kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?ала/статья: ?аза? а?ыз-??гімелеріні? жасалу жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? фольклорында, оны? ішінде халы? прозасында, а?ыздан г?рі к?ркем, біра? ертегіден т?мендеу ??гімелер бар. Бір топ ??гіме-бір кезде тарихта бол?ан адамдар жайында а?ыз болып шы?ып, тара?ан шы?армалар. Екінші бір тобы-белгілі бір мекен, жер-су жайын ?иял т?рінде баяндайтын ??гімелер. Ал, ?шінші топ ??райтын ??гімелер-інжіл мен ??ран, та?ы бас?а да діни кітаптар ар?ылы тара?ан сюжеттер.

            А?ыздар тобына жататын жанрларды шы?арманы? мазм?нына ж?не онда ?аншалы?ты шынды??а жанасатын о?и?а баяндалатынына ?арай топтау?а болады. Сонда атам заманнан бергі адам баласыны? ?алыптасу кезе?індегі "бол?ан о?и?алар" баяндалатын шы?армалар, ?рине, бірінші ?атарда ?аралуы керек. Ондай шы?армалар миф пен хикая.

            Б?лардан кейінгі ретте жай ??гіме мен таза а?ыз т?рма?. Оларды? негізгі мазм?ныны?-дені ?мірден алын?ан, не ?мірде бол?ан жайттар болып келеді.          Содан кейін ?псана-хи?аят болуы тиіс. Себебі жай ??гіме мен а?ыз бірте-бірте хи?аят?а айналады, ал?аш?ы шынды? о?и?а к?мескіленіп, ?иял араласып, шы?арма к?ркемделе бастайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма?ала/статья: ?аза? а?ыз-??гімелеріні? жасалу жолдары»

Қазақ аңыз-әңгімелерінің жасалу жолдары

Альмишева Ляззат Шайзаевна, Жезқазған қаласы, № 3 ЖОББМ


Қазақ фольклорында, оның ішінде халық прозасында, аңыздан гөрі көркем, бірақ ертегіден төмендеу әңгімелер бар. Бір топ әңгіме-бір кезде тарихта болған адамдар жайында аңыз болып шығып, тараған шығармалар. Екінші бір тобы-белгілі бір мекен, жер-су жайын қиял түрінде баяндайтын әңгімелер. Ал, үшінші топ құрайтын әңгімелер-інжіл мен құран, тағы басқа да діни кітаптар арқылы тараған сюжеттер.

Аңыздар тобына жататын жанрларды шығарманың мазмұнына және онда қаншалықты шындыққа жанасатын оқиға баяндалатынына қарай топтауға болады. Сонда атам заманнан бергі адам баласының қалыптасу кезеңіндегі "болған оқиғалар" баяндалатын шығармалар, әрине, бірінші қатарда қаралуы керек. Ондай шығармалар миф пен хикая.

Бұлардан кейінгі ретте жай әңгіме мен таза аңыз тұрмақ. Олардың негізгі мазмұнының-дені өмірден алынған, не өмірде болған жайттар болып келеді. Содан кейін әпсана-хиқаят болуы тиіс. Себебі жай әңгіме мен аңыз бірте-бірте хиқаятқа айналады, алғашқы шындық оқиға көмескіленіп, қиял араласып, шығарма көркемделе бастайды.

Сонымен қатар, әпсана-хиқаят өз бетінше де туып жатады. Олардың оқиғасы ойдан шығарылады. Әпсана сөзі парсыша ертек, қиял, мысал, әңгіме жанрларының атауы және әдемі, сұлу, керемет деген де мағына береді. Оның үстіне соңғы жылдары белгілі ғылым-фольклорист Ә. Марғұлан әпсана терминін өз еңбектерінде көп қолданған. Ал, хиқаят сөзіне келетін болсақ оны қазақ фольклорын револяцияға дейін жариялаушылар қолданған және көбінесе құран мен діни, яки кітаби сюжеттерге құрылған шығармаларды атаған. Әрине, революцияға дейін хиқаят сөзіне дәл біз ұсынып отырған терминдік ұғым берілмеген. Онда кішігірім әңгіме де, көлемді шығарма да хиқаят деп аталған, бірақ соның бәрінде ғажайып (фантастикалық) сипаттың ертегіден басқаша екені ескерілген. Оның үстіне "Дала уалаяты газетінің" орысша шығып тұрған нұсқасында хиқаят сөзі легенда деп аударылған. Сөйтіп әпсана-хиқаят терминіне легенда ұғымы берілген.

Ал, миф олай емес. Қазақ фольклорында миф-өзіндік орны бар ең көне жанр. Қазақ фольклорында миф жанр емес, көбіне мифологиялық түсініктер, мотифтер, кейіпкерлер жайлы жалпылама түрде айтылып кетеді екен. Оның басты себебі, біздің ойымызша, миф жанрын еуропалықтарша түсінгендіктен. Миф дегеніміз-дүние туралы фантастикалық түсінік, әлемде билік жүргізетін құдайлар мен рухтардың ғажайып образдарының жүйесі немесе құдайлар мен қаһармандар жайындағы ауызекі әңгіме. Миф тек алғашқы қауымының ғана жемісі, ол кейінгі замандарда тумайды, керсінше, мифтік қасиетін жоғалтқан соң ертегіге айналып кетеді. Мифтің тағы бір ерекшелігі-өмірдегі нақтылы бір оқиғадан алшақтығы.

Әдетте, миф десе ойымызға ежелгі Греция мен Римнің тамаша әңгімелері түседі. Ғылымда мифке берілген анықтама өте көп. Анықтамалардың көпшілігі антика дәуіріндегі дамыған мифологияға арналған және атқаратын қызметіне, оның дінімен, өнермен, философиямен, әр түрлі ырымдармен, ертегімен және әпсана-хиқаятпен ара қатынасына, байланысына негізделген. Типологиялық сипатына орай қазақ мифі ежелгі классикалық /архаикалық/ мифтер түріне жатады. Е.М.Мелетинский ежелгі классикалық мифтердің мынадай белгілерін көрсетеді: "Қандай да болмасын заттың мәнін оның пайда болуымен байланыстыру, яғни заттың жаратылысын түсіндіру деген сөз-оның қалай пайда болу тарихын баяндау" /1.24 б./.

Ежелгі көне мифті алғашқы қауым адамы қиял деп есептемеген, оған, оның оқиғасы мен мазмұнына кәміл сенген. Мифте қиял бар деген түсінік біздерде ғана, ал мифтік дәуірдегі, мифтік санадағы адам оны таза шындық деп қабылдаған. Мифтің бұл қасиеті туралы белгілі совет ғалымы М.И. Стеблин-Каменский былай деп жазады: "Миф дегеніміз-өзінің пайда болып, өмір сүрген ортасында, қаншалықты шындыққа ұқсамаса да, ақиқат деп қабылданған әңгіме..."/1/.

Ежелгі классикалық мифтің белгілері мұнымен шектелмейді. Архаикалық мифті сипаттайтын тағы да біраз нәрселер бар. Олар мыналар: мифтік уақыт пен мифтік сана; мифтік ұғым мен мифологиялық ойлау; осылардан барып мифтік дәуірде аспан мен жер-бір, адам мен табиғат-бір деп түсіну. Сол себепті ежелгі классикалық мифтің мазмұны-әлемнің (космостың) жаратылуы, алғашқы адамның дүниеге келуі мен оның жасампаздығы болып келеді.

Бірақ та мифті зерттейтін адам, әрине, оған сенбейді. Сол себепті ол мифті қиял емес деп айта алмайды. Алайда, мұнысымен ол миф мазмұнын шындық деп қабылдайтын сананың орнына өз санасын, яғни мифті тек қиял деп түсінетін сананы қойып отыр.

Дүниенің осы күнгі көрінісі-жер беті, аспан шырақтары, аңдар мен құстардың, өсімдіктердің түрлері, адамдардың өмір салты, әлеуметтік топтар, діни қағидалар, яғни өмірдегі барлық нәрсенің қазіргі күй-жайы-миф бойынша атам заманда болған оқиғалар мен тіршілік еткен мифтік адамдардың іс-әрекетінің нәтижесі.

Мифтегі оқиғалардың болатын шағы-мифтік дәуір. Ол қасиетті уақыт деп есептелген, себебі барлық заттың пайда болуы, осы күнгі түр-түсі, ерекшелігі со заманда орныққан деп түсінілген. Алғашқы қауым адамның ойлау қабілеті абстракті түсініктерді қабылдамаған, сол себепті ол дәуірде субъекті мен объектіні, зат пен оның атауын, көп пен азды, кеңістік пен уақытты дәл айыра алмаған.

Біздің қазақ фольклоры тұрғсынан қарағандағы миф деп отырғанымыз-әлемдік мифология ауқымынан шықпайтын, тіпті типологиялық сипаты мен оған сәйкес келетін дүниенің, жаратылыстың, әр түрлі құбылыстары мен объектілерінің пайда болуын, аспан мен жердің жаратылуын, адамзаттың алғаш қалай пайда болғанын және аңдар мен құстардың шығу тегі мен мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсінідіріп баяндайтын прозалық шығармалар.

Міне, осының бәрі миф жанрының фольклортануда әлі де айтарлықтай зерттелмегенін дәлелдесе керек.

Мифте сана бойынша заттың мәнін ұғу үшін оның шығу тарихын білу керек, яғни заттың мәні мен тегі теңестіріле байланыстырылған. Қай заттың болмасын шығу тегін білмейінше, оны пайдалануға болмайды. Міне, мифтің көбінесе этиологиялық болатыны осыдан.

Соған қарамастан алғашқы қауымдық логика айтарлықтай абстрактілікке бар алған, әйтпесе мифологиялық түсінік пайда болмас еді. "Таза-мифологиялық ойлау дегенімізідің өзі-белгілі бір дәрежедегі абстракция,"-деп жазады Е.М. Мелетинский /4.198 б./. Мұның таңданарлық ештеңесі жоқ. Мифтік санаға рух пен табиғаттың бірлігі тән. Осыдан барып оның негізі болып теңдік заңы саналады. Өзінің даму жолында мифтік сана екі түрлі сатыдан өтеді деуге болады. Бірінші кезеңде рух пен табиғат толық тең, яғни бір болып көрінеді. Екінші кезеңде адамның табиғат қойнауынан алшақтауына байланысты жанағы айтқан тендік бұзыла бастайды.

Табиғаттағы дүниенің бәрі бірдей деген алғашқы мифтік сана әлемдегі жанды және жансыз, өлі мен тірі нәрсені анық жіктемеуден туған. Қазақ ертегілерінде кездесетін мифтерде "өлі, тірі" ұғымдары бөлінбейді. Ажал-ол да өмір, бірақ басқаша өмір. Бұл дүние өмірбақи болады деген түсіністіктен туған. Өлім-алғашқы жағдайға қайтып келу деп түсінген. Қазақтың "кісі өлді" дегенді "қайтыс болды", "қайтты" деп атауының түбінде осы жатыр. Өлген адам жоғалады деп саналмай, ол басқа өмірге көшті, алғашқы өзінің түріне қайтып келді деп түсінген.

Бұл түсіністік мифтің санаға тән анимизмді, яғни дүниедегі нәрсенің бәрінің жаны бар деген сенімді туғызған. Сол себепті революциядан бұрын қазақтар жаратылыстың барлық түрлерін, барлық хайуанаттарын адамша ақылды, адамша тіршілік қылады деп білген. Адам мен жануарды бөлмей, адамды екі кейіпті болады деп түсіну, ол замандардағы миф кейіпкерін жартылай адам, жартылай жануар түрінде бейнелейді, яғни зооантропоморфтық образ жасайды.

Миф міндетті түрде себеп-салдары болады. Мифтік сананың алғашқы кезеңінде адам өзі мен жануарлардың арасына жік қоймаған. Осы түсінік негізінде миф кейіпкерін жартылай адам, жартылай жануар ретінде бейнелеу көрніс алады. Олар біресе адам, біресе жануар кейпіне түсе алады. Мифтік дәуірінде адам өзінің әр түрлі жанды-жансыз нәрсенің кейпіне кіріп, өзгеріп кететігінде кәміл сенген. Бұл дәуірде адам өзін-өзі бірде аспандағы аққу кейпінде, бірде жортып жүрген жолбарыс кейпіне ауыса алады деп сенген. Қазақ арасында мұндай мифтерді кездестіруге болады. Мысалы, "Ұйықтаған батыр" деп аталатын тасқа байланысты миф. Қандай да болмасын құбылушылықтың яғни өзгерістің (айталық қарлығаш құйрығының өзгеруі) себебі бар. Бұл, әсіресе, тотемдік мифтерде кең етек алған. Ал кейінгі дәуірлерде мифтің басқа да түрлерінде орын тепкен. Мифтегі құбылушылық үш түрлі себепке байланысты болып келеді. Бірі-адам өте шаршағандықтан ұйықтап кетіп сол бойда тасқа, я болмаса аңға, құсқа айналып кетеді. Әдетте, көне тотемдік мифтерде бір рулы ел мен белгілі бір жануарлар тобының тотемдік атасы-әлі таза құбылу емес, бұл мақсатты құбылуға апаратын жол. Мақсатты құбылу кейін, мәселен, ертегі жанрының бір белгісіне айналады. Ал, тотемдік мифтегі қаһарман кейпінің өзгеруі шын мәніндегі құбылу деп саналмауы керек, себебі мұнда сол кездегі сана бойынша қаһармен адам кейпінде де, жануар түрінде де көріне береді. Мұндай мифтер Африка мен Австралияның жергілікті тайпаларының фольклорында өте көп.

Мифологиялық ойлаудың кейбір ерекшеліктері көне замандағы "жабайы" адамның өзін-өзі маңайдағы табиғаттан, әлемнен бөлмеуінің салдарынан пайда болған. Ол кездегі адам өз қасиетін табиғатқа, оның белгілі бір құбылысына, олар да адам сияқты өмір сүреді деп ойлаған. Өзін қоршаған дүниені адам қалпында қабылдамаса, алғашқы қауым адамдары мифті де, ондағы кейіпкерлерді де, анимизм, фетишизм, тотемизм сиқты діни нанымдары да шығармаған болар еді.

Екінші себеп-адамның кіналы болуы. Мұндағы құбылушылық жаза ретінде қабылданады. Мәселен, "Сынтас" "Келіншектеу" мифтерінде әкесінің алдында кінәлі болғандықтан қыздар тасқа айналып қалады. Кейінгі дәуірлерде адамның кіналылығы күнәлік деген түсінікпен ауыстырылады. Мысалы суыр болып кеткен Қарынбай туралы мифте адам құдай алдында күнәлі болғандықтан аңға айналдырып жіберілген деп баяндалады.

Бұл туралы фольклорист В.И.Еремина былай деп жазады: "Мифтердің айтуы бойынша руды қағидалары бұзған, немесе оларды құрметтемеген адамды жан шошырлық жаза күтеді. Ондай жазалардың бірі-адамға, аңға, я болмаса жансыз нәрсеге айналдыру деп ұғынылған. Мұндай жаза түріндегі құбылу сөздің құдіретті күші бар деген сеніммен байланысты және мифологиялық сананың ғана аясында сақталған. Жазалаудың нәтижесі болатын мифте ылғи да тыйым салынған тотемдік салтты бұзумен байланысты болмайды. Адам келбетінен айырылудың себебі көбінесе бүкіл рудың этикалық тәртібін бұзу болып табылады" /5.95 б/.

Құбылушылықтың үшінші себебі-зор қауіптен құтылу жолы. Адамға ғаламат қатер төнеді. Содан құтылу үшін ол не тасқа, не жұлдызға т.б. нәрсеге айналып кетеді. Қазақта сондай мифтің бірі Қазығұрт тауындағы "Қырық қыз" деп аталатын тастарға байланысты: "Баяғыда бір байдың қызының тойы болады. Той болып жатқанда қалындық қырық қызымен күйеу серіктерімен серуендеп шығады. Жаугершілік заман екен. "Жау келіп қалды"-деген дауыс шығады. Сонда қыздар шулап: "Е құдай! Бізді жау әкеткенше тас қыла көр!",-депті. Содан бәрі тасқа айналыпты"/1.87 б./.

Хиқая дегеніміз-ел өмірде бар деп сенген неше түрлі жезтырнақ, үббе, албасты, күлдіргіш, жалғыз көзді дәу, шайтан, пірі, дию сияқты нәрселер туралы діни нанымға негізделген әңгімелер. Демек, жаңағы албасты, үббе, жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, шайтан, пірі, дию образдарының түп төркіні-көне замандағы мифтік сана мен діни нанымдарда жатыр.

Албасты туралы шығармаларды жариялаған кісілердің бәрі де елдің бұл әңгімелереге кәміл сенетінін, тіпті сонда бейнеленетін албасты, жын, жезтырнақ тәрізді кейіпкерлерден қорқатынын айтады. Мысалы, Ә. Диваев: "Шымкент уезінің Қошқарата болысында тұратын Бексейіт Манкишев дейтін бақсы маған өзінің албастымен кездескені жайында айтып берді ", - деп жазады /6/.

Албасты туралы хиқая халықаралық сипатты болса, жезтырнақ туралы хиқая тек қазақ фольклорында ғана бар. Қазақ халқының әр түрлі мифтік құбыжықтар туралы түсінігін барынша айқын бейнелейтін жанр хиқая болып табылады. "Жезтырнақ-әйел кейпіндегі жын. Ол орманда өмір сүреді. Жезтырнақ туралы аңыздар көп", - деп жазды Шоқан Уәлиханов.

Сонымен, аңыздық прозаның меморат әңгімелері бірте-бірте хиқаяға, одан әрленіп, айшықтанып көркем фольклорға айналады. Соның тамаша дәлелін Жамбылдың "Өтеген батыр" жырынан кездестіреміз. Жырда Өтеген батыр мен жолдастары жер жаннатын іздеп жүріп, небір оқиғаларға тап болады. Соның бірі-жезтырнақпен кездесуі. Бұдан біз жезтырнақ туралы көне оқиғаның көркемделіп, эпосқа кірігіп кеткенінің куәсі боламыз. Эпостың мазмұны да бірнеше осы тектес хиқаялардан тұрады. Әр хиқая өзінше бір жыр спетті, өрнектелген эпос поэтикасын бойына сіңірген. Осы ұқсастыққа қарамастан хиқая мен эпос екі жанр, тек ұқсас компоненттер эпоста аса көркемделіп баяндаған.

Хиқая кейде үшінші жақтан айтылса да, оны айтушы адам бәленнен естіген едім деп, әрі қарай сол оқиғаны басынан кешкен кісінің атынан, яғни бірінші жақтан да айта береді. Сонда хиқаяны айтушы кейіпкердің өзі емес, басқа біреу болады, бірақ соған қарамастан әңгіме "лирикалық геройдың" атынан айтылып, айтушы лирикалық кейіпкердің әңгімедегі оқиғаға толық сенетінін, оның құбыжықпен кездескен сәттегі сезімін түгел, сол өзі алғаш естіген қалпында сақтауға тырысады.

Хиқаяның сюжеттік мазмұнында ешбір қиял жоқ. Хиқая көбінесе бір эпизодты, бір оқиғалы болып келеді. Кейбір хиқаяда екі-үш сюжет баяндылып, оқиға қоюлана түседі. Бір қызығы-қанша сюжет болса, сонша хиқая да болуы мүмкін, яғни екі-үш хиқаяның басы бір әңгімеге тоғытылады. Мұндағы өмір-қазақ өмірі: мал баққан ел, аңшы мен малшы, жолаушылап жүрген адамдар, құдайы қонақтар, яғни күнделікті еш ерекшелігі, елең еткізер еш ғажайыбы жоқ, кәдімгі сахарадағы қазақ ауылының болмысы. Бірақ соған қарамастан, мұнда тыңдаушысына үрей тұғызатын бір жай бар. Ол кейіпкердің біз жоғарыда айтып өткен құбыжықтардың біреуімен тосын жолығуы. Хиқаялар әдетте елсіз жерде жүрген аңшының немесе малшының басынан өтеді.

Ертегіге қарағанда хиқаядағы мифологиялық кейіпкер қорқынышты болып келеді, тіпті хиқаяның мазмұны ғана емес, ондағы табиғат та, адам да үрей тудырады.

Ал әпсана-хиқаяттың мақсаты-баяғыда болған немесе болды деген бір керемет оқиғаны іс-әрекетті немесе жағдайды көркемдей баяндау арқылы тыңдаушыға ғибрат беру. Мұнда бас кейіпкерлер дәріптеле суреттеледі, ол жай елден асқан ерекше жан ғана емес, әулие ретінде бейнеленеді. Сондықтан бұл жанрға кіретін шығармалары кейіпкерлер көркем бейне деңгейінде көрінеді. Әпсана-хиқаят осы кейіпкерлерден үлгі алуға шақырады.

Сонымен әпсана-хиқаят деп кейде ертеде болған бір оқиғаны көркемдей баяндайтын, бірақ көбінесе ойдан шығарылған, я болмаса кітаби және діни сюжетті барынша әрле, әсірлеп әңгімелейтін прозалық шығармаларды айтамыз. Тақырыптық және сюжеттік мазмұнына қарай қазақ әпсана-хиқаяттары шартты түрде тарихи-мекендік, кітаби-діни және утопиялық болып келеді.

Аңыздық прозаның шығу, даму жолдарын былай қарастыруға болады. Алғашқы рулық замандағы бір адам аңда не жорықта жүріп өзінің басынан кешкен бір оқиғаны руластарына айтып беруі мүмкін. Бұл жай әңгіме. Оны естіген адамдар енді басқа біреулерге айтады, айтқанда өз жанынан желі қосуы да мүмкін. Ал, одан естіген кісі тағы біреулер айтады, ол да өзінше баяндайды. Сөйтіп, хиқаят бірте-бірте аңызға айналады. Біраз уақыт өткен соң ол аңыз біршама көркемделіп әпсана-хиқаятқа айналуы мүмкін.

Міне, бұл өмір шындығына тікелей қатысы бар жанрлардың даму жолы. Және бұл жанрлар бір ғана дәуірде, бір ғана қоғамда тумайды. Олар адамзат тарихының барлық кезеңінде туып отырады.

Аңызда айтылатын хабар, оқиға еш күмән туғызбайды, өйткені оның түп негізі-тарихи шындық. Бұл біріншіден. Екіншіден, аңыздың мазмұнын растайтын дерек ретінде жердің аты, белгілі қайраткердің есімі, я болмаса жыл мезгілі аталып отырады. Үшіншіден, аңыздың айтылу мәнері тұрақтанған, ол ылғи үшінші жақтан және өткен шақта баяндалады.

Тарихи аңыздарда кейде оқиғалар мен фактілер көркем түрде жинақталып, қиял тұрғысынан бағаланады, яғни ел оқиғалар мен фактілерді өз ойына, арман-мүддесіне сәйкес болуын қалап, солай баяндайды, солай етіп көрсетеді.

Ондай жағдайда халық жақсы өмірді армандап, "алтын дәурен", "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман", не болмаса елді қиыншылықтан құтқаратын бір қайраткер туралы утопиялы әңгіме, аңыз шығарады. Ол әңгіме, аңыздардың басты кейіпкерлері-өмірде болған адамдар болуы мүмкін.

Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, көп уақыт өткендіктен оқиғаның қалай болғаның дәл білмегендік, екіншіден, бұрыңғы заманда болған шындықтың өзі емес, ел қалаған шындықтың көрініс табуы. Мұның бәрі аңызда көркемдеу саналы түрде болмайтының дәлелдеді.

Сахарада көшіп жүрген, күнделікті өмірі жазда, күзде, тіпті жыл бойы дерлік кең далада, төңкерілген ашық аспан астында, өзен-судың жағасында өтетін елдің өзін ұдайы табиғаттың аясында, құшағында отырғандай сезінуі таң қаларлық нәрсе емес. Даланың сайы, белі, тау-тасы, өзен-көлі-қыр адамы кезінде бір көріп қызықтайтын ғана көрініс емес, оның ғұмыр кешетін, ұдайы малын бағып, орын теуіп отырған ортасы, мекен-жайы. Айналасындағы табиғаттың әр сипат-белгісі оның ой-санасында ерекше орын алады.

Олай болса, қазақ фольклорында жаратылыстың әр түрлі көріністері туралы, неше түрлі формадағы тастар мен шың-құздар жайлы, сондай-ақ сырт түрлерімен ерекшеленетін тау, шоқы, өзен-көлдер жайында ертегіден басқа небір әдемі аңыздар мен әңгімелердің болуы-заңды нәрсе.

Аңыз жанрының бір бөлшегі-шешендік сөзді зерттеген Б. Адамбаев дұрыс айтады: "Халық өзінің шығармаларында белгілі адамның бейнесін ғана өзгертіп қоймайды, оның ең алдымен, ісін, сөзін қалауынша ел тілегіне бейімдеп өңдеп, өзгертіп жібереді" /11.28 б./.

Тарихи аңыздарда кейде оқиғалар мен фактілер көркем түрде жинақталып, қиял тұрғысынан бағаланады, яғни ел оқиғалар мен фактілердің өз ойына, арман мүддесіне сәйкес болуына қалап, солай баяндайды, солай етіп көрсетеді. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, көп уақыт өткендіктен оқиғаның қалай болғанын дәл білмегендік, екіншіден, бұрыңғы заманда болған шындықтың өзін емес, ел қалаған шындықтың көрініс табуы.

Бейнелейтін оқиғаларына, кейіпкерлеріне, жалпы тақырыбы мен мазмұнына қарап, тарихи аңыздарды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады: а) оқыз-қыпшақ заманынан елес беретін аңыздар (оларға Қорқыт, Ахмет Яссауи және Арыстан Алып туралы әңгімелерді енгізуге болады. VІІІ-ХІІІ ғ.ғ); ә) моңғол шапқыншылығы мен Алтын Орда кезіндегі оқиғалар жайындағы аңыздар (Шыңғыс, Жошы, Тоқтамыс, Темір есімдеріне байланысты әңгімелер, ХІІІ-ХV ғ.ғ.); б) қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар мен қайраткерлер туралы аңыздар (Жәңібек, Асан қайғы, Жиреншелер жайындағы әңгімелер, ХV-ХVІІ ғ.ғ.) в) қалмақтарға қарсы соғыс-ұрыстарға байланысты туған аңыздар (Абылай, Әбілқайыр, Бөгенбай, Қабанбай аттарына қатысты әңгімелер, ХVІІІ ғ.); г) Сырым, Исатай-Махамбет, Жанқожалар бастаған шаруалар көтерілісіне байланысты туған аңыздар (ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.), д) ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыс туралы баяндайтын аңыздар.

Тарихи аңыздар қазақ елінің талай ғасырлық өмірінің ең бір елеулі-елеулі кезеңдері туралы әңгімелеп, мәлімет береді. Әпсана-хиқаятқа айналып кеткен Қорқыт туралы көне аңыздар Қазақстан жерінде VІІІ-Х ғасырларда болған оғыз-қыпшақ заманының қалдырған фольклорлық ізі деуге болады. Қорқыт тарихта болған ба, жоқ па-әңгіме онда емес. Қазір біз үшін маңыздысы-Қорқыт бейнесі мен ол туралы фольклорлық шығармалардың қазақтан басқа да түркі елдерінде, әсіресе, оғыз тобындағы халықтарда кең жайылғандығы. Ал, оғыздардың VІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жетісу, Сыр бойы, Арал, Каспий аймақтарын мекендегені тарихтан белгілі. Сондай-ақ Қорқыт туралы аңыздар мен әпсаналардың ең алғаш осы жерлерде туғаны да даусыз. Демек, қазіргі қазақ халқының этногенезіне қатысқан сол кездегі тайпалармен бірге Қорқыт туралы шығармалар да кең жайылған. Қорқыт туралы қазақ арасында айтылған фольклорлық шығармаларды, әпсана-хиқаят деп танимыз. Дәл осындай даму тарихын басқа да Асан қайғы, Жиренше сияқты кейіпкерлер туралы шығармалардан да байқауға болады. Мысалы, Әлкей Марғұлан: "Қорқыт, Көрұғлы, Жиренше шешен, Алдар көсе сияқты оғыз-қыпшақ заманында шығып, Сыр бойында кең тараған аңыздар қазақ халқының ортасында ғасырлар бойы сақталып келеді",-деп жазады /2.67б./.

Бір ғана сюжетті (оқиғаны) баяндайтын бірнеше шығармада кейіпкерлер әр басқа: Алаша, Шыңғыс, Жәнібек, Темірлан, Жошының өзі.

Оғыз-қыпшақ дәуірі мен моңғол шапқыншылығы, Алтын Орда замандарында пайда болып, уақытпен бірге талай өзгеріске ұшыраған көне тарихи аңыздарға қарағанда ХVІІІ-ХІХ ғасырлардың оқиғаларын баяндайтын шығармалар тарихи негізін айқынырақ сақтаған. Әсіресе, жоңғар қалмақтарына қарсы ұрыс-соғыстар жайындағы аңыздар өзінің тарихи шындылығымен құнды.

Қазақтарда жер-су, тау-тас, елді мекен, өзен-көл жайында ауызша айтылатын әңгімелер өте көп. Ол түсінікті де. Бүкіл өмірін табиғат аясында өткізген ел өзін қоршаған әлем туралы білгісі келіп, сол объектінің ерекшелігін ескеріп, немесе тіршілігінің қажеттігіне байланысты, я болмаса қиялға ерік беріп, неше түрлі миф, әпсана, аңыздар шығарған. Филология ғылымының докторы М. Базарбаев дұрыс айтады: "Адам мен жер, табиғат, оның орын тепкен мекені, жайы, осыған байланысты ұғым, тіл деген проблема көркем әдебиет үшін, яғни образбен ойлау өнері үшін, халықтың айнала әлемді бейнелі сурет, кейіптеу жолымен тану үшін ең алғаш материалдар болған..." /3.45 б/.

Солай пайда болған фольклорлық жанрлардың бірі-белгілі бір мекен, жер-су, өзен-көл, тау-тас ерекшеліктері мен тарихын әңгімелейтін топонимикалық аңыз. Топонимикалық аңыздар таза тарихи аңыздан гөрі көркемдеу болады, сондықтан онда сөз өнерінің нышаны байқалады. Мұнда көркем қиял шығарма мазмұның хабарламалық сипатын өзгертіп, оған ғибраттық сипат бере бастайды. Сондықтан аңыздың бұл түрінде әпсана-хиқаяттың белгілері бой көрсетіп қалады. Оқиға болған мезгіл алыстаған сайын топонимикалық аңызда бірінші қатарға сол оқиға болған жер туралы хабар шыға бастайды да, тарихи негіз көмескілене түседі. Уақыт өткен сайын бұл аңыз көркемделе береді де, бірте-бірте әпсана-хиқаятқа айнала бастайды.

Қазақтың топонимикалық аңыздары екі түрлі болып келеді. Бірі-тарихи оқиғамен, дәлірек айтсақ, қалмақтар мен қоқандықтарға қарсы соғыстармен байланысты болып келеді де, сол ұрыс болған жерлерді суреттеп, оқиғаны баяндайды. Ал, келесі аңызда топонимикалық сарын мен тарихи нақты оқиға аралас келеді. Ал, енді бірқатар аңызда қиял араласып, әңгіме мазмұны белгілі бір оқиғаға негізделмейді. Жалпы тарихи шындықпен байланысын үзбегенмен ондай шығармалар деректі фактіден алшақ жатады. Сол себепті мұнда ойдан шығарылған эпизодтар, қоспалар болады, әңгіме біршама көркемделіп, сөйтіп, ол әпсана-хиқаят жанрының сипаттарына ие бола бастайды.

Халық прозасының ертегіге жатпайтын жанрлары (әсіресе, жай әңгіме, хиқая және аңыз) өзінің табиғаты мен мүддесіне қарай баяндап отырған оқиғаларын барынша шын етіп көрсетуге тырысады, әрбір фактіні өмірде болған деп хабарлайды.

Аңыздағы, әпсанадағы, мифтегі, хиқая мен әңгімеді баяндалатын оқиғалар айтушы мен тыңдаушыларға, жалпы көпшілікке шын болып көрінуге тиіс, өйтпеген күнде ол шығармалардың ел үшін құны болмайды. Бұл шығармаларда да қиял белгілі дәрежеде орын алады. Бірақ мұндағы қиял мен ертегідегі қиял бірдей есем. Ертегіде қиял болуға міндетті деп танылады және ол көркемдеу құралы болып есептеледі. Ал, ертегіге жатпайтын прозада, қиял саналы түрде пайдаланылмайды. Оның себебі-мұнда қиял көркемдік қызмет атқармайды, ол өмірдің түсініксіз бір құбылысын немесе фактісін түсіндіру мақсатынан пайда болады. Содан арқасында қиялдан туған нәрсе рас болған деп қабылданады және шындықтың өзі деп саналады.

Халық прозасының әңгіме, хиқая, аңыз, әпсана жанрлары орындалу кезінде күнделікті сұхбат-әңгімеден оншалықты дараланып, бөлектенбейді. Бұл жанрлардың шығармалары топ адамның өзара сұхбатында айтыла береді. Себебі олар айтушы мен тыңдаушылар арасындағы әңгіме тақырыбына қатысты болып келеді. Сондықтан айтушы баяндап отырған аңыздың немесе хиқаяның көркемдігін әрлендіріп жатпайды, оның міндеті-қажетті мәліметті, яғни оқиғаны хабарлау. Бұл жанрлардың ертегідей көркем болмайтындығы осыған байланысты. Оның үстіне әр аңыз, хиқая, әпсана белгілі себепке, жиылған топтың сөз қылып отырған тақырыбына қатысты айтылады да, арнайы қиындықты қажет етпейді. Сол себепті бұларда көркемделген бастама мен аяқтама жоқ, уақыты бөлектеніп, тұйықталмайды.

Демек, бұл жанрлардағы шығармалардың жалпы сапасы айтушы мен тыңдаушыларға, яғни орындалу жағдайына байланысты. Егер тыңдаушыларға айтылатын аңыздың, немесе хиқаяның мазмұнына қатысты, әйтпесе оған негіз болған түсінік-пайы беймәлім болса, онда айтушы алдымен әңгімесін сол түсінік-пайымды ұғындыра баяндаудан бастауы мүмкін. Кейде осы түсіндірменің өзі бір әңгіме бола алады.

Ал, егер тыңдаушы адамдар жиналған қауымға ортақ түсінік-пайымдармен таныс болса, онда айтушы орындайтын шығармасын басқаша: не естелік түрінде, не әңгіме түрінде баяндайды.

Халық прозасының жай әңгіме, меморат, хиқая сықылды жанрлары ылғи да дамыған, тұрақталған сюжетті пайдалана бермейді, онда сюжеттер кейде формасыз да бола береді, оқиғалар бейнеленіп отырған құбылыстың өзгеруіне байланысты, немесе сол құбылысты көрген әңгімешінің, айтушының көңіл-күйіне байланысты бір-біріне жай ғана тізбектеліп қосыла беруі мүмкін. Айтушы көрген, немесе басынан кешкен оқиғаны жай ғана баяндап қоймайды, ол оны іштей өзінше салмақтайды, оның мәнісін арттырады және баяндап отырып, оған түсініктеме береді. Баяндағанда, ол жай салдыратып сөйлей бермейді. Баяндауын бір ізге түсіреді, бір сюжет құрайды. Кейін бұл сюжет тұрақталып, ел арасына жайылса, оны әркім айтып жүрсе, ол сюжет фольклорлық сипат қабылдап, белгілі бір жанрға кіреді. Сөйтіп бір адамның басында болған жағдай, немесе болды деп баяндалған оқиға әңгімеге, немесе меморатқа, я болмаса хиқаяға айналады.

Аталған ортақ қасиетімен аңыздар тобындағы жанрлар шығу тегіне, яғни пайда болу жағдайында байланысты бір-бірімен ерекшеленіп те тұрады. Кейбір жанрлар шындық пен қиялдың қосындысынан пайда болса, кейбіреулері өмірдің өзінен тууы мүмкін. Ал енді біреулері таза қиялға негізделуі ықтимал.

Аңыздар тобына кіретін жанрларды шығарманың мазмұнына және онда қаншалықты нағыз шындыққа жанасатын оқиға баяндалатынына қарай топтауға болатын сияқты. Сонда атам заманда, адам жаңа адам болып келе жатқан кезде "болған оқиға" жайлы баяндайтын шығарма, әрине, бірінші қатарда қаралу керек. Ондай шығармалар миф пен хиқая жанрларына кіреді. Мұнда өмір көріністері айқын болмайды, кейіпкерлердің іс-әрекеттері бұлыңғыр көрінеді.

Пайдаланған әдебиетттер тізімі:

Мельетинский Е. Поэтика мифа. М., 1976.

Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар.-Алматы, 1985.

Базарбаев М. Өлең сөздің патшасы сөз сарасы. А., 1986

Қасқабасов С. Қазақ тың халық прозасы.-Алматы, 1984.

Уәлиханов Ш. шығармалар жинағы. А., 1967.

Адамбаев Б. Халық даналығы. А., 1967.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ма?ала/статья: ?аза? а?ыз-??гімелеріні? жасалу жолдары

Автор: Альмишева Ляззат Шайзаевна

Дата: 18.11.2015

Номер свидетельства: 255021


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства