Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану п?нін бас?а п?ндермен ы?палдастыру жолдары»
Тақырыбы: “Өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен ықпалдастыру”
Мақсаты:Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту.
Өзектілігі:«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ерекшілігі – «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен ықпалдастыру арқылы сабақтың рухани маңыздылығын күшейту, баланың санасын кеңейту.
«Өзін-өзі тану» пәні – тәрбие бастауы
«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!» С.А.Назарбаева
Сабақтағы сабақ: біз өз сабағымызды бергенде
-«Мен математиканы оқытамын» немесе «Мен әдебиетті оқытамын» деудің орнына: «Мен өскелен ұрпақты оқытамын» деп айтқан жөн.
-Басты – пәнді оқыту емес, пәнді оқыту арқылы тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту.
-Оқыту үрдісіндегі ең маңыздысы – белгілі бір білім қорын жинақтау емес, жақсы мінез-құлықты, ішкі ар-ұждан даусымен сәйкес келетін лайықты тұлға бар.
Қазіргі таңда, жас ұрпақты сапалы түрде оқыта отырып, саналы тәрбиелеу талаптарын жүзеге асырудың мынадай жолдарын ұсынып жүрміз. Олар: Рухани – адамгершілік білімді, құндылықтарды, кез келген пәнді оқыту мазмұнына енгізу.
Ықпалдастыру жолдары:
1.Ғылымдардың даму тарихы мен ұлы ғалымдардың өмірінен шабыттандыратын мысалдар келтіру;
2.Қазіргі ғылыми жаңалықтармен таныстыру;
3.Әрбір оқу пәндерінің мазмұнынан жалпы адамзаттық құндылықтарды анықтау.
Математика. 3 сынып Бір жұмысшы 1сағатта 10 км жердің қарын тазалады. Екінші жұмысшы 1 сағатта 15км жердің қарын тазалады. Ал екеуі бірігіп жұмыс жасаса 3 сағатта қанша км жердің қарын тазалар еді. Шешуі: 3*10+3*15=75км Адамгершілік тұрғыда: Жалғыз адам бір өзі жұмыс жасағаннан гөрі екеуі бірігіп жасаса жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Бір адам жалғыздан – жалғыз көп жұмысты бітіре алмайды, жасаса да қызықсыз,әрі қажыр-қайратын тауысып барып ұзақ уақытта аяқтауы мүмкін. Ал көп болса, жұмыс әрі қызықты,әрі тез,әрі тиянақты бітеді. Бұл адамды достыққа, бірін-бірі жақсы танып білуге,сыйлауға,қамқор болуға, ұйымшыл болуға жетелейді.
4-сынып- Дүниетану пәнімен ықпалдастыру
Дүниетану. Ауа. Ауаның қасиеттері. Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз - Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Ауаның қасиеттері: Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қатты, т.б. Адамгершілік тұрғыда: Ауа бізге қаншалықты қажет болса, сол сияқты адамдардың жылы сөздері, ақ пейілі, мейірімділігі қажет. Ал егер пейіліміз тарылса, мейірімсіз болсақ адамгершілігіміз жойылады.
6-сынып-Биология пәнімен ықпалдастыру
Биологиялық тұрғыда: Бауыр -ішектен бірге түскен зиянды және улы заттар бауырда зиянсызданады.
Адамгершілік тұрғыда: Ағайындылар бауырына ренжемейді, ренжеседе бірден ішке түсірмей ренішін ұмытып кетеді. Өйткені ол бауыры. Әр адамда солай болу керек өкпе ренішін ішінде сақтамай ыдыратып жіберу керек. Адамдардың бір-бірін жақсы көруі, мейірімділігі, жанашырлығы, қамқорлығы- бауырмалдықты білдіреді. Ол-адамдардың туыстық негізінде ғана емес, жалпы адами қасиет ретінде өзге жұрттарды бауырына тарту оларды жақын санап, қамқорлық көрсету, жатсынбау, көпшіл болудан көрінеді.
7-сынып-Геометрия пәнімен ықпалдастыру
Геометрия. Шеңбер дегеніміз - бір нүктеден сызықтың бірдей арақашықтықта орналасқан тұйық қисық сызық. Адамгершілік тұрғыда:Егерде біз осы шеңбер бойымен жүретін болсақ, еш уақытта шегіне жете алмаймыз. Айталық біреу сізді ренжітті оны кешірудің орнына керсінше қарсы әрекет етіп оны ренжіттіңіз, сөйтіп оның шегі болмайды. Егерде ренжіткен адамды кешірсек онда шексіздік үзіліп, біз бақытты өмір кешкен болар едік.
8-сынып-Физика пәнімен ықпалдастыру
Физика. Магнит өрісі
Балалардың күнделікті ойнайтын үрмелі шарларын қолымызға қолғабымызды киіп, үйкелегеннен кейін қолымызды алшақтататын болсақ, шарымыз ешқайда ұшып кетпей алақанымызға келіп жабысады. Кез – келген заттарды бір – біріне үйкелеп, соңынан бір-бірінен алшақтататын болсақ, бәрі бір-біріне тартылады.
Адамгершілік тұрғыда: Яғни бұдан шығатын қортынды: Рухани жақын адамдар бір – біріне ренжісіп көңілі қалып жатса да, кейіннен түсінісіп сыйластықта бола алады.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту арқылы бала санасында жақсы менжаманды, қамқорлық пен қайырымсыздықты т.б өмір түсініктерін айыра білетін, өзін тану арқылы өзгені танитын, сол арқылы бүкіл әлемді танитын көкірегі ояу, шығармашылық ойы дамыған, жарқын өмірді қалайтын саналы ұрпақ тәрбиелей аламыз. Олай болса, ұлттық тарихымызбен үйлесім тапқан осы «Өзін-өзі тану» бағдарламасы - болашақ бағдарламасы деп айтуға болады.
Қорыта келе, Абай бабамыздың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға, - деген үмітін ақтай алсақ, бұл өмірге бекерге келмегендігіміз емес пе?!
Ұсыныс:
1.Қалалық көлемде шығармашылық топтар құрып, осы жұмысты жалғастыру.
2.Осы тақырып бойынша әдістемелік құралдар шығару.
Құрметті ұстаздар, өз ісімізге сүйіспеншілік көзімен қарап, оны өз шәкірттерімізге жүрек тілімен ұсынайық.
“Жүрегім бар-қалғандары бола жатады...
...Мен үшін бұл-теориялық пайымдау емес, нағыз шындық, менің дүниетанымымның іргетасы...”