| 13.10.2015 | |
Коучинг тақырыбы: | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
Жалпы мақсат: | Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік,суммативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру |
Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 61-71 б. Әдістемелік нұсқау |
Оқу нәтижесі: | Балалардың табысты оқуы үшін пәнге деген қызығушылығын оятады, оқушылардың сенімділігін арттырады.Сапалы білім алуына жетелейді. |
Негізгі идеялар: | Тәжірибелеріне енгізе отырып, оқушыны емес, оқушының жұмысын бағалау, жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып, оқу сапасын арттыру. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Слайд-презентация түрлі-түсті стикертер, видеосабақтар |
Оқыту әдістері: | Жаңа әдістер Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі «Бағдаршам» тәсілі, «дейін-кейін» әдісі, |
Дерек көздері: | Әдістемелік нұсқау Мұғалімдерге арналған нұсқаулық |
Тапсырмалар: | Топтық талдау, рөлдік ойын, салыстыру, эссе, зерттеу |
| Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі І.Топқа бөлу (2-минут) | Қиында сөздерді теру арқылы мақал-мәтелді тауып ,топқа бөлінуді ұйымдастырамын. | Сөздерді жинақтап,мақал-мәтелдерді тауып оқиды.Сол бойынша топқа бөлінеді. |
ІІ. Психологиялық ахуал туғызу (2 мин) | Көтеріңкі көңіл орнату үшін «мысық» суретін салу арқылы тренингін ұйымдастырамын. | Ақ қағазға мысық суретін салып, бірін-бірі бағалауға үйренеді. |
Бағалау | Слайдта берілген кретирийлер арқылы мысықтың суретін салап, бірін-бірі бағалау, топ арасында бағалау.Мұғалімдердің тақырып бойынша білім деңгейін формативті және суммативті бағалау үшін не білетінін жазуды тапсырамын. | Мұғалімдер үлестірілген ақ қағаздың «дейін» бағанасына формативті, суммативті бағалау туралы не білетінін жазады. |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 26 бет | Бағалау-оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін бақылау, оның білім деңгейін анықтау үшін ақпарат жинау; Баға беру-бағалаудың нәтижесі,яғни сапалы кері байланыс; Баға- символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау. «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіреді, себебі бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін бақылауы болып табылады.Бағалау: Диагностикалық,Формативтік,Суммативтік Формативтік бағалаудың (оқыту үшін бағалау, қалыптастырушы) мақсаты: оқушылардың оқуын жақсарту. Оқушы үшін өзінің білімі қай деңгейде екенін біледі, ал мұғалім үшін қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді. | Мұқият тыңдап отырып, баяндамашының сөзіне өз тәжіриесінен мысалдар келтіріп отырады. |
«Бағдаршам» тәсілі | Әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін «Бағдаршам» тәсілін түсіндіремін. Теориялық білімді қанша мұғалім меңгергенін бақылаймын. | Қызыл түсі- түсінбедім Сары түс- әлі сұрақтарым бар Жасыл түсі- маған бәрі түсінікті.Стиктің біреуін көтереді. |
| Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
«Сергіту сәті» | Сергіту сәтін ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің көңілін көтеріп, құлшынысын арттыру жұмыстарын жүргіземін. | Жіберілген ырғаққа еріп сергіту жұмыстарын жасайды. |
Бағалау реформасының тобы берген анықтамасы, 2002 ж | 1. Бағалау дегеніміз не? 2. 5,4,3,2 деген баға оқушы үшін және мұғалім үшін не береді? 3.Бағалаудың адам үшін маңызы. 4. Бағалаудың қиындықтар мен оларды жеңу жолдары. Мұғалімдердің жауабын тыңдап, негізгі фактілерді мысалмен дәлелдеймін.Оқытудың қиындықтарын анықтау;Кері байланыс; Уәж мәжбүрлеу емес, ынталандыру, әрекет етуге итермелеу; Болжау мен сұрыптау яғни оқушының білімін бағалау арқылы біз оның болашағы дамуын болжаймыз. | Әдіскердің сұрақтарына жауап береді. Пікір алмасады, сұхбаттасады, бағалаудың түрлерін үйренеді. |
«Бағдаршам» тәсілі | Әріптестерімнің білім деңгейін бағалау үшін түрлі-түсті стиктің біреуін көрсетуін сұраймын. Практикалық жұмысты қанша мұғалім меңгергенін бақылаймын. | Қызыл түсі-түсінбедім Сары түс-әлі сұрақтарым бар Жасыл түсі-маған бәрі түсінікті Стиктің біреуін көтереді. |
Бағалау | Тауықтың суретін салып, бірін-бірі формативті бағалауға үйрету. | Әдіскер ұсынған әдіс-тәсілдерді дәптерлеріне түртіп алады. Бұл әдіс-тәсілдерді сабақта не үшін қандай мақсатта қолдатыны туралы ой бөліседі. |
«Дейін-кейін» стратегиясы | Коучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» бағанасын толтыруды сұраймын. | Ақ парақты толтырып, тапсырады. |
Рефлексия | Сабақты қорытындылау мақсатында әрқайсысы өзіне ұнаған ұнамаған тұстары туралы айтады. | Өз пікірлерін ұсынады. |