kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

МЕКТЕП О?УШЫЛАРЫНЫ? ЖАЗБА С?ЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДЫ? ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Тіл дамыту дегеніміз–тілдік норманы? жетілу, ширау, даму д?режесі» М.Бала?аев. Заманауи білім беру ж?йесіні? басты ма?саты – б?секеге ?абілетті маман дайындау. Елбасымыз Н.?.Назарбаев «Болаша?та е?бек етіп, ?мір с?ретіндер - б?гінгі мектеп о?ушылары, м??алім оларды ?алай т?рбиелесе ?аза?стан сол де?гейде болады. Сонды?тан ?стаз?а ж?ктелетін міндеттер ауыр» деп атап ?ткендей, ХХІ ?асырды? жан-жа?ты зерделі, дарынды, талантты адамын ?алыптастыру ба?ытында?ы білім беру м?селесі мемлекетімізді? басты ма?саты болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«МЕКТЕП О?УШЫЛАРЫНЫ? ЖАЗБА С?ЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДЫ? ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ»


Кокеева Роза Турсыновн

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.

«ERFOLG» оқу орталығы.

Қарағанды қаласы.



МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗБА СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ

ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ.


«Тіл дамыту дегеніміз–тілдік

норманың жетілу, ширау,

даму дәрежесі»

М.Балақаев. 

Заманауи білім беру жүйесінің басты мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деп атап өткендей, ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты мақсаты болып табылады.

Тіл үйренуде ең басты міндет-оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.

Тіл дамытудың негізгі шарттары: 
1.Сөздік қорын дамыту ;
2.Сөйлеудің грамматикалық жағын ескере отырып қалыптастыру;
3. Оқушыларға ауызекі сөйлеу тілін дамыту;
4.Оқушыларды әңгімелеуге үйрету; 

Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрету, білу қазіргі таңда басты мәселе болып отыр. Қазақ тілі сабақтарында бұл мәселені шешу жолдарының бірі - әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, жаңа технологияларды енгізу. Әр сабақта оқушылардың тілін тақырып бойынша қысқаша диалог, монолог арқылы дамытуға болады. Алайда, оқушылардың сөздік қорының кем болуына байланысты өз ойларын толық жеткізе алмайды, сондықтан да диалогтық, монологтық сөйлеу барысында туындайтын қиыншылықтар да болады: 
-Диалогтық сөйлеуде қабылдаушы баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын бірден түсінуі қажет;
-Қабылдаушы бірден аяқ асты жауап беруі тиіс;
-Сөйлеу барысында қабылдаушы тыңдалым мен айтылым әрекетін бір-бірімен сабақтастыра меңгеру керек; 
-Монологтық сөйлесу барысында қабылдаушы баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын саналы түрде ұғынып, оны логикалық ойлап дұрыс жауап бере білу керек.

Менің ойымша, монолог пен диалогті сабақта енгізу алдында балалардың сөздік қорын молайту мақсатында, мұғалім мен оқушы қазақ тілінде сөйлесу керек. Тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Сондықтан да оқушылардың қазақ тілінде сөйлеуін дамыту үшін диалогтік тәсілді сабақта жиі пайдаланған жөн.

Себебі:

  • Оқушыларды тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

  • Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

  • Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

  • Оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербальдандыруға көмектеседі;

  • Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.

Монолог арқылы оқушылардың мынадай іскерліктері қалыптасады: 
- тақырыпқа байланысты өз көзқарасын білдіреді; 
- тақырып бойынша ақпарат беруге тырысады; 
-сөз тіркесі мен сөйлем құрай білу дағдылары қалыптасады; 
-сөздік қорын байытады; 
-нақты, дәл, анық жауап беруге үйренеді;
-әдеби тіл нормасында сөйлеуге дағдыланады.

Сабаққа керекті көрнекті құралдар мен дидақтикалық материалдар іздестіріп, әр кезеңің ойластыру керек. Оқушыға сабақ барысы қызықты болу үшін, оқушыларды қалай белсене қатыстырамын деген сұрақтарға мұғалім жауап іздейді. Осы кезде мұғалімге дамыта оқыту технологиясын сабақта пайдалану өте тиімді.

Сондықтанда, сабаққа қойылатын қазіргі талаптар мұғалімнен үлкен ізденіс шеберлікті қажет етеді. Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтады. Дамыта оқытуда мұғалім мен оқушы арасындағы жаңа қарым-қатынас қалыптастырып, оқушылардың берілген тапсырмаларды талдауына, салыстыруына, өз беттерінше әрекет етулеріне, яғни, ой еркіндігіне зор маңыз береді. Сөйтіп, балалардың зейін қойып ойлауы мен тапқырлығына мүмкіншілік туғызып, ойларын одан әрі дамытуларына жол ашады. 

Дамыта оқыту технологиясының тиімд іжақтары:
1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкінді калады, соған дағдыланады;
2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;
3. Бір-бірінен қалып қалмауға талпынады;
4. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады;
5.Өзін-өзі тексеруге дағдыланады;
6. Оқушылар білімі қабілетіне қарай бағаланады.

Мұғалімнің ең басты мақсаты әр оқушыны жан –жақты тұлға етіп, оқушылардың ойлау қабілеттерін және сөйлеу тілін дамыту, жазу сауаттылығын қалыптастыру. 
Қазақ тілі пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамытудың теориялық негіздері мен тәжірибелік жолдарын анықтап, озық тәжірибелі педагогтардың іс – тәжірибесі, педагогикалық технологияларын басшылыққа ала отырып, жазба тілін дамытудың тиімді әдістемелік жүйесін жасау. 

Заманауи ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қазақ тілі сабағында қолданған өте тиімді әдістің бір түрі болып саналады. Себебі айтып өткендей қазіргі заман технологияның қарыштап дамыған кезі барлық мектептерде лингофонды кабинеттер бар. Осы лингофонды кабинеттер оқушыларға білім алу барысында өте көптеген пайдасын тигізеді әсіресе қазақ тілі сабағында тыңдап түсіну, монолог, әр түрлі тақырыптарға байланысты бейне жазбаларды көріп естігенде ғана бала оқып жатқан тілдің қаншалықты керек екендігі жайлы және маңыздылығы туралы түсінеді.  Адамдардың көпшілігі жұмыс процесінде жаңа білімді иеленуге ұмтылады. Осыған орай оқушыларға мақсат қоюға үйрете білу қажет. Интербелсенді сабақ тиімді болу үшін көптеген жаңа әдістерді қолдану қажет. «Заман өзгереді және біз өзгереміз» дегендей білім беру саласы алға жылжу үшін мұғалім жан-жақты даму керек.

Пайдаланылғанәдебиеттертізімі:

  1. Ж.Д. Адамбаев «Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» 2000 ж. 

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде журналы 2003, №5; №1, 

  3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас теориясы мен әдістемесі . Алматы, 2000жыл

  4. Оралбаева А. Орыс мектептерінде қазақтілін оқыту әдістемесі,-Алматы, 1997.

  5. Әлімжанов Д. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы,-Алматы, 1999.

  6. Мұғалімге арналған нұсқаулық.«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012

  7. Жақсылықова Г.И, Каженова А.М, Исмагилова Н.З «Интербелсенді әдіс-тәсілдер». Өскемен 2014 жыл













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
МЕКТЕП О?УШЫЛАРЫНЫ? ЖАЗБА С?ЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДЫ? ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Автор: Кокеева Роза Турсыновна

Дата: 13.02.2016

Номер свидетельства: 292978


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства