Просмотр содержимого документа
«"Өз оқытуымдағы өзгерістерді көре алдым" атты Эссе»
Әр ұстаз өзгерісті өзінен бастау керек
Педагог-ол оқушыларға білім биігіне шығар жолды нұсқаушы.Педагог болу оңай іс емес екенін бәрі біле бермейді. Иә, бүгінгі күн мұғалімінің көп ізденіп,тынымсыз еңбектеніп,сабақ берудің тиімді тәсілдерін жетілдіріп , заманына қарай адамы болуы керек.Абай атамыздың « Ақырын жүріп анық бас,еңбегің кетпес далаға,ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» - деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады.Ұстаздың еңбегі қай уақытта ақталады?Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып,елінің азаматы болған сәтінде ғана. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Біздің міндетіміз-бәсекеге лайықты ұрпақ тәрбиелеу» деген ойын басшылыққа ала отырып,тұлғаның бейімділігін қажеттілігін қанағаттандыру,қызығу қабілетін ескере отырып,жан-жақты дамуын,мектептен алған білімін өмір бойы пайдалана алатын тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.2016 жылы деңгейлік оқыту курсын оқыған соң, жаңашыл ұстаз-заман талабы екенін түсінгендей болдым.Мұғалім болашақ ұрпақ тәрбиелеуші. «Жаңа Қазақстан, жаңашыл ұстаз,жаңа ұрпақ»-бұл білім беру жүйесіндегі бәсәкеге қабілетті мамандық екенін түсіндім.Әр мұғалім жаңашыл өмір талабына сай жаңа бағыт үйретуші болуы керек деп есептеймін.
Менің мақсатым:әр сабағым оқушының есінде қалу үшін қызықты етіп өту.Әлемнің өзгеруін қаласам өзімнен бастау керек екенін білдім.Сондықтан ақпараттық технологияларды қолданып,ізденіс үстінде жүрдім.Мұғалім мектептің жүрегі екенін ескере отырып,елдің алдында Қазақстанның болашағын тәрбиелеу үлкен жауапкершілік екенін сезіндім. Мен жаңашыл өмір талабына сай жаңа бағыт үйретуші болып, баланың жан сарайының кілтін тауып,әр баланың қайталанбас жеке тұлға екенін ескеріп ,әр қайсысының жан дүниесі өзінше бір әлем деп, тынымсыз қажырлы еңбектің арқасында жұмысым нәтижелі болатынына сендім. «Ұстаз шәкіртіне күн болып көрініп,нұр болып төгілу керектігін түсініп,еш уақытта дауыс көтермей,сабырлы,салмақты болу керектігімді ұмытпадым.Әр оқушының жүрегіне жол табуға тырыстым.Тек мен емес менің оқыту тәсілдерімде өзгерді.Кез келген ұстазды бірінші орында нені оқыту керек,оқыту үдерісін қалай құрылымдасам,күткен нәтижеге қалай қол жеткізе аламын?деген сұрақтар мені де мазалады.Әр сабағымда оқушыларым өз пікірін қорғай білетін, тез шешім қабылдай алатын,өз күшіне сенетін өзі үшінде,өзге үшінде жауапкершілікпен қарайтын оқушы тәрбиелеуге тырыстым.Әр оқушының бойына сын тұрғысынан ойлана алатын,логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, тез ойланып шешім қабылдайтын,барлығын ой елегінен откізіп,өзіндік пікірі бар тұлға тәрбиеледім.Себебі ақылды адам ол көп мәлімет есте сақтайтын емес,ол кез келген жағдайда алған білімін өмірде қолдана алатын адамды айтамыз.Кейбір педагогтар жасымыз ұлғайған бізге қиын, сондықтан жастар ізденсін дейді.Олар көштен қалып бара жатқанын да байқамайды.Сол сияқты артымнан ерген жас мамандарға да көмектесіп,сабақтар өтіп,талқылап, дәлелдеп,тиімділігін түсіндіруге тырыстым.Мұғалімге айтылар сын мен мін көп.Жаңашыл мұғалім еңбек ету үшін жаңашылдыққа ұмтылып,ізденуі керек.Олар «Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек» иесі болуы керек.Зерттеушілік,ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды,өз ісін жетік біліп табанды педагог ғана түпкі нәтижеге, мақсатқа қол жеткізетініне айтамын.Ондай мұғалім әр күніне есеп беріп отыратын,көп білу үшін көп оқитын іздемпаз,жаңашыл педагог бола алатынын түсіндіремін.Ұлы қытай ойшылы Конфуций айтқандай: «Айтсаң ұмытамын,көрсетсең -есте сақтаймын,ал егер өзіме жасауға мүмкіндік берсең-үйренемін» дегендей сабағымда бірлескен,топтық,жұптық жұмыстарды ұйымдастырдым,сол арқылы әр сабағымда түрлі тәсілдер арқылы ой толғауға,зерттеуге,талдауға,сынауға,бір-бірін оқытуға және бағалауға дағдыландырдым.Еткен еңбегімнің нәтижесін көп ұзамай байқадым.Оқушыларым аудандық түрлі байқаулардан жүлделі орындарға ие болды.
Сонымен жаңа заман мұғалімі болу үшін күнделікті әр сабағымды ой елегінен өткізіп, өзімнің алдыма қойған мақсатыма жетуге талпындым,сабағымда түрлі тиімді тәсілдерді қолданып,зерттеушілік қабілетімді дамытып,рухани адамгершілікті,белсенді,сауатты,іздемпаз,жауапкершілікті шығармашыл тұлға болуға тырыстым.Бүгінгі өмір талабына сай педагогтардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын осындай сайыстар,байқаулар,сайттар,басылымдар көп болса екен дер едім.Белсенді ұстаздарды марапаттау бұл олардың мәртебесін көтеріп,шыңдар еді.