Елбасымызды? «Жа?а онжылды? – жа?а экономикалы? ?рлеу – ?аза?станны? жа?а м?мкіндіктері» атты е?бегінде 2020 жыл?а ?арай ?алалы?, сол секілді ауылды? жерлердегі барлы? балалар мектеп жасына дейінгі т?рбие беру ж?не о?ытумен ?амтылады деп к?рсетуі, ауылда?ы ?рпа?ты ?лемдік аламаннан ?алдырмауды? ?амы екені с?зсіз.
?лемні? жетекші елдеріні? к?пшілігі білім беру ж?йесін оны? н?тижесіне ?арап ба?алайтын болды. Білім беруді? ?азіргі негізгі ма?саты білім алу ?ана емес, соларды? негізінде дербес, ?леуметтік ж?не к?сіби біліктілікке жету ж?не жылдам ?ар?ынмен ?згеріп жат?ан б?гінгі д?ниеде лайы?ты ?мір с?ру болып табылады.
XXI ?асырда ?лемдегі ?айта ??рулар, экономиканы дамытуда?ы жа?а стратегиялы? ба?дарламалар, ?о?амны? ашы?ты?ы, оны? жедел а?параттануы мен ?ар?ынды дамуы білім беруге ?ойылатын талаптарды т?бегейлі ?згертті.
?аза?стан Республикасыны? «Білім туралы» За?ыны? 8-бабында «Білім беру ж?йесіні? басты міндеті - о?ытуды? жа?а технологияларын енгізу, білім беруді а?параттандыру, халы?аралы? коммуникациялы? желілерге шы?у, ?лтты? ж?не жалпы адамзатты? ??ндылы?тар, ?ылым мен практика жетістіктері негізінде жеке т?л?аны ?алыптастыру?а, дамыту?а ж?не к?сіби шы?дау?а ба?ыттал?ан білім алу ?шін ?ажетті жа?дайлар жасау» - деп атап к?рсеткендей, ?азіргі кезе?де ?рбір м??алімні? алдына ?ойып отыр?ан басты міндеттеріні? бірі- о?ытуды? ?діс-т?сілдерін ?немі жетілдіріп отыру ж?не жа?а педагогикалы? технологияны ме?геру. Д?ст?рлі о?ыту технологиясыны? о?ушыларды? ?ылым негіздерін мемлекеттік стандарт де?гейінде толы? ме?геруіне кепілдік бермей отыр?анды?ы о?ушыларды? білім жетістіктеріні? н?тижелерінен к?рінуде.
Сонды?тан кез келген п?нді о?ытуда ?зекті м?селені? бірі – о?ушыларды ?зара іс-?рекет негізінде о?ыту деуге негіз бар
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды ?зара іс-?рекет негізінде о?ыту »
Оқушыларды өзара іс- әрекет негізінде оқыту
Қыдырмолдин Амангелды Шаймуратович
ШҚО Тарбағатай ауданы
«С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ
Елбасымыздың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетуі, ауылдағы ұрпақты әлемдік аламаннан қалдырмаудың қамы екені сөзсіз.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке жету және жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру болып табылады.
XXI ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде.
Сондықтан кез келген пәнді оқытуда өзекті мәселенің бірі – оқушыларды өзара іс-әрекет негізінде оқыту деуге негіз бар. Бұл жерде оқушының белсенді іс- әрекет иесі де, мұғалімнің тек бағыттаушы, үйлестіруші болатынын аңғару қиын емес. Бұл топтық және жұптық жұмыстарда анық көрінеді. Берілген материалды өздері оқиды, талқылайды немесе постерге түсіреді, біреуді тыңдайды және біреуге түсіндіреді. Енді осы әрекеттердің тиімділігін анықтау мақсатында пирамида құрастырып көрейік:
Пирамиданың өнімділігі жоғарыдан төменге қарай, яғни пирамида жуандаған сайын артады.
Қай жағдайда оқушы көбірек есінде сақтайды:
- Өзі оқыса
- Мұғалімнің баяндағанын тыңдаса
- Аудио-визуалды
- Өзі біреуге түсіндірсе
- Іс-әрекетте қолданса
- Біреумен талқыласа
Осы сөздерді маңыздылығына қарай жоғарыдан төмен орналастыру керек, қатысушылар.
Енді тақтада оқыту пирамидасының Х.Гарднер бойынша дәлелденген дұрыс варианты ашылып, жауаптар сәйкестігі салыстырылады.
Жаңа өзіміз тиімділігіне көз жеткізген әдіс – метатану, яғни жеті модульдің бірі «Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдеріндегі» «Қалай оқу керектігін үйрету» теориясына негізделген іс-әрекет. ). Метатануға танымдық үдерістерді білу, түсіну және реттеу немесе олар туралы ойлау, қатесін танып-білу және ойлауды реттеу деген анықтама беруге болады.
Оқыту – оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені десек, «оқуды үйрету» мұғалім оқушыларға осындай оқу тетіктерін қалай бере алатынын қарастырады.
«Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар.
Бұл жүзеге асу үшін не қажет?
Бірінші тезис: Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты.
Екінші тезис: Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.
Үшінші тезис: Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет.
Төртінші тезис: Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт беріңіз.
Бесінші тезис: Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз.
Алтыншы тезис: Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болуы керек.
Жетінші тезис: Мұғалімдер оқушыларға рефлексияны ынталандыру және өз идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге тиіс.
Сегізінші тезис: Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек.
Бұл жерге бейімделуге ұқсайды: Сіз аумақты зерделеп, қандай ресурстардың қолжетімді екенін және бұл ресурстарды өз қызметіңізде өнімді пайдалану жолдарын білетін боласыз.
Білімге бағдарланған оқу үдерісінде мұғалімдер үстірт оқытуға қарағанда тиянақты білім беруді көздейді. Мұндай үдерісте оқушылар ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасайды, жетекші сұрақтар қояды, сондай-ақ өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай отырып, проблемаларды шешу жолдарын баяндайды. Оқушылар тәуекелге барудан қорықпайды, керісінше, олар үшін «тұйыққа тірелу» – жаңаны білу жолындағы кезекті қадам.
Метатанудың маңызды компоненттерінің бірі- бағалау болып табылады.
Мұғалімдер оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау) қатар, оқыту үшін бағалауды (формативтік бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады.
Мұнда оқушылар оқшауланып оқымайды. Бүгінгі таңда өзекті болып отырған «оқу қоғамдастығы» деген ұғым бар, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп есептейді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады. Олар топпен жұмыс істейді, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. Бұл философия одан ары оқуда нық тұру үшін қажетті өзін-өзі құрметтеумен және өзін-өзі басқаруды дамытумен сипатталады; нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.
Оқу қағидаттарын оқытуда оқушыларға көмектесу үшін мұғалімдердің айналысатынының айтарлықтай бөлігі метатану әлеуетін, атап айтқанда, олардың қалай ойлайтынын әрі оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін дамытудан тұрады. Бұл жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың ең басты идеясы болып табылады. Оның себебі, метатанудың жеке адамға бағдарланған білімде аса маңызды болып есептелетін компоненттерді, мәселен, білім беруді бағалау сияқты бөлшектерді қамтитындығында. Метатану дағдыларының өрістеуі білім алушыларға ондай қабілеттері айқындалмаған оқушылармен салыстырғанда жаңа тақырыптарды, пәндерді және пән салаларын жылдамырақ оқуға және мұғалім тарапынан қосымша назар аударуды талап етпеуге жол ашатын ерекше мүмкіндіктер береді. Басқаша айтқанда, метатанымдық қабілеттер оқушыларға білім алуында тәуелсіздік береді. Олар қай кезде мұғалімнің араласуы қажет екенін біледі (мен тығырыққа тірелдім және менің стратегияларым нәтижесіз болып шықты, сондықтан маған көмек қажет).
Әдетте топта мұғалімнен үнемі көмек сұрайтын бірнеше оқушы болады. Кейбір өтініштер ол оқушының мұғалімге аса тәуелді екендігін көрсетеді: метатануды игермеген оқушылар қиындық кездескен кезде үнемі басқа адамнан көмек сұрайды. Метатану әдістерін игерген оқушылар оқыту мен оқудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүддесінде мұғалімдермен тең әрекеттеседі және ақыр соңында мұғалімнің қызметін өздері атқарады.
Білімде тәуелсіздікті қамтамасыз ету оқуды даралаудың шешуші критериі болып табылады. Дәстүрлі оқыту модельдерінде мұғалім оқу үдерісінде өте басым позицияда болады: ол білім міндеттерін және оларды іске асырудың нақты тәсілдерін таңдайды; міндетті шешу кезінде оқушыға жетекшілік етеді; жұмысқа жұмсалатын уақыт регламентін белгілейді; оқушының жұмысы жөнінде баға береді және пікір айтады. Осындай типті жүйеде оқушы мұғалімге тәуелді болады. Керісінше болған жағдайда, оқушы жұмыстың жеке құндылығын айқындайды, оқудың мазмұны мен регламентін таңдайды және күтілетін нәтижелерді өзі жоспарлайды. Мұндай жүйеде оқушы үшінші тұлғалардың басқару қызметіне тәуелсіз болады. Екі тәсілдің де артықшылықтары бар және оларды белгілі бір жағдайларға қолдануға болады. Бірақ оқушылардың есейіп, білімнің күрделенуіне және кәсіби қызметке тартылуына байланысты тәуелсіздікке қажеттіліктері артады. Қарқынды дамып жатқан өмір жағдайында үздіксіз білім алу қажеттігі бізден тәуелсіз оқи білу қабілетін талап етеді. Сонымен, жаңа кезеңдерден өтуіне қарай басқа адамдарға тәуелділігін қысқарту қабілетіне ие болған оқушы ең нәтижелі оқушы болады. Тәуелсіз оқушыларда тәсілдер, сапалар, дағдылар және білім кешені болады, олар бір нәрсені үйрену қажет болған кез келген жағдайда оны іске қоса алады. Есейген сайын оқушы тәуелсіздікті көбірек қажетсінеді; оқытудың әрбір кезеңін оқушы тәуелді жағдайда бастайды, содан соң (қолайлы жағдайда) мұғалімнің қолдауымен және мадақтауымен дербестік пен тәуелсіздіктің жоғары деңгейіне көтеріледі.
Міне, біздің күткеніміз де осы!
Қорыта айтатын болсақ функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды. РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады.
Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің мықты пәндік білім беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін көрсеткен.
Осы мәселеде оқушыларды функционалдық сауаттылыққа бағыттап оқыту жүзеге асуы тиіс және бұл тұрғыда оқушыларды өзара белсенді іс-әрекет негізінде оқытудың өзектілігі түсінікті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру курстарының бағдарламасы.
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық .Үшінші (негізгі) деңгей.