Бізді? басты ма?сатымыз бастауыш сатыдан бастап баланы? тілін, ой - ?рісін, ?иялы мен шы?армашылы?ын дамыту ар?ылы, заман талабына сай жан - жа?ты дамы?ан жеке т?л?аны ?алыптастыруымыз ?ажет. Білім беруді? ?рт?рлі н?с?ада?ы мазм?ны, ??рылымы, ?ылым мен т?жірибеге негізделген жа?а идеялар мен жа?а инновациялы? технологияларды зерттеп, оны ?з іс - т?жірибемізде ?олдану ар?ылы о?у - т?рбие процесінде шы?армашыл білімді т?л?аны? дамуына м?мкіндік беріледі. «Инновация» ??ымыны? (латынша inovatis) аудармасы жа?алы?, жа?аша, жа?алы?ты енгізу деген ма?ынаны білдірсе, «Технология» - деп о?ытуды? объективтік факторларыны? жиынты?ын (ба?дарламалан?ан о?ыту ?діс - т?сілдері, дидактикалы? материалдар, ??рал - жабды?тар, т. б) ?андай да бір іс - ?рекетте н?тижеге жету ??ралы ретінде ?арастырылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«М??алім-шы?армашыл т?л?а »
Мұғалім-шығармашыл тұлға
Біздің басты мақсатымыз бастауыш сатыдан бастап баланың тілін, ой - өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту арқылы, заман талабына сай жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруымыз қажет. Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, оны өз іс - тәжірибемізде қолдану арқылы оқу - тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік беріледі. «Инновация» ұғымының (латынша inovatis) аудармасы жаңалық, жаңаша, жаңалықты енгізу деген мағынаны білдірсе, «Технология» - деп оқытудың объективтік факторларының жиынтығын (бағдарламаланған оқыту әдіс - тәсілдері, дидактикалық материалдар, құрал - жабдықтар, т. б) қандай да бір іс - әрекетте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс - әрекеттер жиынтығы. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс - тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс - тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Сол арқылы баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйретеміз. «Шығармашылық» деген, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл - ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. Шығармашылық - адам ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы. Шәкірттеріммен оқу - процесін жаңаша ұйымдастыру барысында оқушыларымның шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке дара ерекшеліктерінің ашылуына мүмкіндік алып, жеке тұлғаны қалыптастыру жолында білім берудің инновациялық - педагогикалық технологияларымен жүйелі жұмыс жасау арқылы барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізудемін.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегідей шарттар орындалу тиіс. Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу; Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу; Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы; Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;
Оқушының шығармашылық іс - әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады.Оқушыларға сенім ұялата отырып, сыни ойлану арқылы өздігінен ынталанып жұмыс жасауға жұмылдыру.
Сабақ тақырыбы: Б. Майлин «Күлпаш» С. Торайғыров «Кедей» Мақсаты: Білімділік: Б. Майлин, С. Торайғыровтың өмір жолы, шығармашылығы жайлы мәлімет беру. Қазан төңкерісінен бұрынғы қазақ халқының ауыр тұрмысы туралы мағлұмат беру. Өлеңді және әңгімені оқу талаптарына сай оқуды меңгерту. Жаңа сөздердің мағынасын ашу. Дамытушылық: Өлеңді дұрыс, анық, түсініп, мәнерлеп оқи алу дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлеу тілін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге төселдіру. Шығармашылық деңгейі мен ізденімпаздығын дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, жанашырлық пен мейірімге баулу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалап, қастерлеугетәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ Сабақ түрі: Түсіндірмелі дамытушылық сабақ Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сөз әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру; Көрнекілік әдіс Оқытудың жаңа стратегиялары: алгоритмдік схема, екі түрлі түсініктеме күнделігі, Венн диаграммасы,
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет Сабақ көрнекілігі: Бейімбет Майлин, С. Торайғыровтың суреті, жарық көрген еңбектері
Сабақ барысы: І кезең ( 5 - 7 мин ) 1. Ұйымдастыру А) Сәлемдесу Ә) Сабаққа әзірліктерін қадағалау
2. Үй тапсырмасын тексеру (кешегі өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап келу дәрежесі тексеріледі)
3. «Көпір» тапсырмалары (үйге берілген болатын) тексеріледі. Бұлар өтіп кеткен тақырыптан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар 1. Тоқаш Бокин не үшін күресті? 2. Неге олар еркіндікті аңсады? 3. Отбасы қиыншылығы кімдерге түседі? «Көпір» тапсырмаларын «Ассоциациялар қатары» интерактивті әдісінің көмегімен тексеру.
ІІ кезең технология бойынша синектикалық бөлім (20 - 25 мин) А) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгерту. Олай болса, бүгінгі біз қиын заманда балам деп шырқырағын ана жайлы, өмірдегі кедейшілік туралы жазушы Бейімбет Майлиннің «Күлпаш» әңгімесінен және ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Кедей» өлеңінен білетін боламыз. (ақынның өмір жолы, шығармашылығы, еңбектері жайлы слайдтар арқылы мағлұмат беремін) Өлеңді және әңгімені оқымас бұрын оқушыларды үш топқа бөліп, оқуды ұсынамын, оқушылар өз бетінше оқиды
Өлең және мәтінмен жұмысты «Данышпан үкілер» әдісі арқылы жүргіземін 1. Өлең мен мәтіннің негізгі ұғымын табу 2. Өлең мен мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіру 3. Оқыған өлең мен мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?
Ә) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау ( 5 - 7 мин) І топ: 1. Күлпаш баласы Қалимен бірге неге бүрісіп, көңілсіз отыр? 2. Олардың бар сенері кім болды?
ІІ топ: 1. Күлпаш пен Қалидың күткен адамы келді ме? 2. Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
ІІІ топ: 1. Кедей деп кімдерді айтамыз? 2. Қазіргі кезде кедейлер бар ма? Оқушы жауаптарын талдап, талқылап, өзім толықтырамын.
Б) Алған теориялық білімді практика жүзінде бекіту (8 - 10 мин) 1. Оқулық соңындағы сұрақтарға жауап беру 2. Сөздік жұмысы жүргізу Өрім - өрім - тозған Бөкебай - мойынға орайтын орамал Ызғырық - суық жел Өлмелі кедей - өте кедей
Тақырыбы Авторы Кейіпкерлері Не жайлы? Не үйрендің?
ІІІ кезең технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім (12мин+ 3 мин)
А) Оқушыларға үш деңгейлік тапсырмалар ұсынамын Деңгейлік тапсырмалар І деңгей ( 5 балл = зачет) 1. Күлпаш пен Қалидың сыртқы тұрпатын жаз 2. Бөкебайдың не екенін жаз
ІІ деңгей (+ 4 балл= 9 балл) 1. «Шықпа жаным шықпа» дегенді қалай түсінетініңді жаз 2. «Екі түрлі түсініктеме күнделігін» толтыр
Әңгімеде маған ұнаған тұстар Не себепті ұнады? Несімен әсер қалдырды?
ІІІ деңгей( + 3 балл = 12 бал) 1. Мақтым мен Күлпаш неге жылағанын жаз 2. Екі тақырыптың ұқсастығын жаз
Ә) Деңгейлік тапсырмаларды тексеру, бағалап, бағасын журналға қою
Б) Үйге тапсырма 1. Аяқталмай қалған деңгейлік тапсырмаларды аяқтап келу 2. «Күлпаш» әңгімесін, «Кедей» өлеңін оқу
Жүйелі жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл - ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шығармашыл тұлға жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін - өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, эстетикалық талғамы бар білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отыратын шәкірттер қалыптастырудамыз.