kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«өзін-өзі тану» сабақтарындағы би-қимыл терапиясы негіздері

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Өзін-өзі тану" сабақтарында би теорапиясын қолдану жолдары жазылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««өзін-өзі тану» сабақтарындағы би-қимыл терапиясы негіздері»

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» САБАҚТАРЫНДАҒЫ БИ-ҚИМЫЛ ТЕРАПИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ


АРХЫМАТАЕВА Н. Ж.

Семейдің М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж оқытушысы



Би терапиясы жеке бағыт ретінде АҚШ-та 1950-70 жылдары қалыптасты, сосын 1960-80 жылдары Ұлыбритания, Германия мен Израилде қалыптасты.

Би терапиясы – психотерапия мен би өнері арасындағы байланыстан тұрады. Би терапиясы басқа да салалар бойынша біліммен де тығыз байланысты. Олар: анатомия, физиология, психофизиология, кинезиология, нейропсихология, психология т.б. яғни дене, қозғалыс, би, психика, шығармашылық, шығармашылықтың көрінуімен байланысты салалардың барлығын қамтиді.

Би терапиясының негізгі көздері:

  1. Ғылымның дамуы, соның ішінде З. Фрейдтің психикалық шынайылық пен психиканың адам онтогенезіндегі саналы және бейсаналы процесстердің қозғалысы ретінде қарастырыуы туралы ашылулармен байланысты, психоаналитикалық мектептердің дамуы. З. Фрейд психологияның 3 негізгі мектебін бөліп қарастырады:

— З.Фрейдтің психоанализі;

— А.Адлердің жеке психологиясын

— К.Г.Юнгтің аналитикалық психологиясын;

Би ежелден бастап адам өмірінің негізгі атрибуттарының бірі болып саналды. Ежелгі дәуірде адамдарда сөз арқылы қарым-қатынас болмағанда қозғалыс, жест арқылы қарым-қатынасқа түскен. Ежелгі тайпаларда би қауымдық өмірдің негізгі құрамының бірі болған, би арқылы қорқыныш, қайғы, қуаныш т.б. көрсеткен. Қазіргі күнде де аборигендерде «сен қай тайпадасың?» деген сауалдың орнына «Сен қандай биді орындайсың?» деген сұрақ қояды екен. Би барлық сал-дәстүрлерде орын алды /туу, той, өлім т.б./ түрлі мерекелер т.б. Сонымен, би рухани емдеу іс тәжірибесінің негізі болды, ол адамның өзіне, табиғатқа, жаратылысқа қатысты байланысын көрсету құралы да болды.

Би терапиясы дәстүрлі және жаңа песихотерапиялық мектептер мен бағыттардан туындады.

Ғасырдың басы өнердегі модерн дәуірі болды: жаңа формалар мен жаңа ұстанымдар пайда болды. Би шеңбері ұлғая бастады. Осылдай бидің жаңа формалары мен би педагогикасын негізін салушылар қатарына: орыс бишісі  Айседора Дункан, австриялық биші, хореограф, философ Рудольфа фон Лабанды атауға болады. Р. Лабан өмірдің құндылығын би арқылы танытты. Ол билеудің жаңа техникасын тауып, адамның қозғалысын сипаттау мен жазу жүйесін құрды, ол қазырде би терапиясының негізі болып отыр. Оның ілімін 60-70- жылдары Ирмгард Бартениефф дамытты, ол ерекше жаттығуларды ойлап тауып, ұсынды ол жаттығулар «Бартениефф негіздері» деп аталады. (“Основы Бартениефф” 1) жаттығулар дене мен қозғалысты үйлесімді байланыстыруға үйретуді көрсетеді. Қазіргі уақытта Лабан-анализ бен Бартениефф Негіздері би терапиясының негізін құрушы бөліктер болып табылады. Неміс хореографы Мери Вигман би экспрессионизмінің негізін салушы. Оны ең бастысы адамның аффектілері қызықтырды. Эмоционалды толқулар денеге арнайы форма беріп, қозғалыс сапасын анықтады. Мери Вигман би педагогикасы мен балетмейстерлік өнерге импровизацилық өнерді әкелді.

Би импровизациясы – кездейсоқ қозғалыс тәсілдері. Егер адам аяқ астынан кездейсоқ қозғалса, онда ол өзін шынайы және дәл көрсетеді. Санасыздық көрініс беруі де мүмкін осылай адам өзінің жоғалтқан бөлігімен қауышуға және өзінің психологиялық ресурстарын тануға қабілетті болады. Гере осыны саналы түрде түсінсе, өзін-өзі тануға жеке тұлғалық құндылықтарын меңгеруге мүмкіндік ашылады.

Мэриан Чейстің өзінің би студиясы болған. Оған қатысып жүрген адамдардың денсаулығының жақсарғанын дәрігерлер байқаған. Біртіндеп дәрігерлер өз науқастарын М.Чейстің студиясына жіберіп отырған. 1946 жылы Мэриан Чейс Вашингтондағы Қасиетті Элизабет атындағы психиатриялық больницаға жұмысқа шақырылады. Осы жерден оның әдісі туындайды, содан бері би терапиясының негізі қаланды деп те атауға болады. Би терапиясының негізін салушылар: Труди Шуп, Мери Уайтхаус, Лилиан Эспенакдер де болды.

Вильгельм Райх З.Фрейдтің шәкірті. Оның ілімі-бұлшық етті-эмоциональды блок туралы, яғни адамның эмоциональды көңіл-күйі өз өзінен жоғалып кетпейді, олар адамның бұлшық еттерінде бұлшық ет блоктары түрінде қыстырылып қалады. Осы қалған эмоциялар жылдар бойы жинақталып, бұлшық етті панцирь түзейді. В.Райх, аналитик бола отырып, вербальды анализді ғана емес, осы бұлшық етті блоктарға әсер етіп, эмоцияларды шығару жолдарын ұсынады /дене қимылдары арқылы/.

Би терапиясында сенің қалай қозғалғаның емес, ең бастысы сенің қозғалған кезде нені сезініп, нені ойлатының, би арқылы нені көрсететінің маңызды.  Адам денесі адамды алдамайтын, өзін толық мәнде ашылуына, шынайылығын танытуға ықпал ететін дене.

Абрахам Маслоу “…адамда инстинктілі қажеттілік болады, ол оның табиғи бөлігі, сондай-ақ адамда жоғары қажеттіліктер мысалы, ерекше блу, қажет болу, құрметке ие болу, өзін еркін таныта алу қажеттілігі болады”. Егер бұл сөзді би терапиясымен айтсақ, - ол адамның көріну, танымал болу қажеттілігі, яғни ол тек қозғалыс арқылы мүмкін болады.

Би терапиясының негізгі міндеттері:

    • Дененің іс әрекетін зерттей отырып, өзін-өзі сезіну деңгейін жетілдіру

    • Қауіпсіз кеңістікті құру.

    • Ой, сезім, қозғалысты бір-біріне сәйкестендіру /адам көбінесе бір нәрсені ойлайды, басқаша сезінеді, басқаша әрекет етеді. / Ал бұл жерді адам осы үшеуін бірлікте ұстауы шарт.

    • Адам денесінің «тілін» түсіну

    • Адамның өз-өзіне деген құрметін және өзіне деген сенімін дамыту


Би терапиясының негізгі ұстанымдары:


  1. Дене мен психика бір бірімен өзара байланысты және бір-біріне үнемі ықпал етеді. Дене-адам жанының айнасы, ал қозғалыс- адамның «МЕНінің» көрінісі.

  2. Би- бұл коммуникация, ол үш бағытта жүзеге асады: өзімен өзі болу, адамдармен болу, әлеммен болу.

  3. Холистикалық ұстаным, яғни т.е. бүтіндік, тұтастық ұстанымы, ой-сезім- қозғалыстың бірлігі.

  4. Денені қозғалмалы үрдіс ретінде қабылдау ұстанымы. «Үрдіс» деп отырған себебі, оның үнемі өзгерісте болатындығы. Адам өз денесін басқара алуы керектігін білеміз, бірақ белгілі бір уақыттарда адамда ауру, қысылу т.б. пайда болады. сондықтан адам өз жаны мен тәнінің тілін түсінуі шарт.

  5. Адамның шығармашылық ресурсын ескеру ұстанымы. Себебі ол адамның таусылмас энергия қуаты, көзі.

Би терапиясына көбінесе кинестетиктер /қозғалыс арқылы қабылдайтындар, яғни олар үшін қозғалыс өзін-өзі таныту мен өзін көрсету, дамыту көзі/ белсене қатысады.

Адам өз денесімен байланысты үзсе не болады?

  • Түрлі типтегі физикалық, эмоциональдық, психологиялық қысым.

  • Дененің ақауы /туғанна, жүре пайда болған: жарақат, хирургиялық операция салдары т.б./

  • Отбасы мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастың бұзылуы

  • Ата-ананың баланың дене бітіміне қатысты айтқан сыны одан пайда болған ұят сезімі

  • Ерте жасынан баланы шеттету, немесе тастап кету.

  • Діни көзқарастар

  • Түрлі катастрофа /соғыс, өрт, су тасқыны т.б./ тырысып, тірі қалу/

Сонымен, би терапиясы үлкен бір сала, онда адамның жасына шек қойылмайды.


Әдебиеттер:

  1. Бирюкова И. Тело как зеркало души. М., 2013

  2. http://www.atdt.ru




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«өзін-өзі тану» сабақтарындағы би-қимыл терапиясы негіздері

Автор: АРХЫМАТАЕВА НУРИЛА ЖАКСЫЛЫККЫЗЫ

Дата: 30.10.2017

Номер свидетельства: 435522


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства