kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

П?НДІ О?ЫТУДА ХАЛЫ?ТЫ? ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙДАЛАНУ М?МКІНДІКТЕРІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайдуллаева Камалхан Токбосыновна

?аза? тілі мен ?дебиеті п?ні м??алімі

Ш?О ?ржар ауданы Таскескен ауылы

                                         «А?танберді атында?ы орта мектеп-ба?ша»КММ

П?НДІ О?ЫТУДА ХАЛЫ?ТЫ? ПЕДАГОГИКАНЫ  ПАЙДАЛАНУ М?МКІНДІКТЕРІ

?дебиеттер тізімі:

  1. Н.?.Назарбаевты? ?аза?стан хал?ына Жолдауынан.
  2. ?Р Президенті Н.Назарбаевты? «?лтты? ?лы м?раты жолында ?йысайы?» с?хбаты /29.05.2008/
  3. «?аза?стан мектебі» 11.2009.
  4. «?аза?стан мектебі» 5.2008.

«Дала ?о?ырауы» данышпан Ыбырай Алтынсаринні? «М??алім-мектепті? ж?регі» деген с?зді айт?анына, міне, бірнеше ?асыр ?тіпті. ?зін бас?алардан кішік, ?арапайым ?ста?ан дана м??алім  елімізді? ерте?гі болаша?ына ба?ыт-ба?дар беріп, жас ?рпа?ты? рухани ?сіп-?нуіне ?лкен жа?дай жаса?аны а?и?ат. Елбасымыз Н.?.Назарбаевты? «Т?уелсіздікті? туы - білімді ?рпа? ?олында» деген ?а?идасы ?лы данышпан Ыбырайды? аталы с?зімен саба?тасып жатыр.

«.Олар бабаларыны? игі д?ст?рлерін са?тай отырып, ?азіргі заман?ы нары?ты? экономика жа?дайында ж?мыс істеуге даяр болады. Олар к?ллі ?лемге ?йгілі, ?рі сыйлы, ?з еліні? патриоттары болады. олар ?рпа? т?рбиесінде дана болады: оны? саулы?ына, біліміне ж?не д?ниеге к?з?арасына ?ам?орлы? жасайды.» - деді Елбасы Н.?.Назарбаев ?зіні? халы??а Жолдауында. Осы с?зді? ?зінен-а? жалпы білім беретін ?аза? мектептеріні? о?ушыларына ?лтты? т?рбие беру идеясын к?ре аламыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«П?НДІ О?ЫТУДА ХАЛЫ?ТЫ? ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙДАЛАНУ М?МКІНДІКТЕРІ»

Сайдуллаева Камалхан Токбосыновна

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ШҚО Үржар ауданы Таскескен ауылы

«Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақша»КММ


ПӘНДІ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ


Әдебиеттер тізімі:

  1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан.

  2. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлттың ұлы мұраты жолында ұйысайық» сұхбаты /29.05.2008/

  3. «Қазақстан мектебі» 11.2009.

  4. «Қазақстан мектебі» 5.2008.


«Дала қоңырауы» данышпан Ыбырай Алтынсариннің «Мұғалім-мектептің жүрегі» деген сөзді айтқанына, міне, бірнеше ғасыр өтіпті. Өзін басқалардан кішік, қарапайым ұстаған дана мұғалім еліміздің ертеңгі болашағына бағыт-бағдар беріп, жас ұрпақтың рухани өсіп-өнуіне үлкен жағдай жасағаны ақиқат. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздіктің туы - білімді ұрпақ қолында» деген қағидасы ұлы данышпан Ыбырайдың аталы сөзімен сабақтасып жатыр.

«...Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады... олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды...» - деді Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында. Осы сөздің өзінен-ақ жалпы білім беретін қазақ мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие беру идеясын көре аламыз.

Сонымен қатар ҚР Президенті Н.Назарбаев «Ұлттың ұлы мұраты жолында ұйысайық» деген тақырыптағы сұхбатында (29.05.2008 жыл) «Жаһандану жағдайында да ерекше қазақы қасиеттерді сақтап қалу үшін біз көп нәрсені ескеруге тиіспіз» деп ұлттық болмысты сақтай отырып, дамудың алғы шебіне шығуға шақырғаны белгілі. Ендеше мектептерде қазақы тәлім- тәрбиеге ерекше ден қойғанымыз абзал.

Ақын, педагог Мағжан Жұмабаев «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы- ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиелеу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Ұлт тәрбиесінің жақсылық жағы көп» деп жазады.

Осылайша ол қазақтың халықтық педагогикасының тарихында тұңғыш рет «ұлт тәрбиесі» деген ұғымды педагогика ғылымына ендірді. Мағжан Жұмабаев, осыған орай, педагогтер, тәрбиешілер халықтық педагогиканы пайдалана отырып, түрлі заманда шыққан педагог-ғалымдардың ойларымен де «жақсы таныс болу керек» деп есептейді.

Дана халқымыз өздерінің үлкен тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Бұлар - халық бұқарасының жөн - жобаларының, іс - әрекеттерінің қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен ұстанымдарының көріністері. Халқымыз өмір сүрген ортаның әлеуметтік- экономикалық жағдайына, мәдениеті мен тарихына орайлас жас буынға тәлім- тәрбие берудің басқа жұртта қайталанбайтын жалпыға ортақ адамгершілік, психологиялық («сегіз қырлы, бір сырлы», «жеті атасын білмеген ер жетім» т.б.) қағидаларын белгіледі.

Сол сияқты адам өз ұрпағын еңбекке, кәсіпке, жалпы тіршілікке икемдеп үйрету дәстүрі де адамзат қоғамымен бірге жасасып келеді. Бұл дәстүр ерте кезде өмір сүруге деген мұқтаждықтан туса, кезеңнен кезеңге өтіп, қоғам сатыланып қалыптасқаннан кейін қай ұлт болсын өз ұрпағының өмірге икемді, рухани жағынан биік, ортаға ұлағатты болуын қалады. Ұшы - қиырсыз кең жазира сахара тұрғындары мыңдаған жылдардан бері ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік ерекше әдет - ғұрып, салт - дәстүр рәсімін қалыптастырды. Сөйтіп қазақ халқы өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік - экономикалық жағдайына, табиғатына, өмір сүру мәдениеті мен тарихына орай жас буынға тәлім-тәрбие берудің өзге жұрттан өзгеше, өзіндік ерекше үрдісін дүниеге әкелді. Халық даналығынан туған «Жер - ана, еңбек - ата», «Адал еңбектің абыройы жоғары», «Еңбек әрі сүйсіндіреді, әрі сыйындырады», «Еңбек еткен мұратқа жетеді, мал менен дәулет те бітеді», «Мал баққанға бітеді, егін еккенге бітеді, отын шапқанға бітеді», «Еңбексіз мақсатқа жетпессің» және т.б. мақал – мәтелдерден халқымыз еңбекті табиғаттың адамға тартқан өлшеусіз сыйы ретінде танып қана қоймай, еңбектің өскелең рухын, шабытты сипатын қысқа да нұсқа тілмен таныта білген.

Халық еңбек өмірдің қайнар бұлағы деп бағалайды. Әрі адамның жеке басын қалыптастыруда еңбектің мазмұнына берілген халықтық баға мен әр дәуірде өмір сүрген ұлы ойшылдардың еңбек жөнінде қалдырған ғибратты, кейінгі ұрпақ үлгі - өнеге алатын ой – пікірлерінің үндестігі әр адамды қайран қалдырары сөзсіз. Абайдың «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап», Ыбырайдың «Байлық қанағат пен еңбекте» деген ой – толғамдары расында да халықтың сөзімен үндесіп жатқан жоқ па? Еңбек тәрбиесі проблемасын арнайы зерттеген ірі тұлғалы педагогтардың ғылыми ізденістеріне жасалған талдау олардың халықтық педагогикадағы білімдерге сүйіне отырып, халықтың тарихи дәстүрлеріне баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, аса құрметпен қарауға тәрбиелеу тәжірибелеріне терең толғаныспен қарағандығы байқатады. Мәселен қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті ағартушы – ғалым Ж.Аймауытов: «Тәрбиеге нәр беретін нәрсе - өскен орта. Ата – анасының тәрбиесінен соңғы күшті, болмаса парапар – орта... Тәрбиеге туған жұрттың тілі, мінезі, тұрмысы әсер қылмақ», - деп халықтың тәрбиесінің маңыздылығына тоқталып өтеді.

Еңбекті сүю және қадірлеу тақырыбы Ыбырай әңгімелерінің де негізгі өзегі болып табылады. Оны жазушы шағын әңгімелерінде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. «Қазақ хрестоматиясына» кірген әңгімелерінде Ыбырай жастарды еңбекті сүюге, оқу-өнерге ұмтылуға, талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға баулиды. Жалқаулықты, қиянат жасауды, надандықты сынап, жас ұрпақтың ондай әдеттерден аулақ болуына жол көрсетеді.

«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде жазушы балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселелерге әлеуметтік мән бере отырып, еңбекке деген қоғамдық көзқарасты кеңінен бейнелеп, өмірден еш нәрсе үйренбей жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа төзімді, өнерге бейім, еңбек сүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздайды.

Ж.Аймауытов «Тәрбиенің негізгі мақсаты – мінезді түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу» деген қағиданы қуаттай келіп, «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі бала айтып ұқтырғаннан гөрі көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек» - дейді және Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші» кітабында туған тіл – қазақтың ана тілінің қыры мен сыры, маңызы ашылады. «Ана тілін меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бері жан дүниесінің айнасы болып, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі » деп бағалайды.

Ана тілі- тәрбие құралы, ұлт байлығы, тарих- халық шежіресі, ол оқушыларға ұлттық тәрбие беру құралы.

Сондықтан ұстаз атына лайық болып, ана тілінде сабақ бере отырып, білім мен тәрбиені ұлттық таным негізінде жүргізу – қазіргі күннің басты талабы екендігін және халқымыздың рухани талабын бүгінгі күн талабымен ұштастыра білсек қана ұлттық тәрбиенің берері көп екендігін әрқашан есте ұстауымыз керек.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
П?НДІ О?ЫТУДА ХАЛЫ?ТЫ? ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙДАЛАНУ М?МКІНДІКТЕРІ

Автор: Сайдуллаева Камалхан Токбасыновна

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279870


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства