Коучинг тақырыбы: | «Оқытуды бағалау және оқу үшін бағалау» |
Жалпы мақсат: | Бағалаудың маңыздылығын көрсете отырып, критериалды бағалаудың тиімділігін ұғындыру |
Сілтеме: | 1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2.Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. |
Оқу нәтижесі | Мұғалімдер бағалаудың маңыздылығын түсінеді.Топтық жұмыс арқылы критериалды бағалаудың маңыздылығы ашылады. |
Түйінді идеялар: | Бағалау түрлері.Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы,өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі реттеуі. |
Тапсырмалар: | 1. Топқа бөлу («Өлең жолдарын құрастыру» әдісі арқылы) 2. Постер «Әдемі көбелек» (бағалаудағы салғырттықты көрсету) 3. Көрсетілім (тақырыптық презентация көрсету) 4. «Алты қалпақ» әдісі 5.Венн диаграммасы 6. Рефлексия Үміт ағашы |
Сабақта қолданылатын материалдар: | А 3 парақтары,стикер, интербелсенді тақта, маркер, қалам,бағалау парағы,смайликтер,постер |
Оқыту әдістері: | Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер | АКТ ,СТО әдіс-тәсілдері топтық жұмыс Критериалды бағалау Кері байланыс әдісі Рефлексия |
Дерек көздері: | АКТ,бейнематериалдар |
Тапсырмалар: | Топқа бөлу Постер қорғау Венн диаграммасы Бейнежазба көрсету |
Коучинг сабағының оқу барысы | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Психологиялық ахуал тудыру ( 1 мин) | Жақсы көңіл-күймен әріптестерді қарсы алу. | Мүғалімдер орындарына жайғасады. |
Топқа бөлу (5 мин) | Өлең жолдарын жинақтау әдісі арқылы топқа бөлу | «Көзімнің қарасы...», «Есіңе мені алғайсың» өлең жолдарын жинақтау арқылы екі топқа бөлінеді. |
1-тапсырма | «Оқытудағы бағалау» Әр топ өз ой- тұжырым дарын (ереже)жазады, таныстырады. | Әр топ «Оқытудағы бағалау» туралы өз ой -тұжырымдарын (ереже) жазып, оқиды. |
2-тапсырма Тренинг «Әдемі көбелек» (бағалаудағы салғырттықты көрсету) (10мин) | А4 парағына көбелектің суретін салу тапсырылады.Дәстүрлі бағалау жүргізеді (формальды бағалау) | Берілген тапсырмаға сай әрекет жасайды. "Неліктен былайша бағаланды?" сұрағы аясында ой бөліседі. |
Бағалау | Критериалды бағалау | Құрылған критериалды бағалаумен келесі топтың жұмысын бағалайды. |
Көрсетілім (тақырыптық презентация көрсету) (7 мин) | Интербелсенді тақтаны пайдаланып «Оқытуды бағалау және оқу үшін бағалау»туралы мәлімет беру | Презентация арқылы ой түйеді. Әр топ ішінен 2 мұғалім өз ойларымен бөлісіп, қалған әріптестермен пікір алмасады. |
Сергіту сәті "Қызыл өрік"әуенімен (2-3 мин) | Бейнетаспа арқылы әуен ойнатылады. | Әуен ырғағына сай қимылдар жасайды. |
Эдвард де Бононың «Алты қалпақ» әдісі | Жұптарға қалпақтар таратылды | Тиісті қалпақ кию арқылы «Баға» туралы ой қорытты. |
3- тапсырма Венн диаграммасы (5 мин) | Жұмыстануға қажетті құралдар таратылады. | Тілше қағаздардағы сөздерді тақырыпқа сай орналастырады. |
Рефлексия «Үміт» ағашы (5 мин) | Әр мұғалім алдына стикерлер таратылады. | Стикерлерге өз пікірлерін жаза, «Үміт» ағашына апарып іледі. |