kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?ал-м?тел с?з м?йегі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Отыз тістен шы??ан с?з отыз рулы елге тарайды» деген ?аза? хал?ы – ?те бай халы?. Оны? байлы?ына еш ел жетпейді. Хал?ымызды? байлы?ы – оны? ?дебиеті, м?дениеті, шешендігі, е?бегі, тарихи м?расы. Б?л бізді? ?мірімізге К?н с?улесіні? барша?а н?рын шашып, Жер ананы жылыт?анындай тере? сі?іп, зор ?лесін ?осып, ж?регімізді? т?пкірінен орын алады. «Б?л – ?аза? хал?ыны? талай ?асырлар бойы ?ызмет ат?арып келе жат?ан жемісі». Олар бізді? заманымыз?а сонау ежелгі хал?ымыздан, ата-бабамыздан ауыздан-ауыз?а тарап, осы заман?а жеткен ?негелі, м?ртебелі, ?мірге деген ?міт-арманды арттыратын ?ымбат ?азына, асыл м?ра. М?ны? е? ма?ыздысы – ?аза? хал?ыны? ?дебиеті. О?ан хал?ымызды? ма?ал-м?телдері, ертегілері, шешендік с?здері та?ы бас?алары жатады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма?ал-м?тел с?з м?йегі. »

Мусина Арайлым Бакытжановна,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Риддер қаласы

«Мектеп-гимназия»

коммуналдық мемлекттік мекемесі



Мақал-мәтел сөз мәйегі.


«Мақал-мәтелдер – сан ғасырлар жемісі.

Олардың алғашқы үлгілері ерте заманда

туып, қалыптасу, даму, өсу жолында әр

түрлі қоғамдық, таптық тілектерге

сәйкес өзгеріп, жаңарып келеді».

М. Ғабдуллин.


«Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» деген қазақ халқы – өте бай халық. Оның байлығына еш ел жетпейді. Халқымыздың байлығы – оның әдебиеті, мәдениеті, шешендігі, еңбегі, тарихи мұрасы. Бұл біздің өмірімізге Күн сәулесінің баршаға нұрын шашып, Жер ананы жылытқанындай терең сіңіп, зор үлесін қосып, жүрегіміздің түпкірінен орын алады. «Бұл – қазақ халқының талай ғасырлар бойы қызмет атқарып келе жатқан жемісі». Олар біздің заманымызға сонау ежелгі халқымыздан, ата-бабамыздан ауыздан-ауызға тарап, осы заманға жеткен өнегелі, мәртебелі, өмірге деген үміт-арманды арттыратын қымбат қазына, асыл мұра. Мұның ең маңыздысы – қазақ халқының әдебиеті. Оған халқымыздың мақал-мәтелдері, ертегілері, шешендік сөздері тағы басқалары жатады.

Қазақтың «мақал-мәтел сөз мәйегі» дейтін өнегелі сөзі бар. «Ежелгі дәуірдің өзінде менің ата-бабамның керемет жазба өнері болған екен, сондағы тіл, мақал-мәтелдер бүгінгі күнге дейін жетіп, оны біз жаттай айтып, қолданып жүрміз» дегенді сезінудің өзі қаншалық ғанибет десейші. Мақал-мәтелдер – бүгінгі жастар мен болашақ ұрпақты тәрбиелейтін, тіпті, үлкендердің де ой-санасын түзу жолға салатын ата-бабамыздың ұлағатты сөздері. «Естілердің сөзін ескеріп, сол арқылы жүретін болсаң, өзің де естілер қатарына қосыласың» дейді ұлы Абай. Ата-бабамыз, дана халқымыз өте ойшыл, ақылды, сыншыл, сөзге шешен болған. Бұл қасиет оларға қоршаған ортадан, табиғаттан дарыған. Бұл өнегелі сөздер қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, әлеуметтік жағдайы, қадір-қасиеті туралы жазылған. Мақал-мәтелдер біздің өміріміздеелеулі рөл атқармақ. Себебі, бұл көркем сөздер бізге өміріміздің мәнділігі мен сәнділігін, жақсылықты, пәктілікті, тәрбие мен парасатты алға қоюға көмек береді. Мақал-мәтелдердегі қарама-қайшы келетін: жақсылық пен жамандық, батырлық пен қорқақтық, еңбексүйгіштік пен еріншектік сияқты адам бойындағы қасиеттерді ерекшелеп, олардың өмірге қажеттілігі мен қажетсіздігін, артықшылығы мен кемшілігін, яғни аралық айырмашылықтарын түсіндіріп, ұғындырып, біздің өмірімізге пайдасын тигізетін жағына қарай бет бұруымыздағы рөлі ерекше. Мысалы:

Өзін ғана ойлаған –

Жамандықтың белгісі,

Өзгені де ойлаған –

Адамдықтың белгісі, -

деген қазақта мақал бар. Мұндағы ой баршаны тек жақсылыққа шақыру. Егер өзіңді ғана ойлап, өзің үшін өмір сүрсең, «менмен» атанып, басқаларға жаман жағынан көрінесің, ешкім де сені сыйламайды. Ал егер де өзің үшін де, барша жұрт, халық үшін еңбек етіп, әрдайым қорғауға дайын тұрсаң, «ел азаматы» атанып, еліңнің елеулі болашағы боласың. Барша да саған көмегін тигізуге дайын тұрады, сені сыйлап, жақсы көреді. Әрине, осындай сөзді естіп, санасына түйіп алған қазақ баласы тек жақсы жақтан көрінуге тырысады. Бұл жерден біз қазақ мақал-мәтелдерінің бізге берер тәрбиесі мол екендігін байқаймыз. Дана халқымыз еліміздің құты болған жайсаң жандардың, құтқармас жұты болған жуан жұдырық жұмыр топтың өз ортасынан шыққан көкірегі елу, көзі ашық, білікті, әділетті жақтаған, жетімге пана, жесірге қорған болған азаматтарды жас ұрпаққа үлгі тұтып, оларды «батыр» атандырған.

Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар;

Елі жоқ – жер жетім, ері жоқ – ел жетім;

Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса – жер ырысы;

Ел сүйінгенде, сүйінген батыр,

Ел күйінгенде, күйінген батыр, -

Ерегісте мыңға татыр.

«Жомарт ер – халықтың құрметтісі» дейді қазақ. Батыр, ер, азамат болғанда бәрі де құрметтеп, оларды ауыздан тастамай жүреді. Мысалы Бауыржан, Әлия мен Мәншүк, Қасым, олардан кейінгі Қайрат, Ләззат, Сабира сынды азаматтар әлі күнге дейін еліміздің құрметтісі болып, әркімнің жүрегінде жылу ұялатып, жадымызда мәңгі сақталмақ. Әрине, жас ұрпақтың осындай батырларды таныған соң, солардай болғысы келеді. Ал енді осындай «батыр бол» деген аталарымыз ендігі бір мақал-мәтелдерде «достық», «жолдастық» турасында жазған. Мысалы:

Досы көпті жау, ақылы көпті дау алмайды;

Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын;

Ағаш тамырымен, адам досымен мықты;

Жолдасы жақсы – жолды болар,

Жолдасы жаман – қолды болар;

Жолдасы көптің – олжасы көп, -

дегенде халқымыз достық пен дұшпандықты, жақсы жолдас пен жаман жолдасты салыстыра отырып, адал досты, қуанышың мен қайғыңды бірге бөлісетін жақсы жолдасты үлгі етеді.

Білімді өлмес – қағазда аты қалар,

Ұста өлмес – істеген заты қалар;

Ғылым – теңіз, білім – қайық;

Өнер – ағып жатқан бұлақ,

Ғылым – жанып тұрған шырақ;

Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы;

Оқу инемен құдық қазғандай,

тағы сол сияқты өнер-білім, оқу-ғылым туралы мақал-мәтелдер бар. Халық олардың қоғамдық өмірдегі орнын ерекше бағалаған. Ыбырай Алтынсарин адамзат баласын «Оқы, оқы және оқы» деп, дүние тіршілігіндегі қол жеткен табыстары адам еңбегінің, ғылым-білімнің жемісі екендігін түсіндіріп соған шақырады. Осындай сөздерді естігенде, бастауышта жаттаған:

Мектеп – кеме, білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім қолда, -

деген өлең есіме түсті. Ілім-ғылым, оқу, өнер біздің болашағымыздың бастамасы. Осы арқылы ғана біз өз шыңымыздың басына шыға аламыз, асу-асу белестерден өтіп, таудай болып шығамыз. Алдағы өміріміз мәнді де сәнді өту үшін оқып, білім үйрену қажет. Сонымен қатар, бабамыз ата-ана, туған-туысқан, ағайынды дәріптеген. Өмірде ең қымбат жаның – ата-анаң. Бауырына басып, «құлыным» деп өсірген, тәрбие берген сүйікті жандарың.

Ата – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жасыл құрақ;

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің,

Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің;

Баласыз ана – гүлсіз алма;

Бала – ата-ананың бауыр еті, көз нұры;

Ананың сүті – бал, баланың тілі – бал;

Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет, -

деген мақал-мәтелдер баланы ата-анаға сүйіспеншілікке баулуды көздеген. Осындай алуан түрлі мақал-мәтелдер адамзат баласын, қазақтың баласын тәрбиелеп, оларға үміт артып, болашаққа, ақ жолға апарар ұзын да болса – қысқа жолдан сілтеген. Осымен қатар, денсаулық, төрт-түлік мал, мінез-құлық, тіл өнері, ынтымақ, т.б. тақырыптағы мақал-мәтелдер өте көп. Соның ішіндегі ең басты, ең жоғарғы сатыда тұрған тақырып – Отан, туған жер, атамекенге байланысты. Елін, жерін, Отанын емірене сүйген халық Отанын шексіз сүюді ұрпағына өсиет еткен.

Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы;

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас;

Ел іші – алтын бесік;

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл;

Өз елім – өлең төсегім;

Отанға опасыздық еткенің –

Өмірден қаралы боп өткенің;

Отанды сүю – отбасынан басталады;

Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі, -

деген мақал-мәтелдерде халықтың туған жеріне, атамекеніне, Отанына, еліне деген сүйіспеншілік терең түйінделген. Онымен қоса:

Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала,

Шуақ болып шашылмай жылына ма?!

Сүй Отанды!

Шынымен сүйіп өт те,

Гүл боп қадал ойына, қырына да, -

деп жырлаған Мұқағали Мақатаев та дана бабаларымыздың сөздеріне қосылып, оларды үлгі тұтып, Отанымыз – Қазақстанды құрметтеп, сүюге шақырады. Еліңді сүймесең, онда өмір сүріп несі бар?! Әр адам өзі туып-өскен жерін қадірлеуге тиіс. Жаныңа жақын өз елің әрдайым жүрегіңді жылытып тұрады.

Осыдан біз «мақал-мәтелдер – ғасырлар шежіресі» екендігін білеміз. Оның кім шығарғанын нақты білу оңай емес. Сондықтан оны халықтың төл туындысына балап, ауыз әдебиетінің сүбелі жанрларының бірі ретінде зерделеп қарастырамыз. Онда халқымыздың тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекше. Онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Халық даналығы ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлік танытқан. «Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын» дегендей, мақал-мәтелдің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық бір сөз болмайды, барлығы өз орнында. Мақал-мәтелде бәрі екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ой-өрнек ажыраспастуыстық тапқан. Дана халқымның сөздері әрі қарай дамып, өсе берсін! Кейінгі ұрпақтың тәрбиесі – ата-бабамыздың сөздерінде.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ма?ал-м?тел с?з м?йегі.

Автор: Мусина Арайлым Бакытжановна

Дата: 10.03.2015

Номер свидетельства: 183926


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства