Березовка орта мектебіні? бірінші санатты ?аза? тілі мен ?дебиеті м??алімі Хатран Серікг?лді?
?дістемелік та?ырыбы бойынша
шы?армашылы? есебі
«М?тінмен ж?мыс ар?ылы о?ушыларды? ауызекі тілдерін жетілдіру»
«Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманы? жетілу, ширау, даму д?режесі» Тіл ?ылымдарыны? ?алымы М. Бала?аев.
?азіргі та?да?ы тіл саясатыны? басым ба?ыттарыны? бірі – мемлекеттік тілді дамыту мен оны? ?олданылу аясын ке?ейту болса, оны? кешенді тарма?ы – т?уелсіз мемлекетімізді? болаша?ына адал ?ызмет ететін мемлекеттік тілді жетік ме?герген о?ушыларды т?рбиелеу болып табылады.
О?ушыларды? с?йлеу тілін м?тіндер ар?ылы дамытуды ж?зеге асыру н?тижесінде оларды? ?аза? тілінен білімдері толы?тырылып, м?тінмен ж?мыс істеу да?дылары жетілдіріледі.
?діскер-?алымдарды? е?бектеріне с?йенсек, профессор Ф.Оразбаева ?зіні? «Тілдік ?атынас: теориясы ж?не ?дістемесі» атты зерттеу е?бегінде: «М?тін – адамдар арасында?ы тілдесімдік ?атынасты? жемісі. Адам ?з ойын екінші біреуге жеткізген кезде ?алай болса солай айтыл?ан с?йлемдер тізбегін ??рамайды. Керісінше, жина?тал?ан пікірін, к?з?арасын бір-брімен ой жа?ынан да, ?алпы тарапынан да бірлескен с?йлемдер ж?йесімен, я?ни м?тін ар?ылы жеткізеді, баяндайды…. Адам тілдік ?атынаста ?лкенді-кішілі, ірілі-?са?ты м?тіндерді с?йлесім ?рекетіні? кез-келген кезе?інде ойдан ??рап, ?олдана береді» - деп т?жырымдайды.
О?ушыларды? с?йлеу тілін м?тін ар?ылы дамыту ж?мыстары саба?тарды? бастап?ы кезе?інен ж?зеге асырылады. Т?жірибемдегі ба?дарлы о?ыту барысында е? алдымен, о?ушылар?а с?здер, с?з
тіркестері, негізгі ??ымдар мен терминдерге, оларды? лексика-грамматикалы? ерекшеліктеріне баса назар аударылады. ??рылымы, мазм?ны жа?ынан ?арапайым м?тіндерді ?з бетімен о?ытуды жетілдіру, с?ра? ?ою, с?ра??а жауап беру, жа?а та?ырыпты? лексикамен ж?мыс істеу, я?ни с?з, с?з тіркестерімен с?йлем ??рау, талдау сия?ты жатты?у т?рлерімен ?атар, м?тіннен ?ажетті а?паратты тауып, ?орытындылау, жина?тау к?зделеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Березовка орта мектебінің бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хатран Серікгүлдің
әдістемелік тақырыбы бойынша
шығармашылық есебі
«Мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың ауызекі тілдерін жетілдіру»
«Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі» Тіл ғылымдарының ғалымы М. Балақаев.
Қазіргі таңдағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолданылу аясын кеңейту болса, оның кешенді тармағы – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағына адал қызмет ететін мемлекеттік тілді жетік меңгерген оқушыларды тәрбиелеу болып табылады.
Оқушылардың сөйлеу тілін мәтіндер арқылы дамытуды жүзеге асыру нәтижесінде олардың қазақ тілінен білімдері толықтырылып, мәтінмен жұмыс істеу дағдылары жетілдіріледі.
Әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, профессор Ф.Оразбаева өзінің «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты зерттеу еңбегінде: «Мәтін – адамдар арасындағы тілдесімдік қатынастың жемісі. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде қалай болса солай айтылған сөйлемдер тізбегін құрамайды. Керісінше, жинақталған пікірін, көзқарасын бір-брімен ой жағынан да, қалпы тарапынан да бірлескен сөйлемдер жүйесімен, яғни мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды…. Адам тілдік қатынаста үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты мәтіндерді сөйлесім әрекетінің кез-келген кезеңінде ойдан құрап, қолдана береді» - деп тұжырымдайды.
Оқушылардың сөйлеу тілін мәтін арқылы дамыту жұмыстары сабақтардың бастапқы кезеңінен жүзеге асырылады. Тәжірибемдегі бағдарлы оқыту барысында ең алдымен, оқушыларға сөздер, сөз
тіркестері, негізгі ұғымдар мен терминдерге, олардың лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне баса назар аударылады. Құрылымы, мазмұны жағынан қарапайым мәтіндерді өз бетімен оқытуды жетілдіру, сұрақ қою, сұраққа жауап беру, жаңа тақырыптық лексикамен жұмыс істеу, яғни сөз, сөз тіркестерімен сөйлем құрау, талдау сияқты жаттығу түрлерімен қатар, мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, қорытындылау, жинақтау көзделеді.
Мысалы, «Менің Отаным», «Астана», «Менің қалам», «ҚР Тұңғыш Президенті» тақырыптарын оқытудағы мақсат –оқушыларды тілді жетік меңгерген, Отанына адал қызмет ететін, ұлттық мүдделерді жан-тәнімен қорғайтын жеке тұлғаны қалыптастыру. Аталған тақырыптар бойынша іріктелген оқу материалдары оқушылардың сөйлеу тілін дамытумен қатар, төмендегі дағдыларын да жетілдіреді.
- мәтіндегі ойды, оқиғаны өз өмірімен ұштастыру;
- оқылған мәтінге өз көзқарасын білдіру;
- мәтінге әлеуметтік, тарихи, адамгершілік маңыздылығы жөнінен баға беру.
Тілді үйретуде мәтіннің қатысым әрекетіндегі маңыздылығына сәйкес, оны іріктеп, таңдаудағы негізгі ұстанымдар төмендегідей жүйеленген:
• мәтін мазмұны толықтай аяқталып, белгілі бір логикалық жүйеге бағынуы;
• мәтін тақырыбы күнделікті өмір талабына сай, танымдық сапасы жоғары, тәрбиелік мәнінің зор болуы;
• мәтін мазмұны оқушылардың түсінісуіне қолайлы, даму деңгейлеріне сай болуы;
Осы талаптарды негізге ала отырып, мәтін тақырыбын таңдауда төменедегі үш бағытты ұстанамын:
- оқушылардың күнделікті өміріне байланысты болуы;
- қазақ халқының мәдениеті, дәстүрімен байланысты болуы;
- болашақ мамандығына байланысты болуы.
Тілде қарым-қатынас жасау сөйлесім әрекетінің барлық түрлері тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім әрекеттерінің негізінде жүзеге асырылады.
Оқытудың қазіргі уақыт талаптарына сай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мәтіндермен жүйелі жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың сөздік қорларын байытып, сөйлеу тілдерін дамытуға болады. Мәтіндермен жұмыс барысында оқушылардың өз бетінше ақпарат алып, онымен жұмыс істеу дағдылары дамытылып, қазақ тілі бойынша білімдері толыға түсері сөзсіз.
Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайларға байланысты.
Басты мақсатым – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, сауатты жазуға үйрету, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тілін құрметттеуге, Отанды сүюге баулу.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
1. Дыбыстармен жұмыс;
2. Сөздіктермен жұмыс;
3. Сөздік қорларын жетілдіру;
4. Тіл дамыту;
5. Ережемен жұмыс;
6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру;
Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1. Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;
2. Мәтінмен жұмыс кезеңі;
3. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең;
Мәтін алдындағы жаттығулар мен соған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалдарды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, т.б.) меңгерту.
Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әртүрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмысты былайша ұйымдастырамын: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі жанама ойды таптыру, қорытынды жасату.
Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, негізгі ойды қазақ тілінде жеткізе білу.
Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:
1. Логикалық сұрақтар
2. Сөздік жұмыстар
3. Фонетикалық жаттығулар
4. Сөйлем құру
5. Мәтінге жоспар құру
6. Аударма
7. Мәтінге ат қою
8. Диалог, ситуация құру
9. Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту.
Осы аталған іс әрекеттерді жүзеге асыруда оқушылар өзара тілдік қарым қатынасқа түседі. Тілдік қарым қатынасқа түсу деген сөз - біз оқытудың коммуникативтік технологиясын да іске асырдық деген сөз. Коммуникативтік оқыту технологиясын жүзеге асыру негізін Сент-Экзепюридің сөзімен айтқым келеді: «Жер бетіндегі ең үлкен байлық – бұл қарым-қатынас байлығы». Шынымен де бізге бұл қатынас жеткіліксіз. Өйткені біз балалармен тек қана 45 минут кездесеміз, сұхбаттасамыз. Сол себепті коммуникативтік оқыту технологиясының элементтері ретінде мәтінмен жұмыс түрін ерекше атап өтуімізге болады. Сонымен қатар мәтінді оқытудың мынадай түрлерін сабақ үстінде қолдану мұғалімнің жеке зерттеушілік жұмыстары үшін өте пайдалы:
1. Дауыстап оқыту арқылы - оқушының сөйлеу элементерін меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі – оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп отырады.
2. Іштей оқу – бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: оқушыларға іштей шапшаң оқу үшін бір мәтін беріліп, қай жерге дейін оқу керектігін белгіленеді. Әркім белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады. Осылайша оқушылардың оқу шапшандықтарының мөлшерін мұғалім өзі белгілеп отырады.
Мәтінмен жұмыс арқылы танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің өзінен де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді.
Тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс.Тіл байлығының мол болуы бір жағынан балада жаңа құбылыс, көрініс ,ұғымдар мен түсініктердің көбеюіне, ал екінші жағынан, тілді жан-жақты меңгеруіне байланысты. Тілдің жақсы дамуының құралы тілдік қор болып табылады.
Тіл дамытудың негізгі мақсаттары:
· Өз ойын жүйелі түрде еркін жеткізе білу;
· Байланысты сөйлей білу;
· Мазмұндылығы; анықтығы, мәнерлілігі;
· Грамматикалық,орфографиялық қатесіздігі.
Тіл дамытудың негізгі мақсаттарын жүзеге асыру үшін, оқудың алғашқы аптасында мына мәселелерді анықтап алдым:
· Сыныптағы әрбір баланың жалпы сөздік қоры;
· Сөздің дыбыстық жағын меңгеру дәрежесі;
· Байланыстырып сөйлеу дәрежесі.
· Сөзді, сөйлемді, сөз тіркестерін тақтадан, кітаптан, дәптерден дұрыс оқыта білу – қазақ тілін меңгертіп, сөздін қорларын молайтуға септігін тигізеді. Мәтінмен жұмыстың негізгі міндеттері:
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру.
2. Сөйлемді дұрыс құрай білуге жаттықтыру.
3. Байланыстырып сөйлеуді үйрету.
4. Еркін оқуға үйрету.
Сөйлеу және оқуды меңгерген соң, жазу тілі қалыптастырылады. Сөз-тілдің негізгі өлшемі. Мәтінмен жұмыс тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады.Сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.
Тіл дамыту жұмыстарында жаңа сөзіндік сөздермен
жұмыс ерекше орын алады.
1. Тақырыпқа байланысты сөйлем құрастыру.
2. Сурет бойынша әр түрлі мәтін құрастыру.
3. Жаттығу жұмыстарын жазу, кешендік талдау жасау.
Осыдан соң жазба жұмыстарын алуға болады.
1. Сөздік диктант
2. Мазмұндама
3. Шығарма, шағын әңгімелер
4. Тест жұмыстары
Жазу арқылы жүйелі сөйлеуді, сөйлеу стилін үйрету және ауызекі сөйлеуге жұмыс жасатуға болады. Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог арқылы дамыту. Диалог құру үшін белгілі бір тақырыпта оқуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек.Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады.Бұл оқушының тілін дамытады.
Төмендегі кестені барлық оқушылар білімін жетілдіру үшін және осы сызбаны жүйелі қолдана отырып, оқушының тілін дамытуға ықпал етеді деп ойлаймын. Ендігі бір айта кететін жайт, қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялардың оқушылар тілінің дамуына және жүйелі сөйлеуіне тигізетін әсері. Менің өз ойымша СТО проектісі оқушының өз бетімен жұмыс жасай отырып, тілін дамытуға мол ықпал етеді. Бұл проектті қолдану барысында, өтілген материалды жақсы меңгеруге, оны жан-жақты талдап, терең түсінуге өз бетінше еркін жұмыс жасауға, өз көзқарасын айта білуге, ойлау қабілеті мен қиялын арттыруға, жалпы оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына септігін тигізеді.
Сонымен қатар сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын аттырады және оқушылардың бірінен-бірі қалғысы келмей тапсырмаларды орындап, нашар оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушы дәрежесіне көтерілуіне мүмкіндік жасайды.
Жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім өз жұмысына талдау жасап, қызметіндегі артықшылықтары мен кемшіліктерін көре алады. Өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып, кемшілік болса түзеп, артықшылықтарымен өз әріптестерімен бөлісе алады, олай ету әр маман үшін өте тиімді. Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе,жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады; қазақ тіліне қызығушылық көтеріледі, ауызекі сөйлеуі дамиды, коммуникативтік дағдылар қалыптастырылады.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
Бұл сұраққа мынандай деректер келтіруге болады. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр. Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет». Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: -белсенділік -шығармашылық тұрғыда ойлау -шешім қабылдай алу -өз кәсібін дұрыс таңдай алу -өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген. Және де Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі.
Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады.
Ұлттық жоспарды іске асырудың күтілетін нәтижелері: Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады: 1. Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етеді. 2. Білім беру мазмұнын жаңартады. 3. Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етеді. 4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі енгізіледі. 5. Материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нығайтылады. Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және функциялық сауаттылығын дамуына мүмкіндік береді. Жалпы білім беретін орта мектептердегі құзіретті тұлғаны қалыптастыруда тіл пәндерінің орны ерекше болып келеді. Бұл орыс мектептердегі «Қазақ тілі» пәніне де тікелей қатысты. Өйткені мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ҚР «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарының жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың әдістеме негіздерді қайта қарастырып, білім беру жүйесіне өзгерістер енгізіледі. PISA зерттеулері біздің оқушыларымыздың функциялық сауаттылық деңгейі тұрғысында әлемнің дамыған елдеріндегі өз құрбыларынан артта қалғандарын көрсетіп берді.Осыған байланысты PISА-да табысқа жеткен елдердің ( Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея, т.б) тәжірибесін ескере отырып, отандық білім берудің төмендегі негізгі проблемаларын айқындады:
1) Оқушылардың түрлі мәтіндер мазмұнын түсінуі мен өзіндік ойлау қабілеттерінің жеткіліксіздігі.
2) Оқушылардың математикалық құзіреттілігін сипаттайтын тәжірибелік дағдыларының жеткіліксіздігі.
3) Күнделікті өмірдегі жағдайларды түсіндіруге арналған жаратылыстану-ғылыми түсініктерді қолдану дағдыларының, алған ақпараттарды сын тұрғысынан бағалаудың, болжамдар жасау мен өз көзқарасын негіздеу деңгейінің жеткіліксіздігі.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сауаттылығын арттыру үшін Б. Блум таксономиясы деңгейінде оқу тапсырмаларын әзірлеу әдістемесі арқылы жүзеге асыруға болады деп есептеймін.
Блум таксономиясына сәйкес тапсырмаларының деңгейі
Оқу тапсырмалары
*45
Теориясы
«Білу»
(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)
Мәтін дегеніміз не?
Жеке сөздер мәтін бола ала ма?
Азатжол деген не?
Азатжол неліктен сөйлемнен жоғары тұрады? Мәтін оқиғалары қалай беріледі?
III
——1 5
Теориясы
«Түсіну»
(Неге? Неліктен? Не үшін?)
Кез келген мәтіннен тірек сөздерді теріп жаз, азат жолын ажырат.
Онда баяндалған оқиғаларды анықтаңдар.
Оқиға негізіне байланысты мәтінге тақырып қойыңдар.
6
Практикасы
«Қолдану»
(Оқулықта герілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)
Оқулықпен жұмыс.
19-жаттығу.
Мәтіннің түрін (ғылыми мәтін, көркем әдебиет мәтіні, ауызекі сөйлеу мәтіні,т.б.)ажыратып айтыңдар.
II
б
Теориясы
«Талдау»
(Салыстыр, гйырмашылығы неде? т.б.)
Ғылыми мәтінмен жұмыс жаса:
Жоспар құр;
Мәтін мазмұнын ондағы бөліктер бойынша әңгімеле;
Әр азатжолдағы негізгі ойды анықта;
Мәтін мазмұнына сәйкес келетіндей сұрақтар жаз
8
Теориясы
«Жинақтау»
(Алынған
ақпарат
негізінде
қорытынды
-касау,жуйелеу)
Ауызекі сөйлеу мәтінін көркем әдебиет мәтініне айналдырып жаз.
1
10
Практикасы
«Бағалау»
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)
«Астана - арман қала» тақырыбына көркем әдеби тілімен мәтін құрастырып жаз.
Тірек сөздер: Бәйтерек, бейбіт ел, ашық аспан, әсем қала, ұлт өкілдері, тәуелсіздік, т.б.
10
Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, видео касеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтармен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың тілі біршама дамитынына сенімдімін. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр.
Қорыта айтқанда,орыс класындағы тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу арқылы білім сапасын көтеріп,мемлекеттік тілге деген құрметті арттыруға болады.
Әдебиеттері:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, 2008ж.
Ж.Д. Адамбаев «Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» 2000 ж.
Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде журналы 2003, №5; №1, №2,№10, 2010жылы., №2 - 2004 ж
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориасы мен әдістемесі Алматы, 2000жыл .
12 жылдық білім журналы. №4, 2004ж.,№2,2008 ж
Мұғалім журналы. №4, 2012 ж.
«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы №8, 2007ж.
«Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журнал №1 (43), 2009ж.
Балақаев М. Жанпейісов Е. Томанов М. Манасбаев Б . Қазақ тілінің стилитикасы.- Алматы: Мектеп