Коучинг тақырыбы | Логикалық ойлау қабілетін сыни тұрғыда дамыту |
Мақсаты | Мұғалімдерге логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын түсіндіру және сыни тұрғыда ойлауды дамыту тәсілдерін тәжірибеде қолдануға үйрету |
Оқу тапсырмасы | Мұғалімдерге логикалық ойлауды дамыту үшін қолданылатын сыни тұрғыда ойлау дағдыларын ұсыну. Сыни тұрғыда ойлау тәсілдерін тәжірибеде қолдануға жетелеу. |
Оқу жетістіктері | Сыни тұрғыда ойлау тәсілдерін біледі Сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту тәсілдерін өз тәжірибелерінде қолданады Сыни тұрғыда ойлауды оқу процесінде жүзеге асырады |
Негізгі идеясы | Сыни тұрғыда ойлау - бақылаудың тәжірибенің ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға бағытталған пәндік шешім |
Тренинг | «Сыйлық тарту» . Мимика арқылы әр қатысушы бір- біріне сыйлық тарту етеді. 3мин |
Топқа бөлу | Құрастырмалы пазлдар арқылы топқа бөлу, сыни тұрғыда ойлауға бағыттау |
Барысы | Мұғалімдердің берілген тапсырмаларды орындау әрекеттері | Коучинг сұрақтары | Уақыты |
1.Бейне таспа көрсету№1 «Баланың логикалық ойлау қабілетін сыни тұрғыда дамыту». | Мұғалімдер тақырыпты анықтап, талқылайды, өз дәлелдерін ұсынады. | -Әрине , бұл логикалық ойлау дағдысын тек математика сабағында ғана дамыту керек дегенді білдірмейді. Сонымен сыни тұрғыда ойлау дағдыларына тоқталайық. | 2мин |
Презентация «Сыни тұрғыда ойлау» | Презентацияның негізгі идеясы мен мазмұнын таныстыру. Топпен жұмыс: Әр топ өз тобымен ақылдаса келе постерге кластер құрып жазады, топта талқылайды. 1-топ: Талқылаңыз «Сыни тұрғыда ойлайтын адам» 2-топ: Сыни тұрғыда ойлау дегеніміз не? 3-топ: Мұғалім оқытуда оқушылардың сыни ойлауын қалай дамыта алады? (Төменнен жоғары деңгейге дейін қамту) | Постер қорғау | 10 мин |
Бағалау | Өзін-өзі бағалау, топты бағалау | | 1мин |
3.Сыни тұрғыда ойлауды қабылдау. «Адасқан логикалық тізбектер» | Мұғалімдерге адасқан тізбектер жазылған сөздер қатары ұсынылады.Мұғалімдер жеке жұмыс жасайды және адасқан сөздерді табады. Нәтижелерін топта талқылап, түзетеді, дәлелдейді. Түсінік: Сын тұрғыда ойлау, дәлелдеу, кері байланыс беру | Жетелеуші сұрақтар: -Егер жауабын білмесеңіз, неге сүйеніп шешім қабылдайсыз? -Логикаға | 10 мин |
Бағалау | Берілген дұрыс жауаптар арқылы өз жұмыстарын түзетеді және өзін-өзі бағалайды. Әр дұрыс жауап -1 балл | | 1мин |
4.Топпен жұмыс | Постерге қысқаша мағлұматтар жазады және басқа топтарға түсіндіреді. 1-топ қарастырады: «Фишбоун» , «Түсінік ағашы» 2-топ қарастырады: «Кластер құру» және «Ақылдың кілті» 3-топ қарастырады: «Дамыту жолдар» , «Ашық және жабық сұрақтар» 4-топ қарастырады: «Блумның гүл текшелері», «Миға шабуыл» | Мысал келтіріңіз | 25 мин |
Бағалау | Өзін-өзі бағалау, топты бағалау | | 1мин |
5.«Жаңа идея» тренингі | Мұғалімдер дөңгелене тұрып, кезекпен проблемаларды шешудегі өз көзқарастарын білдіреді.Сыни тұрғыда ойлауды түсінеді. | -Елестетіңіз, Антарктидада ауа температурасы 10 градусқа төмендеді. Пингвиндар бұл қиындықтан шығу үшін не ойлап табады? | 10мин |
6.Бейнетаспа№2 | Талқылау және шешім қабылдау . (Ашық сұрақтар және жабық сұрақтар, салыстыру, талдау). | -Бұл сюжетте логикалық ойлауды дамыту үшін қандай сыни тұрғыда ойлау тәсілдері қарастырылды? | 10мин |
7.«Суреттер» тапсырмасы | Мұғалімдер 3 топқа бөлінеді.Бұл жерде логикалық ойлау қабілеттері жаттығады. 1-топ: суретке қарап әңгіме құрастырады. 2-топ: зат есімдерді табады 3-топ:сын есімдерді табады. | Суретке қарап әңгіме құрастыру | 6мин |
Бағалау | Өзін-өзі бағалау, топты бағалау | | 1мин |
Ресурстар | Бейнетаспалар, презентация, стикерлер және постерлер | | |
Рефлексия, кері байланыс (мұғалімдердің оқу жетістіктерін қалай анықтайсыз? | Ойын: «Жалғасын тап......» | Топтағы әр мұғалім бірінен соң бірі тізбектей айтып шығады: -«Мен бүгін ........білдім» | 5 мин |
Кезеңдер (мониторинг) | | | |