Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды ?БТ-?а дайындауды? жолдары»
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары
Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапсын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ — ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау. Бағдарлама — мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту — мұғалiмнii ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды. ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек. Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету. ҰБТ — ге қатысушылардың дайындығы үшін, мектепте комплекстік дайындық бағдарламасын құру керек. Ол үшін мынадай бағдарламаны ұсынамыз:
1.Психологиялық 2.Ұймдастырушылық 3.Технологиялық 4. Ақпараттық
Тақырыптық тест жинақтарын қолдана отырып, оқушылардың материалды меңгеру деңгейлерін бағалау және олардың тест тапсырмаларын орындауға дағдыландыру. осындай тестік жаттықтыру жұмыстары ҰБТ — ті тапсыру кезінде оқушыларға балын жоғарлатуға көмектеседі. Тест тапсырмаларының құрлысын білетін оқушы уақытын ережемен танысуға бөлмейді. Осындай жаттықтыру кезінде, олардың психо — техникалық дағдылары, өзіндік қадағалаулары және өзіндік бақылаулары қалыптасады. Дегенмен де жұмыстың негізгі бөлімін дәл емтихан алдында емес, өтілген тақырыптар бойынша, жеке бөлімдерін қарастыра отырып сынақты алдын — ала өткізу, бірақ ҰБТ — тапсыру кезіндегідей оқушылардың бойында қобалжу болмау керек. Оқу процесінде оқушылардың алған психотехникалық дағдылары, тек ҰБТ — ке дайындығын жоғарлатып қоймайды, сонымен бірге емтихан тапсыру барысында, олар өздерін жетістіктерін көрсете алады, ойлау дағдыларын дамытады, шешуші сәттерде өзінің эмоциясын бір қалыпта ұстауға үйретеді.
Психологиялық іс – шаралары
Психологиялық қызметтiң мiндеттерi: — психологиялық және әлеуметтiк – психологиялық тұрғыдан қиындық көрiп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезiнде көмек көрсету. — Проблемасы бар балаларды жан — жақты зерттеп, оны туғызған себебiн анықтау және түзету, дамыту жұмыстарын жүргiзу. — Дамуына ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерiн өндеу үшiн психологиялық тренингтер ұйымдастыру.
ҰМЫТУДЫҢ ПРОЦЕНТІН АЗАЙТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін қалай жаттықтыру керек?» — дейтін болсақ, еске сақтау ережесін білуіміз қажет.
1. Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек. 2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет. 3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс. 4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн. 5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар 6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек. 7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар. 8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер. 9. Естеріңізде болсын жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық — еске сақтаудың ең бірінші жауы. Есте жақсы сақтау үшін денсаулық мықты болу керек. 10. Еске сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік процестерін ұмытпаңыздар. 11. Таңертеңгілік 8 — 12 сағ. арасында еске сақтауды жаттықтыру жұмысы жемісті нәтижені береді. Жемісті жұмыстың шарықтау шегі — кешкі 19. 00. 12. Шай мен кофе еске сақтауды белсенді етеді, ал шылым шегу еске сақтауды әлсіретеді.
Ата – аналарға алты кеңес Балаңызға ұрыссаңыз, ол сізге өшіге түсуі мүмкін. Қайта бойында дөрекі мінез біткен балаңыздың көзқарасын өзгертіп, өзіңізбен тіл табысу үшін жылы сөйлесіңіз. 1. Баланың әр күнді бастауы, қарсы алуы сәтті болуы керек. Ол үшін таңертең баланы оятқанда жайлы, баппен оятыңыз, ол сіздің күлімдеп, мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаңызды көру керек. 2. «Сен жалқаусың, дөрекісің, ақымақсың» деген сөзді ешуақытта ауызыңыздан шығармаңыз. Қайта: «Сенің кешке дейін түк бітірмей жататының жаныма батады. Ішің пысқан жоқ па? Бір кішкентай ғана іс істесең, біз саған рақмет айтар едік» деген құлаққағыс айтып қойыңыз 3. Баланың тентектігін «тентек» сөзбен бетіне басуға болмайды. Дауысыңызды жұмсартып, жүрегіне жетерлік жылы сөз айтыңыз. 4. Мектепке жиі келіңіз. Атақты педагог В. Сухомлинскийдің «Отбасы мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады» деген сөзін ұмытпаңыздар 5. Ер жеткен баланы тыңдамауға болмайды. Кейбір сауалдарға жауап бермесе, үндемеңіз. Егер абайсызда ұрыса қалсаңыз, артынан кешірім сұраңыз. Сіздің кешірім сұрауыңыздан кейін ол мүлде жақсы қырынан көрінуі мүмкін. 6. Бар нәрсені жасырып, ұл – қызыңызға жоқтан басқаны айтудан сақ болыңыз
Оқушы мен мұғалім арасындағы келіспеушілікті шешу жолдары. 1. Баламен қақтығысқа түскен кезде істі өршітпей тәрбие жұмысын жалғастырыңыз 2. Оқушымен кеңес жүргізуге уақыт табыңыз. 3. Қиындықтан шығудың тиімді жолдарын ойластырыңыз. 4. Баланың арына тимеңіз, оның жағдайын түсінуге тырысыңыз. 5. Оқушымен әңгіме жүргізу кезінде оның намысын қорлауға, кемітуге, дауыңызды көтеруге жол бермеуге тырысыңыз. 6. Оқушыны түсінетініңізді сездіруге тырысыңыз. 7. Жазалау үшін білім бағасын төмендетпеңіз. 8. Оқушымен болған оқиғаны құпия сақтаңыз. Оқушының сыртынан сөз айтсаңыз сенімнен айырылып, оны өзіңізден алыстатып аласыз 9. Балаға жүрек жылуын аямаңыз. Үнемі есімнен атаңыз.
Оқушыны психологиялық жағынан ҰБТ — ға дайындауда ата — аналарға кеңес. 1. Балаңыздың ҰБТ — ға барар алдындағы алдын — ала тестілеу кезінде алып жүрген ұпайларына немқұрайдылықпен қарамай, дұрыс ақыл — кеңес беруге тырысыңыз. 2. Балаңыздың Күнделікті ҰБТ — ға дайындалатын белгілі бір уақыт, орны болуына жағдай жасаңыз 3. Балаңыздың көңіл — күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып отырыңыз 4. Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз 5. Балаңыздың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін арттыратын жеміс — жидектерге, дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және қамтамасыз етіңіз. 6. Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпаңыз. Дұрыс дем алуын қадағалаңыз. 7. Ешқашан балаңызды сынап — мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз. Сабырлы болуға баулыңыз.
«ҰБТ-ға дайындық» кезінде туындайтын мәселелер мен қиындықтар
— сапалы білім алуға оқушылар мен ата-аналардың ынтасыздығы;
оқушылар мен ата-аналардың денсаулығына байланысты туындайтын мәселелер;
ата-аналарының төмен білімінің деңгейі;
оқушының өзіндік даму, өзіндік білім көтеруінің төмен деңгейде болуы;
оқушының өзін-өздері төмен бағалауы және көбіне өзі таңдаған мамандыққа деген қажеттілік емес бұл пәнді басқа пәндерге қарағанда оңай деп тануы
ҰБТ- ға қажетті оқулықтардың өте қымбаттығынан оқушылардың көбінің оқулықтармен толық қамтамасыз етілмеуі
ҰБТ-нің тиімді жақтары
1.Оқушылар бағдарламаны толық қамтып дайындалуға талпынады
2.Қосымша сабақтар алады
3.Ата- аналардың баланы оқытып-тәрбиелеуде жауапкершілігі артады
4.Тестілеу арқылы өз білімдерінің деңгейін біліп,білмейтіндерін меңгереді
Мұғалімдердің,мектеп басшыларының оқушылармен жұмысы артады
6.Мұғалімдер өз білімдерін жан-жақты көтереді
7.Жалпы жұртшылықтың білімге деген көзқарасы өзгеріп,назарға алуда