Просмотр содержимого документа
«Lesson Study мүмкіндіктерін педагогикалық тәжірибеде қолдану»
Қызылорда қаласы,
Ә. Молдағұлова атындағы
№173 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Салходжинова Баян Есенгелдіқызы
Lesson Study мүмкіндіктерін педагогикалық
тәжірибеде қолдану
Бәсекеге қабілетті дамыған м емлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; соңғысы, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Осы үш бағыт бойынша жұмыс жасау Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында да, ұзақмерзімді стратегияда да қамтылған.
1-деңгей Бағдарламасының мақсаты білім берудегі инновациялық үдерістерді қолдау, оқыту мен оқуда қолданылатын әдістер мен тәсілдердің тиімділігін қамтамасыз ету болғандықтан мен де мектеп тәжірибесін өзгерту үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануды жоспарладым.
Жаймен-жаймен әлем елдері мойындап келе жатқан жапон әдісі Lesson Study-ді мен де өз тәжірибемде қолданып көрейін дедім. Мақсатында мұғалімдер Lesson study-дің мәні оқушылардың назарын оқуға шоғырландыру арқылы оқытуды дамыту және жетілдіруге арналған құрал екендігін түсінулері керек. Lesson Study-ді ұйымдастыратын алдында көп ойландым, дәстүрлі сабақ беріп үйреніп қалған мұғалімдерге қалай түсіндіремін, оқушыға қалай жеткіземін деп қиналдым.
Тәжірибеде мұғалімдер Lesson study-ді оқуды, оқытуды және мұғалімдердің тәжірибесін дамыту және жетілдіруге арналған құрал ретінде қолдану мақсатында әріптестермен өзара ықпалдасады деп ойлаймын.
Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған.
Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Мектептерде Lesson Study тәсілін қолдануда:
Lesson Study-ді жоспарлауда, өткізуде және талдауда,
Оқушыларды Lesson Study үдерісіне тартуда,
Lesson Study өткізу нәтижесінде алынған тәжірибелік білімді әріптестермен бөлісуде көмектесе алады.
Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:
• Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.
• Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды (1-суретті қараңыз).
• Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.
• Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.
• Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес.
• Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.
• Lesson Study-ді талқылайды.
• Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.
Мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу арқылы Lesson Study тәсілін қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады.
Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады.
2. Lesson Study жүргізу
Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып/қадағалайды және талдайды.
1-суретте Lesson Study-ді жоспарлау сызбасы
Әдіскер екеуіміз ақылдасып, мұғалімдерден топ құрдық. Сыни тұрғыдан ойлай білетін шығармашыл ұстаздармен келістік. Оларда бұл қалай болады екен деп ойланды. Бәріміз бірлесіп, ақылдасып Lesson Study-дің жоспарын түздік. Сыныпты таңдай отырып, әр сабақтың жоспарына өзгертулер енгізу арқылы қысқа мерзімді жоспар құрдық. Үш «бақылаудағы оқушыны» жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар топтардың үш өкілін анықтадық. Сабақтың
әр кезеңін жоспарладық. Бақылаудағы әрбір оқушыдан қандай нәтиже күтетінімізді жазып отырдық. Кім қай бақылаудағы оқушыны қадағалайтынын белгілеп алды.Бақылаушы мұғалімдер қысқа мерзімді жоспармен қоса, №1,№2,№3 кестелерді дайындады. №1 кесте бойынша бақылаушы мұғалім анықталған оқушыны бақылап, сол кесте арқылы талқылауға дайын болып отырады.
Әр бақылаушы мұғалім өзінің анықталған оқушысын зерттеп отырды.
Бірінші Lesson Study-ді өткізу
Бақылаудағы оқушылар жұмыс істеп отырған кезеңдерді бірлесіп бағалауға тырыстық. Оқушылардың жетістіктерін бағалау материалдарын(«№1-№2-кестелерді)қолданып,топ мүшелерінің бақылаудағы оқушылардың әрқайсысы бойынша сабақ соңына қарай нені істей білетінін және дәлелдеме ретінде нені көргісі келетіндігін нақты жазып отырдық. Бастапқы
Lesson Study-ден кейін бақылау аясын кеңейту арқылы топтың немесе толық сыныптың қамтылуына ұмтылуымыз керек.Бақылау кезінде барлық оқушы бір нәрсені дұрыс түсінбесе оны оң жақ бағанға белгілейміз.Оқушыларды бақылау барысынды №1 кестені толтыра отырып, сабақтың негізгі кезеңдері қандай болмақ? сабақтан кейін қандай сұрақ қоя алар едім? Деген сұрақтарды парақтың соңындағы «алғашқы ойлар» деген жолға жазып қойдық.
Сабақтың әр кезеңінде бақыланушы оқушылардан қалай жауап беретінін, жауап беру кезінде қалай бақыланғанын, шамамен жұмсалған уақытын, жалпы сол оқушыларға арналған табыс критерийлерін өз бағаналарына белгілеу арқылы қандай нәтиже күтетінімізді сипаттап отырамыз.
Әдеттегідей мақсат пен міндет белгілеп алған соң, мынадай аспектілерге назар аудардық: *мен үшін сабақтан күтілетін оқу нәтижесі, *сабақтың негізгі идеясын анықтау, *оқушыдан күтілетін нәтиже, *сабақтың маңыздылығы. *- Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады? *-өмірден алған тәжірибесінің әсері? *-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар? *қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекет қолдану керекпін? *Өздері өздерін бағалай алама? деген сұрақтар туа бастады.
Lesson Study әдісі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.
Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу
Зерттеу аяқталған соң оқушылардың пікірінше, не пайдалы болғанын, олардың нені білгенін және олардың көзқарасы бойынша, оны одан да пайдалырақ ету үшін, сабақты тағы бір рет өткізсе нені өзгертуге болатыны туралы пікірін білу үшін бақылаудағы оқушылармен сұхбаттастық.
Сұхбат ұзаққа созылмай (5 минуттан аспағаны дұрыс), барлық бақылаудағы оқушылармен бір уақытта немесе жеке-жеке жүргізілуі мүмкін.
Оқушылардан жауап алуды мүмкіндік туысымен бірден, ең дұрысы - Lesson Study аяқталған соң өткізген дұрыс. Оқушының пікірін білу үшін №2-кестемен жұмыс жасадық.
Lesson Study-ден кейінгі талқылау
Lesson Study –ден кейінгі талқылау сызбасын пайдаланып, сабақтан кейін бірден жиналып топ мүшелері сабақты талқылауға кірістік.Топ мүшелерін Lesson Study-ден кейінгі жетістікті талқылау критерийлерімен таныстырдым:
1. сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу;
2. бақылаулар нәтижелерін қабылдау және сәтсіздіктерді ақтауға тырыспау;
3. сабақтан кейінгі талқылауды бірлесіп оқыту әдісі ретінде бағалау;
4. бақылау кестесінде/жоспарында нақты мақсаттар мен мәселелерді белгілеу;
5. талқылаудың «модераторын» (талқылауға позитивті бағыт беріп отыратын төраға) тағайындау, бұл рөлді ол адамның қызметімен байланыстыруға болады;
Қол қойып, күнін жаздық.
(3-суретті қараңыз).
Төмендегі үлгіні Lesson Study нәтижелерін талқылау мәселелерін жазуға пайдаландық.
Оқушының әрқайсысы қандай прогреске қол жеткізді? Ол жеткілікті болды ма?
Олардың сыныптарындағы басқа оқушылар қандай нәтиже көрсетеді?
Енгізіліп жатқан әдіс қалай көмектесті немесе кедергі келтірді ?
Қандайтосыноқиғаларболды?
Әр оқушының нәтижесін жақсарту үшін келесі жолы әдістеменің қандай аспекті(лері) түзетілуі керек?
Келесі жолы біз не істеуге тырысуымыз керек? деген сұрақтарға жауап беруге тырыстық.
Lesson Study –ді сабақтың бейнежазбасы арқылы талдау тәжірибені қорытудың танымал тәсілі, өйткені
сабақ кезінде байқалмаған жағдайды байқап отырып,ойыңды толықтырып отыруға болады.
Lesson Study сабағын бірлесіп жүргізген топтың бұл мүшелерін келесі Lesson Study-ді өткізу үшін жаңа топты ұйымдастыруда педагогикалық ұжымның көшбасшылары ретінде пайдалануыма болады.