М??алімні? т?жірибесінде о?ушыларды? функционалды? математикалы? сауаттылы?ы ба?ытында?ы PISA зерттеулерін пайдалану
М??алімні? т?жірибесінде о?ушыларды? функционалды? математикалы? сауаттылы?ы ба?ытында?ы PISA зерттеулерін пайдалану
?азіргі кездегі шапша? ж?ріп жат?ан жа?андану ?рдісі ?лемдік б?секелестікті к?шейте т?суде. Тіпті бір?атар дамы?ан елдерде б?л идея ?лтты? ?а?ида?а айнал?ан. ?аза?станны? б?секеге ?абілеттілігін ж?зеге асыруды? тиімді жолдары Елбасыны? «б?секеге барынша ?абілетті 50 елді? ?атарына кіру стратегиясы» жолдауында ай?ындал?ан. Адамны? жалпы білімін к?теру ке? ау?ымды м?селе болып отыр. Оларды? біліктілігін, да?дыларын ?алыптастыру ?ажеттігі еліміздегі ?ылым-техникалы? ж?не ?леуметтік м?дени жетістіктеріні? ?арыштап дамуынан туындайды.
Жастарды о?ыту?а олар?а к?сіби білім беруге, мамандарды жан-жа?ты даярлау?а ?о?ам мен мемлекетті? б?гінгі та?да барынша назар аударуы да сонды?тан. Елімізде ж?ргізіліп жат?ан білім саясаты ?лемдік білім ке?істігімен ы?палдасу?а ба?дарлан?ан. ?лемдік білім ке?істігінен жалпы білім беруді? басымдылы? ма?саты - ?згермелі білім жа?дайына тез бейімделетін ?з жолын д?рыс та?дай білетін, о? шешім ?абылдай алатын т?л?аны даярлау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«М??алімні? т?жірибесінде о?ушыларды? функционалды? математикалы? сауаттылы?ы ба?ытында?ы PISA зерттеулерін пайдалану »
«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін артгыру институты
Кафедра инновациялық технологиялар және жаратлыстану ғылыми_(гуманитарлық )_пәндер оқыту әдістемесі___________________________________
ЖОБА
Мұғалімнің тәжірибесінде оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығы бағытындағы PISA зерттеулерін пайдалану
Тыңдаушы: Қ.Қансұлтанова, М.Рахметова,Б.Оразалиев
Фамилиясы, аты, әкесінің аты
Жұмыс орны, қызметі
Жетекші: М.Т. Мырзабулатов
Оқытушының аты-жөні, қызметі
Орал – 2014
Мазмұны
бет
1.Кіріспе …………………………………………………………………..
1.1.Жобаның қысқаша сипаттамасы..........................................................
1.2. Жобаның максаты және міндеттері....................................................
ІІ. Жобаның негізгі мазмұны..................................................................
2.1 Теориялық сипаттамасы........................................................................
Жобаның өнімін сипаттау…………………………………………….
Жобаны жүзеге асыруда іс-әрекетті жоспарлау…………………….
(жобаны құруда міндеттер кешені мен жұмыс түрлері)
З.Глоссарий……………………………………………………………….
Әдебиет………………………………………………………………….
Кіріспе
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының «бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында айқындалған. Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылым-техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындайды.
Жастарды оқытуға оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау.
Білім беруді дамытудың проблемалары - қазіргі педагогикалық теория, практика талаптарына сай келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығы. [1]
Орта білім беру жүйесін жетілодіру, сапалық өзгерістер енгізу қажеттілігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында акйқындалып, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалғасын тапты. [2]
Қазіргі мектеп ғылым жетістіктері мен адам қызыметінің әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, мектеп бітіруші түлектің алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын қалауы керек. Сондықтан, білімдер мен икемділіктер білім жүйесін құруға арналуы тиіс. Жалпы, білім сапасын анықтауда PISA халықаралық бағалау жүйесінің енуі, математиканы оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгертетіні айдан анық. Математика саласында математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетанымын да жаңаруда. Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюымыз қажет. Қазіргі кезде білім беру: пәндік – мазмұндық, мазмұндық – әрекеттік және мазмұндық – тұлғалық байланыста болуы керек.
Сондай – ақ, математикалық білім беру, математикалық сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Ендеше математикалық білім беру туралы әңгімені математикалық сауаттылық мәселесінен бастауымыз керек. Ал, сауаттылық мәселесі математика пән мұғалімінің дайындық сапасының негізгі проблемасы. Бұл проблемалар:
пән мұғалімінің теориялық әдістерінің жан – жақтылығы
мұғалімнің кәсіби дайындық негіздері (курстар, семинарлар)
пән дамуының ішкі қисындылығы, яғни логикалық ой – өрісінің жан – жақтылығы.
Оқушыларға білім беруді дамытуда білім сапасы төмендегідей анықталады:
толықтығы
тереңдігі
жеделдігі
икемділгі
нақтылығы
жалпыланғандығы
жүйелілігі
түсініктілігі
беріктігі
Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында
есептің берлігенін толық оқып шығуға дағдыландыру
теорияны білу, оны логикамен ұштастыру
шапшаң ойлау қабілетін қалыптастыру.
көру, есте сақтау қабілетін дамыту
есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу
пәнге деген құзырлығын арттыру
Математикалық сауаттылықтарын арттырудың және алған білімдерін өмірде қолдана білудің бастапқы баспалдақтары болып отыр.
Жобаның мақсаты: Оқушылардың математикалық сауаттылықтарының ерекше мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, PISA зерттеулерінің тапсырмаларын пайдалану арқылы өзара серіктестік іс-әрекет ұйымдастыру
Жобаның міндеттері:
Тәуекел етуге, өзіне жауапкершілік пен міндеттеме алуға уәждейтін ынталандыру ортасын құру.
Оқушылардың математикалық құзыреттілігін арттыруға қойылатын талаптарды орындау.
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар өздігінен білім алуға, ізденуге, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлануға бейімделеді.
Жобаның негізгі мазмұны
Оқу бағдарламаларында математикалық құзыреттілік деңгейін сипаттау үшін, пайдалануға қабылданған оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын келесі талаптар тұжырымдалған. «Алған білімдері мен біліктіліктерін тәжірибелік іс-әрекетпен күнделікті өмірде:
Қажет болған жағдайда анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құрылғыларды пайдаланып, дәрежесі, радикалы, логарифмі және тригонометриялық функциялары бар формулаларды қоса алғанда, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер;
Ең қарапайым математикалық модельдерді құрастыру және зерттеу;
Нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беру, нақты үдерістерді график түрінде түсіндіру;
Геометриялық, физикалық, экономикалық және басқа да қолданбалы есептерді, оның ішінде математикалық анализ аппараты қолданылатын ең үлкен және ең кіші мәндерге арналған есептерді шешу;
Диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды талдау түрінде берілген нақты сандық мәліметтерді талдау;
Оқып игерілген формулалар мен фигуралар қасиеттеріне негізінде қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу (модельдеу); қажет болған жағдайда анықтамалықты және ес ептеуіш құрылғыны пайдаланып, тәжірибелік есептерді шешу кезінде нақты объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу үшін пайдалану».
Оларды шешу үшін, математиканы оқытуда қалыптасатын білім мен біліктікті қажет ететін күнделікті өмірде пайда болатын жағдайларды талдауымыз керек.
Жаратылыстану сауаттылық – күнделікті өмірдегі физиканың орнын анықтау және түсіну; сандық ақпаратты оқу, түсіндіріп беру және талдай білу, негізделгенфизикалық пайымдаулар айту және физиканы практикалық және танымдық проблемаларды шешуге пайдалану қабілеті.
PISA зерттеулері бойыншажаратылыстану сауаттылықты қалыптастыру нәтижесі болатын құзыреттілікті келесі деңгейлерге бөлуге болады:
1-ші деңгей – білу (еске түсіру деңгейі) – таныс жағдайда белгілі фактілерді, үйреншікті тәсілдерді қолдану, математикалық объектілер мен қасиеттерді танып білу, үйреншікті рәсімдерді орындау, белгілі алгоритмдермен техникалық дағдыларды қолдану, үйреншікті, таныс өрнектер және формулалармен жұмыс істеу, есептерді тікелей орындау.
Мысалы: /Света есеп/
2-ші деңгей – қолдану (байланыстарды орнату деңгейі) әдеттегідей болмаса да, бірақ оқушыларға таныс немесе ең аз дәрежеде ғана белгілінің шегінен тыс, есепті шешу бойынша репродукциялық әрекеттерден құралады.Физиканың қай бөлімінің материалын және қандай таныс әдістерді қолдану керек екенін есептің мазмұны еске түсіреді. Әдетте бұл есептерде, есепте суреттелген жағдайды әртүрлі түсінулер арасында байланыстар орнатуды ұсынатын, есептің шешуін түсіндіруге талаптар қойылады.
Мысалы: /Света есеп/
3-ші деңгей – ойлау (пайымдаулар деңгейі) өткен деңгейдің дамуы ретінде құрылады. Бұл деңгейдің есептерін шешу үшін, математикалық құралдарды таңдауда белгілі интуиция, пайымдау және шығармашылық, математика курсының әр түрлі бөлімдерінен білімдерді интегралдау, іс-әрекет алгоритмін өз бетінше жасау талап етіледі. Тапсырмалар әдеттегідей берілгенді көп қамтиды, көбіне оқушылардан шыққан нәтижені талдап қорыту, түсіндіру немесе негіздеу заңдылықтарын талап етеді.
Мысалы: /Света есеп/
Оқыту мақсатыныңиерархиясы мәселелерін зерттеген американдық ғалым Б.С.Блум таксономиясы білімді меңгеру кезеңінде мақсат қоюдың мынадай алты деңгейлі тізбегін ұсынады: Білу, түсіну, Қолдану, Анализ және Синтез, Бағалау. [4]
PISA зерттеулері критерийлері мен Б.С.Блум таксономиясының білімді меңгеру деңгейлері арасындағы арақатынасты анықтауға болады. (1-кесте)
1-кесте
PISA зерттеулері критерийлері
Б.С.Блум таксономиясының білімді меңгеру деңгейлері
Білу
(репродуктивтік іс-әрекеті)
Білу – Түсіну
Қолдану
(байланыстарды орнату, ұғымдарды пайдалану)
Қолдану
Ойлау
(рефлексия)
Анализ – Синтез – Бағалау
Осы пайымдауларға сүйене отырып, профессор Ж.А..Қараев оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған білімді меңгеру деңгейлері мен ынталандыру, белсенділік пен біліктілік, білім сапалары арасындағы байланысты анықтаған. [5]
Ж.А.Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» моделіне сәйкес оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту бойынша білімді меңгеру деңгейлері тұжырымдалған:
1-деңгей: оқушылық деңгей – репродуктивті деңгей:
Жаттап алуға лайықты анықтамалар, тұжырымдамалар, аксиома, теорема т.б
Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгерпей қайталап, пысықтауға арналған сұрақтар;
Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өһмірмен байланысты болуы керек. Математика пәнінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарылған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі қорытып шығарған ереже, анықтама, заңдылықтарды бекітуге арналады.
2 - деңгей: алгоритмдік деңгей – елеулі белгілерді есте сақтау дағдысына негізделеді:
Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, бірақ оларды орында уүшін алған білімдерін түрлендіріп, тереңдете пайдалануды қажет етеді. Математикада мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер, кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары т.сс;
Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларды біздің ұлттық ерекшеліктерімсіз ескеріліп, танымдық және үйлестірімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
3- деңгей: тапсырмалары – эвристикалық танымдық іздену түрінде орындалатын тапсырмалар:
Танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтарды шығару, анықтамаларды, формулаларды жаттау, т.с.с) жетілдіріп, тереңдетоумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс – анализ бен синтез, салыстыру арқылы тақырыптағы нрегізгі білімді анықтау, қорытындылау, әр түрлі әдіс тәсілдермен есептер шығару, ребустар, сөзжұмбақтар құрастыру, проблемалық жағдайларды шешу, дағды қалыптастыруға арналған сұрақтар беру;
Өздігімен есептер мен мысалдар құрастыру және оны өздігімен шешу, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін ттапсырмалар.
4 – деңгей: шығармашылық деңгей:
Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген: теореманы дәлелдеу, заңдылықтарды мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару, олимпиадалық тапсырмаларды орындау, өздігінен тақырыпқа реферат, баяндамалар дайындау.
Бұлардан басқа ең басты нәрсе оқулықтар, оқу әдістемелік кешендерді дайындау. Олардың құрамындағы математикалық есептер мен жаттығулар PISA халықаралық зерттеу тапсырмалары негізінде болуы керек.
№ Мазмұны
1 Кіріспе PISA 1с
2 Жанрлары жағынан түрлі мәтіндерден ерекше ақпаратты табу 3
3 Әр сөйлемнің орнын, арналуын және көлемін атқару, мағынасын түсіну 4
4 Өз көзқарасын тұжырымдау 3
5 Формулаларды пайдаланып амалдардың нәтижелерін дөңгелектеу және бағалау 4
6 Әр түрлі формада берілген ( кесте, диаграмма, графиктер, схема т.б.) ақпаратты алу 4
7 Практикалық мазмұнды есептерді шешу 4
8 Нақты объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу 4
9 Есептердің екі типі – таза математикалық және мәнмәтіндік пайдалануы 4
10 Есептерді шешу кезінде ауырлық орталығы, нақты жағдайдың моделін жасау 3
Қолданылған әдебиеттер:
2012 жылы 25 маусымда қабылданған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары»
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы /Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы/
Орысша – қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика /Жалпы ред.басқ.э.ғ.д., проф. Е.Арғын. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. – 482 бет
Андерсон Лорин, Давид Кратвол. (2000) Таксономия от изучения к обучению. Пересмотр образовательных целей таксономии Блума. NY: Addison-Wesley-Longman
Караев Ж.А. Активизация позновательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной техники: диссер.д-ра пед.наук – Алматы, 1995 -264 бет
Учимся для жизни: что знают и умеют учащиеся. PISA 2009. Результаты международного сравнительного исследования функциональной грамотности 15-летних учащихся. //Отчет центра оценки в образовании и методов обучения//