Просмотр содержимого документа
««Латын әліпбиіне көшу-заман талабы»»
«Каспий» педагогика және
салалық технологиялар
колледжінің қазақ тілі және әдебиет
пәнінің оқытушысы
Бурабаева Назгүл Боранбайқызы
«Латын әліпбиіне көшу-заман талабы»
«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінде
2 БББ-16 тобымен «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты дөңгелек үстел өткіздім. Дөңгелек үстелді өткізудегі мақсатым:Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған қазақ әліпбиін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру туралы тұжырымдамасына сәйкес латын әліпбиінің тиімділігін және оның біздің болашағымыз үшін маңызын түсіндіру.
Дөңгелек үстелдің барысында Қазақ елінің өткен тарихында әліпби бірнеше рет ауысқандығын және 1929 жылға дейін араб әліпбиін қолданып, 1940 жылға дейін латын әліпбиін пайдаланып келгенімізді және 1940 жылдан күні бүгінге дейін орыс алфавитін қолданып жүргеніміз туралы айтылып, соған байланысты бейнеролик көрсетілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.
"2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек", — деп жазады . Бұдан бұрын бұл идеяны мемлекет басшысы 2012 жылы "Қазақстан-2050" Стратегиясында жария еткен болатын.
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын.
Әрине, қоғам болғандықтан, көпшілік болған соң әр түрлі пікір болады. Соған байланысты «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты дөңгелек үстелемізді Эдвард де Бононың «Алты ойшыл қалпақ» әдісі арқылы студенттеріміздің пікірін білгіміз келді.
Қорыта келе латынның бізге берері дегенде толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.