И?, ал?аш?ы педагогтарды? бірі, к?рнекті жазушы, ?о?ам ?айраткері Ж?сіпбек Аймауытовты? саба?ты ?нер деп т?жырымдауы бекер емес. ?асыр?а жуы? уа?ыт ?тсе де ??нын жойма?ан, ?лыдан ?ал?ан ?ла?атты пікір. Саба? беру - ?нер деп ?араса?, м??алім оны? режиссері ?рі шебер ?ртісі болма?. ?рбір баланы? ж?регіне жол тауып, саба?ы?а ?ызы?тырып, елітіп ?кету ?шін р?лге жан-т?ні?мен беріле кірігесі?. Басы?нан ба?айы?а дейін телміре ?ара?ан к?здерде ?ш?ын пайда болып, тапсырмаларды орындау?а ??лшына кіріскенін к?ргенде, одан сайын шабыттанып, бар ?нері?ді салып ба?асы?. Саба?ы?а еріксіз ??штар болып, марапаты?а мар?айып, білімді дайын к?йінде емес, ?з е?бектерімен ?абылда?анда барып ма?саты? м?раты?а жетеді. Міне, сол кезде ?о?ырау шыр етпей ме, ал о?ушылар ?ызы? кино ая?талып ?ал?андай, саба?пен ?имай ?оштасады.
Ма?саты? м?раты?а жетеді дедік, ол ?андай ма?сат? Мынау жылдам да ?ар?ынды ?згермелі заманны? саба?ы ?андай? Осы с?ра??а жауап беру ?шін елбасымыз Н.?.Назарбаевты? мына с?зін еске алайы?: «?р адамды ?азіргі заман?ы ?лемде іс-істеуге, білім ала білуге, ?мір с?ре алу?а, бірлесіп ?мір с?ре білуге ?йрету ?ажет... Сонды?тан ?азіргі заман?ы білім беруді? перспективалы? міндеті – ол сындарлы ойлай білетін ж?не а?параттар а?ынында ба?дар ала білуге ?абілетті адамдар даярлау. Орта білім белсенді, білімді ж?не табыстар?а ба?дарлан?ан т?л?аларды т?рбиелеуге жауап береді». М??алім-режиссер саба?ы атал?ан пікірмен ?ндесіп, білімді ?з бетімен алатындай етіп жоспарланып, ал?ан білімді ?здері ба?алап ?рі ?мірді? кез
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мені? педагогикалы? ?станымым: м?ні, ??ндылы?тары, басымды?тары »
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
№5 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Алдабергенова Замира Аргингазиевна
Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары, басымдықтары
Сабақ беру – үйреншікті емес,
ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер.
(Ж.Аймауытов)
Иә, алғашқы педагогтардың бірі, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың сабақты өнер деп тұжырымдауы бекер емес. Ғасырға жуық уақыт өтсе де құнын жоймаған, ұлыдан қалған ұлағатты пікір. Сабақ беру - өнер деп қарасақ, мұғалім оның режиссері әрі шебер әртісі болмақ. Әрбір баланың жүрегіне жол тауып, сабағыңа қызықтырып, елітіп әкету үшін рөлге жан-тәніңмен беріле кірігесің. Басыңнан бақайыңа дейін телміре қараған көздерде ұшқын пайда болып, тапсырмаларды орындауға құлшына кіріскенін көргенде, одан сайын шабыттанып, бар өнеріңді салып бағасың. Сабағыңа еріксіз құштар болып, марапатыңа марқайып, білімді дайын күйінде емес, өз еңбектерімен қабылдағанда барып мақсатың мұратыңа жетеді. Міне, сол кезде қоңырау шыр етпей ме, ал оқушылар қызық кино аяқталып қалғандай, сабақпен қимай қоштасады.
Мақсатың мұратыңа жетеді дедік, ол қандай мақсат? Мынау жылдам да қарқынды өзгермелі заманның сабағы қандай? Осы сұраққа жауап беру үшін елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзін еске алайық: «Әр адамды қазіргі заманғы әлемде іс-істеуге, білім ала білуге, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет... Сондықтан қазіргі заманғы білім берудің перспективалық міндеті – ол сындарлы ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті адамдар даярлау. Орта білім белсенді, білімді және табыстарға бағдарланған тұлғаларды тәрбиелеуге жауап береді». Мұғалім-режиссер сабағы аталған пікірмен үндесіп, білімді өз бетімен алатындай етіп жоспарланып, алған білімді өздері бағалап әрі өмірдің кез келген жағдайында пайдалана алатындай етіп құрылса, заман талабына сай табысты оқыту деп осыны айт. Сондай-ақ, қазіргі оқыту үрдісінің төмендегі ұстанымдарын сабаққа негіз етпейінше, оқытудың тиімді болмайтынын білсек керек-ті.Ол:
-Білім мен тәрбені тұлғаға бағыттау;
-Мұғалім мен оқушының дербес әрі бірлескен іс-әрекеттері;
-Құзыреттілік;
-Денсаулықты сақтай отырып білім беру.
Ағылшын ғалымы Пажарес: «Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарасын, шешімін және іс-әрекетін нығайтады» дейді. Мен бүгін де, 12 жылдық оқытудың да басты мақсаты болып отырған тұлғаға бағытталған оқыту ұстанымын қолдап, қуаттаймын және нәтижеге жету үшін сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсілмен жұмыстанып келемін. Сындарлы оқыту оқушының идеясы мен сыни көзқарастарын дамытады. Әлемнің қозғаушы күші сұрақ және сыни көзқарастың оянуы десек, ең бастысы сабақта демократия және еркіндік болуы керек. Оқушы үніне назар аударып, әрбір сабақта олардың пікірімен есептесіп, кері байланыс орнатқанда ғана шәкірт жүрегіне жол табамыз әрі жекелеген оқушылардың жаңа білімді қабылдау ерекшеліктерін ұғынамыз.
Кейде өзімнің 17 жылдың іс-тәжірибеме көз жүгірте отырып, біліктілікті арттыру курстарының деңгейлі бағдарламасы бойынша біліктілігімді көтергенге дейін, оқушыдан кері байланыс алу, оларды өзін-өзі немесе бірін-бірі бағалауға тарту деген жұмыстарды білмегеніме ұяла отырып, өкінемін. Талай шәкірт баға үшін бізді жек көріп, сабақ туралы өз пікірін айта алмай, қинала ренжіген шығар-ау?! Оқушы үніне назар аудару дегеннің не екенін білдік пе десеңші! Бәрін айт та, бірін айт, ашық сабақтарымызды өткізіп алып, сабаққа қатысқан әріптесіміз «өте жақсы» деп бағаласа, мәз болғанымызды айтсаңшы. Ойбай-ау, ол кейбір балалар үшін «өте жақсы» болмаған шығар, сонда ол сабақ кім үшін еді? Тіпті сабағымызды тексере келген басшылар да, сабағыңның жақсы-жаман екенін балаларыңнан сұра деп, бір ауыз ақыл бере алмағанын қайтейін. Ештен кеш жақсы демекші, қарқынды дамыған заманға ілесіп, біз де дамып келеміз. Білмегенімізді біліп, бірімізді-біріміз үйрете отырып, үйреніп келеміз. Қазіргі сабақ ұстанымы – тұлғаға бағытталған екендігін, оның мәні сабақ үрдісінде әрбір жеке тұлғаның іс-әрекеті, табысы арқылы сабақтың сапалы деп бағаланатындығын, ал басымдықтары алған білімін өмірмен байланыстыра алуында екенін өз тәжірибем арқылы түсіндім және бұған сенімдімін. Сөзімді қорытындылай келе, мұғалім жаңашыл, жағдайға бейімделгіш, жаңалықты іс-тәжірибесінде зерттеп, сынауға бейім жандар дегім келеді. «Табиғат адамның қабілеті мен сезімін дамытады, қоғам адамның тәрбиесін байытады, ал адамдар оны қалай пайдалануды үйретеді, тәрбиенің міндеті осыларды үйлесімділікпен пайдалану» деген Жүйнеки сөзімен ойымды аяқтап, сіздерге де ой салғым келеді.