kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?ала: Бала мінезін т?рбиелеуде ата-аналар мен м??алімдерді? р?лі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Бала?а сі?ірген ата-ана е?бегін бала ?мір бойы

а?тап бола алмайды. Бала?а деген махаббат?а

ешбір махаббат те?десе алмайды, ол ?лгенше

сусындайтын махаббат.

?абиден М?стафин

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма?ала: Бала мінезін т?рбиелеуде ата-аналар мен м??алімдерді? р?лі.»





БАЛА МІНЕЗІН ТӘРБИЕЛЕУДЕ АТА-АНАЛАР МЕН МҰҒАЛІМДЕРДІҢ РОЛІ.

Альмишева Л. Ш.

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

КММ «№ 3 жалпы білім беретін орта мектебі», Жезқазған қаласы


Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы

ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа

ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өлгенше

сусындайтын махаббат.

Ғабиден Мұстафин

Қазіргі кезенде алда тұрған өзекті мәселенің бірі-адам тәрбиесі, олардың мінезін қалыптастыру: отбасында да, мектепте де бір қалыпты, бір бағытта жүруі, сабақ үлгерімі де жақсы, жастардың сегіз қырлы, бір сырлы, құрбы-құрдастарына үлгі боларлық жан болып өсуі.

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы-ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған.

Отбасында бала тәрбиелеу-маңызды мәселенің бірі. Әрбір отбасы қоғам алдында жауапты. Тәрбие мәселесі берік отбасының құрылуынан басталады. Отбасы құруға мән беріп, жауапкершілікпен қараған дұрыс.

Отбасындағы тәрбие-біржақты емес, жан-жақты, әртарапты ерекшелігі бар, өсу, даму процесі бар педагогикалық мәселе. Отбасында ата-ананың бірлігі, құрметтеуі, әдептілігі, инабаттылығы, жауапкершілігі, мәдениеттілігі, қандай болмасын мәселені шешуде пікірлерінің үйлесімділігі, рухани жағынан өсіп-дамуы-бала тәрбиесіндегі жақсы, ұнамды қасиеттердің бірі. Отбасында әрбір ата-ана бала тәрбиесіне көңіл қойып, мән беріп, уақыт тауып, бақылауға алғаны дұрыс. Берік отбасы-тәрбиенің негізгі тірегі. Тұңғыш қазақ педагогы Ыбырай Алтынсарин бақша ағаштарын, А.С.Макаренко алма бағын, ондағы әсем гүлдерді, В.А.Сухомлинский бәйтерекке беретін нәзік түбірді күтіп баптау, өсіру, қамқоршы болу, қорғау қандай қажет болса, бала тәрбиелеуге де сондай қамқорлық керектігін айтқан.

Шын мәнінде, бала психолгиясы ұшқыр қиялды, өткір сезімді, аңғарымпаз, тоқсан тараулы. Бала жаны нәзік ойы адал, сезімтал да толқымалы болып келеді. Белгілі педагог К. Д.Ушинский бір сөзінде: «Балалық шақта есте қалғандар өшпейді, ізі мәңгі сақталады», - деген болатын - ды.

Өмірдің көркі де, сәні де, келешегі де-бала. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала-адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген.

Бала тәрбиесінде ұсақ нәрсе жоқ. Балаға өтірік айту, оны алдау жарамайды. Балаға орынсыз ұрсу, бетін қайтару, қол жұмсау дұрыс емес. Бұлай істеу ата-ана мен бала арасындағы байланысты нашарлатады, өкінішке соқтыруы мүмкін. Отбасында бала тәрбиесінің жақсылық жақтарын мадақтап отыру пайдалы. Бірақ, орынсыз мадақтап, сыңар жақ тәрбие беруден де сақ болу керек. Атан-аналар өздерін сыйлауға, күтуге, құрметтеуге қанша күш жұмсайды, балаларды сыйлауға, күтуге, құрметтеуге екі есе артық күш жумасуы керек. Өйткені ата-ана болғандықтан өз дәуірі үшін де, балалардың заманы үшін де жауап береді. Егер бала әкесінің не шешесінің ең сұлу, ең әділетті, ең ұқыпты, ең көңілді, өзін шын мәнінде сыйлайтын, күтетін, құрметтейтіне сенетін болса, ата-анасы оның ең қадірлі адамы болады, сондықтан әке-шешесінің беделі ең басты мәселе болып саналады. Бала әке-шешесіне ұқсауға тырысады. Бала өзінің ата-анасын қандай сыйласа, қадірлесе, жақсы көрсе, жалпы үлкендер алдында өзін қалай ұстауды, үлкен кісілерді құрметтеуді білетін, қарттарға көмекке келуге әрқашан дайын тұратын, кішкентай бөбектерге қамқорлық көрсете алатын мәдениетті адам болып өседі. Мұндай балалар тәрбиелі, көргенді бала екен деген сенімге ие болады. Жұртшылық сеніміне бөленуден артық қасиет бар ма? Бұл-ата-анаға қандай қуаныш, қандай бақыт. Бұл-жақсы тәрбиенің нәтижесі. Сондықтан баланы тәрбиелеу ісін бала шыр етіп дүниеге келген күннен бастаған дұрыс. «Не ексең, соны орасың»-, деген халық мақалы да тәжірибе негізінен алынған ғой. Сонымен, баланы жасынан жақсы әдеттерге тәрбиелесек, азаматтар жөнінде қам жемейтін, үлкендер жөнінде қайғырмайтын болады екенбіз. Демек, балалар алдында беделді ата-ана өз борышын, азаматтық міндетін орындадым деп есептей алар еді.

Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің. Отбасында әке, әсіресе ер балалар үшін, басты тұлға, ол әкенің әр ісіне еліктегіш келеді. Сондықтан әке бала алдында адал еңбегімен, байсалды мінезімен, зор адамгершілік қасиетімен, жоғары мәдениетімен әрқашан үлгі-өнеге көрсетуге тиіс. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.

«Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі-ата-ана, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан... Солардың ішінде қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады. Адам сүйген адамының ғана ақылын ұғынады, содан тағылым алады. Қорқытып, ұрсып айтқан ақыл адамға дарымайды»,-дейді Абай.

Ұлы ақынның сөздері де атақты педагогтардың пікіріне дәл келеді. Бала жаман, я жақсы болып тумайды. Оны жақсы ететін де, жаман ететін де тәрбиеші мен тәрбиелейтін ортасы. Олай болса балаларды тәрбиелеуде ата-ананың атқаратын роліндей ролді басқа адамның ешқайсысы атқармақ емес. Бала ең алдымен ата-ансын көріп, сезіп өседі. Ерлі-зайыптылар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп, бірін-бірі қадыр-құрмет тұтқан, өздерін де, өзгені де сыйлай білген, үлкен достықтың үлгісін көрсеткен отбасында өскен бала да ата-анасынан алған жарқын өнегесін бүкіл өміріне нәр етеді. Бала әке-шешесінің көңіл күйін танып, сыйлап тұрса, басқа адамдармен де қатысы сондай болса, құрметке бөленеді.Ол үшін балаға сенім білдіріп, онымен әр кез санасып, ақылдасып отыру керек. Балаға сенім көрсету де-тәрбиенің бір жолы. Бала сол сенімді ақтай ала ма, міне бұл жағын да бақылаған жөн. Егер, бала бақылаусыз қалса, «енді мені бақыламайды»,-деп, істі аяқсыз қалдырып, тиянақты істемеу де мүмкін. Ата-ана тарапынан бақылау, әсіресе, бастауыш сыныпта оқитын бала тәрбиесінде көбірек орын алады. Сөйтіп, бала өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. Бірте-бірте бақылау ата-ана тарапынан сенімділікке ауысады. Осындай тәрбие арқылы бала өз ісіне тыңғылықты, берік, сенімді болып өседі. Бұдан шығатын қорытынды, бала тәрбиесінде оған сенімділік білдіру арқылы өз ісіне жауапты қарауға тәрбиелеу керек. Демек, отбасында ата-ана балаға дұрыс бақылау жасап, сенімділік арқылы тәрбиелей білсе, сапалы білімді, өз ісіне сенімді, еңбекке қабілетті адам тәрбиеленетіні сөзсіз. Отбасында бақылау тек қана бастауыш сыныпта оқитын балаға ғана емес, жоғарғы сыныпта оқитын оқушыға да қажет.

Бала тәрбиелеу тек отбасында ғана емес, қоғамға да, мектепке де қатысты. Оқу- тәрбие процесін жетілдірумен бірге оқыту сапасын арттырып, оқушылардың білімге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ олардың қоғамға пайдалы әрі тәртіпті, инабатты, мәдениетті, жауапкершілігі мол болып өсуіне, өмірге көзқарасын дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын т.б. қасиеттерін жетілдіру ағарту қызметкерлерінің маңызды міндеттері болып саналады. Осыған орай мектептерде тәрбие процесін одан әрі жетілдіру ісі бүгінгі тандағы ерекше назар аударарлық өмір талабы болып отыр.

Адам жанын, мінезін тәрбиелеу, саналы еңбек сүйгіш адамды тәрбиелеу қандай кереметті, ең күрделі іс. Біздер үшін, әрбір ұстаз, әрбір тәрбиеші үшін, бұдан артық мұрат жоқ сияқты. Сол мұрат биігіне жету жолында біз алдымызда отырған оқушыларымыздың жалқау, дарынсыз, сауатсыз болып кетпеуін қарастырамыз. Сегіз қырлы, бір сырлы, он саусағынан өнер тамған шебер, жез таңдай әнші, буынсыз биші, тілінен май тамған шешен, аспан мен жердің әлі ашылмай жатқан алуан сырын ашатын ғалым, адам жанын тәрбиелейтін ұстаз болып шықса екен дейміз.

Мұғалім баланың жанын елітіп, бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін егеді. Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік-саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті.

Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: «Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш нәрсе болмақ емес».

Қазіргі уақытта мұғалім болу, тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды. Сонда бізге қандай ауыр міндет жүктелгенін аңғарамыз. Бірақ, біз бұл міндетті ауырсынбаймыз.

Оқушы-бала дейміз. Бірақ, ол бәріне де түсінеді. Бәрін де аңғарады. Айналасындағы құбылыстарға өз әлінше сын көзімен қарайды, өзінше қорытынды шығарады. Сөйте жүре жақсыны да, жаманды да бойына сіңіре береді. Өйткені олардың таңдауы да, талғамы да толқымалы. Оны ұштайтын-мұғалім мен тәрбиеші. Бала туысынан жаман болмайды, жаман тәрбиеші болуы ғана мүмкін. Бұл- көпке аян ақиқат.

Баланың мінезін дұрыс қалыптастыру үшін мұғалімнің, тәрбиешінің өз мінезі жақсы болуы тиіс, тәрбиешілік қасиеті болуы қажет. Біріншіден, мұғалімнің ары таза, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт. Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт. Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн. Оқушының ойына дақ салмай, толқымалы сезімді дұрыс тәрбиелеу мұғалімнің сезімталдығына, талғампаздығына, әрбір оқушысын жете білгенше тыным алмай, өмір бойы ізденуіне, әр оқушының жанына үңіле қарап, шығармашылықпен жұмыс істеуіне байланысты. Ата-ана мұғалімнің бойынан осындай қасиеттерді күтеді, біз де сол тұрғыда болуымыз шарт. Жақсы ұстазды балалар да, ата-аналар да тани біледі. Жас бөбектерден бастап, мектеп жасындағы балаларға, тіпті ересек балаларға дейін тәрбиенің әр алуан әдістерін қолданып, орынды мәпелеп, дұрыс өсірсек, олар да келешекте үлгілі тірбиешілер қатарына қосылады. Сәл аңқаулық, осалдық жасалса-ақ, нәтиже де шалағай болады.

Кейде мұғалім тентек, дөрекілік жасаған балаға себебін жете тексермей, ескерту жасайды, ұрсады немесе сабақта берген бір жауабына жаман баға қою арқылы оқушы мүнезінің күрт өзгеруіне себепші болады. Ал, жақсы үлгеретін оқушының кейбір жағдайлармен сабақты оқымай, тапсырманы орындамай келетін кездері болады ғой. Бұл жерде бала мұғалімді кінәламайды, өйткені оқымай келгені өзі, бірақ ашуын үй ішінен не сыныптас жолдастарының бірінен алады, орынсыз ұрынады немесе бірнеше күн бойына үнсіз-түнсіз, тұйық, көңілсіз, ештеңеге ынтасыз жүреді. Сөйтіп жүргенде, тағы да нашар баға алса, оның оқуға ниеті соқпай, тәртібі де өзгере бастайды.

Осы жерде мұғалімнің жаңағы әдісін дұрыс деуге бола ма? Әрине, дұрыс деуге болмайды. Мұғалім әр баланың мінез ерекшеліктерін жақсы білуге міндетті. Бала тәрбиесінде ата-аналармен бірдей жауап беретінімізді түсініп, өз ісімізде бірде-бір кемшілікті жібермеу-абыройлы міндетіміз. Сондықтан, егер баланың үлгерімінде өзгеріс байқалса, мұғалімдер мен ата-аналар боп тезірек оның себебін анықтауымыз қажет. Бала мінезін өзгеруіне басқа да түрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін. Бала мінезіндегі тіпті елеусіз жайларды да ата-анасы мен мұғалім ескерусіз жібермей, бақылап отырғаны жөн.

Олай болса, бала тәрбиесін жасынан бастап қолдан шығармау керек. Өйткені баланың мінез-құлқына, талғам-талабына, ой-сезіміне, өзін қоршаған ортаға көзқарасына, жолдас-жора, қатар құрбыларымен қарым-қатынасына, тұрмыстық жайттарды бағалап, түсіне білу дәрежесіне күн сайын қосылып жатқан ащы, тұщы тамшылар көзге көрінбей, құралып келіп, оның болашақ адамгершілігі мен ақыл-парасатының, бүкіл жан дүниесінің қалыптасу дәрежесін белгілейді.

Әр отбасы-ұлы қоғамымыздағы кішкене-кішкене әр ұя. Сол ұялардан өмірге дұрыс бағыт алып, бақытты болашақ қарлығаштары қанат қағып, қосарланып ұшып жатса, ата-ана, ұстаз бен тәрбиеші үшін қандай ғанибет.


Пайдаланған әдебиеттер:

Қ. Жақыпов «Баланы семьяда тәрбиелеу». Алматы 1987

Шаймерденова К «Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының бағыт-бағдары». Алматы, 1993




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ма?ала: Бала мінезін т?рбиелеуде ата-аналар мен м??алімдерді? р?лі.

Автор: Альмишева Ляззат Шайзаевна

Дата: 28.11.2014

Номер свидетельства: 136751


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства