kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М?тінмен ж?мысты ?тымды ?йымдастыруды? т?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орыс мектептеріндегі ?аза? тілін ж?ргізу м??алімдерден к?п дайынды?ты талап етеді. М??алімні? е?бегіні? табысты болуыны? ?айнар к?зі о?ушыны? ана тілі мен ?аза? тіліні? арасында?ы ?р ?илы ??састы?тарын, айырмашылы?тарын есепке ала отырып, солар?а негіздей о?ыт?анда ?ана саба? табысты да тиімді болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М?тінмен ж?мысты ?тымды ?йымдастыруды? т?рлері »

Мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастырудың түрлері

Қазақстан, Қарағанды қаласы

Уашева Ж.С.

Орыс мектептеріндегі қазақ тілін жүргізу мүғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Мүғалімнің еңбегінің табысты болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әр қилы ұқсастықтарын, айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді болады. Оқу тәрбие жұмысының негізі - сабақ. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижелі болуына тікелей әсер етеді. Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу - ол әр қайсы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені, оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мүғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мүғалімнің негізгі алға қойған міндеті - шәкірттерінің ой-өрісін кеңейтуге, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әр түрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты - оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет- ғұрыпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс - тіршілігімен жан - жақты терең таныстыру.

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:

  • дыбыстармен жұмыс

  • сөздіктермен жұмыс

  • сөздік қорларын жетілдіру

  • тіл дамыту

  • ережемен жұмыс

  • ауызша сөйлей білуге дағдыландыру

Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1.   мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;

2.   мәтінмен жұмыс кезеңі;

3.   мәтінді оқығаннан кейінгі кезең;

1.  Мәтін алдындағы жаттығулар мен соған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әр түрлі құрылымдық материалды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері т.б.) меңгерту.

  • сөздік жұмыстар

  • сөйлем кұру

2. Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс кезеңі былайша ұйымдастырылады:

  • мұғалім өзі мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп оқып береді;

  • оқушыларға тізбектетіп оқыту;

  • оқығанның мазмұнын айту,

  • мәтін бойынша сұраққа жауап беру,

  • жоспар жасату,

  • бірнеше бөлімге бөліп оқыту,

  • негізгі, жанама ойды таптыру, қорытынды жасату.

Мәтін мағынасын толық түсіну дегеніміз - мәтіннің мазмұның түсіну үшін оның ішіндегі жеке сөздерді түсінуі керек. Бұл жеке сөздер түсінікті болса, тұтас мәтін де түсініқті болады деген ой туады.

3.   Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, мәтіндегі негізгі ойды казақ тілінде жеткізе білу.

Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:

  • логикалық сұрақтар

  • фонетикалық жаттығулар

  • мәтінге жоспар құру

  • аударым

  • мәтінге ат қою

  • диалог, ситуация құру

  • мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту.

Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде оқушыларды жұмыс істеу қабілеттеріне және білім деңгейлеріне қарай топтарға бөліп, әр топқа лайықты тапсырма берген жөн. Ол үшін қазақ тілінде оқудың ерекшеліктерін меңгерткен жөн:

а)   қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы, жазылуы;

ә) ол дыбыстарды айтылу және жазылу жағынан бір - бірінен ажырата білу;

Мәтінді оқудың мынадай түрлерін сабақ үстінде қолдануға болады:

1. Дауыстап оқу-оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі - оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп отырады.

2. Іштей оқу - бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: оқушыларға іштей оқу үшін бір мәтін беріп, қай жерге дейін оқу керектігін белгілеймін. Әркім белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады. Солай оқушылардың оқу шапшандықтарының мөлшерін белгілеп отыруға болады.

  • Араласып оқу (кезекпен оқу)

  • Буынға бөліп оқу.

  • Мәнерлеп оқу.

  • Сөйлемді мазмұнына, айтылуына қарай ырғағымен оқу.

Оқушыларды шапшаң оқуға дағдыландыру әрине өте жақсы. Дегенмен, олардың шапшаң оқуы толық түсініп оқыды деген сөз емес. Оқушының мәтінді түсіну қабілетін әр түрлі әдіс - тәсілдер қолдана отырып анықтауға болады. Бұл жерде айтатыным, күнделікті сабақ сайын мәтіннің бір сөзін қалдырмай аударып, тек осындай аударма жұмысымен шектеліп қалмау керек. Ол балаларды зеріктіріп, ынтасын кемітіп, ойлану қабілетін тежейді. Сол себепті әр түрлі әдістер қолдануды жөн көрдім:

  1. мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару;

  2. оқыған мәтіннің мазмұнын айтқызу, қазақ тілінде жеткізуге қиналса, орыс тілінде айтқызу;

  3. мұғалімнің сұрағына дайын жауап оқу;

  4. берілген мәтіндегі ойды бірнеше сөйлемдер арқылы айтып беру;

  5. оқыған мәтінге немесе абзацқа ат қою;

  6. магнитофонға жазылған мәтінді оқушыларға тыңдатып, мазмұнын орыс тілінде айтқызу;

  7. сөздіктерді пайдалана отырып өздерінше аударуға дағдыландыру;

  8. мәтінді өзім оқып болған соң, сыныпқа мәтін бойынша қазақ тілінде сұрақ қойып, оқушылар сұраққа орыс тілінде жазбаша жауап береді;

  9. жоспар құрғызып, мәтіннің мазмұнын түсінгендерін тыңдау;

Осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс  жүргізу кезінде оқушылардың ой - өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
М?тінмен ж?мысты ?тымды ?йымдастыруды? т?рлері

Автор: Уашева Ж.С.

Дата: 19.04.2015

Номер свидетельства: 203195


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства