?анатты с?здер: «Т?рбиені? е? тамаша мектебі-отбасы», «Баланы 5 жас?а дейін патшадай к?т, 10жас?а дейін ??лдай ж?мса, 15 жастан ас?ан со? досы?дай сырлас», «?ке –тірек, ана-ж?рек, бала тілек.
Т?рі: д??гелек ?стел.
Ж?ргізуші: «Адам?а е? бірінші білім емес, т?рбие керек. Т?рбиесіз берілген білім адамзатты? ?ас жауы, ол келешекте оны? ?міріне ?ауіп ?келеді»,-деп ?ль-Фараби бабамыз айт?андай,білім беруді? негізгі саласыны? бірі-т?рбие. О?у мен т?рбие егіз. Рухани адамгершілігі мол бала т?рбиелеу мектепті? де, ата-ананы? да міндеті. ?йткені т?ртіпті? е? тамаша мектебі-отбасы. Т?рбие та?дырын алдымен отбасы м?шелері шешеді. Орындалу т?сіліне ?арай т?рбиені беруді былай б?леміз:-а?ыл айту( ма?тау, тыйым салу, т?сіндіру)-ісімен ж?н сілтеу( бірге жасау, ?йрету, к?рсету)-жанама т?рбие-(?рандар, жарнамалар, телерадиохабарлар)
К?бінесе ата-аналар а?ыл айту ?дісіне бой алдырады. К?зін аш?алы естігені ?йтпе- б?йтпе бол?ан бала есейе келе о?ан ?олды біра? сілтейді. Т?рбие жас м?лшеріне ?арай берілгені абзал. Себебі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Отбасы т?рбиесіндегі ?лтты? ??ндылы?тар »
Отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды тиімді
пайдалану жолдары.
Мақсаты: Ата-ана тарапынан бала тәрбиесінде қателіктерге жол бермеу, мектеп пен отбасы қарым –қатынасын нығайту.
Көрнекіліктер: Ұлттық құндылықтардан көрме ұйымдастыру,
Көрмеге қойылған ұлттық құндылық-тар
қанатты сөздер: «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы», «Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан асқан соң досыңдай сырлас», «Әке –тірек, ана-жүрек, бала тілек.
Түрі: дөңгелек үстел.
Жүргізуші: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі»,-деп Әль-Фараби бабамыз айтқандай,білім берудің негізгі саласының бірі-тәрбие. Оқу мен тәрбие егіз. Рухани адамгершілігі мол бала тәрбиелеу мектептің де, ата-ананың да міндеті. Өйткені тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы. Тәрбие тағдырын алдымен отбасы мүшелері шешеді. Орындалу тәсіліне қарай тәрбиені беруді былай бөлеміз:-ақыл айту( мақтау, тыйым салу, түсіндіру)-ісімен жөн сілтеу( бірге жасау, үйрету, көрсету)-жанама тәрбие-(ұрандар, жарнамалар, телерадиохабарлар)
Көбінесе ата-аналар ақыл айту әдісіне бой алдырады. Көзін ашқалы естігені өйтпе- бүйтпе болған бала есейе келе оған қолды бірақ сілтейді. Тәрбие жас мөлшеріне қарай берілгені абзал. Себебі қазақта «Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 15 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан асқан соң досыңдай сырлас» деген.
Іс-шараны жүргізу сәті
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы ата-анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, тағылым-талғамға, әдептілікке баулиды. Себебі отбасы таным-бесігі, отбасы үлгі-өнеге бастауы. Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі.
Қатынасқан ата-аналар
Енді сіздерді бүгінгі «Отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды тиімді пайдалану» тақырыбындағы дөңгелек үстелде бірге ойласып сырласуға шақырамын.
Құрметті ата-аналар «Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар»- деп нелерді айтамыз? (адамгершілік, имандылық, шешендік, әншілік, күйшілік, би өнері, қол өнері -бірнеше салаға бөлінеді: кесте өнері, ағаш шебері, құрақ, ұсталық, өрімшілік, күміс өңдеут.б.) Бүгін сіздермен бірге біз осы құндылықтарды өз отбасыларымызда тиімді пайдалана алып жүрміз бе? Сол туралы ой толғасақ деп отырмыз.
Бүгінгі дөңгелек үстелімізді ата-аналарымыздың қамқоршысы, ақылшысы әжелерімізге арналған әже туралы әнмен бастағалы отырмын. «Әже туралы ән» орындайтын Балабекева Махаббат.
-Сіз Махабат Тастұрдықызы «Өнерді сүйген баланың жаны сұлу, өмірге құштар болып өседі» -деп өнерлі ұл-қыздарды тәрбиелеп отырған анасыз. Осы өнерді қалай дәріптеп жүргендігіңіз туралы айтсаңыз?
Балабекова Махаббат әнші, термеші көп балалы ана
«Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі». Бала отбасында «Әкеден ақыл анадан мейір алады». «Әке асқар тау болса, ана баурындағы бұлақ, бала-жағадағы құрақ» Осы бір үш сөз әке, ана, бала-отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.
-Сіздер өз отбасыларыңызда ұлттық құндылықтардың қайсысына басымырақ көңіл бөлесіздер?
Қария сізден бастағым келіп тұр. Сіз осы ауылдағы жастардың иманды ұрпақ болуына үлкен үлес қосып жүрген жансыз, өз отбасыңызда жолыңызды қуып дін жолын ұстанғаны бар ма? Және де сіз аңшылық дәстүрдің қыр-сырын, оны отбасындағы ұрпақтарыңызға қалай үйретіп жүрсіз сол туралы айтып берсеңіз?
Бекмұха қария саятшы
-Азамат сізге сұрақ сіз әке жолын қуып, өз ұрпағыңызға үйрету ойыңызда бар ма?
- Сара Әзімханқызы сіз бала -болашығымыз деп тәрбиешілік мамандыған таңдаған тәрбиешісіз. Сіз бала тәрбиесінде отбасы құндалықтарының қай түрін көбірек қолданасыз? Қалай дәріптеп жүрсіз?
Сара Әзімханқызы Өлең шығарады, тәрбиеші, тіл өнерін дәріптеуші
-Ермек Құрманғалиұлы ауыл сіздерді әкелі балалы ағаш шебері деп таниды. Сіз осы өнерді қалай үйрендіңіз, болашақ ұрпаққа қалай дәріптеп жүрсіз? Әке ықпалы болды ма?
Ермек Құрманғалиұлы ағаштан домбыра, ер, т.б заттар жасайды. Аман Асқарбекұлы түрлі үй жихаздарын жасайды, Құрмаш Отарғалиұлы өлең шығарады.
-Жазира Тұрғанқызы сіз өз отбасыңызда осы құндылықтардың қай түрін көбірек дәріптейсіз? «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»-деп-
Ұлттық би «Киіз басу». Жазира Тұрғанқызы қызы Маралдым Саятқызымен бірге
Осы отбасының тамаша биіне кезек берейік.
Жүргізуші: Кейде кейбір ата-аналар баласы кішкентай кезінде дегенін беріп, айтқанына көніп, «Өскенде өзі-ақ біледіге» салады, яғни кейін тәрбиеде жіберген қателігін кеш түсініп опық жеп жатады. Адамды 3 нәрсе қайғыға салады екен.
1.-шісі кәрілік, оны өзгерте алмайсың, ол табиғи құбылыс.
2-шісі өлім, оны да өзгерте алмайсың, ол Алланың бұйрығы.
3-шісі жаман бала, одан құтылуға болады, тек жақсы тәрбиенің арқасында ғана. Қазір біз өскенде өзі-ақ біледіге салынап опық жеген жұмбақ кейіпкердің әңгімесін тыңдасақ.
Жұмбақ кейіпкердің әңгімесі:
-Менің баламның бастауыш сыныпта оқу үлгерімі өте жақсы еді. Мен баламды бетінен қақпадым.Оның алып келген 5-тік бағаларына мен ақша беріп отырдым. Елден ерекше киіндірдім, себебі ол менің жалғыз ұлым еді.Соңғы кезде ол мектепте соңғы сабақтардан қашып кететін болды. Күнде ақша сұрайтын болды. Неге керегін сұрасам, мектепке, мереке күніне дейді. Бір күні сынып жетекшісі үйге келіп, баламның мектептегі өрескел қылықтарын айтты. Өзінен кіші сыныптағы балалардан ақша талап ететінін, сабақтан кейін түрлі сылтаудармен көше кезіп жүретіндігін айтты. Оны әкесіне айттым. Әкесі қатал адам еді ұрды, ұрысты. Бірақ соңғы кезде балам маған да өкпелі сияқты. Бұрынғыдай еркелемейді, ашылып әңгіме айтпайды. Үйден таңертең мектепке бармай, клубтарда болып келеді. Мен түсінбедім маған қандай ақыл айтасыздар?
-Жұмбақ кейіпкер сіз бұған кімді кіналайсыз?
Жүргізуші: Ұлы Абай «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады біріншісі-ата-анасынан, екіншісі- ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан» деген екен.
-Ал ата-ана жұмбақ кейіпкер қай жерде қателесті?
-Осы мәселеге тікелей кім кіналы әке ме, әлде анасы ма?
-Балаңыздың достары кімдер, қандай балалар екенін білесіздер ме?
-Сіздердің бастарыңызда сондай жағдай кездессе не істер едіңіздер?
-Аман Асқарбекұлы сіз өз отбасыңызда ұл тәрбиелеп ұяға қондырып отырған әкесіз сіздің айтарыңыз? Отбасы құндылықтарының бала тәрбиесінде орны қандай?
Күлғайша Әбенқызы өсіріп
отырған ұрпақтарыңыз ұлттық
құндылықтардың қай түріне
көбірек қызығады.
-Құрмаш Отарғалиұлы сіз өз
ұрпағыңызға ұлттық құндылықтың
ішіндегі ақындық өнердің
қаншалықты құнды екендігін қалай
көрсетіп қалай дәріптеп жүргенді-
гіңіз туралы сөз қозғасаңыз?
-Назгүл Тоқтарбайқызы сіз
көп балалы отбасынан
шықтыңыз, көп балалы
отбасына келін болып түстіңіз.
Отбасы құндылықтарын
дәріптеуде үлкендердің
орны қандай?
Әке-ана, ата-енелеріңнің
үйреткен құндылықтарын
атап кетсеңіз? Оны қалай
жүзеге асырып жүрсіз сол
туралы айтсаңыз?
- Зәуре Оразымбекқызы сіз отбасында маңдайы торсықтай 4 ұл бала тәрбиелеп отырсыз, бала тәрбиесіндегі анаға ұл балаға ұлттық құндылықтарды үйрету қаншалықты қиындық тудырады сол жайында айтып берсеңіз? Сіз қалай тиімді пайдаланып жүрсіз?
Енді Зәуренің орындауындағы «Ана-Әке» әніне кезек берсек
Еңбекпен тапқан нанның тәтті екендігін ұғындыру
Баланың бас
ұстазы
ата-анасы
Баланың артық қылығын бақылау
Барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек
Баланың бос уақытына назар аударып отыру керек
Сыныптан тыс іс-шараны ұйымдасты-
рып, жүргізуші Чорғанова Куляш Нұрсапақызы
Қолдарыңыздағы жапырақтардың да жайқалатын уақыты жеткен сияқты. Жапырақтарда әріптер тұр сол әріпке сәйкес мақалдар айтып алдарыңыздағы ағаш бұтақтарына ілсіздер. Сонда ағаш жайқалып көктейді. Әрбір отбасы –өркен жайған ағаш діңгегі. Сіздер де осы ағаш сияқты өркен жайып өсіңіздер дей отырып дөңгелек үстелімізді аяқтаймын.
1.Ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі
2.Әкеге қарап ұл өседі
Анаға қарап қыз өседі
3.Қарағайға қарап тал өседі,
Жанұяға қарап бала өседі
4.Баланың бас ұстазы ата-анасы
5.Тәрбие отбасынан басталады.
6.Отан-отбасынан басталады
7.Өнерлі өрге жүзеді
8. Жақсы бала-ата-анасын мақтатар,
Жаман бала-ата-анасын қақсатар.
9.Ынтымақ –үйді жылытады.
10. Анаңды меккеге үш арқалап апарсаң да қарызыңнан құталмайсың.
11.Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды.
12.Сегіз қырлы, бір сырлы
Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұлбала Жұмағұлова мен аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Еркін қорытындылау сәті.
Ата-аналар комитетінің төрағасы Қанапия Әлімақынлұлы
Мектеп директоры Аязбаева Нұрбүбі Базарханқызы өз тілегін арнады.
Қонақтар алғыс пікірлерін білдірді.
«Надек орта мектебі»
мемлекеттік мекемесі
Отбасы тәрбиесінде ұлттық
құндылықтарды тиімді
пайдалану жолдары.
Чорғанова К.Н.
2014 жыл
«Надек орта мектебі»
мемлекеттік мекемесі
Надек орта мектебі туралы мәлімет.
Мектеп салынған жылы -2011 жыл.
Типі – 216 орынға арналған жалпы орта мектеп.
Мектеп директоры: Абделдаев Х.Б.
Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Қуандықова Г.Т.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Акимов М.Ж.
Жалпы бала саны – 330
Мұғалімдер саны – 40
Жоғары білімді – 35
Арнаулы орта білімді – 5
Оның ішінде:
Жоғары санатты – 2
Бірінші санатты – 22
Екінші санатты – 11
Жалпы санатты – 5
«Надек орта мектебі» мемлекеттік мекемесі «Ә.Қастеевтің балалық шағы» атты драмалық қойылымға /семинарға/ келген мұғалімдер тізімі