінді кқңіл қойып оқы. Мәтін мазмұны саған сұраққа жауап беруге көмектеседі.
Мынаған көңіл бөл:
Кейбір тапсырмалады орындау үшін тек биологияны және басқа пәндерді (химия, экология, астрономия, математика, физика, география) білу керек.
Тапсырмаларды берілген ретпен орындауға кеңес береміз. Уақытты үнемдеу мақсатында тапсырмаларды бірден орында немесе білетін келесі тапсырманы қарастыр. Барлық тапсырмаларды орындаған кейін, орындамай өткізіп жіберген тапсырмаған орал.
Егер барлық тапсырмаларды толық орындағаннан кейін уақытын қалса, онда міндетті түрде берген жауаптарынды тексер.
Мұғалімнің қатысуымен, тапсырманы рұқсас берілген соң орында.
Сәттілік тілейміз !!
Тапсырма №1
Cұрақ: Әр түрлі құралдарды пайдаланып үйкеліс кезінде денелерді электрлендіру құбылысы арқылы электірленген денелерді анықтандар.
Пластмасса сызғышты құрғақ парақ қағазға үйкелеңдер. Тәжірибе жасау арқылы, сызғыштың электрленгенін дәлелдеңдер. Оның электрлену себебі неде ? жауап:(дененің электрленуі үшін оның бетінде оң немесе теріс таңбалы электр зарядтарының саны артық болу керек. Электрлендіруді үйкеліс арқылы, зарядталған денені заряталмаған денеге тигізу және әсер ету арқылы жүзеге асыруға болады.)
2) Қай заттар электрленеді?
1
Денелерді электрлендіру үшін оларды міндетті түрде бір-біріне үйкелеу керек пе ?
Иә/ жоқ
2
Денелерді электрлендірудің басқа жолы бар
Иә/жоқ
3
Қолдағы жез таяқшаны үйкеліс арқылы электрлендіруге бола ма ?
Иә/жоқ
4
Ағашты таяқшаны ше?
Иә/жоқ
Жауап: ( 1-иә; 2-жоқ; 3-иә; 4-жоқ)
3) Мыс сымды үйкеліс арқылы электрлеуге бола ма ? Қандай жолмен?
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Жауабы: (Электрлену құбылысы электр зарядтарының сақталу заңына бағынады. Мұндай денелер жүйесінде электр зарядтары бір денеден екіншісіне ауыса алады, олардағы жалпы зарядтардың шамасы өзгермейді. Оқшалау, тұйық жолмен алуға да болады)
4) Дәлелдеп көрсет.
Плексигластан жасалған сызғыш пен киіз кесіндісін бір-біріне үйкегенде, олардың екеуі де электрленетінін дәлелдеңдер. Осы зарядтардың шамасы қандай? Олардың таңбасы ше ?
Жауабы: (денелерді үйкеген кезде дене электрленеді, ол үшін оның бетінде оң немесе теріс таңбалы электр зарядтарының саны артық болу керек. Электрлендіруді үйкеліс арқылы, зарядталған денені заряталмаған денеге тигізу және әсер ету арқылы жүзеге асыруға болады.)
Тапсырма №2
Тақырыбы:Байқалатын құбылыс.
Сұрақ:. Ертеде қыздар шашын ағаш, темір, пластмасса тарақтармен тарады. Осы кезде болған жағдайды қалай анықтады. Ал, қазіргі кезде осы құбылысты қалай анықтар еді? Және де жүнге сүртілген заттарды қай жағынан қарастыруға болады ? Оны бір денеге сүйеп қойған жағдайда.
1) Пластмасса тарақпен тарағанда, шаштың оған «жабысатыны» неліктен?
А) тарақ зарядталмаған;
В) екеуі де бір-біріне тартылады;
С) шаш зарядталған;
Д) дұрыс жауап жоқ.
2) Ауа шарын үрлеп болғаннан кейін жүнмен сүртіңдер де, терезеге немесе
қабырғаға сүйеп қойындар. Қандай құбылыс байқалады?
1
Ауа шары терезеге жабысады
Иә/жоқ
2
Ауа шары қабырғаға жабысады
Иә/жоқ
3
Қабырғаға да, терезеге де жабыспайды
Иә/жоқ
3) Пластмасса сызғышты құрғақ қағазға үйкелеп, майда кесілген қағаз бөліктеріне жақындатса, олар тартылады. Неге?
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------жауабы: (денелердің арасындағы электрлік өзара әрекеттесулер олардың үйкеліс арқылы ашады)
Тапсырма № 3
Сұрақ: Денелердің өзара әрекеттері арқылы құбылысты анықтау арқылы олардың таңбалары бірдей ме, әлде әртүрлі ме соны қалай қарастыруға болады ?
Күн жауын жауып түрса, күн ашық кезінде бұлттардың астындағы жер бетінің зарядының таңбасы бақылау қажет, егер бұлттың зарядты оң болған жағдайда қандай әрекет болады.
Сен егер досынмен амандасқанда немесе колмен айқастырған кезде , қандайда бір заттарды ұстағанда неге сені ток соғатының білесін бе?
2)Зараядталған денелердің өзара әрекетті дұрыс кескінделген бе ?
А) 1 мен 3 сурет дұрыс;
Б) 2 мен 3 сурет дұрыс;
В) тек 2 сурет дұрыс;
Д) ешқай сурет дұрыс емес.
3) 2-ші суретті пайдаланып бұлт астындағы жер бетінің зарядының таңбасын сурет арқылы кескінде. Егер бұлт оң зарядталған болса.
Бұлт: +
Егер бұлт жер бетінің зарядтының таңбасы оң болса, тебіледі, теріс болса тартылады. Құбылыстардың арасында өзара байланысты ұмытпаған жөн. Себебі, жақындатылған денедегі пайда болған индукцияланған заряд.
4. Көп жағдайда адаммен қол алысып амандасқанда немесе қандайда да бір металл затты ұстағанда, сені ток соғатыны неліктен? Құбылысты түсіндіріңдер.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Жауабы (Дененің электрленуі үшін оның бетінде оң және теріс таңбалы электр зарядтарының саны артық болуы керек. Электрленуді үйкеліс арқылы, зарядталған денені зарядталмаған денеге тигізу және әрект ету арқылы жүзеге асыруға болады. Екі дене электрленеді сол себептен ток соғады.)
Тапсырма №4.
Тақырыбы:Құбылыстың өзгеруін байқа.
Сұрақ: Сен қол жуып тұрсын егер шаш таралған трақты сол ағып тұрған суға жақындатып ұстағанда не көрдің ? Алдында айтылған тәжірибеде әр заттқа үйкелесек зарядттары қандай болмақ, осы байқалған құбылыстардың бізге пайдалы ма, әлде зиянды ма қалай ойлайсын?
Жіңішк су ағынына электрленген тарақты жақындатыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер.
Жауабы (егер әр түрлі дене өзара үйкеліске түссе, олардың арасында оң және теріс зарядтардың қайта бөлініп орналасуы жүреді және соның нәтиже-сінде бір денеде – оң, ал екіншісінде - тері зарядтар пайда болады. Осыдан денелердің арасындағы электрлік өзара әрекеттесуді байқауға болады.
Су электрлену мүмкін бе?
А) электрленеді;
В)дұрыс жауап жоқ;
С) мүмкін емес;
Д) су өзі зарядталған.
Теріге үйкелегенде, шыны таяқшада оң электр заряды пайда болады, ал терінің алған заряының таңбасы қандай? Бұл қай заңмен үйлеседі ?
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Жауабы: (егер әр түрлі дене өзара үйкеліске түссе, олардың арасында оң және теріс зарядтардың қайта бөлініп орналасуы жүреді және соның нәтиже-сінде бір денеде – оң, ал екіншісінде - тері зарядтар пайда болады. Осыдан денелердің арасындағы электрлік өзара әрекеттесуді байқауға болады. Электр зарядтарының өзара әрерлесу заңы.)
Шамалары бойынша тең, таңбалары қарама-қарсы екі зарядты бір өткізгішке орналастырса, олар жойылып кетеді деген пікір дұрыс па?
1
Олар жойылады.
Иә/жоқ
2
Жойылмайды
Иә/жоқ
3
Байқалмайды
Иә/жоқ
Тапсырма №5
Тақырыбы:Заттың атомының құрылысы мен құрамы.
Сұрақ: Заттың атомының құрылысы мен құрамы жөнінде жақсы білесін. Өзінің алған білімінді тексер. Біздің қолымызда бор атомы бар егер оны жақсылап түсінік алсақ, оның құрылысы мен құрамы анықтау қажет етеді. Ендеше осы тақырыпты еске түсіре отырып тапсырманы орындайық. Келесі атом Оттектің ядросы 16 бөлшектен (қандай) тұрады, ал оны 8 электрон айналады. Осыны қалай түсінесін ? Және де зарядты электрленгені жайында мәлімде.
1-сурет
1(а)-суретте бор атомының нұсқасы кескінделген. Соны пайдаланып, берілген зат атомының құрылысы мен құрамы жөнінде түсінік беріңдер.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Жауабы: кез келген заттың атомы, оның массасы түгел дерлік жинақталған оң зарядты протонан және электрлік бейтарап нейтроннан тұратыны анықталады. Ядро мен электрон электрлік тартылыс күшітері арқылы әрекеттесетіндіктен, электрондар ядроны айналып жүреді және одан ұшып кетпейді. Ядроның өзі де құрылысы жағынан күрделі. Ол екі түрлі бөлшектерден: оң зарядты – протондардан және электрлі бейтарап – нейтрондардан тұрады. Протон мен нейтронның массалары шамамен тең, бірақ электронның массасынан әлдеқайда көп.
Оттектің ядросы 16 бөлшектен (қандай) тұрады, ал оны 8 электрон айналады. 1(а)-суреттегідей етіп, оттек атомының нұсқасын кескіндеңдер.
Түсінігі
Кескіні
Төменгі сан – атом ядросында қанша протон және сонымен қатар ядроны қанша электрон айналып жүретінін көрсетеді. Үстіңгі сан атом ядросында, жалпы алғанда қанша протон мен нейтрон бар екенін көрсетеді.
8 электрон. 4-пратон,4 –нейтрон.
1(б)-суретте кескінделген атом электрлік бейтарап па, зарядталған ба? Ол қай элементке жатады ?
1
Бейтарап
Иә/жоқ
Қай элементке жататын түсіндір
2
Зарядталған
Иә/жоқ
8 электрон. 4-пратон,4 –нейтрон.
Оттегі.
3
Екеуі де орындалмайды
Иә/жоқ
4
Екеуі де орындалады
Иә/жоқ
Тапсырма №6
Тақырыбы:Магнетизм – электр
Сұрақ: Магнит күш сызықтары.
Фотографиялық суреттен көшірілген мына төмендегі сурет қызық картинаны көрсетеді: электромагнит полюстерінң үсінде қойылған қолдан ірі шегелер, үрпиіп тұрған қатты түк сыяқты, тік көтеріліп тұрған. Ал қолдың өзі магнит күшін мүлде сезбейді.. көзге көрінбейтін магнит сызықтары қол арқылы өтіп жатады, бірақ олардың өтіп жатқанын адам сезбейді. Ал темір шегелер магнит сызықтарының әсеріне бой ұсынып, бағынады және бір полюстен екіншісіне қыйсық сызық бойымен өтіп жатқан магнит күштерінің бағытын көрсете отырып, белгілі бір тәртіппен орналасады.
1-сурет. Магнит күштері қол арқылы өтіп жатыр.
Адам сезімінің магниттік органы жоқ. Сондықтан әрбір магнитті қоршап тұрған магнит күштерінің бар екендігін біз тек қана аңғара аламыз. Алайда бұл күштердің бөліну картинасын жанама жолмен айқындау қыйын емес. Мұны майда темір үгінділерімен істеген жақсы болады. Темір үгінділерін жұқалап тегіс етіп қаратонның немесе шыны пластинканың үстіне себіңіздер. Картонның немесе шынының астына кәдісгі магнитті ұстап, үгнділерді саусақпен жайлап шертіп қозғалтыңыздар, магнит күштері картон мен әйнектен еркін өтеду, темір үгінділерді магниттің әсерінен магниттелеледі. Біз үгінділерді қозғалтқанда олар лезде-ақ пластинкадан бөлініп, магнит күштерінің әсерінен осы нүктеде магнит стрелкасы қалай орналасатын болса, сондай қалыпта, яғни магнит « күш сызығының» бойымен орналасады. Осының нәтижесінде үгінділер көзге көрінбейтін магнит сызықтарының бөлінуін көнекі түрде айқындай отырып, қатар орналасады.
2-сурет. Магнит полюстарын жауып тұрған картонда темір үгінділердің орналасуы.
Магниттің үстінде темір үгінділері бар пластинканы қоямыз да, ны қозғалтамыз. Сонда екінші суретте көрсетілгендей фигура шығады. Магниттік күштер имек сызықтардың күрделі системасын құрады. Сіздер әрбір полюстен имек сызықтардың сәулеленіп, жан –жаққа тарайтындығын екі полюстің арасында біресе қысқа, біресе ұзын доға жасай отырып, үгінділердің бірімен-бірінің жалғасатындығын көрсесіздер. Темір үгінділері тап осы жерде физиктің ойыш суреттеуін көзалдына елестетеді және көзге көрінбейтін тәсілмен әрбір магниттың айналасында жүретінін көрсетеді. Полюске неғұрлым жақын болған сайын үгінділер сызығы соғұрлым қою және анығырақ болады, керсінше полюстер алыстаған сайын темір үгінділері сирек береді де, оның анықтығы жойыла береді, мұнымен арасы алыстаған сайын магниттік күштердің нашарлайтынын нақты түрде дәлеледейді.
Не себепті шеге басқа денені ескермей магнит әсерін алады ?
Жауап:Ал темір шегелер магнит сызықтарының әсеріне бой ұсынып, бағынады және бір полюстен екіншісіне қыйсық сызық бойымен өтіп жатқан магнит күштерінің бағытын көрсете отырып, белгілі бір тәртіппен орналасады.
1
Темір магнит күшін қабылдайды
Иә/жоқ
2
Магнитте, адамда, басқа денеде магнит күшін қабылдамайды.
Иә/жоқ
3
Адам бойына магнит күші әсер етеді
Иә/жоқ
Осы тақырып негізі пәнаралық байланыстарын ата?
А) физика, алгебра
В) геометрия, химия
С) физика, химия, геометрия, георафия, биология.
Д) биология, георафия.
4. Полюске неғұрлым жақын болған сайын үгінділер сызығы қандай болады және анығырақ болады, керсінше полюстер алыстаған сайын темір қалай береді де, оның анықтығы жойыла береді, мұнымен арасы алыстаған сайын магниттік күштердің қандай түрде дәлелденеді ?
Жауап:Полюске неғұрлым жақын болған сайын үгінділер сызығы соғұрлым қою және анығырақ болады, керсінше полюстер алыстаған сайын темір үгінділері сирек береді де, оның анықтығы жойыла береді, мұнымен арасы алыстаған сайын магниттік күштердің нашарлайтынын нақты түрде дәлеледейді.
Қолданылған әдебиеттер:
8-сынып. Есептер жинағы. В.И.Кем. Б.А.Кронгарт. Алматы «Мектеп-2004»