kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?ала "Ойын т?рлеріні? ?аза? тілі саба?ында тиімділігі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мемлекеттік тілде о?ытатын Заречный орта мектебі

Бижанова Бибигуль Салимовна

математика

Саба?ты?  та?ырыбы: Есеп  шы?ару

Саба?ты? ма?саты:  1. ?ткен та?ырыптар?а байланысты есептер шы?арту.
2. О?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін ?рт?рлі тапсырмалар орындату ар?ылы  дамыту.

3. О?ушыларды таза, ??ыпты жазу?а, ізденімпаздылы??а,шапша?ды??а, на?тылы??а, е?бектенуге   т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: пысы?тау

Саба?ты? ?дісі: есептеу,ауызша, жазбаша тапсырма, кластер,ойын

К?рнекілік: интерактивті  та?та,,  кесте, сандар, кітап   т.б.

Саба?ты? барысы

І. ?йымдастыру кезе?

Шатты? ше?бері

Армысы?, алтын к?н!

Армысы?, к?к аспан!

Армысы?, жер ана!

Армысы?, достарым!

Бір-бірімізге ?арап жымиямыз,

Б?гінгі жа?сы к??іл к?йімізбен,  саба?ымызды бастаймыз.

                 «?ша?» ойыны

3+2            4+3       5+3       5 – 2     8 – 4

?ша? сия?ты бізде есепті шапша? есептеуге тырысайы?. Та?ы ?андай к?лік т?рлерін білеміз? К?шеде ж?ру туралы айту.

ІІ. Пысы?тау

Ой ?оз?ау 

?осу, азайту компонеттерін ата?дар

3 + 2   ?анша болады?  1  ?осыл?ыш,  2 ?осыл?ыш,  ?осындыны? м?нін табу

5 – 2      азай?ыш, азайт?ыш, айырманы? м?нін табу  т.б.

Сандарды тура сана ж?не кері сана

ІІІ. О?улы?пен ж?мыс

есептер шы?арту, талдау

д?птермен ж?мыс

таза, ??ыпты   жазуларын ескерту,  сандарды, азайту, ?осу амалдарын д?рыс жазу

 Сергіту с?ті

ІV. ?ызы?ты тапсырма

3 би               3 ж?з           7 ата            7 к?н

3  пен  7 сандарыны? ??рамын табайы?

V. Математикалы? ж?мба? ”

Аулада 6 ?йрек,                  Т?рт ?аз ?шып барады,

?орада 3 ?йрек,                  Биіктен т?мен ?арады.

1 ?йрек ты?ылды,              Ая? нешеу, бас нешеу?

1 ?йрек жы?ылды,             Жауабын кім табады?   (8,4)

?алды неше ?йрек.  (7)

VІ. Та?тамен ж?мыс     есептер шы?ару 

VІІ. «Жасырын?ан   ма?алды  тап» ойыны 

Есептерді шы?ару ар?ылы жасырын?ан ма?алды табамыз

Ма?алды? ма?ынасы с?ралады, жауаптары толы?тырылады.

1 + 3    2 + 1     2 + 2     3 + 2     4 + 3    3+ 6     7 + 2     

«Дені сауды?-жаны сау».

Денсаулы?ты са?тау ?шін не істеуіміз керек?

Жатты?улар, ?рт?рлі ?йірмелер, д?рыс тама?тану, таза ауа, ана?а к?мек, г?л суару т.б.

Жеке о?ушымен ж?мыс  тапсырмалар  беру

VІІІ.?орытынды:      4 ??рамы     кластер ??ру   тілек айту

ІХ. ?йге тапсырма: ?айталау           ІХ. Мада?тау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма?ала "Ойын т?рлеріні? ?аза? тілі саба?ында тиімділігі" »

Ойын түрлерінің қазақ тілі сабағында тиімділігі.


Мұғалім мен оқушының оқу-тәрбие процесінде әрқайсысының іс-әрекеттерінің айырмашылықтары мен өздерінің ерекшеліктері болады. Алайда олар бөлінбестей байланыста біртұтас оқу-тәрбие процесіне қатынасады.
Оқыту мұғалімнің ерекше бағдарлы мақсат көздейтін қызметі ретінде оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен және оларды танымдық, шығармашылық қабілеттілікпен қаруландыратын кең мағынасындағы тәрбиенің біртұтас маңызды бөлігі болып табылады.
Оқыту барысында оқушылардың рухани және дене күш қуаттарын дамыту кеңінен қарастырылған. Оқытудан басқа іс-әрекет түрлерінің де баланың таным түсінігін арттыратынын, сапалық қасиеттерін қалыптастыратыны белгілі болған. Олардың бірі - ойын.
Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама ма?» - деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керектігін білген.
Балалардың жас ерекшеліктеріне орай ойын түрлерінің басымдылығы байқалады. Ойын түрлеріне қарай балалардың көптеген қасиеттерін дамытуға бағытталады. Оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек бұлардың әрқайсысы негізгі әрекет болып табылып, белгілі бір функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу білім алу мен іскерлік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңістік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндіріледі.
Қазіргі таңда оқушылардың дидактикалық ойын әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың атқаратын рөлінің ерекше екендігін ұмытпаған жөн. Заман ағымына орай сабақта және сабақтан тыс оқушылардың шұғылданыстарында оларды білімдендіру мен сапалық қасиеттерді қалыптастыруды дидактикалық ойындармен байланыстыру мұғалімнің негізгі міндеті болып отыр.
Ойынның қалыптасуы «құпиясын» ашуға сан жүздеген жылдар бойы әртүрлі ғылыми бағытта ғалымдар қалам тартқан. Оның шығуы туралы айтылған ой-пікірлер көптеп кездеседі.
Әлемдік педагогикада ойын ойыншылар арасындағы кез-келген сайыс немесе жарыс түрі деп қарастырылды. Мұнда іс-әрекет белгілі ережелермен шектеледі және жетістікке жету көзделеді.
Бәрінен де бұрын ойын оқыту, қатынас құралы және өмір тәжірибесін жинақтаудағы күрделі әлеуметтік-мәдени феномен болып табылады.
Ойындағы қиындық оның түрлерінің әртүрлілігімен, қарсыластардың қатысу әдісімен, ойынның жүргізілуімен анықталады. Ойын - оқытудың таптырмайтын элементі.
Ойын процесінде:
- жүргізудің ережелері меңгеріледі;
- әртүрлі үлгідегі экономикалық және әлеуметтік институттардың, фирмалардың, мекемелердің, ұжымдардың, топтардың мүмкіндіктері қарастырылады;
- ойындағы белгілі бір мақсатқа жету үшін оған қатысушылар бірлескен ұжымдық іс-әрекет жасауға дағдыланды. Оқушының жеке мінез-құлқы қалыптасады;
- мұғалімдер мен оқушылардың және қосымша пайдаланған көрнекі құралдардың ойынға қосқан үлестерінен мәдени дәстүр қалыптасады.
Адамдар ойынды ежелден-ақ оқыту әдісі ретінде, алдыңғы ұрпақтың жастарға беретін тәжірибесі ретінде қолданып келген. Мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде, мектепте ойын кең көлемде қолданылады. Қазіргі оқу ісін күшейту мен оқушылардың белсенділігін арттыру жұмысын алға қоятын мектептерде ойын мынандай жағдайларға қолданылады:
- тақырыптарды, тіпті оқу пәнінің бөлімдерін, мағлұматтарды меңгеру үшін өзіндік технология ретінде;
- жалпы технологияның элементі ретінде;
- сабақ немесе оның бөлігі ретінде (кіріспе, бақылау);
- сыныптан тыс жұмыс технологиясы ретінде.
"Ойындық педагогикалық технологиялар" ұғымына кең көлемді әдістер мен әртүрлі педагогикалық ойындар формасындағы педагогикалық процестерді ұйымдастыру тәсілі енеді. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның айырмашылығы, ол оқу-танымдық бағыттылықпен сипатталады және нақты қойылған оқыту мақсаты мен оған дәлелденген педагогикалық нәтижелерге сәйкес келетін маңызды белгілер тән болады. Оқудың ойындық формасы сабақтарда оқу ісіне талаптандыру, ынталандыру құралы ретінде ойын түрлерінің, әртүрлі ситуациялардың көмегімен іске асады.
Оқудың сабақтық үлгісінде ойын түрлері мен жағдайларын іске асыру мынадай негізгі бағыттарда жүзеге асырылады:
- оқушылар алдына ойын тапсырмасы формасындағы дидактикалық мақсат қойылады;
- оқу ісі ойын ережелеріне бағынады;
- оқу материалдары оның құралдары ретінде қолданылады;
-оқу ісіне дидактикалық тапсырмаларды ойын тапсырмаларына ауыстыратын жұмыс элементі енгізіледі;
- дидактикалық тапсырмалардың жетістікте орындалуы ойын нәтижесімен байланыстырылады.
Ойын - кәсіби және отбасылық өмірдің мектебі, адамдық қатынастың мектебі. Бірақ жай мектептен оның айырмашылығы, адам, ойын барысында білім ала отырып, белгілі бір жетістіктерді үйренгенін де байқамай қалады. Жай мектептерде білімнің қайнар көзін көрсету қиын емес. Ол мұғалім - оқытушы адам. Оқыту ісі монолог үлгісінде (мұғалім түсіндіреді, оқушы тыңдайды) және диалог үлгісінде (мұғалім бақылау мақсатында оқушылардан сұрайды немесе оқушы бір нәрсені түсінбеген жағдайда мұғалімнен сұрайды) жүргізіледі. Ал ойында оқытушы адам және жеңіл меңгерілетін білім көзі жоқ. Оқыту іс-әрекет тілінде дамытылады, барлық ойынға қатысушылар бір-бірімен белсенді қатынас нәтижесінде оқиды және оқытылады. Ойындық оқыту баланы жалықтырмайды. Ойын негізінен еркін және қалаулы болады.
Ойынның негізгі қызметі. 
Оқу процесіндегі ойын технологиясының рөлі мен орны мұғалімнің педагогикалық ойын қызметін түсінуі мен ойын элементтерінің үйлесуіне байланысты. Ойын қызметі - оның пайдалылығы. Ойынның әр түрінің өзіндік пайдалы жағы бар. Мәдениеттің педагогикалық феномені ретіндегі ойынның біршама маңызды қызметтері бөліп көрсетіледі.
Ойынның әлеуметтік-мәдени белгіленуі. 
Ойын - баланы әлеуметтендіруші ең күшті тәсіл, оның тұлға болып қалыптасуына әсер етуші және өзіне тиісті білімді, рухани құндылықты, белгілі нормаларды меңгерген адамның қалыптасуына әсер етуші әрекет. Ойынның әлеуметтік-мәдени сипаты адамның мәдениет байлықтарын меңгеруі, оның тұлға ретінде, ұжымның белді мүшесі ретінде қалыптасуы синтезі дегенді білдіреді.
Ұлтаралық қатынас қызметі.
И.Кант адамзатты қарым-қатынастың өзі деп есептеді. Ойындар ұлттық, сонымен қоса ұлтаралық, интернационалдық, жалпыхалықтық болып келеді. Ойындар өмірдің әртүрлі жағдайларын жасауға, келіспеушілікті шешуде жол табуға мүмкіндік береді, өмірдегі бар нәрселерді қабылдауда сезімнің әрқилылығына үйретеді.
Ойында адамның өзін іске асыру қызметі. 
Бұл ойынның негізгі қызметтерінің бірі. Ойын адам үшін өзін тұлға деп танытуды іске асыру ортасы ретінде қажет. Осы түрінде оған ойынның нәтижесі немесе бәсекелестікпен "қандай да бір мақсатқа жетушілік емес, ойын процесінің өзі маңызды. Ойын процесі - бұл өздігінен іске асыру кеңістігі.
Коммуникативтік ойын. 
Ойын - нақты және коммуникативті іс-әрекет. Ол қатысушыларды күрделі адам қатынасының шынайы құрамына ендіреді. Кез-келген ойындық қоғам - ұжым. Ол әрбір қатысушы ойыншы мен көпшіліктің қарым-қатынасына сәйкес жүргізіледі.
Егер ойын адамдардың қатынасы болса, онда әрекеттестіктен, өзара түсінуден, өзара жол берушіліктен тыс олардың арасында ешқандай ойынның болуы мүмкін емес.
Ойынның диагностикалық қызметі. 
Диагностика - тану қабілеттілігі, диагноз қою процесі. Ойын болжағыштық қабілетке ие; ал адамның басқа іс-әрекетіне қарағанда диагноз қойғыш, өйткені, біріншіден, адам ойында өзін жоғарыдан көрсетеді (интеллект, шығармашылық); екіншіден, ойын - бұл "өзін-өзі көрсету".
Ойынның ойынмен емдеу қызметі. 
Ойын оқығанды, қоршаған ортамен байланыс кезінде, мінез-құлқында пайда болатын қиындықтарды жеңу үшін қолданылуы керек. Ойын түрлерінің емдік маңызын бағалай отырып, Д.Б.Эльконин, ойын терапиясының әсері баланың рөлдік ойында алатын жаңа әлеуметтік қатынасының тәжірибесімен анықталады деп жазады. Дәл шынайы қатынастар тәжірибесі рөлдік ойынның баланы мәжбүр ету қатынасының орнына үлкендермен, сондай-ақ өз құрдастарымен еркін қарым-қатынас жасауына бейімделуі терапияның әсеріне әкеліп тіреледі.
Ойынның түзету қызметі. 
Егер барлық қатысушылар ойын ережелерін меңгерсе, әрбір ойынға қатысушы өз рөлін ғана емес, сонымен қатар серіктерінің де рөлін жақсы білсе, ойын әрекеті мен мақсаты оларды біріктірсе, ойында психологиялық түзету табиғи жүргізіледі. Түзету ойындары мінез-құлық ауытқыған оқушыларға көмек көрсетуге қабілетті, сондай-ақ оларға түзелуге және топта өз қатарларымен араласуға, қарым-қатынас жасауға да көмектеседі.
Ойынның көңіл көтеру қызметі.
Көңіл көтеру - бұл қандай да бір нәрсеге деген құштарлық. Ойынның көңіл көтеру қызметі белгілі бір ыңғайлы қалыптың, қолайлы жағдайдың қалыптасуымен байланысты. Ойында көңіл көтеру - ізденіс.
Ойын мотивтері мен ойынды ұйымдастыру.
Ойын формасындағы оқыту басқа технологияларға қарағанда әртүрлі әдістемелерді пайдалануға мүмкіндік береді.
1. Қарым-қатынас жасау әдісі:
- оқушылар тапсырманы бірлесе шешу арқылы қарым-қатынас жасауға үйренеді және бір-бірінің ойын қабылдауды үйренеді;
- ортақ тапсырманы шешу үшін оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктері пайдаланылады. Оқушылар іс жүзінде өз тәжірибелерінде ненің пайдалы екендігіне көздері жетеді; тез ойланатындардың, сыни-бағалаушылардың, тыңғылықты орындаушылардың, қырағылықтардың, тәуекелшіл достарының іс-әрекетіне куә болады;
- ойын барысында бірлескен іс-қимылдың нәтижесі оқушылардың бір-біріне деген достығын нығайтады.
2. Моральдық мотивтер:
Ойында әрбір оқушы өзінің білімін, мүмкіндігін, мінезін, өзінің іс-әрекетіне, адамдарға деген көзқарасын көрсетеді.
3. Танымдық мотивтер: 
- әрбір ойынның жақын нәтижесі бар, оқушыларды бір жетістікке жетуге талпындырады және осы мақсатқа жету жолдарының қандай екендігін көрсетеді;
- ойында әр топ та, жеке оқушылар да бірдей дәрежеде. Ойынның нәтижесі тек қана ойыншыға; оның дайындығына, ұстамдығына, қабілетіне, шеберлігіне, мінезіне байланысты;
- жетістік жағдайы танымдық дамуына қолайлы эмоциональдық қалып туғызады. Сәтсіздік жеке жеңіліс болып қабылданбайды, ал ойындағы жеңіліс танымдық іс-әрекетке жағдай жасайды;
- бәсекелестік - ойынның ең бір ажырамас оқушыларға тартымды бөлігі. Ойыннан алған әсер сабақта қолайлы жағдай туғызады және пәнді оқуға ынталандырады. Ойындағы бар құпиялылық ол - алынбаған жауап. Бұл оқушыны белсенді ойлануға итермелейді;
- жалпы мақсатқа жету барысындағы ойындық іс-әрекет ойлану қабілетінің белсенділігін арттырады. Ой тығырықтан шығатын жол іздейді және танымдық тапсырмаларды шешуге ұмтылады.
Ойындармен басқару баланың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жүргізуіне қажет. Балалар ойынға педагогикалық қадам жасау үшін, төмендегі бірқатар жағдайлар қажет.
Ойын таңдау, бірінші кезекте баланың қандай болуы, оған не қажет, қандай тәрбиелік тапсырмаларды шешу керектігіне байланысты. Ойын ұжымдық болса, онда ойынға қатысушылардың интеллектуалдық дамуын, жас ерекшеліктерін, талпынысын, қызығушылығын, қарым-қатынас жасау деңгейін білу қажет. Ойын білім алуға мүмкіндік береді, оның негізі әр тұлғаның өзіне, алған тапсырмаларына, ойын шығармашылығына байланысты болып табылады. 
Ойында бала өзара байланысты бірнеше мақсаттарға жетеді.
Бірінші мақсат - ойыннан алатын рахат. Бұл мақсатта қуаныш әкелетін кез келген белсенділікке дайын болу.
Екінші деңгейдегі мақсат - қызметтік, ол ойын ережелеріне байланысты (көріністерді ойнату).
Үшінші деңгейдегі мақсат - ойынның шығармашылық мақсатын көрсетеді (шешу, табу, нәтижеге жету, т.б.).
Ойынды ұйымдастырудың негізгі шарттары:
- ойынға қатысу үшін балаларға ешқандай талап қойылмауы;
- ойынның әсерлі дамуы;
- ойын атмосферасын қолдауы (балалардың шынайы сезімін қолдауы);
- ойындағы іс-әрекетті өмірдегі іс-әрекетпен байланыстыруы: педагогтар үшін ойындағы негізгі мақсатты балалардың шынайы өміріне кіргізуі;
- ойынның жай түрінен күрделі түріне өту формасының жүзеге асырылуы; ойынның жеңіл түрінен күрделі түріне көшу ұғымы біртіндеп тереңдетілген әртүрлі ойын ережелері мен тапсырмаларының мазмұнымен байланысты - еліктеуден - ойынға қатысу, ойын қалпынан - ойын жағдайына.
Ойын үлгісіндегі сабақ нақты ережелерді қажет етеді.
1. Алғашқы дайындық. Сұрақтар топтамасы мен өткізу формасын талқылау. Рөлдер алдын-ала бөлініп қойылуы қажет. Бұл танымдық қызметін бірқалыптандырады.
2. Ойынның міндетті атрибуттары: жабдықтау, қаланың картасы, мүліктерді сәйкестендіріп орналастыру, бұл жаңашыл әсер енгізеді, күтпегендік, сабақтың эмоциональды жағдайын көтереді.
3. Ойын нәтижесін міндетті көрсету.
4. Жетік білімді әділқазылар алқасы.
5. Ойындағы еркіндік беретін сәттер.
Бастысы - оқушыға деген құрмет, жұмысқа деген қабілетін өшірмеу, керісінше оны дамыту, онда өз күшіне сенімсіздік қалдырмау.
Конфуций: "Оқушы мен мұғалім бірге өседі", - деп жазған. Ойын түріндегі сабақтар оқушыға да, мұғалімге де өсуге мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін ойын технологиялары негізінде белсендіру мақсатында қазақ тілі, ана тілі, дүниетану, математика пәндерін қамтыдым.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін оқу материалының мәнділігі мен құндылығын көрсетуге, пәнаралық және пән ішіндегі байланысты орнатуға, қоршаған орта болмысын материалдарымен оқуды байланыстыруға, оқушылардың өз бақылаулары мен тәжірибесіне сүйенуге тырыстым.
Инновациялық оқу, оқудың дәстүрлі түріне әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді. Мен өз тәжірибемде ойын арқылы оқыту технологиясын қолдану оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруде тиімді екендігін айқындадым.
Ойындарға материалды таңдап алуда төмендегідей жайттарды есепке алдым:
1. Ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері.
2. Білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлылығы.
3. Ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғышарттары.
Ойынның құрамына қойылатын талаптар, ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. 
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
3. Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.
4. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
5. Ойынның эмоциональды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады.
1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілуі қажет.
3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.
4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.
Ойындардың жіктемесін жасауда оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық мотивациялық аспектісін негізге алдым.
Енді, мен әрбір сабақта оқушылардың ой-өрісін, оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайын.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.
«Сөйлем» тақырыбын өту барысында «Сөз қуаласпақ», «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», т.б. дидактикалық ойындар;
«Сөз таптары», «Сөйлем түрлері» тақырыптарын өту барысында тірек- сызбалар, кестелер, плакаттар мен суреттер;
«Сөз құрамы» тақырыптарын қорыту барысында «Білім биржасы», «Брейн ринг» оқыта үйрету ойындары оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттырады.
Ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда шығармашылық сипаттағы тапсырмалар ерекше мәнге ие болады.
Бұл тапсырмалардың ішінде оқушыларға түрлі тақырыпта, мазмұны қысқаша шығарма жаздырту жұмысы маңызды рөл атқарады. Оқушыға біріншіден, шығарманың үлгісін көрсету немесе тірек схемаларды беру ұйғарылды. Себебі, кез-келген оқушы бірден шығарма жазуға қиналатыны сөзсіз. Екіншіден, ересектердің ықпалынан құтқару мақсатында, оқушыларға алдын-ала осы бағытта ізденуіне жағдай жасай отырып, шығарманы сыныпта жаздыртуға көңіл бөлемін. Үшіншіден, оқушының еңбегін бағалауға ерекше мән беремін.
Оқушылардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын дамытып, шығармашылыққа баулитын тапсырмалардың екінші түрі - бұл өлең құрастыру. Мұнда өлеңдегі ұйқастарды табу, ұйқас нұсқаларды ойлау, өз бетімен өлең құрастыру (бес жолды өлең) сияқты жұмыс түрлерін қолдануға болады.
Шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың тағы бір түрі - ертегі, әңгіме құрастыру. Алдымен бұл жұмыс түрі ауызша жүргізіледі, содан кейін оқушылар өз ойын, қиялын қағаз бетіне түсіреді. Әңгіме мазмұны күнделікті қоршаған орта құбылыстарынан басталып, оқушылардың қиялын, арманын суреттейтін тақырыптарды қамтиды. Мұнда оқушыға әңгіменің тақырыбын таңдауға бағыт беріп, оның киялын дамытуға көңіл бөлінеді.
Ал ертегі құрастыруда, ең алдымен, оқушылардың білетін, оқыған ертегілерінің мазмұнын жаңа түрде жаңарта отырып, ертегінің соңын өздерінше аяқтаулары талап етіледі. Кейін оқушылар түрлі мазмұнда ертегілер құрастыруды еркін меңгеріп, өз бетімен шығармашылық бағытта ізденіп, жұмыс істей алатын болады. Сонымен бірге, әрбір сабақта оқушының ойын дамытып, оны шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулуда жұмбақтар, ребустар, сөз жұмбақтар, анаграммалар, сконвордттар кұрастыру тапсырмасын орындау ерекше мәнге ие болады. Бұл оқушыдан салыстыру, жоспарлау сияқты тәсілдерді қолдануды талап етеді. 
Сонымен, ана тілі сабақтарында оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін басты назарға алатын нәрсе: 
- өлең шығаруға үйрету; 
- ұйқасын тапқызу, сөзбен-сөзді байланыстыру; 
- ой тастау.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда хрестоматиялық материалды пайдаланудың мәні өте зор.
Оқушылар тақырыпқа сәйкес көркем әңгімелерді, өлеңдерді, ғылыми-көпшілік кітаптарынан алынған сипаттамаларды, қызықты деректерді ықылас қойып, зор ынтамен қабылдайды. Соның арқасында олардың пәнге деген қызығушылығы артады, ой-өрісі кеңейіп, қоршаған орта туралы білімдері жаңа деректермен молая түседі.
«Адам» бөліміндегі «Өнер, мәдениет - ақыл-ойдың жемісі» тақырыбы бойынша оқушыларға «Әлемнің жеті кереметі» туралы жалпы мәліметтер беру, бұл оқушылардың тақырыпты меңгеруге қызығушылықтарын оятып, оқушылардың танымына ерекше ықпал етеді.
Туған өлкенің жер бедері туралы сөз қозғағанда оқушыларға таулар мен табиғаттың әсемдігі жайында білетін өлеңдерін айту өте пайдалы.
Қоғамдық құбылыстар мен табиғат құбылыстары жайында белгілі бір тақырып бойынша қызықты деректер, әңгімелер, өлең-жырлар, мақал-мәтелдер іздестіруге арналған тапсырма беру де оқушылардың пәнге деген қызығушылын арттыруға мүмкіндік берді. «Адам», «Табиғат», «Қоғам» бөлімдерінде «Зоопарк», «Ботаникалык бақ», «Табиғатқа саяхат», «Қала мен қала маңы», «Ертегілер театры» т.б. ойындарды пайдалануға болады.
Сонымен, дүниетану сабақтарында мынадай жұмыс түрлері пайдаланылады:
- танымдық сипаттағы көркем мақалалар;
- қызықты тапсырмалар: жұмбақтар, сөзжұмбақтар, сканвордтар, ребустар, мақал-мәтелдер;
- проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар; 
- материалдың қоршаған ортамен байланысы, байланыстың бақылаулар мен тәжірибелерге негізделуі;
- дидактикалық ойындар: «Жануарлар бағы», «Ботаникалық бақ», т.б.;
- тәжірибелер, бақылаулар, практикалық жұмыстар;
- көрнекі материалдар. 
Математиканы оқыту процесінде жұмыстың әртүрін пайдалану бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, олардың математикалық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Осының негізінде математика сабақтарында төмендегідей дидактикалық ойын түрлерін жүргізуге болады:
Математика сабақтарындағы ойындардың негізгі міндеті - есептеу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Қара белгі», «Сиқырлы карта», «16-дан бастаймыз», «Цифрлар жарылысы», «Бизнесмен», «Көбейту тауы», т.б. ойындарды пайдалану тиімді.
Көп таңбалы сандардың құрамын өткенде оқуға, жазуға төселдіру үшін «Сиқырлы карта», «Аздан көпке қарай» ойындарын пайдаланған абзал.
Математика сабақтарында тағы бір тиімді пайдаланылатын ойын - сергіту логикалық ойын-есептер. Бұл логикалық есептерді ұсыну балалардың ойының ұшқырлығына, тез есептеуге төселдіруге өте үлкен әсер етеді. Қазір математика сабақтарында «Қазақтың байырғы қара есептері» деген кітаптан көптеген логикалық құрылымды ойындарды пайдалануға болады. Мысалы, ұзындық өлшем бірліктері тақырыбына байланысты «Ұлу мен қырғауыл», «Қырсық жолаушы» туралы есептер берілсе, оқушы өз тіліміздегі өлшем бірліктерін де меңгереді. Ал салмақ өлшемін өткенде «Жеңіл сақина», уақыт өлшеміне байланысты «Дыбысты сағат» есептерін ұсынуға болады. Есептеуге байланысты «Асық саны», «Шыпта», «Тауық нешеу саналған!» т.б. ойын-есептерді бере отырып балаларға «Қиял қыр асырады», «Тұяқты тұяқ жібермейді» сияқты нақыл даналықты меңгеруге болады.
Дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлауын, зерделеуін дамытады. Өмip тәжірибесін бip жүйеге келтіруге үйрету, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бipaқ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық - оңай жолмен; қажеттілер - қызық жолмен беріледі;
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың нeгiзiн заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бip нәрсені болжауға негізделеді.
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар "Не болар еді...?", "Мен не icтep едім, егер..." деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс тапсырмаларын белгілеуді талап етеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың нeгiзгi ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Олар баланың ой-әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бip сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады. 
Ойындардың ішінде дидактикалық ойындардың маңыздылығы жағынан өзгелерінен бөле-жара айтуға болады. Бipaқ, бip ескертетін нәрсе, маңызды екен деп сабақ мазмұнына үйлеспейтін ойын түрлерін қолданудан аулақ болған жөн. Әр ойынның өз peтi бар. Әpбip мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданатынын сабақ мазмұнына, мақсатына сәйкес таңдап алған жөн. Өйткені ойын мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет, ic-қимыл бола отырып, сонымен бipre оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бipaқ ол педагогикалық ізденістің арқасында ғана қуатты құралға айналады.
Балаларды оқытып-тәрбиелеуде педагог балалар игере алатындай ойынның бағдарламалық мазмұнын жоспарлайды, дидактикалық және ойын міндеттерін, қимыл мен ережелерді белгілейді. 
Ойында педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиелеп балаларды ойнауға, А.С.Макаренконың сезімен айтқанда, "Жақсы ойын" жасауға үйретеді. 
Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жеке басының барлық жағына: оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды негізінен ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене мүшелерінің дұрыс қалыптастыру мақсаттары үшін пайдаланады. Мазмұны ойлай білуге құрылған ойын процесінде балалардың білімі мен түciнiri айқындалып, тереңдей түседі. 
Ойын балалардың алған білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бipгe өзінше бip белсенді танымдық ic-әрекет формасы болып табылады. Сондықтан оқу-тәрбие процесіне ойынды дұрыс кipicтipiп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы еңбек, қоғамдық деңгейде қалыптасады деп алсақ, бүкіл қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әcepi, беретін білімi, тәрбиеге ықпалы әртүрлі болады. Мемлекетіміз осының бәрін ecкepiп білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білім беру, тәрбиелеу және балалардың ой-өpici қабілетінің дамуы бұл сабақтың aлғa қояр мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына көтерілуі, Білім туралы, Жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауды көздейді.
Бүгінгі күн талабына орай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, қағидаларын, міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі өзгертуде дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы зор.
Қоғамымыздың ipгeciн, білімін нығайту мақсатында ең алдымен сабақта дидактикалық ойындардың ерекшелігі мен тәрбиелік мәні бар. Оның негізгі мақсаты - баланы ойлауға, ізденуге, шығармашылық жұмыспен айналысуға, өз бетінше ізденуге баулу болып табылады.
Қaзipгi заман талаптарына сәйкес мектептен барлық буын оқушыларының білімін дидактикалық ойын түрлері тұрғысынан дамыту, жетілдіру - педагогика ғылымының міндеті болып табылады.
Осыған орай білімнің мазмұнын, білім беру жүйесіндегі орнын, оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін, оны дұрыс ұйымдастырудың негізгi әдістерін, формаларын жетілдірудің жолдарын білу керек. Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойынды қолдану барысында әр баланың жеке басының ерекшелігі есепке алынуы тиіс.
Қaзipгi iзгілендipy заманында әрбір баланың өз мүмкіндігін, қабілетін, іскерлігін, ойлауын, дидактикалық ойын барысын да байқау қажет, сонда ғана олардың білімге, ынтасын арттырып, еңбексүйгіштікке, білімге құштарлық қасиеттерін нәтижелі қалыптастыруға болады.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ма?ала "Ойын т?рлеріні? ?аза? тілі саба?ында тиімділігі"

Автор: Данкенова Анина Койшыбаевна

Дата: 15.05.2015

Номер свидетельства: 211949


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства