?аза?стан Республикасыны? «Білім туралы » За?ында :«Білім беру ж?йесіні? басты міндеті - жеке т?л?аны ?лтты?,жалпыадамзатты? ??ндылы?тарды?, ?ылым мен практиканы? жетістіктері негізінде ?алыптастыру, дамыту ж?не к?сіби т?р?ыдан жетілдіру», - деп атап к?рсетілуі ?р дара т?л?аны? заманауи талаптар?а сай білімді де білікті азамат ретінде ?алыптасуын к?здейді. Елбасымыз Н.?.Назарбаев :«Бізге ?ажеті- жаны да, ?аны да ?аза?ы, халы?ты? тілі мен дінін, тарихы мен салт – д?ст?рін бойына сі?ірген, ту?ан жерін т?летуді, егемен еліні? е?сесін к?теруді азаматты? парызым деп ??атын ?рпа? т?рбиелеу»,- деп айт?ан болатын.?мірді? ?арапайым а?и?атына – жан-жа?ты адам болу?а т?л?аны жастайынан ?йрету бізді? басты міндетіміз. Б?л т?р?ыда ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ні м??аліміні? р?лі аса зор. ?йткені ол о?ыту мен т?рбиелеуді? ?азіргі ?дістемесін жеткілікті ме?геріп, балалар психологиясын тере? талдай отырып, белгілі бір жаста?ы балалар?а ба?ыттал?ан педагогикалы? процесті ?йымдастыра алуымен ?атар, ?р о?ушыны? ішкі жан-д?ниесін байытуы ж?не ?зіндік ?айталанбас жеке даралы?ын пайымдауы ар?ылы таби?и ?абілеттіліктері мен жасампазды? ?леуетін ашу?а ба?ыттал?ан ма?сатты білім беру ?дерісін ?йымдастыруы ?ажет.
Рухани-адамгершілік біліміні? т?п тамыры - хал?ымызды? ?лтты? ??ндылы?тары, рухани м?раларынан, та?ылымды? ой- тол?ауларынан бастау алады. ?р халы?ты? ?зіні? сан ?асыр?а созыл?ан ?рпа? т?рбиелеу ?рдісі бар. Ол отбасында?ы бала т?рбиесінен басталып, шаруашылы? к?сібі, т?рмыс-тіршілігімен бірге жал?асып, салт-д?ст?рден, ?лтты? саз ?уені мен ауыз ?дебиеті ?лгілерінен ?зекті орын алып келген.?лт м?дениетіні? ?зіндік ерекшелігін а?тара ?арап, тере? зерттеген педагог ?алымдарды? б?рі оны? т?рбиелік м?нін с?з етпей ?ткен емес.«Халы?ты? т?рбиесінен тыс жерде педагогика да жо?, педагог та жо?» деп орысты? ?лы педагогы К.Д.Ушинский текке айтпа?ан.?лт т?рбиесіні? сезімдік ?сері зор.7 сыныпта о?ытылатын ?адыр Мырза ?ли а?амызды? «Жеті» ?ле?і осыны? аны? д?лелі.
Просмотр содержимого документа
«О?ушылар?а ?аза? ?дебиеті шы?армаларында?ы ?лтты? т?рбиені? ы?палы»
Оқушыларға қазақ әдебиеті шығармаларындағы ұлттық тәрбиенің ықпалы
Клауова Гүлмира Қизатоллақызы
Амангелді атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.
Атырау қаласы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы » Заңында :«Білім беру жүйесінің басты міндеті - жеке тұлғаны ұлттық,жалпыадамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыдан жетілдіру», - деп атап көрсетілуі әр дара тұлғаның заманауи талаптарға сай білімді де білікті азамат ретінде қалыптасуын көздейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев :«Бізге қажеті- жаны да, қаны да қазақы, халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт – дәстүрін бойына сіңірген, туған жерін түлетуді, егемен елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу»,- деп айтқан болатын.Өмірдің қарапайым ақиқатына – жан-жақты адам болуға тұлғаны жастайынан үйрету біздің басты міндетіміз. Бұл тұрғыда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, балалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алуымен қатар, әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруы қажет.
Рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры - халқымыздың ұлттық құндылықтары, рухани мұраларынан, тағылымдық ой- толғауларынан бастау алады. Әр халықтың өзінің сан ғасырға созылған ұрпақ тәрбиелеу үрдісі бар. Ол отбасындағы бала тәрбиесінен басталып, шаруашылық кәсібі, тұрмыс-тіршілігімен бірге жалғасып, салт-дәстүрден, ұлттық саз әуені мен ауыз әдебиеті үлгілерінен өзекті орын алып келген.Ұлт мәдениетінің өзіндік ерекшелігін ақтара қарап, терең зерттеген педагог ғалымдардың бәрі оның тәрбиелік мәнін сөз етпей өткен емес.«Халықтың тәрбиесінен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ» деп орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский текке айтпаған.Ұлт тәрбиесінің сезімдік әсері зор.7 сыныпта оқытылатын Қадыр Мырза Әли ағамыздың «Жеті» өлеңі осының анық дәлелі.
Пәнаралық байланыс; тарих, халықтың педагогика, география
Сабактың көрнекілігі; слайд, «Жеті сөзі сөйлейді» айдарындағы жеті санымен байланысты жеті ұғым.
Қ.М Әли туралы пікір. Ақын суреті.
Сабақтың жүрісі;
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау
Сабақтың тақырыбын тусіндіру
Кіріспе сөз.
I.Жылнамалық кесте.
3. Сөздік жұмысы. Жаңа сөздер.
1. сарапшылар – эксперт, оценщик
2. жерлеген соң – после похорон
3. жымындасқан – светятся
4. қордалы аспан – полное звезд небо
5. емінбейтін – не выпрашивает, не умоляет.
4. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды. Мазмұны әңгімелейді.
II. Сын – тұрғысынан ойлау жұмысы: Топпен жұмыс
Бала жасы
Жеті рет өлшеу
Жеті төбе
Жеті
Жеті күндік қаде
Жеті жұлдыз
Жеті ата
III. Халықтың педагогика
«Жеті сөзі сөйлейді»
Жеті ата
Жеті қазына
Жеті ғашық
Жеті жұт
Жеті жетекші
Жеті жоқ
Жеті қат көк
Әке
Туажат
Бала
Жеті ата
Немере
Немене
Шөпшек
Ер жігіт
Жүйрік тазы
Сұлу әйел
Жеті қазына
Берен мылтық
Жүйрік ат
Ақыл,білім
Қыран бүркіт
Ай
Есекқырған
(Юпитер)
Күн
Жеті қат көк
Болпан
(Меркурий)
Шолпан
Қызылжұлдыз
(Марс)
Қоңырқай (Сатурн)
Жеті жетекші;
Адамның басшысы – ақыл,
Жетекшісі – талап,
Жолаушысы – ой,
Жолдасы – кәсіп,
Қорғаны – сабыр,
Қорғаушысы – мінез,
Сынаушысы – халық.
Саққұлақ би.
Жеті жетім;
Тыңдамаған сөз жетім,
Қиюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жеріннен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса-
Бәрінен де сол жетім.
Мұғалім бүгінгі сабақты жүйелеп, қорытындылайды.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалайды.
Үй тапсырмасы;
Өлеңді мәнерлеп оқу
Жаңа сөздерді жаттау
Шығармашылық жұмыс: 7 саны қатысты мақал-мәтелдер. Олардың мәнін анықтап жазу.
Қазаққа тән жақсы қасиеттер мен ұлттық сананы қалыптастыру, ұлтымыздың дүниетанымдық тәжірибесін жалғастыру деген сөз.Сондықтан баланың бойына жастайынан адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз- өзіне сенімділікті тәрбиелеуде, өзіндік таңдау жасауына ықпал етуде қазақ әдебиеті пәні сабақтарының қызықты әрі ұлттық құндылықтарға толы болуының орны зор.Соның ішінде баланың сөздік қоры,тіл байлығын толықтыру ,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру сабақ жоспарын құруда ұстаздың үнемі есте ұстайтын маңызды мәселесі. Сондықтан әр сабақ жоспарын құруға отырғандағы ұстаздың есте ұстайтын қағидасы:«Жемісті тәрбиенің сыры – шәкіртке құрметпен қарауда» (Р.Эмерсон).Ұстаз өз шәкірттерінің қандай іс-әрекеттерді асқан қызығушылықпен орындайтынын саралап алуы өте тиімді әдіс. Бүгінгі ұстаз тек білім беруші ғана емес, ұлт болашағының жарқын келешегін құрастырушы тұлға.Ұлттық тәрбиенің ұйытқысы – ана тілі.Ұлттық мәдениет ана тілі арқылы ғана өркен жаяды.